Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

Бұл қалашықта шет мемлекеттердің елшіліктері орналасқан. Есіл өзенінің сол жағына салынған ғимарат.

1.26 КӨРМЕ КОМПЛЕКСІ

Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Шет мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынасының орталығы. Жалпы ауданы 29 мың шаршы метр. Жабық көрме алаңы – 6702 шаршы метр (конгресс залымен қоса). Ашық көрме алаңы 1000 шаршы метрді құрайды. Автотұрақ – 250 автомобильге арналған. 300 орынды рестораны бар.

1.27 «АСТАНА ТРИУМФ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

2005 жылы «Базис-А» корпорациясы өзінің 14 жылдық қызметін атап өтті. Осы жылдар аралығында компания Қазақстан Республикасының құрылыс саласында алдыңғы шептен орын алды. Бұл орасан зор тәжірибе, өйткені Қазақстанның әртүрлі қалаларында және аудандарында салынған әкімшілік және тұрғын үй кешендері корпорацияның еншісінде. «Астана Триумфы» сапалы өмір сүрудің не екеніне көзімізді жеткізді. Кешен Есіл өзенінің сол жағалауына салынды. Кешеннің ішінде бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған: спорттық-сауықтыру кешені, жабық сырғанақ, тәулік бойы медициналық қызмет көрсету пункті, үй кинотеатры, дәмхана, мейрамханалар және т.б.

1.28 МУНИЦИПАЛДЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Астана қаласының сол жақ жағалауында орналасқан муниципалды тұрғын үйлер. Халық арасында «жеті бөшке» атымен танымал.

1.29 “МЕЙІРІМ” МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

2004 жылы 20 тұрақты жатып емделу орны бар, көп салалы медициналық орталық ашылды. Бұл – «Мейірім» көп салалы медициналық орталығы. Осы теңдессіз орталықты ашу рәсіміне арнайы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев келді. Құрылыстың бас мердігері – алматылық «Реиз» компаниясы болды. Медициналық орталық ең жаңа диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталған. Медициналық орталық омыртқа ауруларымен ауыратын адамдарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсете алады. Диагностика үшін клиникалық зертхана, қазіргі заманға сай рентген аппараты, «Siemens» спиралды компьютерлік томографы қойылған. Орталықта дәрі-дәрімек, физио, ине, мануалды терапиялармен кешенді емдеу түрлері жақсы жолға қойылған. Кез-келген адам омыртқа ауруларын алдын алу шаралары жайында толық түрде кеңес ала алады.

1.30 КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

2003 жылы желтоқсанда ұлттық ғылыми медицина орталығының кардиохирургиялық клиникасы ашылды. Ашылу салтанатына ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Кардиохирургиялық орталық – жоғары сапалы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Жүрекке алғашқы операция 2004 жылдың 7 сәуірінде жасалды.

1.31 «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ

Ғимарат Есіл өзенінің сол жағалауына салынған. Жүз жылда Қазақстанның темір жол көлігі дамудың үлкен және қиын жолдарынан өтті. Қазақстанда ең алғаш темір жол желісінің құрылысы 1893 жылы басталып, бір жылдан соң аяқталған. Ұзындығы 369 км-ге жететін Покров-Орал темір жол желісі еді. Содан кейін Астрахан-Александров-Гай (107 км) телімінде темір жол салынды. 1905 жылы Полетаево-Золотая сопка-Қостанай бағытында, ұзындығы 281 км, оның ішінде Золотая сопка-Қостанай 165,6 км (1915) темір жол құрылысы салынды. 1958 жылы 1 шілдеден бастап КСРО бойынша ең ірі темір жол – Қазақ темір жолы қызметін бастады. «Алматы темір жол басқармасы», «Тың темір жол басқармасы», «Батыс-Қазақстан темір жол басқармасы» - мемлекеттік кәсіпорындары қайта ұйымдастырылып, біріктірілгеннен соң, 1997 жылы 31 қантарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №129-шы Қаулысы бойынша Республиканың мемлекеттік Қазақстан темір жолы құрылды.

1.32 «АҢСАР» БИЗНЕС–ОРТАЛЫҒЫ

«Аңсар» бизнес-орталығын «Мотив» құрылыс компаниясы ұсынған. Ғимарат Есілдің сол жағалауында, Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында, «Бәйтерек» пен Қорғау министрлігінің жанында орналасқан.

«Аңсар» бизнес-орталығы – үй-жайларға қолданылатын «А» кластық халықаралық деңгейдегі әкімшілік кешен.

Кешен 17 қабаттан тұрады. Оған – орталық корпус және екі 3 қабатты офис, сату орталықтары және кафетерий жатады.

Ғимараттың астыңғы қабатында – 78 орындық автомобиль тұрағы, подъезд алдында – 42 автомобильге арналған паркинг; бірінші қабатында – медпункт, дәріхана, банк бөлімшесі орналасқан.

Бизнес-орталығы «Сигма LG» маркалы дыбыссыз жоғары жылдамдықтағы лифттармен жабдықталған. Жылыту, жарықтау, желдету және ауаны тазарту жүйесі, телекоммуникация, автоматтық өрт сигнализациясы, спринклерлі және газды автоматтық өрт сөндіру, хабарлау жүйесі – әлемдік стандарттарға сай.

1.33 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ОРТАЛЫҒЫ

Халықаралық сауда орталығы – Астана қаласындағы ең ірі бизнес-орталық болып есептеледі. Жалпы ауданы – 28 мың шаршы метр, көрме комплексі мен конгресс орталығының айданы 12 500 шаршы метр, 4 жұлдызды қонақ үй комплексі – 22 мың шаршы метр. Жерасты автотұрақ 8500 шаршы метрді алып жатыр. Яғни, 350 автомобильге арналған.

1.34 «АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

Қазіргі заман талабына сай тұрғызылған «Алматы» тұрғын үй кешені Астана қаласының орталығында орналасқан. «Алматы» тұрғын үй кешені жаңа архетиктуралық идеямен салынған.

1.35 «ЖАҢА ӘЛЕМ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

«Жаңа Әлем» тұрғын үй кешені Есіл өзенінің сол жағында орналасқан. Ол 4 тұрғын ғимаратынан тұрады. Оның ішінде автотұрақ алаңы да бар. 2008 жылы қолдануға берілді.

№1.36 «СУЛЫ-КӨГАЛДЫ БУЛЬВАР» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

Сулы-көкалды бульвар «Мыңжылдық бағы» деп аталады. 1,5 шақырым қашықтықтағы субұрқақтар қатары орналасқан. Кисе Курокаваның проектісі бойынша жасалған архитектуралық ғимарат.

1.37 «САНКТ-ПЕТЕРБУРГ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ

«Санкт Петербург» сауда орталығы Астана қаласының оң жақ жағалауында орналасқан. Жалпы алаңы 17889,5 м2, сауда орталығы - 2 қабатты болып келеді. Кеңселер, бутиктер, мейрамханалар, 33 орынға арналған автотұрақ орналасқан. Мұнара түріндегі кеңсе үйғимараттары 17 қабатты болып келеді.

1.38 «ХАН ШАТЫР» ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы Есіл өзенің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимараттың биіктігі – 150 метр, алаңы - 1,5 млн. куб.м. Ойын-сауық орталығы жобасының авторы танымал британ сәулетшісі Норманом Фостер. АО «Сембол Иншаат» (Түркия) арқылы тұрғызылды. Сауда орталығы шатыр түрінде салынған. Хан Шатыр ойын-сауық орталығы Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Бейбітшілік және келісім сарайына қарама-қарсы, елорда әкімшілік бөлігінің бас осінің соңында орналасқан.

1.39 «КЕРУЕН» САУДА-ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«Керуен» сауда-ойын-сауық орталығы Сулы-көгалды бульварда, Бәйтерек кешенінің қасында, Ұлттық кітапхана және «Северное сияние» тұрғын үй кешенінің арасында орналасқан. Орталық тек сауда-саттықпен шектеліп қана қоймай, уақытты қызықты өткізуге болатын ойын-сауық орталығы да қарастырылған. Сонымен қатар кафе, ресторан мен балаларға арналған ойын-сауықтар орналасқан.

1.40 «МОСКВА» БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚ

«Москва» тұрғын үй кешені Астана қаласының оң жақ жағалауында орналасқан. Жалпы ауданы – 75 мың шаршы метрді құрайтын 25 қабаттық ғимарат. Ол - «Ақ Орда» ғимаратының қасында орналасқан бизнес-орталық. 4 жұлдызды қонақ үйі, сауда-саттық ойын орталығы, жерасты автотұрағы бар.