Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

«Нұр-ғасыр» орталық мешіті

Мешіттің жалпы алаңы – 5,5 мың шаршы метр. Құрылыс алаңы – 400 мың шаршы метр. “Нұр-Ғасыр” мешіті күмбезінің биіктігі – 40 метр, мұнараның биіктігі – 63 метр. Мешіттің бірінші қабатында киім ілетін және санитарлық-гигиеналық орындар бар. Екін­ші қабатында неке қию залы, елу орындық медресенің оқу сыныптары, әкімшілік бөлмелері орналасқан. Үшінші қабатында 3000 адам намазға жығылатын намазханасы бар.

14 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Құрылған мерзімі – 1932 жыл.

Жер аумағы – 428 мың шар. шақ.

Халқының саны – 1347097 адам.

Әкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы.

Облыс аумағында 9 аудан, 11 қала, 556 ауыл бар.

Қарағанды облысы оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, оңтүстік-батысында – Қызылорда, батысында – Қостанай, солтүстік-батысында – Ақмола, солтүстік-шығысында – Семей, Алматы облыстарымен шектеседі. Облыс жері геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ – Сарыарқаның орталық бөлігін қамтиды. Рельефі шоқыаралық ойпаңдармен, өзен арналарымен, жыра-сайларды қуалап жер бетіне шығып жатқан ыза суларымен, тұйық ойыстарымен, көл қазаншұңқырларымен күрделеніп отырады. Ең ірі өзендер: Нұра, Торғай, Сарысу, Шідерті. Ең ірі көлдер: Балқаш, Қарасор, Қарақойын, Қияқты. Климаты тым континенттік және қуаң келеді. Облыс территориясында ойдым-ойдым кездесетін қара шірінділі қабатының қалыңдығы 41-см-дей оңтүстіктің қара топырағын есептемегенде, негізінен, қызыл-қоңыр топырақ басым келеді. Зоналық қызыл-қоңыр топырақ арасында интерзоналық топырақ және оның комплекстері таралған. Аласа таулар мен ұсақ шоқылықтарда таудың қара топырағы қалыптасқан.

14.1 ҚАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АБАЙ ҮЙІ

Кезінде Қарқаралы қаласына қазақтың атақты ақын ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің классигі Абай аялдап, қаладағы аталған үйге түскен. Соның құрметіне үй «Абай үйі» деп аталған. Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болғандықтан осы өңірге жиі келетін. 1850 жылдары осы үйде тұрған. Абай мұражай үйі қайта жөңдеуден өткізілді. Қарқаралыдағы Абай үйі мемлекеттің қамқорына алынып, балаларға арналған өнер мектебі ашылды. Үйдің сыртына мемориалдық тақта орнатылған.

14.2 ҚАЛА ӘКІМШІЛІГІ

Қаланың алғашқы жобасын Александр Иванович Кузнецовтың басшылығымен (1934-1938 жж.) Мәскеу архитекторлары жүргізді. Қала әкімшілігі 1938 жылы салынған. Архитекторлары – Т.Барат, А.Генин. Ғимарат – тарихи ескерткіштер қатарына жатады.

14.3 «ЧАЙКА» ҚОНАҚ ҮЙІ

1963 жылы (радио шақыру белгісі «Чайка») «Восток-6» ғарыш кемесі жерге қонғаннан кейін, тұңғыш ғарышкер әйел В.В.Терешкова осы қонақ үйде демалған. Терешкованың құрметіне «Чайкада» мемориалдық тақта орнатылған. Ғимарат – архитектуралық ескерткіштің бірі. Архитекторлар – Е.А.Попов, В.В. Вюст. Қонақүй жылына 2,5 мың адам қабылдайды.

«Чайка» қонақүйі қайта жабдықталғаннан кейін, онда 91 орындық 49 бөлме (негізінен екі кісілік), мәжіліс және қонақ күтетін зал, кафе, сумен шынықтыру кешені (сауна, бассейн, демалыс бөлмесі), қонақтарды қабылдау бөлмесі және қонақ үйдің шаруашылық заттары сақталатын орын пайдалануға берілген. Осы күнгі инженерлік техникалық жабдықтармен жабдықталған.

14.4 КЕНШІЛЕРДІҢ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ

Кеншілердің мәдениет сарайы 1950 жылы салынған. Архитекторлары – И.И.Бреннер, Я.А.Янош. 1000 орындық көрме залы бар. Ғимараттың кіреберіс алдындағы мандайшада: кенші, қойшы, ауыл еңбеккері, жауынгер, ақын, құрылысшы бейнелері кескінделген.

14.5 АЛАША ХАН КЕСЕНЕСІ

Алаша хан кесенесі – X-XI ғасырда тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Қазіргі Қарағанды облысының Жезді ауданындағы Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Ескерткіштің жалпы ауданы – 9,73х11,9 метр, биіктігі – 10 метр. Оның алды киіз үйдің жарма есігі сияқты. Күмбездің екі жақ жақтауын, маңдайшасын, қақпасын әшекейлеу үшін оның бетінен қос қатарлы жосық жүргізіп, өрнекті кірпіштермен көмкерген. Кіре беріс қақпадан әрі екі жақтауға жапсыра 6 қырлы бағаналар орнатылған. Бағананың табанына 3 жарты шар бейнесі салынған. Оның 2 бөлігі бүтін, ал үшіншісі бағананың астына қарай төселген. Бұл тәсіл Орта Азия архитектурасында сирек кездеседі. Қақпадан кешенге барар есік орнатылған. Оның биіктігі – 2 метр, ені – 1,2 метр. Күмбездің ішкі құрылысы қарапайым. Едені кірпіштен төселген. Бірыңғай кірпіштен тұрғызылған. Ағаш тек есік пен терезенің маңдайшаларына қолданылған. Сәулетші (аты-жөні белгісіз) үйдің 4 қабырғасын біріктіре, 8 тіреу жасап, оның үстінен 16 қырлы зәулім барабан орнатқан. Осы барабанның үстінен дөңгелете күмбез тұрғызған. Күмбездің бір ерекшелігі – оның үстінде барабанды айналып өтетін галерея бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін баспалдақ арқылы шығады.

14.6 ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекеттің негізін салушы. Жошы ұлысының негізін қалаушы. Атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол күшті, ержүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар жан болған.

Жошы хан кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Кесене XIII ғасырға жатады. Кесененің құрылымы пештақты-күмбезді, ауданы – 7,25х9,52 метр, пештақтың биіктігі – 7,9 метр, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұруы үшін берік етіп тұрғызған. Пештақ жақтаулары басқұрға ұқсатылып өрнекті кірпішпен өрілген. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштің ауданы – 45х45 см. Кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. Жошы хан күмбезі республикалық маңызы бар тарихи, мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

14.7 ДОМБАУЫЛ КЕСЕНЕСІ

Көне кесене Жезқазған қаласының солтүстік шығыстан 50 шақырымдай жердегі Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. А.Х.Марғұлан басқаруымен Орталық Қазақстан экспедициясы (1947-48 жж.) кесенені зерттеп, ашқан. Фундамент тас пен балшықтан салынған. Домбауыл кесенесі архитектуралық (XVI-XVII ғ.ғ.) ескерткіш болып табылады. Ол – мемлекеттік қорғауға алынған.

14.8 ҚАРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ

1943 жылы қазанында «Казметаллургстрой» тресі құрылды. Жаңа құрылыстың алғашқы цехтарына арналған құрал-жабдықтар Кавказға көшірілген кәсіпорындардан әкелінді. Құрал-жабдықтар тиелген эшелондар Бакуден Красноводскіге теңіз арқылы, одан кейін ұшы-қиырсыз қазақтың жазық даласымен Қарағандыға ағылып келіп жатты. Жүздеген, мыңдаған кеңес адамдары да бірге келіп, алыс тылда соғыс кезеңіндегі ауыртпалыққа мойымай, жан қиярлықпен еңбек етті. Олар осы жерде тер төгіп, күресе білді. Жеңіске де жетті. 1944 жылдың 31 желтоқсанында 35 тонналық мартен пеші тұңғыш балқыма берді. Ал, қазіргі күннің тұрғысынан қарағанда, сол кездегі мартен пеші тым кішкене-ақ екен. Бірақ, Қазақстан болатының алғашқы тонналары соғыс жылдарындағы республиканың рөлін арттыра түсті. Отанымыздың маңызды арсеналдарының біріне айналды. Қарағанды металлургия комбинатының бірінші домнасы 1960 жылдың 2 шілдесінде қыздырылды. Қазақстан Магниткасы бірінші кезегінің іске қосылу дайындығына Магнитогор, Макеев, Челябі, Днепродзержинск, Төменгі Тагил, Череповец металлургтері көмек көрсетті. Осы аймақтардан құрылысқа мың жарымға жуық тәжірибелі домнашылар, машинистер, энергетиктер, инженерлік-техника қызметкерлері келді. 3 шілдеде Вадим Романовтың ауысымында бірінші қазақстандық шойын берілді. Алақайлаған дауыстар артынша шөмішке теміртау шойыны құйылды. Шойынды бірінші балқытуға жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының болашақ Президенті қатысты. Теміртауға ЛНМ тобының келуіне байланысты Қарметтің, кейіннен атауы өзгертілген Испат-Қарметтің «екінші тынысы» ашылды. Әлемге әйгілі компания өз мерзімінде комбинатты жаңғыртуға үлкен инвестиция салды. Негізгі металлургиялық агрегаттар жөнделді. Жаңа ыстықтай қалайыландыру және алюминийлендіру цехында өнімдер өндіре бастады. Бүгінде «Қазақстанда жасалды» деген таңбасы бар Испат-карметтің өнімдері әлемнің 97 еліне тиеліп, жөнелтіледі.

14.9 ҚАРАҒАНДЫ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ

Қарағанды теміржол вокзалы қаланың орталығында орналасқан. Жанында автовокзал орналасқан. Жылына 1,5 млн адамға қызмет көрсететін вокзал 1956 жылы салынды. Мекеме Ленгипротранс институтының жобасымен салынған. Авторлары – П.А.Ашастин, М.Б.Бениолинсон. Вокзалда 2 үлкен жолаушылар залы, жолаушылар демалатын бөлмелері, анықтама бюросы, билеттер сататын кассалары бар. Фойе мен залды Қазақ АКСР-ның белгілі суретшісі П.К.Антоненко безендірді.

14.10 «ШАХТЕРЛЕР ДАҢҚЫ» МОНУМЕНТІ

Монумент қаланың символына айналды. Ол 1974 жылы ашылды. Қарағандының басты магистралі Бұқар жырау даңғылындағы қаланың орталық бағында орналасқан. Монумент еңбек пен халықаралық достыққа арналған. Мүсінші – ҚазАКСР-ның белгілі қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы – Анатолий Билык, архитекторы – Ресей Федерациясының атақты архитекторы Анатолий Пантелеевич Малков. Мүсін қоладан құйылып жасалды. Жалпы биіктігі – 11 метр.

14.11 «АҚЖОЛТАЙ» МҰЗДЫ СПОРТ САРАЙЫ

Қарағанды қаласының орталығында орналасқан. (Бұхар-жырау даңғылы, 53а). «Индустройпроект» институтының жобасы бойынша 1971 жылы салынған. 2003 жылы Спорт Сарайы қайта жөндеуден өткен соң, пайдалануға берілді. Қазіргі кезде Мұзды Спорт Сарайы 2000 орындық спорттық-сауықтыру кешені болып табылады.

14.12 «САРЫ-АРҚА» ӘУЕЖАЙЫ

Қарағанды қаласының жаңа әуе портының жобалауы мен құрылысы 1980 жылы басталды. Алғашында кез-келген ұшақтар түрін қабылдау мүмкіндігі бар ұшып-қону алаңы, кейін қонақүйі ғимараты салынды.

Екінші кезеңде басқару-диспетчерлік пункті және әуе портының жолушылар терминалының негізгі ғимаратының жобалауы мен құрылысы басталды.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін әуежайда технологиялық қайта жөндеу жүргізілді. Әуежай ғимаратының ішін және алдыңғы жағын безендіруде сапалы және қазіргі заман талаптарына сай материалдар пайдаланылды. Ғимараттың қасбеті гранитпен, керамикалық плиталармен қапталды.

Авторлық ұжым – «Қазәуежоба»

В.В.Неровня – авторлық ұжымның жетекшісі.

14.13 МЕТАЛЛУРГТЕР ЕСКЕРТКІШІ

Ескерткіш Теміртау қаласында орналасқан. Оны «Қазақ Магниткасы» деп те атайды. Қаланың атауы айтып тұрғандай, бұл өңір жер байлығына аса бай. Сол себепті металлургтер ескерткіші орнатылды. Ескерткіш 2001 жылы ашылды. Ескерткіштің авторы – А.Билык. Тот баспайтын құрыш пен қола металынан жасалған.