Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№11.6 «Қостанай-асбест» комбинаты

Жетіқара асбест комбинаты, шақпақ тас және ірі түйірлі толе-рубероид сеппесі бар асбест бұйымдарының 7 сортын шығарады. Комбинаттың 1-кезегі 1965 жылы, 2-кезегі 1975 жылы пайдалануға берілді. Жетіқара асбест комбинаты қазіргі заманғы техникамен жабдықтандырылған кәсіпорын. Комбинатқа автоматты басқару жүйесі енгізілген, ол технологиялық жағынан үнемі жетілдіріліп келеді, өндірілетін өнім сапасы жақсартылды. Осыларға байланысты комбинат өнімі жоғарылап келеді.

11.7 ҚАРАБАТЫР АГРОФИРМАСЫ

«Қарабатыр» 1944 жылы 17 маусымда «Покровский» совхозының 3-бөлімшесінің негізінде «Ворошиловский» совхозы болып құрылған. Агрофирмада қосалқы шаруашылық, қайта өңдеу өндірісі жақсы дамыған. Құс және аң фермалары, инкубатор, шағын-наубайхана диірмені, колбаса, консерві, макарон цехтары бар. Агрофирмада 91 адамға «Қарабатырдың құрметті жұмысшысы» деген атақ берілді. Орталық көшелердегі үйлер орталық жылыту жүйесіне қосылған, бірнеше су атқыштар мен бағдаршамдар жұмыс істейді.

№12 Ақмола облысы

Құрылған мерзімі – 1939 жыл.

Жер аумағы – 146,6 мың шаршы шақырым.

Халқының саны – 820 мың адам.

Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы.

Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі.

14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінеді. 8 қала, 12 кент, 183 ауылдық әкімшілік округі бар.

Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі – абсолюттік биіктігі 300-400 метрден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөлектерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік-шығысында орманды, көркем – Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты қырқалар (100-500 м.) тізбегінен тұрады.

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Ірі өзендері: Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы болып келеді. Ірі тұщы көлдері: Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері: Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вечеслав, Сілеті бөгені бар. Жер суаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі – 180,6 млн текше метр. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70-74 млн текше метр Ертіс суы беріледі. Өсімдіктің 73 тұқымдасы мен 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен, қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жусан, т.б.; өзен жайылмалары мен көл жағалауында – астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын; ұсақ шоқыларда – шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің – 55, құстың – 80, бауырымен жорғалаушылардың – 8, қосмекенділердің – 3, балықтың – 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда – бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақ кіс, ақ қоян, тиін, европа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, ала қарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан – қоқиқаз, қаз, үйрек т.б.; бауырымен жорғалаушылардан – сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұржылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лаха, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар.

12.1 ҚОРҒАЛЖЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ

Қорғалжын қорығы Астана қаласынан 120 шақырым жердегі Қорғалжын ауданындағы Теңіз-Қорғалжын ойпатында орналасқан. Қорық 1958 жылы құрылған. Көлемі – 237,1 мың гектар жерді алып жатыр. Қорғалжын мемлекеттік қорығы – құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың табиғат өзгерісіне бейімделуін зерттеу үшін құрылған. Қорғалжын Теңіз көлдерінің айдынын және олардың қамысты, нулы жағалауларындағы 2 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Қорықтың жалпы аумағы – 237,1 мың гектар. Қорықтың климаты құстар мен жануарлардың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Жазда – ыстық, қыста – суық, жылына 200 мм жауын-шашын түседі. Жаз айларында Африка, Оңтүстік Европа және Үндістаннан млн-нан астам қаз, үйрек, 2 млн-дай балшықшы, аққу, қызыл қаз, ақ шіл, шағала, көгілдір үйрек, бірқазан, жапалақ, қарлығаш т.б. құстар келеді.

12.2 ЗЕРЕНДІ ДЕМАЛЫС БАҒЫ

Зеренді табиғи-зоологиялық қорығы 1967 жылы ашылып, 1979 жылы қайта құрылды. Ол Ақмола облысы, Зеренді ауданының территориясында орналасқан. Көлемі 23 мың гектар жерді алып жатыр. Зеренді табиғи зоологиялық қорығының табиғаты, көрінісі керемет. Суы, жері, орман алқаптары мен көкорай белі... бәрі, бәрі қосылып бір үндестік тапқандай. Онда қасқыр, түлкі, қоян, борсық, тиін т.б. аңдар тіршілік етеді.

12.3 БУРАБАЙ

Ақмола облысындағы Көкше тауының бөктерінде теңіз деңгейінен 320,9 метр биіктікте орналасқан көл. Ұзындығы – 4,5 шақырым, ені – 3,9 шақырым, тереңдігі – 4,5 метр. Бурабайдың әсемдігі туралы С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында жырлағаны бәрімізге аян. Ендеше, көлдің сұлулығына осы жырды оқығанымызда анық көз жеткізетініміз сөзсіз.

Көлдің түбі дөңгеленіп біткен. Түбі солтүстік-батысқа еңістеу келеді. Оның суы жұмсақ, мөп-мөлдір, тіпті мөлдірлігі сондай ең терең дейтін тұстарында да түбі айқын көрініп жатады. Көлдің солтүстік батыс бөлігінде су бетінен 20 м шығып жатқан шағын ғана «Жұмбақтас» аралы бар. Жартастар мен мүйістер көлге керемет көрініс туғызады, ал жағалауы болса қарағай мен қайыңға толы. Осының бәрі көл табиғатының әсемдігін аша түседі. Көлдің шығысында «Бурабай», «Оқжетпес», «Жеке батыр» және тағы басқа қурортты кешендер салынған.

12.4 Ш.УӘЛИХАНОВ ЕСКЕРТКІШІ

Ш.Уәлиханов ескерткіші 1971 жылдың 20 тамызында қойылды. Ол – Ленинград қаласында қоладан жасалған. Сәулетші – К.Абдалиев, мүсінші – Т.Досмағанбетов. Мүсіннің биіктігі – 5 метр, жалпы биіктігі – 9,18 метр.

12.5 АҚАН СЕРІ ЕСКЕРТКІШІ

Ақжігіт Қорамсаұлы (1843-1913) – ақын, компизотор. Көкшетау облысы, Айыртас ауданында, Қаскөл ауылында туылған. Лирикалық көптеген шығармалары «Мақпал», «Қарамар», «Ақ көйлек», «Ақтоты», « Перизат», «Ай көк» және т.б. 1991 жылы 1 тамыз күні Көкшетау қаласында Ақан Серіге ескерткіш орнатылды. Ақан серіге арналған қоладан жасалған ескерткіш Қарағанды қаласында дайындалған. Архитекторы – А.Қайнарбаев, мүсінші – Т.Досмағанбетов.

12.6 БІРЖАН САЛ ЕСКЕРТКІШІ

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) – қазақтың атақты композиторы, ақын, әншісі. Біржанның туған жері - қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы. Руы - керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор. Бізге оның 60-қа жуық әндері келіп жетті. 1991 жылы 1 тамызда Біржан салға ескерткіш орнатылды. Архитектор – А.Қайнарбаев пен мүсінші – Т.Досмаганбетов.

12.7 БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ СТЕЛЛАСЫ

Балуан Шолақтың зиратына мемориалдық стелла орнату туралы шешім 2004 жылы балуанның 140 жылдығын тойлау кезінде қабылданды. Ол балуанның, батырдың, әншінің және композитордың өмірінің негізгі құндылығын, өмірбаянын, өмірлік әуестілігін бейнелейді. Сәулетші – Жамбыл болысы Мерке ауылының тумасы Қолжігіт Темірхан Тұрғынбайұлы, Алматы қаласы Өнер Академиясының түлегі. Балуан Шолақ мемориалдық концепциясының авторлары – сәулетші Нұрмағамбет Баймұрзаұлы, ҚР сәулетшілер одағының мүшесі – Салауат Дембай.

12.8 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлерге арнап тұрғызылған ескерткіште иықтарына мылтық асынған, түрігеп тұрған екі жауынгер мүсіні бейнеленіп, аласа тұғырға орнатылған. Авторлары – мүсінші В.Пирожков пен сәулетші В.Тоскин. Кеңестер Одағын жаулауға ұмтылған неміс фашистері басқыншылығына қарсы қанды соғыста Қазақстан аянып қалған жоқ. Әскер қатарына 1 196 164 азамат аттанды. Олардың 496-ы Кеңестер Одағының Батыры атанды. Асқан ерлік көрсеткен 4 қазақстандық жауынгер осы атаққа екі мәрте ие болды. Даңқ Орденінің үшінші дәрежесін иеленгендер саны 110-ға жетті.

13 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Құрылған мерзімі – 1932 жыл.

Жер аумағы – 300,6 мың шар. шақ.

Халқының саны – 678,6 мың адам.

Орталығы – Ақтөбе қаласы.

Солтүстүкте Орынбор облысымен (Ресей), оңтүстікте Қарақалпақпен (Өзбекстан), шығыста Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, оңтүстік-батыста Маңғыстау, батыста Атырау, Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Ақтөбе облысы – Қазақстанның батысындағы әкімшілік аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған Ақтөбе облысында 12 әкімшілік аудан (Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау, Шалқар), 7 қала (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Хромтау, Шалқар, Темір, Ембі), 3 кент (Шұбаршы, Бадамшы, Шұбарқұдық) бар. Ақтөбе облысының экономикасы 30-40-жылдардан бастап жедел қарқынмен дамыды. Бұл жылдарда Кемпірсайда никельдің бай көзі табылды. Дөң кентіне жақын жерде хромит кенінің аса ірі қоры ашылды. Біршоғырда көмір, Жақсымай мен Шұбарқұдықта мұнай кендері игерілді. Облыс арқылы Гурьев (Атырау) – Орск (Жаманқала) мұнай құбыры салынды. 1943 жылы республикадағы қара металлургияның тұңғышы ферроқорытпа зауыты іске қосылды. 1950-1980 жылдары облыста салынған алуан салалы кәсіпорындар Ақтөбе облысын Қазақстанның қуатты өнеркәсіптік региондарының біріне айналдырды. Облыста: “Ақтөбемұнайгаз”, “Ақтөбемұнайқұбыры” кәсіпорындары, “Ақтөберентген” зауыты, Ақтөбе химия комбинаты, Ақтөбе ауыл шаруашылығы машиналары зауыты, Ақтөбе фосфор-химия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе хром қосындыралы зауыты, Ақтөбе авиажөндеу зауыты, Жаңажол газ-өңдеу зауыты, Ақтөбе-Дөң кен байыту комбинаты т.б. жұмыс істейді.

13.1 АБАТ-БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ

Абат-Байтақ кесенесі – XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Ол – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Талдысай кентінен оңтүстікке қарай 12 шақырым қашықтықта, Қобда өзенінің аңғарындағы Абат-Байтақ қорымында орналасқан. Халық арасындағы аңызға қарағанда, кесене атақты ойшыл Асан Қайғы жыраудың (XV ғ.) осы Бесқопа аңғарында кенеттен қайтыс болған баласы Абат батырға арналып, бүкіл аймақ халқының қатысумен тез арада тұрғызылған. “Байтақ” атауы содан қосылған. Абат-Байтақ кесенесі қалыпты қоскүмбезді шатырлы құрылыстар тобына жатады. Оның ішкі құрылымы да төртбұрышты жобада салынған. 8 және 16 қырлы өрімдердің біртіндеп күмбез ішіне қарай көтерілуі көрер көзге жеңілдік әкеледі. Бөлменің батыс және шығыс қабырғаларында арқалық ойықтар бар. Күмбез тұғырының сырты мен ойықтарын оймыштап әсемдеген. Абат-Байтақ кесенесі сәулет нақышы жағынан хорезмдік кесенелер мен XII ғасырдың ақыры XVI ғасырдың бас кезіндегі Арслан, Текеш, Көк-Кесене, Кесене ескерткіштеріне ұқсайды. Кесене орналасқан қорымындар әр түрлі үлгімен, ою-өрнектерімен салынған құлпытастар көп. Абат-Байтақ кесенесі орналасқан қорым мемлекеттің қорғауына алынған.

13.2 ДӨҢ (ДОН) ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында орналасқан. Дөң кен-байыту комбинаты 1938 жылдан бастап оңтүстік Кемпірсай кендерін байыта бастады. Хромтау рудасы ашық әдіспен алынады. Кәсіпорында Хромтау рудасын қамтамасыз ету үшін көптеген карьерлер іске қосылды. 1973 жылы негізгі руда бойынша қуаты 1 млн тонналық кен-байыту фабрикасы пайдалануға берілді, сөйтіп елімізде тұңғыш рет күрделі ортада хром рудаларын байыту технологиясы енгізілді. Кәсіпорын жоғары өнімді жаңа технологиямен жабдықталған. Онда 139 адам Кеңес ордендері мен медальдарына ие болған, ал экскаватор машинисі Н.Ізмағанбетов ҚазАКСР мемлекеттік сыйлығын алған. Дүние жүзінде табиғи қоры бойынша алғашқы үш елдің қатарында саналса, сапасы бойынша дүние жүзінде оған тең келері жоқ. Жылына бірнеше мың тонна өнім шығарады.

13.3 МҰҒАЛЖАР ТАУЫ

Ақтөбе облысының солтүстігінен оңтүстік бағытта қарай 200 шақырымға созылып жатқан Мұғалжар тауының ені 20 шақырымға дейін жетеді. Мұғалжар тауының ең биік жері «Үлкен Бақтыбай» (657 м) деп аталады. Солтүстігінде тау-таулы бұйрат болып басталып, оңтүстігінде бір-біріне қатарласа жатқан Батыс және Шығыс жоталардың ені 15-20 шақырым, оны аласа төбелі Алабас қазан-шұңқыры бөліп жатыр. Мұғажар тауы Кембриге дейінгі және плезой эраларының кварциттерінен, кристалды тақта тастарынан, граниттерінен, құм тастарынан түзілген. Ауа райы құбылмалы, қысы – суық, қар аз жауады, жер асты тұщы су қоры мол. Бұл аймақ көктемде, жазда мал жайылымына қолайлы. Тау қойнауынан хромит, никель және басқа да пайдалы кен өндіріледі.

13.4 ОРТАЛЫҚ СТАДИОН

Ақтөбе қаласындағы стадион 1975 жылы салынған. Бұл жабық стадион 15 мың көрерменге арналған. Жоба авторы “Союзспортпроект”. 1999 жылы Ақтөбе қаласы әкімшілігінің бұйрығымен қайта жөңдеуден өтіп, 2000 жылы қолдануға берілді. Жалпы көрермендер орны 13 293 болды. Стадион халықаралық стандарттарға сай.

13.5 ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ АЛАҢ

Әлия Молдағұлова (1924-1944 жж.) Хобдинск ауданында туылған. 1942 жылы Алия Молдағұлова мергендер мектебін жаксы бітіріп, 1943 жылы 26-шы атқыштар дивизиясына қосылады. 1944 жылы 14 қаңтарда Новоскол станциясында ерлікпен қаза тапты. Кеңес өкіметінің бұйрығымен батырлығы мен көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыр атағы берілді.

13.6 МЕТАЛЛУРГТЕР МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

Ақтөбе шойын қорыту зауытының Мәдениет Үйі 1941 жылы Харьков институтының проектісі бойынша тұрғызылған. Ғимарат үш қабаттан тұрады, Н формасының қалпында, классикалық стильде салынған. Қабырғасы гранит плиткасымен қапталған. Ішкі құрылысы түрлі ою-өрнектермен жабдықталып безендірілген, бас ғимарат құрылысына симметриялық түрде екі қанат бірігеді. Шойын қорыту зауыты – Ақтөбенің мақтанышы. Оның цехтарында феррохром мен ферротитанның түрлі маркалары шығарылады. Зауытта қорытпа алудың конверторлық және вакуумдық әдісінің мүлде жаңа күйлері игерілді, ең жаңа жабдықтар орнатылды. 1978 жылы Металлургтер Мәдениет Үйінің ғимараты сәулет ескерткіші болып, 10.12.1986 ж. мемлекеттік қорғауға алынып құжатталған.

13.7 «НҰРДӘУЛЕТ» ИСЛАМДЫҚ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

Ақтөбе қаласындағы мешіт 1999 жылы іске қосылған. Жобаның авторы мен архитекторы – Б.С.Егімбаев. Жаңа мешіт қалаға ерекше көрік беріп тұр. Оның биіктігі – 51 метрді құрайды. Ішіне 1000 адам сияды. Мешіт әрбір адамның рухани орталығы болып табылады. 3 тонналық шамшырақтың биіктігі – 7 метр. Көптеген жабдықтар Турция жерінен арнайы тапсырыспен алынды.

13.8 ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ЕСКЕРТКІШІ

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ селосында 1925 жылы 15 маусымда Сарқұлов Нұрмаханбет пен Маржан Молдағұлованың жанұясында дүниеге келді. Қазақ халқының аяулы қызы Ә.Молдағұлова 1944 жылы 14 қаңтарда Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты. Қобда ауданының шығысында Қарақобда өзені бойында аудан орталығынан 41 шақырым жерде 1976 жылы Ә.Молдағұлова атындағы арнаулы шаруа бірлестігі құрылды. Алпысай ауылына мәңгі есте қалу үшін Ә.Молдағұловаға арнап ескерткіш орнатылды.

13.9 КӨТІБАР БАТЫР КЕСЕНЕСІ

(1757-1833 жж.)

Белгілі Бәсен батырдың алты баласының бірі – Көтібар батыр. Ол – Шектіден Қабақ руының Карабас аталығынан. Жас кезінен-ақ, 1775 жыл шамасында шектілер мен түрікпендер арасындағы ұрыста батырлығымен көзге түскен. Әкесі екеуі арқа тіресе шайқасып, қоршауды бұзып шығып, «батыр» атанған. Кейінгі өмірі негізінен патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы күреспен өткен. Көтібар батыр қазіргі Мұғажар ауданы Көктөбе шоқысының басына жерленген. Оның кесенесі 1836 жылы салынған еді. 2000 жылы тамызда кесенені “Көктас” ААҚ-ның президенті Б.Жақыпов қайтадан қалпына келтіріп салды. Көтібар батыр кесенесінің сәулетшісі – Ә.Баяндин.

13.10 ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Есет Көкіұлы (1667-1749 жж.) – қазақтың батыры. Жетірудың Тамасынан шыққан, бес ағайынды. Мақсаты: кіші жүз көлемінде алты Әлім, жетіру, он екі ата Байұлы тайпалық бірлестіктерінің бірлік одағын сақтау, үш жүздегі бүкіл қауымын бір ту астына топтастырып, тұтасқан қазақ жерін қорғау, бірлікте сақтау еді.

Оның әскери стратегиясы мен тактикаларын хан кеңестерінде хан Әбілқайыр, Кіші жүздің бас сардары Бөгенбай, Орта жүз батырлары Жәнібек, Қабанбай әрдайым қолдаған болатын.

Есет Көкіұлы батырдың (туғанына 325 жыл) тойы 1992 жылы 3-4 қыркүйекте республика деңгейінде атап өтілді. Кесенесі Ақтөбе қаласынан 35 шақырым жердегі Бестамақ жанындағы биік төбенің ұшар басында салынған.

13.11 АХМЕТ ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АЛАҢ

Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.) – музыкатанушы, композитор, диктор, тарихи-жазушы, Қазақстанның халық әртісі, доктор, зерттеуші, Қазақстан академигі. Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. Ол – көптеген өлеңдермен күйлердің романстердің инструменталдық-симфониялық және вокальдық шығармаларының авторы.

13.12 Ш.БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ

Шығанақ Берсиев (1906-1968) – тары өсірудің білікті маманы. Ақтөбе облысындағы құрғап қалған аймаққа тары отырғызып, қолайсыз ауа-райына қарамастан олжалы өнім алып, әлемдік рекорд жасады. Ол тарының жаңа сортын тапты. Осы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. Шығанақ Берсиев 1944 жылы қайтыс болды. Оның құрметіне Ақтөбе қаласының А.С.Пушкин атындағы демалыс бағына және туған ауылына ескерткіш орнатылды.

Пирамида кешені 1947 жылы Т.Басенов архитекторының жобасы бойынша жасалынды. Күйдірілген кірпіштен және цементтен тұрғызылды. Диаметрі – 8 м, биіктігі – 7 м. Кесенеге кіретін тұсқа «Атақты тары өсіруші Шығанақ Берсиев» деген жазу орналасқан.

13.13 «АҚТӨБЕ АЖАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

«Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешені ерекше құрылыстардың бірі. Тұрғын үй орналасқан аймақ қаланың ең көрікті жері болып табылады. Ол 25 қабатты 3 тұрғын үйден және 3 қабатты сауда кешенінен тұрады. Әбілқайыр даңғылында орналасқан. Тұрғын үй кешенінде банктер, супермаркеттер, сауда бутиктері, ресторан, ойын сауық орталықтары орналасқан. Құрылысты «Лашын Инвест Холдинг» корпорациясы жүргізіп келеді.

13.14 МЫРЗА-МҰРЫН КЕСЕНЕСІ

Дауымшар моласы (ХҮІІІ-ХІХ ғғ.) – Ақтөбе облысы Байғары ауданында орналасқан. 1810 жылы оның ел басқаруына байланысты осы жерде жерлеп және соның құрметіне жерді атаған. Мырза Мұрын кесенесі (1881-1882) Дауышмар моласының үстінде салынған.