Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
1.74 Mб
Скачать

§ 12, 13, 21

Бағыттар

Қарақытайлар

Қыпшақ хандығы

Монғол империясы

Уақыты

1125- 1212 ж

ХІ –ХІІІ ғ.басы

ХІІІ ғ.басында құрылды

Территориясы

Жетісу

Алтайдан еділге дейін, (Дешті Қыпшақ)

Монғолия

Астанасы

Баласағұн

-----------------------------------------

Қарақорым

Билеуші титулы

Гурхан

Хан

Хан

Құрылу тарихы

●Қарақытайлар –Орталық Азиядағы (Солтүстік Монғолия), Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген «ҚИДАН» тайпалары

924-1125ж. қидандар Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі аралықта ЛЯО мемлекетін құрған.

●1125ж.Ляо мемлекеті құлап, Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісу жеріне келеді.

●1125ж.қарахандардың әлсіреуін пайдаланып, Жетісудың орталық аудандарына еніп, Баласағұнды басып алып, Ғұз ордасын құрады

●ХІІғ. 40-ж. бастап Қараханның Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастайды

●Қимақ қағанатының жері ХІғ.жаңа құрылған Қыпшақ хандығығынң қолына көшеді

●Алтайдан Еділге дейінгі аралық «Қыпшақтар даласы» немесе Дешті Қыпшақ аталды

●Қыпшақтардың этникалық құрамы VІІ - VІІІ ғ.құрыла бастаған

●Қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрған:

1/ қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлар 11 тайпадан тұрған

2/ қыпшақтардың шығыс бірлестігі, бұлар 16 тайпадан тұрған.

●Тайпалардың ішінде ең беделдісі –бөрілер болды,қыпшақ хандары осы тайпадан сайланып отырған.

●Тоқсоба -9 тайпа, «дурут» - 4 тайпа, «йетиоба» -7 тайпа дегенді білдіреді

●Плано Карпини «қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен»деп жазған.

●Монғол империясының алғаш шаңырағын көтерген –Шыңғысхан ( Темүжін) -1155-1227ж.өмір сүрген.Монғолияның Кендітау аймағы, Онон өзені жағасы, Болдоң деген жерде туған. Әкесі –Есугей бахадүр,Темүжін 9 жасқа келгенде әкесі татарлар қолынан қаза табады.

1206ж.Онон мен Керулен өзені жағасында

өткен құрылтайда Темүжінді хан сайлайды,

керейдің ханы Торы Темүжінге Жеңісхан болсын деп бата берген, «жеңісхан» деген сөз монғолша «шыңғысхан» болып аталып кеткен.

●1206ж. барлық монғол тайпалары бас қосқан ұлы құрылтайда Монғол империясы құрылды.

Қоғамдық

құрылысы

Қоғамдық құрылысы

Қарақытайлар,

Қыпшақ хандығы

Монғол империясы

●Мемлекеттік басқару жүйесі жетілмеген ел болды

●Қарахан мемлекетінің ел басқару жүйесіне тимеді,хандық басқару құрылысы сол қалпында сақталды

●Қарақытайларда әйел адамдар да гурхандыққа сайланды.

1143ж.Елюй Даши қайтыс болып, орнына әйелі Табуянга сайланған.

●1150ж.биліке баласы Иле келіп, халық санағын жүргізген.

●1155ж.иле қаза болып, орнына Елюй Дашидың қызы Бұсұған келген.

●Елюй Даши бір әскери басшының қол астына 100-ден жауынегер жасақтаған.

●Әрбір үйден бір динардан салық жиналған.

●Ірі қалалар әкімі жыл сайын гурханға жер салығы харадж төлеп отырған.

●ХІІғ,2-ж.бастап қарақытайлар бағынышты халыққа салықты күшейткен.

●Қоғамдық құрылысы қимақ қағанатының жалғасы болды

●Билік мұрагерлікболды

●Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды

●Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат

болып бөлінді.

Оң қанаттың ордасы Жайық бойындағы Сарайшық болды

Сол қанаттың орталығы Сыр бойындағы Сығанақ болды

Ақсүйек-шонжарлар –хандар,туыстары,

тархандар,басқақтар,бектер,байлар,ру –тайпа көсемдері жатты.

●М.Қашқари қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп атайды деп жазған.

●Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды

●Империяны 95 түмен әкімшілікке бөлді, әрбір түменде 10 мыңнан адам болды

●Түмендер аймаққа бөлінді

●Басқару жүйесі ондықтан басталды,10,100,

1000, түмен болды

●Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы

мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді:

Оң қанат Орталық Сол қанат

(Барунгар) ( Кул) ( Жоңғар)

● «Кешіктен» - ең таңдаулы мыңдық, олар Шыңғысханның жеке өз басын қорғаушылар

●Мемлекеттің басты заңы –«Жасақ» ( Яса),

Ол 2 бөлімнен тұрды: 1/ Шыңғысхан айтқан нақыл сөздер, 2/ Әскери, азаматтық істер туралы заңдар

●Өкімет билігінің ең жоғары органы –құрылтай, ол жазда, жылына бір рет шақырылды, онда басты мәселе –алдағы болатын соғыстың жоспары талданды

Саяси жағдайы

Саяси жағдайы

Қарақытай,

Қыпшақ хандығы

Монғол

империясы

● Орта Азиядағы Қарахан иеліктерін жаулап алуды бастайды

●1137ж.Ходжент маңында қарахан әскерін жеңеді

●1141ж.Қатуан шайқасында селжұқтармен біріккен қарахан әскерін тағы жеңіп,Бұхарға басып кіреді

●Қарахандықтар вассалы болып, алым-салық төлеуге мәжбүр болады

●Хорезмді жаулап алады, Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеуге мәжбүр болады

●1171-1172ж.Хорезмге салық төлеуді

тоқтатқаны үшін қайта жорыққа шығады

●1198-1204ж.Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, жеңіледі

●1208ж.шығыста наймандардан жеңіледі

●1210ж Хорезмшахы қарсы шығады

●1212ж.Қарақытай өкіметі құлайды, билік найман ханы Күшліктің қолына өтеді.

●ХІғ.бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің бәріне қыпшақтар ие болды

●Оғыздарды жеңгеннен кейін шекарасын Еділге дейін кеңейтті.

●Қыпшақтарды орыс деректерінде «половшылар» деп атаған,венгрлер «кундар» немесе «командар» деп атаған.

●Хорезммен ұзақ соғысты, хорезм қыпшақтарды ислам дініне тартқысы келді

●ХІІІ ғ.басында Сыр бойы қалалары үшін Хорезм шахы Мұхаммедпен соғысады

● Екі елдің жауласуын монғолдардың жаулап алуы тоқтатады

●Қыпшақ хандығы ХІІІ ғ.басында монғолдар шабуылынан құлайды

1207-1208.үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алады

1207-1209ж.Таңғұттарды, Тұрфан княздігін, ұйғырларды бағындырады

1211-1215ж.Қытайды басып алып, соғыс техникаларын қолға түсіреді

●Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді

1217ж.Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырады

●Жебе ноян діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алып,жергілікті халықтан қолдау табады

1218ж.монғолдар Жетісуға кіреді

●Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды

«Отырар опаты» оқиғасы – 1218ж.Отырар билеушісі Қайырханның (Ғайыр хан) 450 адамнан тұратын 500 түйелік сауда керуенін Хорезмшахпен келісіп, тнап алады, бұл оқиғаны сылтау еткен Шыңғысхан соғыс ашады.

1219ж.150 мың монғол әскері Ертістен Сырдарияға келеді

Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршайды

Жошы Сырдың төменгі ағысындағы қалаларға аттанады

Төле Бұхара қаласына аттанады

Отырар 6 ай берілмейді,Хорезмшах көмекке жіберген Қараша –хажиб қақпаны ашып бергеннен кейін жеңіледі

Сығанақ 3 ай, Ашнас 15 күн берілмейді

1219-1220ж.Сыр бойы қалалары толық монғол иелігіне көшеді

●Шыңғысхан Қазақстанды 5 жылда, яғни 1219-1224 ж.жаулап алды

Шаруашылығы

●Жер шаруашылығы

●Үлестік жерлерді иеленушілер қолында арнаулы грамоталар болған.

●Бұл грамоталар гурханның қамқорлығында екендігін білдірген.

●Мал шаруашылығы,4 түлік мал өсірген

●Ибн Баттутаның айтуынша қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы болған

●П.Карпини, Г.Рубрук қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартатындығын көргендерін жазған.

●Байлық жылқымен есептелген, халықаралық саудада қыпшақ жылқылары 100-500 динарға дейін сатылған

●ХІІғ қыпшақ жерінен өткен еврей саяхатшысы Петахья қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған.

●Әл –Омари: қыпшақтардың көп өсіретіні –тары»деп жазған

●Аң аулау болған

● Көшпелі мал шаруашылығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]