Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
1.74 Mб
Скачать

§ 14.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы

Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері

Ұлы Жібек жолының мәдениетке тигізген әсері

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым –қатынасты дамытудағы тарихи маңызы

●Тарихи жолдың атауы жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанды

«Ұлы» сөзінің қосылу себебі жолдың Шығыс пен Батыс өлкелерін байланыстыруынан.

VІ ғ. жібек бүкіл Еуразияға әйгілі болды

●Жібек жолының басы Қытайдағы Хуанхэ өзені аңғарындағы аймақтан басталды

●Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп,Іле арқылы Ыстықкөлге жетеді және осы арада батысқа және солтүстік –батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға бөлінді

Оңтүстік бағыт – Ферғана,Самарқан,Иран, Ирак,Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан.

Солтүстік бағыт –Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген:

1/ Орта Азияға қарай

2/ Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып,Қара теңіздің солтүстік –шығысын айналып, Еуропаға өткен

●Алғаш рет жібек артқан керуендер Қытайдан Батысқа қарай жолға шыққан б.з.б. І ғ. ортасында

●түрлі көкіністер сатылды, мысалы,қытай немесе болгар бұрыштары.

●Жібек өндіру тәсілін Қытай өте құпия ұстады

●Кейін жібек өндіруде Қытаймен басты бәсекеге түскен ел –соғдылар болды

Жапонияда соғды тілінде жазылған жібек қолжазба сақтаулы тұр.

●Жібек өндіру Жапонияда, Кавквз жерінде дами бастайды

●Сауда кезінде Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер мәдени жағынан да байланысқа түсті

Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды

Қытай фарфорлары Талғар, Испиджаб,Отырар қалаларынан табылды

●Музыка саласында да ерекше байланыстар болды

●Жібек жолы халықтар арасында сауданың дамуына зор үлес қосты

●Шығыс пен Батыс елдері арасындағы халықаралық қарым –қатынастың дамуына үлкен пайдасын тигізді

●Жібек жолының халықаралық қарым –қатынаста жандана бастаған кезі б.з.б. ІІ ғ. ортасы

●Қытай императоры У –Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілігі 13 жылдан кейін оралған.

●Алғашқы кезде жібек елшіліктер арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген.

§ 15. Ұлы Жібек жолының тармақтары. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемі

Жетісу тармағы

Оңтүстік Қазақстан тармағы

Ұлы Жібек жолының маңызы

●Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы – Жетісу болды

●Қазақ жері Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан 9жолдың болды

●Тас және темір жолдар бұрынғы керуен жолдарының ізімен тартылған

Шығысқа шығатын жолдың бірнеше бағыттары болды:

1/Оңтүстік –батыс Жетісу бағыты –Тараз арқылы Алматыға жетіп,Шелек,Сүмбе, Жаркентарқылы шығысқа қарай

2/ Солтүстік –шығыс бағыт –Алматы,Қапшағайдан өтіп,Шеңгелді, алтынемел,Дүнгене,Қойлықтан басып өтіп,Алакөл жанымен Жоңғар қақпасы арқылы шығысқа өтеді

3/ Тараздан шығып,Сарқан жері арқылы солтүстік –шығыс Қазақстанға бет алды және осы бағытпен атақты елші,саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барған.

●Жолдың бірнеше бағытта өтуі Жетісу тұрғындары үшін маңызы зор болды.Айырбас сауда жасаған.

●Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі – Оңтүстік Қазақстан болды

●Жібек жолы бойындағы сауданың басты орталықтарына айналған екі қала болды – Тараз және Испиджаб (Сайрам)

Отырар –керуен жолдары торабында орналасты

Отырардан шыққан бір жол –Шауғарға,екіншісі –Сырдария арқылы Васидж қаласына барған

●Сауда жолы Испиджабқа келгеннен кейін басты екі тармаққа бөлінеді:

1/ Оңтүстік –батыс бағыт –Испиджабтан Шаш қаласына келіп,Орта Азиядағы Самарқан,Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады

2/ Испиджабтан шығып,Шымкент,Түркістан,

Отырар,Сауран,Сығанақ қалаларын басып өткен.

●Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың түрік тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына,тұрақты мекен –жайлар салып, қоныстануына үлкен пайдасын тигізді

●Сауда кезінде қарым-қатынас орнады

●Монғол шапқыншылығына байланысты сауда қарқыны бәсеңдеп,кей қалалар бос қалды

●ХVІІ ғ. бастап теңіз жолдарының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады

●Тараз,Сайрам,Талғар,Отырар,Йасы қалалары көркейе түсті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]