Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№4.4 Шоқан уәлихановтың мемориалдық кешені

Мемориалдық кешен 1985 жылы Алтынемел баурайында (Алматы обл. Кербұлақ ауд.) ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Архитекторлары – Б.А.Ибраев, С.И.Рүстембеков, Р.А.Сейдалин; инженерлер – А.П.Котов, А.И.Гусев. Мемориалды кешен ғалымның бейітіне қойылған белгіден, ескерткіштен, мұражайдан, қонақ үйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбльдің басты ғимараты болып Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми творчестволық мұрасын бейнелейтін мұражай үйі алынған. Мұражай үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитектурасының дәстүрінен туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті еденінің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркем мәдениеттегі үш әлемді символды түрде бейнелейді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге жағдай жасайды. Орталық зал бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтарымен жабылған. 30 орынды кино зал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақ үйдің әсем интерьері музейдің композициялық құрылымын сақтай отырып жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы тұтастығымен үйлесімін табады. Ш.Уәлиханов мемориалды кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен «Интерарх» халықаралық конкурсында екінші орын алып, күміс медальга ие болды.

№4.5 Қапшағай су қоймасы

Қапшағай суқоймасы – Қазақстанның осындай типтегі ірі көлдерінің бірі, ұзындығы – 100 шақырым, ені – 25 шақырымға созылып жатыр. Қазіргі таңда бұл Алматы облысы бойынша жазғы уақытта  жағалаудағы демалыс ретіндегі ең көп қабылдайтын аймақ болып табылады. Жағалаулық коттедждер мен көптеген демалыс үйлері  орналасқан солтүстік жағалауы өте танымал болып келеді.  Көптеген демалыс үйлері осындағы кешендердің бір бөлігі болып келеді. 1970 жылы су қойма толтырыла бастады. Жалпы суқойманың ауданы – 28,14 млрд. м3. Қыста су қойма қатып қалады. Жазғы уақытта мұнда өте ыстық, кейде ауа температурасы 40°-қа дейін жетеді. Су температурасы мамыр мен маусым айларында +18°С +20°С, шілде және  тамызда +22°С +28°С-қа дейін жетсе, қыркүйек  айында  +18°С   +20°С болады.

№4.6 Қапшағай сэс-і.

Алматы облысы Қапшағай қаласында 1975 жылы салынған. Бас инженері Г.Б.Герасимов. Ол – Алматы қаласынан 70 шақырым жердегі Іле өзенінің Қапшағай шатқалында орналасқан станция. СЭС-тің өзен арнасы 600 метрге дейін тар жар тасты шатқалға салынуы – су деңгейін 40 метрге көтеруге мүмкіндік береді. Қапшағай СЭС-тің белгіленген қуаты – 434 мың кВт сағ. Оның құрылысы 1965 жылы басталып, алғаш екі агрегаты 1970 жылы, үшіншісі 1971 жылдың аяғында іске қосылды. Су торабының құрамында ұзындығы 470 метр, көлденеңінен 450 метр, биіктігі 50 метр бетонды плотина бар. Ауданына ұзындығы 180 шақырым, көлденеңінен 22 шақырым бөген жасалды. Қапшағай құрылысына жұмсалған шығын екі жылда өтелді. Қапшағай СЭС жылына 1163 млн. кВт сағ. Электр энергиясын береді.

4.7 РАЙЫМБЕК БАТЫР ЕСКЕРТКІШ

Райымбек батыр 1705 жылы туған. Ол жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқан қазақтың белгілі батырларының бірі. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін оған 17 жасында «батыр» деген атақ берілген. Ескерткіш 1996 жылдың 4 қыркүйегінде Сарыжау ауылынан 12 шақырым жерде Райымбек ауылында қойылған. Авторы – К.Егізбаев.

4.8 ҚАРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ

Қарасай батыр ескерткіші 1998 жылы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында қойылған. Батырдың 400 жылдығына арналған сый еді. Жетісудағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық қозғалысының қолбасшыларының бірі болған, қазақтың батыры – Қарасай батыр. Ол – Алатаудың бөктерінде Іле өзенінің бойында туған. Қарғалы өзені, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Ырғайты және Қаракия, Ақтасты, Сарыжазық тауларындағы шайқастарға қатысқан. Суықтөбе тауының етегінде жаудың бекінісін бұзып, Қарасай батырдың інісі Қойшегір бастаған сарбаздардың жеңіске деген құлшынысын арттырды. Қарасай батырдың ерліктері Жамбылдың өлеңдерінде жырланған. Аңыз бойынша, 73 жасында Солтүстік Қазақстан аймағында, Мәдениет ауылына жақын жерде өмірден өткен.

4.9 ОРТАЛЫҚ АЛАҢДАҒЫ ОБЛЫС ӘКІМШІЛІГІ

Облыс әкімшілігі Алматы облысының мақтанышы. Ол Талдықорған қаласының орталық алаңында орналасқан.

4.10 І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ. «ЖЕТІСУ» ФОНТАНЫ