Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№14.14 Қарқаралы тауы

Сарыарқа өңіріндегі атақты Қарқара тауын көптеген ақындар әнге қосып жырлаған. “Атыңнан айналайын, Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады...” – деп атақты Мәди де бір кезде жырлаған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа дейінгі ұзындығы 35 шақырым, жеке күмбез секілді таулардан тұрады. Тауда Үлкенкөл, Шайтанкөл, Кішікөл деген көлдер бар. Кейде сеңгірлі, кейде қыратты, кейде шоқылы болып келетін Қарқаралы таулары - Қазақстанның ең көрікті өңірлерінің бірі. Таулы аймақтың солтүстігі – Шанкөз, батысы – Көктөбе, солтүстік-шығысы осы таулардың ортақ атына айналған – Қарқаралы, оңтүстік-шығысы – Мырзашоқы, оңтүстігі – Жиренсақал деп аталады.

Қарқаралы таулары кейінгі тас көмір граниттарынан, тұнба шөгінділерінен түзілген. Оның шыңдары табиғи мүжілу салдарынан ғажайып пішінде болып келеді. Тау бөктерінде қарағай, қайын, көктерек, арша, тал, қараған, тобылғы, итмұрын, таңқурай, қарақат т.б. өседі.

14.15 ҰЛЫТАУ ТАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ ЕСКЕРТКІШІ

Ұлытау – қазақ халқының әулие тауы. Оның қойнауында ата-бабамыз нәр алып, ақын-жырауларымыз бой түзеген. Ұлытауға арналған елімізде өлең-жырлар, әндер жетерлік. Қорық орналасқан жерде 700 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. 2006 жылы 29 қарашада халықтар бірлігі монументі ашылды. Архитекторы – Т.Төреқұлов.

14.16 БАЛҚАШ КӨЛІ

Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысында жатқан көл. Ол – Балқаш Алакөл ойысының терең шараларының бірінде орын тепкен. Теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте жатыр. Ауданы – 18200 шаршы шақырым. Ұзындығы - 614 шақырым, ең енді жері - 74 шақырым, орташа тереңдегі – 6 м, ең терең жері – 27 м. Балқаш көлі туралы алғашқы деректер саяхатшылар В.Рубрук пен И.Карпинидің еңбегінде жазылды. 1850-1860 жылдары Балқаш ойысы мен Іле алыбын қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов зерттеді. Ол – Балқаш алыбында тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына ғылыми сипаттама жасады, бұларды биік таулық белдеулерге бөлді, Балқаш пен Алакөл шараларының пайда болуы мен қалыптасу тарихының өте ұқсастығын алғаш рет дәлелдеді. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас, Тоқырау және Мойынты өзендері құяды.

14.17 НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ

1958 жылы Қарағанды қаласында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровке ескерткіш орнатылды. Мүсінші – А.П.Билык пен Ю.Гуммель. Батырға Кеңес Одағының батыр атағы 1943 жылы 31 наурызда өлгеннен кейін берілді. Ленин орденімен марапатталды. Батырға көшенің аты берілді. Алматыда ұшқышқа арнап ескерткіш тұрғызылды. Аты жазылған мемориалдық тақта Волгоград қаласындағы Мамай қорғанында орнатылды.

Батыр өзінің Ил-2 ұшығымен жаудың бірнеше танктері мен жиырмаға жуық қарулы машиналарын жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Нүркен Әбдіров 2 зенит артиллериясын, 6 танкті жойды. Ұшағы қарудың астына қалып, ерлікпен қаза тапты.

14.18 Бұхар-жырау кесенесі

Бұхар Жырау Қалқаманұлы – қазақтың суырып салма ақыны, жырауы. Абылай ханның ақылшысы. Халық арасына кең тараған, үгіт-насихат толғаулардың авторы. Ол – қазақ халқының рухани өмірінде елеулі роль атқарады. Қазіргі Ульянова а.ш.. бірлестігінің жеріндегі Далба тауының етегіне жерленген. Мола мемлекеттік қорғауға алынған. 1989 жылы кесенені орнатуға шешім қабылдады.

14.19 ҚАРАҒАНДЫ ЦИРКІ

Қарағанды циркі – мәдени-сағыналық мекеме. Алғашқы ойыны 1983 жылы қойылды. Ғимараттың ортасында амфитеатрмен қоршалған манеж орнатылған. 1640 орынды көрерменге арналған жоба. Барлық алаңы – 5256,7 ш.м. Авторы – А.Байков, С.Мордвинцев. Конструкторшылар – А.Кузьмин, В.В.Ларенгель.

14.20 ҰЛЫТАУ

Ұлытау – Сарыарқаның Оңтүстігі мен Жезқазған, Торғай облыстары жерінде орналасқан. Ұлытау өңірінде шоқылы, қыратты бірнеше аласа тау жүйесі бар. Жалпы орташа биіктігі – 400-600 метр, көтеріңкі орта бөлігінің биіктігі – 800-1000 метр. Солтүстігін Жақсыарғанаты, орталық бөлігін Ұлытау мен Едіге таулары, оңтүстігін Кішітау жотасы алып жатыр. Оңтүстіктен солтүстік бағыттағы ұзындағы – 230-240 шақырым. Ұлытау өңірі көбіне бозғылт қызыл-қоңыр топырақты, шөлді далалы болып келеді. Тау басында, бөктерінде қайың, арша, қара ағаш, изен, қарақат, шалғын, боз, бидайық, сораң т.б. шөптер өседі. Ұлытау қазақ халқының ұлттық қалыптасуында тарихи маңызы бар өлкелердің бірі.

Ұлытау – қазақ жерінің нақ орталығындағы географиялық «кіндігі» іспетті тарихи тау.

15 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Территориясы – 151,3 мың км2

Халқы – 610,8 мың адам

Орталығы — Орал қаласы.

Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі. Облыс 1932 жылы 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Әкімшілік жағынан облыстағы 539 елді-мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 4 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км2-ге 9-12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 41%-ке жуығын құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев.

15.1 ҚҰТҚАРУШЫ ХРИСТОС ҒИБАДАТХАНАСЫ

Құтқарушы Христос ғибадатханасы ХІХ ғасырда салынды. Ғибадатхананың алғашқы кірпіші 1891 жылы қаланды. 1907 жылы құрылыс жұмыстары аяқталды, архитекторы – В.Н.Чагин. Ғибадатхана ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы жаңа мәскеулік архитектура үлгісінде жасалынған. 1983 жылы қайта өңдеуден өтті. 1982 жылдан бастап мемлекеттік қорғауға алынды. Ғибадатхана Жайық казактарының Ресей әскерімен бірге әскери жорыққа қатысқандарына 300 жыл (1591-1891) толуына орай тұрғызылған. Ол өзінің құрылыс композициясымен ерекшеленеді. Ғибадатхананың көп қырлы қабырғасы шатырмен ұласып, ұшар басы алтындалынған күмбезбен көмкеріліп, креспен аяқталады. Қабырғалары сұрғылт керамикалық плиткалармен қапталған.

.15.2 ОРАЛ КАЗАК ӘСКЕРІ АТАМАНДАРЫНЫҢ ҮЙІ

Орал казак әскерінің атамандарына арналған үй 1820 жылы салынған. Архитекторы – италиандық Дельмендино. Алғашқыда, бұл үй атаман Д.М.Бородин иелігінде болған. Екі қабатты ғимарат кірпіштен қаланған. XIX ғасырда бұл үйге орыстың атақты жазушылары тоқтаған:

А.С.Пушкин (1833 ж.) 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысы бойынша деректер жинаған;

В.А.Жуковский (1837 ж.) казактардың әскери қызметі және Жайық өзенінде балық аулау жөнінде қызықты күнделік жазбаларын жүргізген;

В.И.Даль (XIX ғ. 30-шы жылдары) түсіндірме сөздіктің авторы, ол қызмет бабымен Оралды жиі болған;

Л.Н.Толстой (1862 ж.) казактардың өмірімен, тұрмысымен танысқан.

15.3 ОРЫС-ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ

Ғимарат 1879 жылы орыс-қырғыз (қазақ) мектебі үшін арнайы тұрғызылды. Мектепте сауаттылыққа үйретумен қатар, слесарлық, ұсталық және ағаш шеберлігі кәсіптеріне оқытқан.

Мектеп екі жылдық болған. 1919 жылы бұл ғимаратқа облыстық әскери комиссариаты орналасқан. Ғимарат 20-30 жылдары Оралдық техникалық мамандырылған мектепке берілген. Кейін №75 кәсіптік-техникалық училищеге берілді. 1963 жылы ғимарат Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына берілді. Содан 1973 жылы 12 сәуірде Орал облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды. Ғимарат екі қабатты, кірпіштен қаланған. Шатыры күмбезделіп біткен.

15.4. “ЕУРОПА-АЗИЯ” СТЕЛЛАСЫ

“Еуропа-Азия” монументі Орал өзенінің оң жақ жағалауына орналасқан. Ол – Еуропа және Азия құрлығын екі бөлікке бөліп тұрған шекара тәріздес. 1984 жылы орнатылған. Архитектурасының авторлары – Ю.Г.Хакало, А.И.Кононов, П.А.Голубев.

Монумент – тік бағытты тұрған үш элементті сынтасты білдіреді, ақ мрамормен қапталған. Монументтің ұшар басы “Еуропа-Азия” деген жазуы бар көгілдір шарды білдіретін композициясымен аяқталған. Сынтастың биіктігі – 15,4 метр, ені – 3,76 метр.

15.5 МЕШІТ

Мешіт ғимараты 1897 жылы Мұртаза Абдуллиннің қаражатына салынған. Биіктігі –12 метр. 1929 жылға дейін өзінің алғашқы бағыты бойынша қызмет атқарды. 1930 жылдан бастап мемлекеттік байланыс қызметі мекемесіне берілген.

Бір қабатты ғимарат кірпіштен қаланған. Құрылыс барысында дәстүрлі тік бұрышты жоба қолданылған. Ғимарат сырты кірпішпен безендірілген. Ғимарат көлемі – 24х12х7 метр. Авторы белгісіз.

15.6 ЖӘҢГІР-ХАН КЕСЕНЕСІ

1801 жылы қазіргі Орда ауданының территориясындағы Нарын құмында Бөкей Ордасы құрылғандығы белгілі. 1826 жылы Жәңгір хан Орда қаласының негізін қалады. Қазақстан тарихында Жәңгір ханға ерекше орын беріледі. Бөкей ұлы Жәңгір хан (1801-1845 жж.) Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады, кейін орыстардың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай, 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ, ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Жәңгірге бұйырады. Еуропалық білім алып орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас Жәңгір 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алады. Патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы ханның бірі болады.

Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып, балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мектептен білім алған алғашқылардың бірі, белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі – Мұхаммед Салық Бабажанов. Ол:“...ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндермек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, онда 60 адам Мұххамед діні, орыс жазуы және тілі жөнінде дәріс алды”,- деп жазады. Жәңгір хан Казан университеті ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып сайланған. Кесенесі 1997 жылы тұрғызылды. Кесене авторы – Көпбол Демесінов.

15.7 ДӘУЛЕТКЕРЕЙ МАЗАРЫ

Мазардың авторы – К.Демісінов. Шығайұлы Дәулеткерей (1814-1887 жж.) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы, төре күйлерінің негізін қалыптастырушысы. Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата қонысынан топырақ бұйырған. Ата-бабасы Орыс ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген. Бөкей хан өлген соң Дәулеткерейдің әкесі Шығай сегіз жылдай Бөкей ордасына хандық билігін жүргізген. Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Сондықтан да болар, Дәулеткерейді академик А.Жұбанов “төре күйлерінің атасы” деген.

15.8 КӨПЕС ВАНЮШИН ҮЙІ

Көпес Ванюшин үйі үш қабатты ғимарат. Ғимарат XIX ғасырдың екінші жартысында салынған. Ғимараттың шығыс қасбеті және солтүстік жағы көркемделіп қаланған, ол сол кездегі уақыт белгісін білдіреді. Қаладағы осы ғимарат шығыс архитектурасының ұлттық үлгісінде салынған бірден-бір үй болып табылады.

1917 жылға дейін мұнда облыстың алғашқы басқару бөлімдері жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл ғимаратқа Одесса жаяу әскер училищесі орналасты. Кейін ауылшаруашылық техникумына берілді. 1984 жылдың қазанынан бастап Пионерлер Сарайы болды. 1998 жылдан Пионерлер Сарайының ғимараты №38 қазақ мектебіне берілді.

15.9 ЖЕҢІС МОНУМЕНТІ

Жетпісінші жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мемориалды кешен құрылысы жөнінде шешім қабылдаған еді. Кешен 1919 жылы Орал қаласын ақгвардияшылардан және Ұлы Отан соғысы кезінде социалистік Отанды фашистік басқыншылардан қорғаушылардың өшпес ерлектерін мәңгі есте қалдыру үшін тұрғызылған болатын. Жарияланған байқау бойынша кешеннің жобалары 1971 жылдың 12 наурызында қаралды. Алқа қазылары “Қанжар мен Ту” атты жобаны жоғары бағалап, қабылдады. Сәулетшілері – Р.В.Сейдаллин, Ж.К.Баймолдаев, Ә.Ж.Әбілов, мүсіншісі – Х.И.Наурызбаев. 1979 жылы кешен құрылысы кең қанатын жая түсті. Оған қаладағы көптеген құрылыс ұйымдары ат салысты. 1980 жылы 9 мамырда ашылу салтанаты өтті. Мамаев қорғанынан әкелінген Мәңгілік алауды Кеңес Одағының Батыры И.И.Коняхин мен Орал қаласын қорғауға қатысқан А.Исмағамбетов жақты. Кешеннің қабырғасына туысқан қабірлерден алынған топырақ сауыттары қойылды.

15.10 ОБЛЫС ӘКІМШІЛІГІ

Ғимарат 1896 жылы салынып, Абай алаңында орналасқан. Архитекторы – А.Бунькин. Революцияға дейін ғимарат коммерциялық банктің меншігі болды, сонымен қатар, дүкен ретінде пайдаланылған. Қазан социалистік революциясынан кейін мұнда жұмысшылар, солдаттар, шаруалар депутаттарының бірінші Кеңесі орналасып, қызмет атқарған. 1919-1921 жылдары Орал облысының революциялық комитеті, 20-шы жылдары комсомолдың Орал губерниялық комитеті және жастар Сарайы орналасқан. 1924 жылдан бастап – Орал губерниясының соты болды. Қазіргі кезде ғимаратта Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі орналасқан. Үш қабатты ғимарат “ампир” стилінде салынған.

15.11 ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ҒИМАРАТЫ

Ғимарат ХХ ғасырдың басында салынған (шамамен 1905 ж.). Кеңес үкіметі кезінде ғимаратта КСРО Мемлекеттік Банкінің (Бөкей губерниясының) губерниялық, кейін уездік және аудандық бөлімдері орналасқан. 1960 жылдың бірінші жартысында ғимаратқа аудандық тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан.

15.12 ОРАЛ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖАҢА КӨПІР

Азия және Еуропаның автокөлік жолдарын қосқан Орал өзеңі арқылы өтетін жаңа көпір 2002 жылы эксплуатацияға еңгізілді. Көпір ұзындығы – 1450 метр және 49 метрлік екі негізгі бөлімнен тұрады. Көпірдің Батыс Қазақстан және бүкіл Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық байланыстарының дамуында маңызы зор.

15.13 ОРДАЛЫҚ МЕШІТ

Мешіт еуропалық сәулет өнері стилі бойынша 1888 жылы жеке қаражатпен салынған. Ғимараттың алдыңғы жағында 6 колоннадан тұратын терасса бар, ал орталық колонналардың ортасында кіретін есік орналасқан. 1835 жылы Жәңгір хан тұсында салынған ескінің мешіттің орнына салынды.

1896 жылы Бөкей хандығындағы мешіттердің жалпы саны 78-ге жетті. А.Евреинов мәліметтері бойынша Ордада 15 молда болған. Жәңгір хан тұсында барлық молдалар бағынатын ахун болған, бірақ олардың қызметтерін рухани билік жүйесін құру арқылы ханның өзі бағыттап отырған.

Жәңгір ханның қол ұшымен атақты шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Карл Гегелдің мәліметтері бойынша (1834): “... Мекке алыс болғандықтан, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің бейітіне бас июге барады», - десе, А.Харузинның мәліметтері бойынша (1889) “... жыл сайын 100-ге жуық адам Меккеге баруға сұранады ... ал қырғыздың (қазақ) Меккеге жолы 500 сом болады», - деген.

1920 жылы мешіт жабылып, мектеп ғимараты ретінде пайдаланылған болатын, ал Ұлы Отан соғысы жылдарында жатақханаға айналды. 1969 жылы мешіт ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу кезінде белгісіз жағдайларға байланысты жанып кетті. 2000-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың белсенділігімен Орданың ең әсем ғимараты – «Хан мешіті» қайта көтерілді.

15.14 САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ

Бабажанов Мұхамет-Салық – қазақ этнографы, Батыс Қазақстан өңірін алғаш зерттеушілердің бірі. Бөкей Ордасында дүниеге келген. Оның еңбектері Бөкей ордасының аңшылық кәсіпшілігіне, жылқы шаруашылығына, қымыздың емдік қасиеттеріне, этнографиясына, археологиясына арналған. Бабажанов Мұхамет-Салық – орыс географиялық қоғамының этнографиялық бөлімшесінің мүшесі болып сайланған. Этнографиялық зерттеулері үшін күміс медальмен марапатталған Қазақстанның алғашқы ғалымдарының бірі. 2001 жылы бұл ескерткіш-кесенесі тарихшы-этнограф Бабажановқа арналып орнатылды. Кесененің авторы – Көпбол Демесінов.

15.15 ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АСТАНА» САУДА ҮЙІ

Орал қаласындағы жаңа сәулетке сай ғимарат – «Астана сауда үйі». Бұл атау Қазақстанның астанасының құрметіне берілді. Құрылысты жүргізген «Альтаир» ЖШС-гі.

15.16 МӘНШҮК МӘМЕТОВА ЕСКЕРТКІШІ

Батыстың Батыр қызы, ержүрек ару Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орда ауданында дүниеге келген. Өмір жолын Алматы қаласындағы медициналық институтан бастаған. Ұлы Отан соғысы кезінде 1943 жылы ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңес Президиумының жарлығы бойынша Мәншүк Мәметова Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

15.17 ХАН ОРДАСЫ

Хан Ордасы 1827 жылы көктемде Жәңгір ханның резиденциясынан кейін тұрғызылды. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.

15.18 ҚАЗАҚ ОБЛЫСТЫҚ МУЗЫКА-ДРАМАЛЫҚ ТЕАТРЫ

Театр 1935 жылы ашылды. Театр маусымының ашылуында М.Әуезовтың “Айман-Шолпан” комедиясы қойылды. 1936-1937 жылдары театрды Қазақстанның халық әртісі, белгілі режиссер, драматург, актер Ж.Т.Шанин басқарды. Ұлы Отан соғысының бірінші күндерінен-ақ театр коллективі облыс аудандарына концерттермен, спектакльдердің бөлек үзінділерімен шыға бастады. Театр репертуары 13 пьесадан тұрды. Олардың арасында: “Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлу”, “Қыз Жібек”, “Отан үшін”, “Исатай және Махамбет”, “Екі қожайындардың малайы”, “Ер Тарғын” және т.б. 1945 жылы театр Батыс Қазақстан облысының жұмысшылар депутаттары Кеңесінің грамотасымен марапатталды. 1949 жылы театр өзінің қызметін тоқтатты. Қазақ драма театры өз қызметін 1991 жылы қайта бастады. Бас режиссерлері – Ж.Есенбеков, С.Қажымұратов болды (1997-2001), ал қазіргі кезде - М.Ахманов. 2002-2003 жылдары жаңа шығармашылық маусымын қазақ драма театрының ұжымы жаңа ғимаратта бастады. Ол – ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасында салынған алғашқы арнайы театралдық кешен болды.

№15.19 СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

2003 жылы 3-ші маусымда Орал қаласының орталық алаңында Сырым Датұлына ескерткіш қойылды. Ол патшалық биліктің қазақ жеріне енуіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болды. Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды. XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді. Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре султан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.