Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№9.1 «Қазақстан алюминий» зауыты

Павлодар алюминий зауыты 1964 жылы салынған. Қазақстандағы түсті металлургия кәсіпорны. Торғай, Қостанай облыстарынан әкелінетін боксит кенінен алюминий тотығын өндіреді. Зауыт құрылысы 1958 жылы басталып, оның бірінші кезегі 1964 жылы іске қосылды. Зауыттың дайындау, гидрометаллургия, күйдіру, кальцинация, галий цехтары, биіктігі ондаған резервуалары, бу батареялары, қуатты да күрделі механизмдері жөндеу учаскелері бар. Онда тотықтандырылған алюминий гидратын кристалдандыру әдісі қолданылады.

Павлодар алюминий зауыты іске қосылған күннен бастап, еліміздің алюминий өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосты. Түсті металлургияның алдыңғы қатарлы кәсіпорнына айналды. Төменгі боксит сапары кенінен сала бойынша мол алюминий тотығы алынып және галлий өнімдеріне түгел дерлік Мемлекеттік сапа белгісі берілді.

№9.2 Ақсу ферроқорытпа зауыты

Ақсу ферроқорытпа зауыты кремний, марганец, хром, темір қорытпасын өндіретін кәсіпорын, акционерлік қоғам (1997). Ақсу қорығында орналасқан. Бірінші кезегі 1967 жылы іске қосылды. Зауыт хромит кенінен металлургия, химия және отқа төзімді заттар өнеркәсібіне аса қажетті шикізат, яғни асыл құрыш өндіруге пайдаланылатын хром қорытпалары алынады. Бұл хромит қоспалары сан алуан химиялық препараттарды, химия реакцияларының катализаторларын алуға, тігін, былғары, шыны өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Зауыт өнімдерінің 60%-і Еуропа және Азия елдеріне жөнелтіледі. Жыл сайын 100 млн АҚШ доллары көлемінде пайда береді. Зауыт жаңа технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Қазақстан үкіметінің 1994 жылғы қарашадағы кәсіпорындарды шетел фирмаларына белгілі мерзімге басқаруға беру туралы шешіміне сай “Ақсу Ферроқорытпа Зауыты” АҚ-ын басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Бұл компания зауыт акциясының 55%-тен астамына ие.

9.3 ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАҒЫ ПОЧТА ҒИМАРАТЫ

Павлодар қаласының орталықтағы почта ғимараты – көз тартарлық ғимараттардың бірі. Академик Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан. Бұл ғимарат 1970 жылы тұрғызылған. Архитекторы – Ю.ВКонстантинович.

№9.4 ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-і

Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясы – еліміздегі ірі блок типтес жылу конденсациялық электр станцияларының бірі. Ол – Екібастұз отын-энергетикалық комплексі құрамына кіреді. Жобалық қуаты 4 мың квт. Құрылысы 1974 жылы басталып, 1980 жылы алғашқы блогы пайдалануға берілген. Әрқайсының қуаты 500 мвт болатын 6 блок іске қосылды. ГРЭС-тің барлық технологиялық процестері автоматтандырылған.

№9.5 “БОГАТЫРЬ” РАЗРЕЗІ

“Богатырь” - дүние жүзіндегі аса ірі қуатты көмір разрезі болып табылады. Көмірдің неғұрлым мол қоры (1 шар.шақ. есептегенде) Екібастұз бассейнінде шоғырланған. Көмірді ашық әдіспен қазып алу мүмкіндігін, көмір өндірудің өзіндік құнының төмендігін бассейіннің тиімді географиялық жағдайы жасайды. Барланған қордың және ашық әдіспен алынатын көмірдің көлемі бойынша Екібастұз бассейні еліміздің көмір бассейндерінің ішінде алғашқы орындардың бірін алады.

“Богатырь” разрезі реконструкцияланып, қайта жарақтандырылды. Ол одан әрі дамытылып, жобалық қуатына сай жылына 50 млн тонна көмір өндірілді және осы саладағы ең жоғары еңбек өнімділігіне жеткізілді.