Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№2.6 Конгресс-холл

Конгресс-холл құрылысы 1961 жылы басталды. Ол кезде “Тың игерушілер” сарайының жалпы аумағы 32 гектар жерді қамтыған. Құрылыс көлемі 6400 шаршы метр болды. Көрермен залы 2340 орынға арналды. Жоба авторлары – Балтық жағалауының архитекторлары Д.Н.Даненберг пен О.Н.Кракулис. Тың игерушілер сарайының бас мердігері – Қазақстан және Орта Азия темір жолы құрылысы Бас басқармасының “Целинтранстрой” тресіне қарасты №24 құрылыс-монтаж поезды болып табылады. Трест бастығы – Е.Е.Плотников, №24 ҚМП бастығы – Н.В.Тюменев болды. Целиноград атқару комитетінің 1963 жылы 20 ақпандағы №23 шешімі бойынша “Тың игерушілер” сарайының директоры болып М.С.Шкляев тағайындалды. Көрермендер залы 1600 адамға арналған.

2.7 «ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

«Гранд Алатау» тұрғын үй кешені – сәулет өнерінің тағы бір кереметі. Оның жаңа құрылыстардан айырмашылығы – оны көркем көгалдандыру болып табылады. Үй жанындағы аумақта ересек ағаштардан (ақ қайын, емен, шырша т.б.) тұратын бау-бақша отырғызылды. Қаланың дәл орталығында оазис немесе біртұтас тірі кеңістік құра отырып, бұл парк Есіл өзені жағалауының және орманды парк аймағының табиғи жалғасы болып табылады. Бүтіндей кварталды қамтитын бұл аса ірі кешеннің көлемі де таң қалдырады. Биіктігі – 138 метр, 4 мұнараның біреуі Астанадағы, тіпті Қазақстандағы ең биік нүкте болып табылады. Бірінші қабаттағы барлық павильондарда – офистер, ал екі жер асты қабаттарында – 500 орындық паркинг орналасқан. Жоғары қабаттарда сату залдары, мейрамханалар, дүкендер, шаштараздар, бутиктер, ательелер, дүмбешіктер бар. Осы кешеннің жанынан бала бақша және 200 орындық мектеп салу жоспарлануда. Барлық ғимараттардың алдыңғы жағы, яғни қасбеті айна түсті әйнектермен және қараңғыланған шынылармен безендірілген.

2.8 «СИНЕ ТЕМПОРЕ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ

1988 жылы (қазіргі әмбебап орнында) орталық алаңда екі бөлікті бір қабатты қонақжай-дүкендер қатары болған. Кеңес Үкіметі кезінде бұл сауда кешенін «жасыл қатарлар» деп атаған, өйткені олардың есіктері жасыл түспен боялған болатын. Қазіргі күні, қайта құрылғаннан кейін «Сине темпоре» сауда кешені деп аталады. Ішкі жағынан әсем безендірілген 2 қабатты ғимарат.

2.9 АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ

1990 жылы Астана қаласының вокзалының ескі ғимараты жанынан 9 қабатты жолаушылар терминалы салынды. 2003 жылы Астана қаласының вокзалын қайта жөндеу тұрғындардың қарқынды өсуімен және жолаушылар терминалына түскен салмаққа байланысты болды. Күн сайын Республикамыздың бас көлік қақпасы 4500 жалаушыны жолға аттандырады. Қазақстанның елордасы – Астана алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның барлық үлкен қалаларына тікелей қатынас жасай алады. Вокзал ақпараттар көрсеткіштері тақтасымен, бейне байқау жүйесімен, қазіргі заманға сай шағын-маркетпен, қызмет көрсету орталығымен, дәмхана, VIP залымен жабдықталған.

2.10 ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

Қаржы министрлігі ғимараты Жеңіс даңғылында орналасқан. Астанадағы алғашқы ғимараттардың бірі. Жеңіс даңғылының ортасына 1999 жылы салынды. 12 қабатты «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі» административтік комплексі архитектуралық құрылысымен ғана емес, сонымен қатар техникалық күрделілігімен ерекшеленеді.

2.11 С.СЕЙФУЛЛИН МҰРАЖАЙЫ

Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекет қайраткері – С.Сейфуллин. С.Сейфуллин (1884-1938) Ақмола жерінде дүниеге келді. Ол – қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі, өз ұлтын қалтықсыз сүйіп, халқына айрықша еңбек сіңірген азамат. 1988 жылы 20 ақпан күні С.Сейфуллин мұражайы ашылды, алғашқы жылдары 200-ден сәл ғана артық көрме заттары бар болса, қазір олардың саны 5000-нан асады.

2.12 ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

Президенттік мәдениет орталығы – көп тарапты ғылыми-зерттеу және мәдени-сауаттандыру кешені. Ол 2000 жылы пайда болды. Оның құрамына мұражай, кітапхана, концерт залы кіреді. Мұражайда этнографикалық, алтын және бағалы металдар залы, археологиялық, тарихи, көркем галереялар т.б. залдар жұмыс істейді.

2.13 «ӨМІР АҒАШЫ» ФОНТАНЫ

Фонтан жаңа алаңда орналасқан. Шар «ағаштың басы» деген ұғымды білдіреді, ағаштың 4 жағында 4 бейне тұр – арқар, бұқа, тұлпар, түйе, олар 4 түрлі табиғат ұғымы – су, жер, жел және от апаттарын білдіреді.

2.14 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ЕСКЕРТКІШІ

Саяси қуғын құрбандарын еске алуға арналған алып ескерткіші 1997 жылы қойылды.

Сәулетшілер: Т.Сүлеймен А.Кенжетаев, А.Ордабаев

Мүсіншілер: А.Баярлин, Т.Мырзагелдин.

2.15 «САЛТАНАТ САРАЙЫ»

«Салтанат сарайы» ғимараты 2000 жылдың басында салынды, ол қалалық парк аумағында, Есіл өзенінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Аумақтың жалпы көлемі – 32500 шаршы метр, «Салтанат сарайы» ғимаратының көлемі – 6420 шаршы метр. Ғимарат мәр-мәр таспен және гранитпен безендірілген.

Салтанат сарайында Президенттік шырша және басқа да салтанатты кештер өткізіледі. Оның бас дәлізінде сенбі күндері неке қию рәсімі өтеді.

№2.16 “ЕСІЛ” ҚОНАҚ ҮЙІ

“Есіл” қонақ үйі – төрт қабатты кірпіштен тұрғызылған ғимарат. Оны 1960 жылы “Культбытстрой” тресі салған. Қонақ үй – 276 адамды қабылдай алады.