Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
1.74 Mб
Скачать

§ 22, 23, 24

Бағыттар

Алтын Орда

Ақ Орда

Моғолстан

Уақыты

ХІІІ ғ.ортасы –ХV ғ.ортасы

ХІІІ –ХV ғ. басы

ХІVғ.ортасы-ХVІ ғ. басы

Территориясы

Алтай тауынан Дунайға дейін

Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін,Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығы

Оңтүстік –шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы

Астанасы

1.Сарай- Бату 2.Сарай –Берке (Еділ бойы)

Сығанақ

Алмалық

Билеуші титулы

Хан

Хан

Хан

Құрылу тарихы

●Жошы ұлысы орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі

1227 ж.Жошы қайтыс болып, орнына билікке баласы –Батый келеді

●Орыс деректерінде Алтын Орда атауы 16 ғ. аяғында пайда болған

● «Шыңғыснама» шежіресінде Шыңғысхан Жошыдан туған үш немересіне- Батый, Ежен, Шайбанға алтын босағалы «Ақ Орда», күміс босағалы «Көк Орда», болат босағалы «Боз Орда» тіккен дейді

●Алтын Орданы құрушы -Батый

●Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет

●Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген мемлекет

●Ақ Орда аумағы Жошының екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандар иелігін қамтыды

Этникалық негізі бірыңғай болды

●Қазақ халқының қалыптасып,мемлекетінің құрылуында Ақ Орда зор тарихи роль атқарды

●Жергілікті түрік тілдес ру –тайпалардан құрылған патриархалдық –феодалдық мемлекет болды

●ХІV ғ. ортасында Шағатай ұлысы ыдырады

●Ыдыраған Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылды

●Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет атқарған дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған

●1348ж. Поладшы 16 жасар Тоғылық –Темірді Моғолстан ханы етіп сайлайды

●М.Хайдардың жазуы бойынша адал қызметі үшін Шағатай Поладшыға Маңлай –Сүбе жерін берген.Маңлай –Сүбе жері Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі жерді алып жатты

● «Тарих –и Рашиди» еңбегінде: «Моғолстан аумағы ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айлық жол» деп жазған.

Басқарған

хандары

Батый - 1227-1255ж.

Берке - 1256-1266ж

Меңгу –Темір – 1266-1280ж

Тохты хан – 1290- 1312ж

Өзбек хан1312-1342ж

Жәнібек хан1342-1357ж

Мамай

Тоқтамыс

Орда Ежен –алғашқы ханы,Жошының баласы

Ерзен-

Мүбәрак

Ұрұс хан-Ақ Орда Алтын Ордадан бөлінеді

Барақ -1423-1428, Сыр бойы қалаларын қайтаруға ұмтылады,Ұрұстың немересі

Тоқтамыс

Қойыршақ –Ұрұстың баласы,1395,Әмір Темір сайлаған.

Тоғылық –Темір -1348ж ,алғашқы ханы

Ілияс –Қожа-Тоғылық –Темірдің баласы

Қызыр Қожа –өзінің Темірге тәуелділігін мойындайды

Мұхаммед хан –Темір ықпалынан құтылады ( 1408-1416ж)

Уәйіс –Қызыр –Қожаның немересі,1428ж. қайтыс болады

Есен бұға –Уәйістің баласы, 1433-1462ж.

Жүніс –Уәйістің баласы

Абд ар –Рашид –Моғолстан ыдырай бастайды

Қоғамдық құрылысы

●Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толық сақталды

●Ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу түрік жазуымен, орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүрді

●Іс –қағаздарын жүргізушілер «білікшілер»,яғни хатшылар деп атаған

●Азаматтық істерді уәзір жүргізді

● «Мәлік» -ахаматтық басқару билігі түрік әулеттерінен шыққан жергілікті әкімдер

Беклербек –әскери істі жүргізуші

Даруға –салық жинаушы

Басқақ –әскери іспен қатар салық жинаушы

●Билік иелерінің алдыңғы қатарында –Шыңғыс ұрпақтары тұрды

●Мемлекет басында ұлы хан тұрды

● «Қараша» -қарапайым халық

●Түрік тайпаларының басшысы –«әмір» деп аталды

Бек –әскери қызметкерлер (ұлысбек, түменбек, мыңбегі)

● «Ноян» -бай -шонжарлар

●Ханның кеңесшісі -уәзір

●Хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны –құрылтай болды, жылына бір рет,жазда шақырылды

● Мемлекет басында –хан тұрды

Атабек –хан баласының тәрбиешісі

Көкілташ –мұрагердің тел бауыры

Наиб –жас сайланған хандардың кеңесшісі

Жасауыл –жиын-той, мерекелерде,тәртіп, салт-дәстүрді қадағалаушы

Ішік аға –сарай қызметі басшысы

Инақтар –хан кеңесшілері

Миршикар –ханның аңшылық ісін басқарушы

Даруға –қаладағы басқа саладағы жұмысты атқарушы жәнеалым-салық жинаушы

Ұлысбек –ханның ең жақын көмекшісі

Саяси жағдайы

Алтын Орда

Ақ Орда

Моғолстан

Саяси жағдайы

Алтын Орда

Ақ Орда

Моғолстан

●Мұсылман деректерінде Батыйды әділ хан деп жазады,ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап отырған,мешіт салдырған

Парсы Жувейни: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерден келеді, ол тауарлардың барлығын алғызып, бағасын артығымен төлеп отырған»деп ажазады

1235ж.бүкілмонғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасау шешімі қабылданады

●Батысқа жорық жасау басшылығы Батыйға тапсырылады,жорық 7 жылға ( 1236-1242ж) созылады.Осы жорықтан кейін Солтүстік Кавказ,Қырым борйы, Орыс княздіктері,Шығыс Еуропа тәуелділіктерін мойындап, Алтын Ордаға салық төлеген.

●Алтын Орда саяси және экономика-

лық жағынан жақсы дамыды- Берке мен Өзбек хандар кезінде

1262ж.Мәмлүк мемлекетінің 4-ші сұлтаны Бейбарыс Берке ханға достық орнату мақсатында елші жібереді

●Берке мұсылман дінін қабылдаған

1266ж.Берке Кавказ жеріне жорықта қайтыс болады

●Беркенің орнына Меңгу –Темір келеді және 1271ж.Египетпен байланыс жасауға кедергі келтіріп отырған Византияға қарсы жорыққа шығады,Византия соғыстан бас тартып, өзара келісімге келеді,бұл келісім Жерорта теңізі бойындағы елдермен қалалармен сауданы дамытты

Берке хан кезінде Алтын Орда Монғол империясынан бөлінеді

●Алтын Орданың мемлекеттік беделінің өсуіне зор үлес қосқан Тохты хан (1290-1312ж) болды, Иран,Кавказ, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған

●Алтын Орданың гүлденген кезі –Өзбек (1312-1342ж) пен Жәнібек (1342-1357ж) хандар кезі

1312ж. Өзбек ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады және қалалақы өмірдің дамуына қатты көңіл бөлді

●Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады –ХІV ғ.

1357-1380ж –Алтын Орда тарихында «дүрбелең жылдар» болды, 20-дан астам адам хан болып,таққа таласты

●Алтын Ордада алауыздық күшейді ХІV ғ.2-ж

1380ж. Куликово шайқасында Мамай басқарған Алтын Орда әскері Дмитрий Донской басқарған орыс әскерінен жеңіледі

●Мамайдың жеңілгенін пайдаланып,Әмір Темірдің көмегімен Алтын Ордадағы билікті Тоқтамыс тартып алады

1382ж.Тоқтамыс билігін нығайту үшін Мәскеуді өртеп жібереді

●Алтын Орданы құлауға әкелген Әмір Темірдің бірнеше ауыр жорықтары

●ХVғ.ортасында Алтын Орда –Ақ Орда, Ноғай Ордасы,Сібір,Қазан Қырым,Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді

Шейх Ахмед 1502ж.қайтыс болғаннан кейін,Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады

ХІV ғ.2-ширегінен бастап,Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды

●Оқшаулануды бастайды Ерзен мен Мүбәрак хандар кезінде

Ұрұс хан кезінде мүлде бөлінді

1327-1328ж.Мүбәрак хан Сығанақта теңге соқтырған, Бұған алтын Орда билеушілері қарсы тұрады

●Мүбәрак пен Өзбек хан арасындағы күресте Мүбәрак жеңіліп,Қырғыздар мен Алтайға кетуге мәжбүр болады

●ХІVғ.60-ж.өзінде Алтын Орданың астанасы Сарай бір жылда 4 хан ауысады

Ұрұс хан 1368-1369ж. өз атынан Сығанақта теңге соқтырады және 1374-1375ж Еділ бойына жорық жасап,Сарайды,Қажы –Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады, бірақ алтын Орда билеушісі Мамайды жеңе алмайды

●Ұрұс хан жорықтан келгенде өзіне көмектеспеді деп,Маңғыстау билеушісі Түй –Қожаны жазалайды, оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды

●Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп,Ақ Орданы басып алуға жібереді

●Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызады

●Тоқтамыс Сауран түбінде Ұрұс ханның екінші баласы Темір –Мәліктен жеңіледі

1379ж.Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Темір –Мәлікті жеңіп, Сығанақты алады

●Тоқтамыс енді Әмір Темірге бағынудан бас тартады

1395ж.Әмір Темір Ақ Орда тағына Ұрұс ханның бір баласы Қойыршақты отырғызады

●Ақ Орданың келесі ханы –Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды, Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды қайтарады

●Ерзен хан кезінде қала мәдениеті дамыды

Ақ Орданың саяси жағдайы 3-ке бөлінеді:

1/ Ақ Орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп, жеке мемлекет болу үшін күрес жүргізуі

2/ Ақ Орда хандарының Алтын Орданың ішкі істеріне белсене араласуға әрекет жасауы

3/ Ұрұс ханның және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күрес жүргізуі

1428ж.Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбнаи әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді

● Ақ Орда өмір сүруін тоқтатады

●Ақ Ордада оғлан атағына ие болды –ұлыс билеушілері

Тоғылық –Темір –мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды

Тоғылық –Темір бұйрығы бойынша басына сәлде тақпағандарға қатаң шара қолданған және бұл ханның кезінде бір күнде Моғолстанда 160 мың адам ислам дінін қабылдаған.

1360-1361ж.Мауараннахрға 2 рет жорық жасап,баласы Ілияс –Қожаны Мауараннахр тағына отырғызады

● «Батпақ шайқасы» -1365ж.22 маусымда Әмір Темір мен Ілияс –Қожа арасында болды, екі жақтан 10 мыңға жуық адам қаза тапқан

●Ілияс –Қожа Самарқанды ала алмайды және тартыстан қаза табады

●Моғол хандығында билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад –дин мен інісі Шамс ад –дин жүргізген

●Қамар ад-дин Тоғылық –Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр –Қожаны хан тағына отырғызады

●ХІV ғ.аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей ауыр жорықтар жасайды және алғашқы жорығы 1371-1372ж. болды

●Әмір Темірдің екінші жорығы -1375-1377ж. Оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, Жетісудан Шарын өзеніне дейін жетеді және Қамар ад –динмен шайқасып, оны жеңеді

1380-1390ж.Әмір Темір бірнеше жорық жасайды және бұл жорыққа 120 мың адаммен аттанған

Қызыр –Қожа Темірге тәуелділігін мойындаған

Мұхаммед хан кезінде ғана Темір ықпалынан құтылады (1408-1416ж)

1425ж.Ұлықбек Моғолстанға жорық жасайды

●Моғол шонжарлары Уәйісті хан сайлайды

1428ж.Уәйіс қайтыс болып, балалары Жүніс пен Есен –бұға арасында таққа талас басталады

1433-1462ж. Есен –бұға хан болады

1462-.Есен –бұға қайтыс болып, билікке Жетікентте билік құрып отырған Жүніс келеді

●Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абд ар –Рашид кезінде ыдырай бастайды

●Моғолстанға Әмір Темір 10 шақты рет жорық жасайды

●Моғолстанда этносаяси үйсіндердің орнына уақытша аталған тайпалар –дулаттар болды

●Моғолстанда дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары болды –ұлысбегілердің

1482-1485ж.Жүніс хан басып алған қалалар- Ташкент,Сайрам

●ХVІ ғ.ортасында Моғолстан ыдырап, оның Жетісу аймағы Қазақ хандығы құрамына енеді

Шаруашылығы

●Алтын Ордада көшпелі мал өсірушілерден салық ретінде мал басынан алынды 10/1 көлемі алынды

●алтын Орданың негізгі тілі -қыпшақ

●Сығанақ маңы диқаншылық пенжартылай көшпелі мал шаруашылығына қолайлы болды

Сығанақ –Шығыс Дешті Қыпшақ пен Орта Азия арасындағы басты сауда орталығына айналды

●Ақ Орда халқының басым бөлігі жергілікті түрік тілдес халықтардан тұрған

●Отырықшы мал,егін шаруашылығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]