Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№8.12 Еңлік-кебек кесенесі

Заманға сәйкес ақ мәрмәрдан кескінделген ескерткіш. XVII ғасырдың II-ші жартысында қазақ жеріндегі ескіліктің құрбаны болған Матай елінің қызы Еңілік пен Тобықты руынан шыққан Кебек атты жастарға қойылған. Ақсақалдар шешімінің билігімен қатаң жазаланған бұл екі жас бүгінгі жас ұрпаққа ерекше қастерлі. Бұл қайғылы оқиға М.Әуезовтың «Еңілік Кебек» пьесасына арқау болған. 1960 жылы Абай ауданындағы тұрғындар өздерінің қаражаттарынан кесене орнатқан болатын. 1976 жылы осы аудан тұрғындарының өтініштерімен бүкіл кесене ақ мрамормен қапталды.

8.13 Ф.М.ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ

Қазақ КСР Министрлер Кенесінің 1971 жылы 7 мамырдағы №261 Қаулысына сәйкес Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Ол – Семей облысы Достоевский көшесіндегі 118 үйде орналасқан. Құрылыстың алаңы 87,7 шаршы метр. Бірінші қабаты сыртынан салынған. Екінші қабатында XIX ғасырдың тұрғын үй интерьеріне сәйкес 4 бөлме орналасқан. Олар – ас үй, қонақ бөлме, кабинет, ұйықтайтын бөлме. Барлығы – 54 шаршы метр. Бөлмелері аласа – 2,45 метрден келеді.

8.14 «ӨЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ

«Өлімнен күшті» монумент 2001 жылы 29 тамызда ашылды. Жобаның авторы – Шота Уәлиханов. Монумент Семей қаласы Полковничий аралында орналасқан. Семей тәжірибе полигонының құрбандарын еске алуға арналған монумент. 1989 жылы Н.Ә.Назарбаев ядролық сынақты тоқтату туралы тарихи шешім қабылдады. 40 жыл бойы Семей қаласын экологиялық ауруға душар еткен ядролық сынақ 456 рет ауада, жерде, жерастында сынақтарын жүргізді. Алғашқы ядролық сынақ 1949 жылы 29 тамызда жүргізілсе, соңғысы – 1989 жылы 19 қазанда жүргізілді. 300 мың шаршы шақырым жер экологиялық зардаптанған территорияға жатады. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Елбасы тарихи шешім қабылдады. Шешімді бүкіл әлем қолдады.

8.15 ШЫҒЫС- ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛ

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін Өскемен қаласында кешен ашылды. Пластиналармен жабылған, аспанға көтерген сын тас (стелла) композициясының орталығы болып тұр.

8.16 М.ӘУЕЗОВТЫҢ АТА-АНАСЫНА АРНАЛҒАН КЕСЕНЕ

М.Әуезов: «Қазақ – өз тарихын тасқа қашап жазған халық», - деген. М.Әуезовтың ата-анасы Омархан мен Нұржамал жерленген жерге 1993 жылы кесене орнатылды. Құрылыс жұмыстары 1997 жылы 27 шілдеде аяқталды. Кесене кірпіштен жасалып, сырты Маңғышлақтан әкелінген ақ мрамормен қапталды. Кесене «М.Әуезовтың мұражайы» атты халықаралық конференция кезінде ашылды. Авторы – Б.Ибраев.

8.17 МЕШІТ

1972 жылы 15 желтоқсанда Үкімет сенатындағы Семей қаласының думасы Ертіс өзенінің сол жағалауына мешіт салуға өтініш білдіреді. Мешітке Тыныбай Қаукенов аты берілді. Себебі, мешіт осы аталған саудагердің меншігі еді.

Мешіт ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары салынды. Фундаменті тастан, қабырғалары ағаштан тұрғызылды. «Сібір-тара» мешіттерінің үлгісінде салынған. Ескерткіш Абай, Ш.Уәлиханов, Ф.Достаевскийдің өмірлерімен тығыз байланысты.

8.18 АБАЙДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ

XX ғ. II жартысындағы сәулет ескерткіші. Абайдың Семейдегі мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы 1940 жылы ақынның туғанына 95 жыл толуына орай құрылған. Бұл Е.Михаэлиспен, бәлкім Абаймен де араласқан Р.Ершов деген көпестің байырғы ғимараты. 1966 жылдан бастап бұл ғимаратта Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан.

8.19 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында 2002 жылы 13 желтоқсанда Семейде Қ.Рысқұлбековке ескерткіш орнатылды. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына қатысушы, өлгеннен кейін «Халық қаһарманы» атағына ие болған Қ.Рысқұлбековтың ескерткіш-бюсті жылтыратылған қара граниттан (габродан) жасалды.

8.20 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ

Семей қаласы Жумабаев көшесіндегі 17 үйдің бұрышында орналасқан. XIX ғаcырдың II жартысында Мешітті Стамбулдан келген сәулетші Ғабдулла Әпенді салған болатын. Әртүрлі өрнектермен әшекейленген 14 терезесі бар.

8.21 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ

Семей қаласы Абай көшесі 50 орналасқан. XIX ғасырдың ортасында, яғни 1858 жылы басталып, 1862 аяқталғаны белгілі. Мешіттің ескі ағаш мұнаралары кірпіштен қаланған.

8.22 ЖЕКСЕНБІЛІК СОБОР

1856 жылы 17 желтоқсанда Томск рухани консисторииінің Жарлығы бойынша тұрғызылды. Шіркеу Митрофан Казакованың басшылығымен салынды. Қаражаттың басым бөлігін өзі төледі. Шіркеу 1860 жылы 5 маусымда Томск және Енисей Епископының рұқсаты бойынша қолдануға берілді. Шіркеу қаланың ең көрікті және көне ғимаратының бірі. ХІХ ғасырдағы христиан архитектурасының үлгісі.

9 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Құрылған мерзімі – 1938 жыл.

Жер аумағы – 124,8 мың шар. шақ.

Халқының саны – 757,3 мың.

Әкімшілік орталығы – Павлодар қаласы.

Павлодар облысы Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарымен және Ресей мемлекетімен шекаралас ораласқан. Облыс аумағында 10 аудан, 3 қала, 8 ауыл және 533 елді мекен бар.

Облыстың жері, негізінен, жазықты болып келеді. Ертістің оң жағалауын Құланды жазығы алып жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Баянауыл және Қызылтауы бар Сарыарқа жатыр. Баянауыл тауларында қарағай, қайын ағаштары өседі және Баянауыл ұлттық паркі орналасқан.

Облыста су қорын негізінен Ертіс өзені мен Ертіс-Қарағанды каналы құрайды. Сондай-ақ, облыс жерінде көптеген көлдер бар, атап айтқанда: Қызылқа, Жалаулы, Маралды және Қарасор.

Сондай-ақ, онда 11,2 млн гектар ауылшаруашылық жайылымдық жері бар. Оның 1,3 млн гектары егін шаруашылығына пайдаланылады. Ірі қара малы 260,9 мың басты құрайды.