Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
1.74 Mб
Скачать

§ 7. Vі –іх ғ. Отырықшы және жартылай көшпелі мәдениет

Шаруашылық түрлері

Сипаттама

1

Көшпелі мал шаруашылығы

Батыс, Орталық Қазақстан аумағында тарады

2

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлаулары болды.Маусымдық жайылымның төрт түрін де қолданды

Алтай, Тарбағатай,ШығысҚазақстан аумағында тарады

3

Отырықшы мал шаруашылығы

Мал өсірумен қатар егін де өсірді.Сырдария, Талас, Шу өзендері бойы

4

Қала мәдениетінің дамуы

●VІ –ІХ ғ.Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік –батыс аймақтарында қақалық мәдениет дамыған.

●Қытай жылнамаларында кездесетін қаланың аты –Испиджаб, Ақ өзен бойындағы қала деп атаған.М.Қашқаридың айтуынша Сайрам деп аталған.

●Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениет орталығы Отырар,Йасы,Сауран,Сығанақ, Құлан т.б. қалалар болды

●Жетісу аймағындағы қалалар –Тараз,Талхир (Талғар),Алмалық, Қойлық болды.

5

Материалдық мәдениет

●Барлық керекті бұйымдар мал өнімдерінен жасалды

●Қайрақты шонданайда сақтады

●Ер адамдар кісе асынып жүрді ( белбеу)

●Кен қорыту ісімен айналысты.Шу, іле,Қаратауда түсті металдар өндірген

●Сауда үш бағытта жүрді: 1/халықаралық сауда

2/ Қалалардың өз аумағындағы сауда

3/ Қалалықтардың дала тұрғындарымен сауда байланысы

Бірінші бағыттағы сауданың дамуына Ұлы Жібек жолының маңызы зор.

§ 8. Архитектура және өнер (vі –іх ғ.)

Бағыттар

Сипаттама

Архитектура өнері

●Архитектура латынша құрылысшы деген мағына береді

●VІІ- VІІІ ғ.басталып бітпей қалған құрылыс – Ақыртас ғимараты немесе Тасақыр деп те атайды

Ақыртас ғимараты Тараз қаласының шығысында 40 км жерде орналасқан,Ақыртас аталу себебі –құрылыс материалына пайдаланған тас блоктардың бір жағы ақыр сияқты ойылған.Блоктардың көлемі -140*70*70 (80)см

Ірге тасының ұзындығы -160м, ені 140 м.Ақыртас тұрғын үйге арналған, құрылысы 3 бөліктен тұрады:

1/Оңтүстік бөлік – ақыртастың иесі мен қонақтар тұратын үй –жай

2/ Солтүстік бөлік – күзетшілер мен қызметшілер тұратын үй

3/ Орталық алаң – ойын-сауық, той –думан, діни рәсімдер орны

Білеулі ғимараты – Ақыртастан кішілеу,Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы аралығында.

Сардоба құрылысы:

1/ Парсы тілінде «сардоба» - құдық үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді

2/VІ –ІХ ғ. салынған екі сардоба белгілі: а/ Мырзарабат сардобасы –бір және көп күмбезді

б/ Якка сардобасы –күмбездері бір –біріне жалғастырылып салынған

3/ Екі сардоба да Мырзашөл керуен жолы бойына салынған.

4/Бұл ғимараттар азаматтық ғимараттар қатарына жатады.

Діни сәулет өнері

●Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрылысының бір түрі – құрылысы киіз үйге ұқсас – ДЫҢ ескерткіштері

●Ғимараттың бұл түрі Қимақ хандығы мен Қарлұқ қағанаты кезінде басым болған және көп сақталған жері – Орталық Қазақстан, Жетісу,Тарбағатай,Маңғыстау.Дың қаза болған адамды жерлеген жерде тұрғызылған.

●Ақбешім,Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орны табылды, олар VІІ ғ. аяғы - VІІІ ғ. басында салынған.Ақбешім ғибадатханасының көлемі -76*22м, екі мүсін сынығы табылды, бас ымен денесінің жалпы тұрқын қосып есептегенде шамамен2,5- 3 м.болған. Тараздан да ғибадатхана табылды

●ІХғ. 2-ж.бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастады.Мысалы:

Баба –Ата қаласы орнын қазғанда табылған мешіт:

1/ Баба –ата мешіті- сыртқы көрінісі жартылай сфера тәрізді бес күмбезді құрылыс

Бейнелеу өнері

●Ертедегі түріктердің жартасқа салған суреттері мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді:

1/ Салт аттылар,аң аулау, жекпе –жек көріністері

2/ Жабайы аңдар суреттері

Мүсін өнері

●Түрік дәуірінде мүсін өнері ерекше дамыған

●Көне түрік жазуында тас мүсіндерді «блбл», орхон жазуында «бадбық» деп жазған.

●Соңғы кезде «кемпіртас» немесе «таскеліншектер» деп атап жүр

●Тас мүсіндер Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі

● «Күлтегін» жазуының авторы Йолығ-тегін әкесі Білге қағанғаескерткіш орнатқанда былай деп жазған:» «Әкем Қағанға балбық тіктім»

●Жетісу аймағындағы қалалардан табылған буддалардың мүсіндері балшықтан жасалып, үстінен лай жағылып,бет-әлпеті қызыл сырмен боялған, қасы мен көзі қарамен сызылған.

Қолданбалы өнер

●Архитектуралық құрылыс жүйелерінің және бір композициялық бөлігі – қолданбалы өнер.

●Бұл өнерден ерекше көзге түсетіні: терракота, көркем керамика, ұсақ пластика

●Терракотада адамның бет –әлпеті,шашы,киімі бейнеленді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]