Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azastan_tarihy_7-kl_Keste_1420310632_76076.doc
Скачиваний:
452
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
1.74 Mб
Скачать

§ 19. Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Ислам дініне дейінгі діни нанымдар

Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

●Қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни-наным сенімдер болған

Сырдария аймағында қойға табыну салты болған,мұндай бейнелер зооастралық фарнға байланысты,оғыздар мен түрікмендерде қойға табыну кең тараған

Тотем –шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыру

●Құйрықтөбе,Отырар қалаларын қазғанда ХІ –ХІІ ғ.үйлердің ошақтары отқа табынудан ерекше безендірілген

●ертедегі діни наным дәстүрлері Жетісу аймағында кең тараған

●Ақтөбе қаласы орнын қазғанда шарап ашытатын орыннан табылған кірпіштерде христиандық крестің таңбасы табылды

●Жетісу аймағында зороастризм,несториандық христиан діні, будддизм сияқты діндер де тараған

●Ислам діні Орта азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады, 633 жылдан арабтар «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды

●араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз басып алады,714 жылы Шашты алып,Испиджабқа жорық жасайды

737-748 ж.Насыр ибн Сейяр Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның Оңтүстігіне басып кіреді

●Х-ХІ ғ. қала мәдениетінің дамуында ислам маңызды роль атқарды

Әл Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Хғ. қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған.

●Отырар қаласының оңтүстік жағында 4 км жерде Байалдыр қыстағының жанындағы Жұма мешітінің орныф зерттелген

●Құрықтөбе қала жұрты жанындағы зираттарда адамдар мұсылманша жерленген, адамынң басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген.

●Х ғ.басында Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдаған

§ 20. Ғылым мен білімнің дамуы

Ғалымның аты -жөні

Туған жылы, жері

Өмір жолы

Шығармалары, еңбектері

Әбу Наср әл -Фараби

870-950 жж

Фараб аймағын-

дағы Отырар қаласы

●Отырар қаласында қыпшақ тілінде білім алған

●араб тілін Исфахан,Бағдат,Дамаск (Шам) қалаларында үйренген

●Логика, медицина,анатомия, ғарышнама,философия, заң ғылымы салаларына қосқан үлесі зор

«Ғылымдардың шығуы» трактаты т.б.

Махмуд Қашғари

1030-1090 жж

Қашғар қаласы

Шын аты Махмуд Хусейин ибн Мұхаммед Қашғари

●Әкесі Қашғар қаласында туған

●Алғаш Қашғар қаласында, кейін Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алған, араб тілін жетік білген.

●Түрік тілдес тайпалардың бір –біріне жақындығын зерттеген ғұлама

«Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат ат –түрк») еңбегі – 3 кітаптан тұрады,түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тілдес тайпалары сөздерінің жиынтығы,бұл еңбегінде сол кездегі түріктердің мекен –жайларының аты-жөні,тарихы,этнографиясы,ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар бар.

Н.А.Баскаков: «М.Қашғари өзінің атақты бұл еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болып болды» деген пікір айтты

А.Н.Кононов: «М.Қашғаридың бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп,оның араб тілінен еш кем түспейтіндігін дәлелдеу болды» дейді

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни

1021- 1075 жж

Баласағұн қаласы (Шу бойы)

●Толық аты –Жүсіп Хас Хажип Баласағұни.

«Құтадғу білікті» Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан,хан ғұламанының бұл сыйлығы үшін Ж.Баласағұнға Ұлы хас –хажип деген лауазым берген

«Құт негізі –білік» («Құтадғу білік») еңбегі – алғаш рет түрік тілінде жазылған,бұл еңбекте түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі,әдет-ғұрып,наным –сенімдері туралы мағлұматтар көптеп кездеседі, халық ауыз әдебиеті үлгілері көп пайдаланылған,ХІғ.дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой –санасында орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек.

Ахмет Иүгнеки

Туған жылы, жері белгісіз

●Шын аты Әдіб Ахмет Махмұдұлы

●Халық көзі тірісінде «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» атаған

Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан

«Ақиқат сыйы» дастаны – халықты инабатты болуға,адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады

«Сөз есепсіз –тіліңді тый, тарта ұста

Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста

Есепсіз сөз –ер сөзінің асылы

Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста»

Қожа Ахмет Йасауи

1103-1167 жж

Сайрамда туған

●Әкесі –Ибраһим атақты ғұлама болған

●Анасы –Мұса шайқының қызы Айша(Қарашаш

●Жастайынан әке-шешесінен қалып, әпкесі Гауһар –Шаһназдың қолында өскен

●Бала кезінен Йасы (қазіргі Түркістан)қаласын мекен еткен

●Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Йасыға келеді

●Йасыда сопылық ілімнің насихатшысына айналады

●Арыстан бабты пір тұтады

«Даналық кітабы» («Диуан –и хикмет») кітабы –түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған,

адамды даналыққа,адалдыққа, кішіпейілдікке,имандылыққа шақырады,Аллаға адал болуға үгіттейді.

Сүлеймен Бақырғани

Белгісіз

●Ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата атанған

●Ахмет Йасауидың жолын қуған шәкірттерінің бірі

●Халықты имандылыққа шақырады

Әли ақын

ХІІІ ғ.

«Жүсіп –Зылиқа» поэмасы – діни сарында жазылған махаббаттағы адалдықты жырлаған поэма

Исхақ әл –Фараби,Жауһари әл Фараби,Ахмад әл –Фараби

Фараб аймағы

ХІІ ғ. өмір сүрген

Ғылым мен білімнің дамуына белгілі үлес қосқан ғұламалар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]