Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№16.6 Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы

Кіші өнер академиясының ғимараты 1988 жылы пайдалануға берілген. Оның жобасын Гурьевтік “Каспиймұнай” институты дайындаған. Құрылыстың көлемі – 3160 шаршы метр. Кіші Өнер Академиясына қазақтың ұлы композиторы, дирижері, домбырашысы Нұрғиса Тілендиевтің аты берілді. Оның әйгілі «Алтын таулар», «Достық жолымен», «Ата толғау» сияқты шығармалары халық арасында ерекше таралған. 100-ге жуық пьесалар мен кинофильмдерге ән жазды. Репертуарында 500-ге жуық шығармасы бар.

№16.7 «Сұңқар» жүзбелі мұнай платформасы

“Сұңқар” жүзбелі мұнай платформасын Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы теңіз кеме жасау зауытында жасаған. Оның көлемі – 85х53х5,5 метр, салмағы – 7600 тонна. «Сұңқар» - әлем бойынша үлкен жүзбелі мұнай платформасы болып табылады. Айналаны экологиялық зияндардан қорғау мақсатында жоғары техникалық жабдықтар орнатылған.

№16.8 Денешынықтыру-сауықтыру кешені

1998 жылы іске қосылған. Жалпы көлемі – 6200 шаршы шақырым. Кешен қазіргі заманғы үлгі бойынша салынған. 350 орынды 3 қабатты денешынықтыру-сауықтыру кешені жаттықтыру залынан, бассейндерден, бар, кафелерден тұрады. Құрылысты 40 жыл еңбек өтілімі бар болгар құрылыс компаниясы жүргізді. Мердігер: «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ.

16.9 ШАЙМАРДАН САРИЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ

Қаланың театрлық алаңында орналасқан. Қайта жөңдеуден кейін 1999 жылы ашылды. Шаймардан Сариевтің еңбектерін көзі тірісінде көрмелерден алып тастаған болатын. Оның еңбектерінде батыстық үлгі басым деп айтылған болатын. Ол әрбір еңбекке өзінің жан дүниесін сала білді.

№16.10 Тарихи-өлкетану мұражайы

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мәдени ағартушылық мекеме. Ол 1938 жылы құрылған. Мұражай қорында оның облыстық бөлімшелеріндегі (Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Индер аудандары орталықтары мен Сарайшық кентіндегі) тарихи-мәдени мұраны қоса есептегенде 30 мыңнан астам материалдық рухани ескерткіш бар. Музей экспонаттары палеолит дәуірінен қазіргі заманға дейінгі Атырау өңірінің бай тарихын қамтиды. Олардың ішінде Алтын Орда заманындағы ірі мәдени және сауда орталығы болған Сарайшық қаласынан табылған теңгелер, қыш бұйымдар, монша, мешіт, шеберхана қалдықтары бар.

№16.11 Атыраудағы мешіт

Иман мешіті сәулет өнерінің шыңы болып табылады. 600 орынға арналып салынған. Мешітте кітапхана, ұл балалар мен қыздарға арналған бөлек сыныптар, намаз оқитын зал және шағын ғана бау бар. Мешіттің кіре беріс бөлігі арабша безендірілген. Мешіт ғимараты 2000 жылы пайдалануға берілді. Авторы – Ш.Юсупов.

№16.12 Облыстық драма театры

Атырау облыстық драма театры – Қазақстандағы байырғы театрлардың бірі. Іргесі 1938 жылы қаланған, оның құрамына сол жылы Петропавл және 1948 жылы Орал театрының группалары келіп қосылды. Театр шымылдығы М.Әуезовтың “Түнгі сарын” қойылымымен ашылып, кейін онда ұлы жазушының “Абай”, “Қаракөз”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Еңлік-Кебек”, “Айман-Шолпан”, Н.В.Гогольдің “Ревизор”, К.А.Треневтің “Любовь Яровая”, Шекспирдің “Асауға тұсау” пьесалары қойылды. А.Б.Александровтың “Малиновкадаға той”, У.Гаджибековтың “Аршин мал алан”, В.Б.Вишневскийдің “Оптемистік трагедия”, К.Н.Симоновтың “Орыс мәлесі”, Назым Хикметтің “Елеусіз қалған есіл ер”, т.б. спектакльдерін театрдің елеулі табасына жатқызуға болады.

16.13 Д.НҮРПЕЙІСОВА АТЫНДАҒЫ МҰҢАЙШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ

1949 жылы желтоқсан айында мұңайшылардың мәдениет сарайы жөңдейден өтті. Архитекторы – С.В.Васильковский, А.Ф.Арефьев.

Дина Нүрпейісова (1861-31.01.1955, Алматы) – халықтың күйші-сазгері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі Кенже белгілі домбырашы болған. Дина Нүрпейісова 8-9 жасында домбырашылық өнерді өте жақсы игерді. Оның Ұлы күйші Құрманғазымен 1870 жылғы кездесуі болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарды. Құрманғазы Дина Нүрпейісованың талантына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының «мектебінен» өту Динаның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Ол өз жанынан да күй шығара бастайды. Дина Нүрпейісованың «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі.

16.14 «АҚЖАЙЫҚ» ҚОНАҚ ҮЙІ

Атырау қаласының орталығында «Ақжайық» қонақ үйі орналасқан. Қонақ үйдің жанында дүкендер, ресторандар, сауықтыру орталықтары орналасқан. Орал өзенінің жанында орналасқандықтан қонақ үй өзінің атауын осы өзеннің атымен атаған. Өзеннің қазақша атауы – Жайық.

16.15 «ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ» АТЫНДАҒЫ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ-МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН

Қоладан құйылған Махамбет пен Исатайдың мүсіні бар монумент орнатылды. Архитектуралық-мемориалдық кешен жанына саябақ жасалып, 200 көк шырша мен 5 мың раушан гүл отырғызылды. Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны. 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Нарын құмының Жасқұс жерінде туған.

Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

16.16 МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ КЕСЕНЕСІ

Ескерткіш 1846 жылы салынған. Ескерткіш Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай  40 шақырым жерде орналасқан. Іргетасы – біртұтас бетон. Қабырғасы – бетоннан, ішінен және сыртынан ұлутаспен қапталған. Төбесі – бетоннан құйылған күмбез. Сыртқы шеңбердің диаметрі –7,6 метр, ішкі шеңбердің диаметрі – 6,2 метр. Басты қабырғасының биіктігі – 6,4 метр, күмбез барабанының биіктігі – 1,8 метр, барабанның сыртқы шеңберінің диаметрі – 5,2 метр, кесененің жалпы биіктігі –12,2 метрді құрайды. Кесененің есігі ағаштан жасалынған, лактелінген. Мазарға кіре берістегі баспалдақ жанына биіктігі 1 метр, қалыңдығы 0,5 метр ұлутаспен қапталған жақтау салынған. Ескерткіштің авторы – Көпбол Демесін.