Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№16 Атырау облысы

Құрылған мерзімі – 1938 жыл.

Жер аумағы – 118,6 мың шар. шақ.

Халқының саны – 450,6 мың адам.

Атырау облысының құрамында 1 қала, 7 аудан, 15 кент бар.

Орталығы – Атырау қаласы.

Атырау облысы – Қазақстан Республикасының батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Атырау облысы 1925 жылға дейін Орал облысының, 1925-29 жылдары Бөкей губерниясының құрамында болып келді. 1938 жылы 15 қаңтарында Гурьев облысы болып құрылды.

Атырау облысы Еуропаның қиыр шығысы мен Азияның қиыр батысының түйіскен тұсында орналасқан. Батысында Ресей Федерациясының Астрахан облысымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан, шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Маңғыстау облыстарымен шектеседі. Облыс аумағы теңіз деңгейінен төмен жатқан Каспий ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстүрттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері негізінен жазық болып келеді. Облыс аумағының батысын Нарынқұм жалдары, оңтүстігін Ботпайсағыр, Қосдәулет, Бозанай, Меңтеке құмдары, солтүстік-шығыс бөлігін Тайсойған, Бүйрек, шығысын Қарақұм алқаптары, солтүстігін Индер тауы қамтиды. Облыс жерінің шығысы Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген, әрі теңіз деңгейінен едәуір жоғары орналасқан.

№16.1 Облыс әкімшілігі мен сұлтан бейбарыс ескерткіші

Мекеме 1979 жылы салынды. Жобаны Алматы Қазгорстройпроект институты жасады. Алаң 2000 жылы қайта өңдеуден өтті. Жобаның авторы – Ш.Юсупов. Мүсінші – К.Хакимов. Жалпы ауданы – 8120 шаршы шақырымды құрайды.

Сұлтан Бейбарыс ескерткіші 2000 жылы салынған. Сәулетшілер – Ш.Юсупов, мүсіншісі – Қ.Хакимов. Сұлтан Бейбарыс (1225-1277) – мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болған белгілі қолбасшы. Бейбарыс ескерткіші облыс әкімшілігінің алдына орнатылған. Композиция үш бөлімнен тұрады: Жер, Мысыр елі және аңыз адамның символы. Ескерткіш граниттен жасалған. Биіктігі – 7,2 метр, салмағы – 120 тонна.

16.2 «ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ

1979 жылы Қазақстанның Атырау облысында ашылған Тенгиз кен көзі әлемдегі ірі кеніштердің бірі және соңғы 30 жыл ішінде табылған ең үлкен кен көзі болып саналады. 1993 жылдың сәуір айында Тенгизшевройл бірлескен кәсіпорнын Қазақстан Үкіметі және «Шеврон Оверсиз» компаниясы арасында серіктестік ретінде құрылды. Қазір ТШО-ның серіктестері болып КазМұнайГаз, Шеврон Тексако, Эксон Мобил, ЛУКАРКО компаниялары саналады. Бүгін, біз, ТШО-ның еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші екендігін анық айта аламыз. 2006 жылы 20 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Өндірісті кенейту және жаңа мұнай скважиналарын іске қосу туралы шешім қабылданды.

№16.3 ХАН-ОРДАЛЫ САРАЙШЫҚ

Сарайшық мұражай-қорығы 1999 жылы ашылды. Мұражай-қорығы ғимаратының авторы – И.Н.Тасмағанбетов, құрылысшысы – С.Назарбеков. Облыс орталығы Атырау қаласынан 50 шақырым жерде, Сарайшық ауылының жанынан тұрғызылған. Кешен құрамына: мешіт, хандар пантионы, мұражай ғимараты кіреді. Мұражай залында Сарайшық қаласынан табылған қазба олжалар үлгісі, халық қолөнері туындылары қойылған. XIII ғасырда Алтын Орданың астанасы болған Сарай қаласының орнына тұрғызылған.

№16.4 Көпір «европа-азия»

Жайық өзені арқылы салынған автожол көпірі 1915 жылы пайдалануға берілген. Көпірдің ұзындығы – 260,4 метр, ені – 60 метр, биіктігі – 9,5 метр. 1999 жылы көпірге қайта жөндеу жүргізілді. Көпір екі құрлықты – Еуропа мен Азияны жалғайды.

16.5 ҚҰРМАНҒАЗЫ КЕСЕНЕСІ

Ұлы күйші, домбырашы, композитор Құрманғазының кесенесі тұрғызылды. Кесененің авторы – Мақсат Нұрқабаев. 1997 жылы қайта өңдеуден өтті. 2005 жылы 14 қазанда Құрманғазы атындағы Халықаралық мәдени орталығының ашылуы болды. Ол Астрахань облысындағы Алтынжар ауылында орналасқан. Бізге жеткен шығармаларының жалпы саны – 75, бірақ деректер бойынша олардың ұзын саны – 200. Оның шығармалары қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады.