Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№8.5 Абай мен шәкәрім мемориалдық кешені

Кесене – 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Жидебай қонысында Ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған мерейтойды ЮНЕСКО-ның шешімімен әлемдік деңгейде атап өту шаралары қарсаңында орнатылды. Сәулетшілері – Б.Ибраев, С.Ағытаев, А.Қарпықов, жобалаушысы – Ержігітов, суретші – К.Алтынбеков. Кесене 5 метр етіп жасалған дөңнің үстіне тұрғызылған. Ұзындығы – 200, көлденесі – 60 м. Алыстан қос мұнара бірден көзге түседі. Біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі – 38 м), екіншісі – Шәкәрім мұнарасы ( биіктігі – 35 м).

Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Диаметрі 36 метр болатын “Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы” мұражайы, келіп-кетушілерге арналған қонақүй, амфитеатр, сондай-ақ мешіт бар. Бұрын осы орынға жерленген Абай, Оспан, Шәкәрім, Ахат бейіттерін қозғамай, солардың бәрін ішіне ала тұрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісінде салынған. Кешен тұғыры бейнелі түрде қазақтардың діни сеніміндегі үш әлемнен: төмеңгі әлем – өлілер (қара түсті), ортаңғы әлем – тірілер (қызыл түсті), жоғарғы әлем – аруақтар мен Алланың мекенімен (ақ түсті) байланыстырады. Кешен композициясында бастан аяқ тұтастық сақталған. Оның барлық ғимараты бірін-бірі толықтырып, даланың кеңдігімен үйлесім тапқан. Құрылыс жұмыстарына, негізінен, Маңғыстаудың ұлу тастары пайдаланылды.

№8.6 Ертіс өзенінің бойындағы көпір

Ертіс өзенінің бойындағы аспалы көпір 2000 жылы іске қосылды. Көпірдің ұзындығы – 2600 метр, құрылысты жапон құрылысшылары жүргізді. Өзінің ерекшелігі бойынша әлемде 17, ТМД елдері бойынша жалғыз көпір болып табылады. Ұзындығы – 25 шақырым.

8.7 МЕТАЛЛУРГТЕР САРАЙЫ

Өскемен қаласы түсті металлургияның ірі орталығы. Металлургтер сарайы 1957 жылы салынды. Металлургтер сарайының құрылысын «Алтайсвинецстрой» тресі жүргізді. Жобаны Л.И.Маковеева архитекторының көмегімен «Ленгиппрокоммунстрой» іске асырды.

№8.8 Алтай тауы

Алтай – күрделі, ірі тау жүйесі. Ол солтүстік-батысындағы Батыс Сібір жазығынан оңтүстік-шығысындағы Гоби шөліне дейінгі аралықта жатыр. Обь, Ертіс, Енисей өзендерінің су айырығын құрайды. Алтай тауындағы ең биік тау – Белуха, ұзындығы – 4,5 мың метр. Қазақстандық Алтайда өзендер көп. Басты өзендері – Ертіс және оның салалары: Бұқтырма, Уба, Қалжыр, Күршім, Нарын. Қазақстандық Алтайда таулық дала, таулық орманды белдеу және биік тау белдеулері бар. Бұлардың әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктерге ие. Алтай тауы Оңтүстік, Шығыс, Орталық, Солтүстік-батыс және Солтүстік-шығысқа бөлінеді. Алтай таулары полиметалл кендеріне бай. Тау бөктерінде Зайсан және Марқакөл көлдері орналасқан. Белгілі саяхатшы В.В.Сапожников: “Алтайдың әдемілігі баршаға аян, бірақ осы сұлулықтың гүлі – Марқакөл” деп жазған еді.

8.9 ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ

Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауымен, батысында Сарыарқамен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шындары көп. Осыдан бастау алған Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Қарасу, Шорға, Тайжүзген, Қандысу, Құсты Зайсан көліне құяды. Біздің ауданда ойлаған көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі.

8.10 ЗАЙСАН КӨЛІ

Зайсан оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Зайсан қазаншұңқыры, Қазақстанның шығыс бөлігіндегі солтүстік жағындағы оңтүстік Алтай сілемдері мен оңтүстігіндегі Тарбағатай-Сауыр жүйесінің жалғасы саналатын тау жоталарының аралығында жатыр. Батыс шегі Шар-Көкпекті шоқыларына жалғасады. Оның жалпы ұзындығы – 225-250 шақырым, ені – 140 шақырымға дейін жетіп жығылады. Климаты континенттік. Топырағы қоңыр, қызыл қоңыр болып келеді. Зайсан көлінің айналасында шөлейттік өсімдік түрлері көптеп өседі. Зайсан көлінде балықтың 23 түрі бар.

8.11 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ КЕСЕНЕСІ

Қозы көрпеш-Баян сұлу ескерткіші – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қабіріне тұрғызылған кесене. Семей өңіріндегі Аягөз өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ол шашақ күмбезді, қалақ тастан төрт қырлы жобамен қаланған. Биіктеген сайын сүйірлене береді. Биіктігі – 12 м. Ескерткіштің қай ғасырда тұрғызылғаны туралы нақты дерек жоқ. Құрылыс дыңға ұқсас болғандықтан, қазақ жеріне ислам діні тарамай тұрып салынған деген жорамал бар. Мазардың жанында тас мүсіндер болған. Осы тас мүсіндерді 1856 жылы Ш.Уәлиханов қағаз бетіне нобайлаған. Онда қасиетті құтты ұстаған үш әйел мен бір еркек суреттелген. Халық аңызында үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы, ер адам – Қозы делінеді. Қазір мүсіндер жоғалып кеткен. Аңыз бойынша, оны тұрғызуға Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан қырық мың кісі жіберіп салдыртқан.