Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№17 Маңғыстау облысы

Құрылған мерзімі – 1973 жыл.

Жер аумағы – 165,6 мың шар.шақ.

Халқының саны – 334,2 мың.

Орталығы – Ақтау қаласы.

Облыс аумағында 4 аудан, 3 қала, 48 ауыл бар.

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан. Экономикалық қатынас, жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда бұл аймақтың орналасу реті өте тиімді. Өйткені, облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстанмен, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен, солтүстік пен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп жатыр. Ақтау порты Қазақстан мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүние жүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда.

Маңғыстау облысы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы қытымыр, тым ұзақ емес. Бірақ көктемі созылмалы, нағыз континенталды шөл далаға жатады. Осы жерде қаракөл қойы, қазақтың түсайыр түйесі, қысы-жазы жайылыммен өсіп-өнген Адай жылқысы көптеп өсіріледі.

Каспий мен Арал, Жем мен Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала. Бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға тән қандай да көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырған ұлан-ғайыр кеңістік – Маңғыстау жері болып табылады.

17.1. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ИТБАЛЫҚ АРАЛЫ

Каспий – құрлықтары теңіз, ірі көл болып табылады. Азия мен Еуропа шекарасында жатыр. Көлемі – 368 мың шаршы шақырым. Оған Еділ, Жайық, Терек, Құра, Сұлақ және басқа да өзендер құяды. Тарихи жазба ескерткіштерінде (біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларда) теңіз «Гиркан» деп аталған, ал VIII-IX ғасырларда оғыздар оны «Хазар» теңізі деп атады. Орыстың белгілі ғалымы П.В.Жило Каспий теңізінің 70 атауын тапса, өзбек ғалымы Х.Хасанов оған қоса тағы да оншақтысын тапқан. Мысалға: Хвалин, Гуз, Корасан, Табаристан, Алан, Қыпшақ, Сарай т.б. Әлі күнге дейін Каспий теңізінің неліктен бұндай көп атауы болғаны белгісіз.

№17.2 Шопан –ата жерасты мешіті

Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының бойына орналасқан ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Оның доғадай иіліп келген тау жынысының солтүстік-батыс жағынан тұрғызылған мешіттері бар. Бұл X-XIII ғасырдағы озық үлгідегі ғимараттар тобына жатады.

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме орналасқан, оның едені биік болып келеді. Сол жақ қабырға астынан қабірхана көмілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар, кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді.