Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamenatsionnye_bilety_EUTT_kaz_1111.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
703.49 Кб
Скачать

1 Блок. Тесттік тапсырмалар.

1. Қозғалтқыш піспегін немен суытады?

А) сумен; Б) маймен; В) ауамен;

Г) піспекті суытпайды; Д) өңделген газдармен.

2. Иінді біліктің 2 айналымы и.б.б. градуспен нешеге тең?

А) 180; Б) 540; В) 270; Г) 720; Д) 90.

3. 540 градус и.б.б. иінді біліктің неше айналымына тең?

А) екі; Б) бір; В) бір жарым; Г) жарты; Д) 3\4 айналым.

4. Бензиндік ІЖҚ дизельдің алдындағы негізгі кемшілігі:

А) қатысты жоғары шу деңгейі;

Б) шекті қуат және атмосфералық қысымға дейін адиабаталық ұлғаюдың мүмкін еместігі;

В) қуат бірлігіне отынның үлкен шығыны;

Г) үлкен масса; Д) үлкен габариттер.

5. Тепловоз дизельдерінің құлау бұрышы қандай шекте болу керек?

А) 90; Б) 60; В) 70; Г) 43; Д) 120.

6. 4ДН19/30 ІЖҚ 4 саны нені білдіреді?

А) піспек жүрісі; Б) 4 ырғақты;

В) цилиндр диаметрі; Г) 4 цилиндр;

Д) 4 цилиндр клапандары.

7. Меншікті отын шығыны дегеніміз қуатты өндіру үшін:

А) 1 кВт/сағ; Б) 10 кВт/сағ; В) 1 Вт/сағ;

Г) 10 Вт/сағ; Д) 100 Вт/сағ.

8. Ауа шығыны мен қысымды не үшін өлшейді?

А) ауамен жабдықтау жүйесінің тиімділігін тексеру;

Б) ПӘК мен отын тиімділігін анықтау үшін;

В) өңделген газдардың құрамын талдау;

Г) майлау жүйесінің тиімділігін тексеру;

Д) отын жүйесінің тиімділігін тексеру.

9. 2 ырғақты дизельге қандай екі ырғақ құрамдасқан?

А) (толу, сығылу) және (жану, кеңею, шығару);

Б) (сығылу, жану) және (кеңею, шығару, толу);

В) (жану, кеңею) және (шығару, толу, сығылу);

Г) (кеңею, шығару) және (толу, сығылу, жану);

Д) (кеңею, шығару) және (толу, сығылу, жану).

10. Бензиннің ең төменгі жылуы - Qн (кДж/кг):

А) 44000; Б) 42500; В) 25000; Г) 50000; Д) 100000

11. Қозғалтқыштың индикаторлық қуаты дегеніміз:

А) дизельдің көмекші агрегаттары жетегіне жұмсалатын;

Б) иінді біліктің фланецынан шешіледі;

В) ЦПТ бөлшектеріндегі үйкелістерді өтуге жұмсалған;

Г) отын айдағыш сорғымен;

Д) механикалық шығындарды ескермеген кездегі циклдың индикаторлық жұмысына сәйкес.

12. Қозғалтқыштың тиімді қуаты дегеніміз:

А) ЦПТ бөлшектеріндегі үйкелістерді өтуге жұмсалған;

Б) механикалық шығындарды ескермеген кездегі циклдың индикаторлық жұмысына сәйкес;

В) иінді біліктің фланецынан шешіледі;

Г)) отын айдағыш сорғымен;

Д) дизельдің көмекші агрегаттары жетегіне жұмсалатын.

13. Қозғалтқыш цилиндрінде өтетін процесстер ретінің жиынтығы:

А) жүйемен; Б) жұмыс режимімен;

В) қозғалтқыш сипаттамасымен;

Г) ырғақпен; Д) жұмыстық цикл.

14. Дизельдің өңделген газдарының негізгі уытты заттары:

А) СО, NОХ, күйе, көмірсутектер;

Б) СО2, Н2, О2 , Н2 О; В) Н2 О, күйе, СО2;

Г) NОХ, Н2, көмірсутектер; Д) СО, О2 , СО2.

15. Жану камерасының көлемі - Vс:

А) 120 град и.б.б; Б) ТӨН; В) 90 град и.б.б;

Г) ЖӨН; Д) 270 град и.б.б..

2 блок. Оқу есебі (кейс-тапсырма). Егер иінді біліктің айналым жиілігі n = 1600 айн/мин, ал дизельдің меншікті отын шығыны г/кВт∙сағ, тиімді қуаты г/кВт*сағ, тиімді қуаты болып келетін төрт цилиндрлі төртырғақты қозғалтқыштағы әр циклде цилиндрге берілетін отын мөлшерін анықтау (кг).

3 блок. Тақырып бойынша әңгіме. «Поршенді қозғалтқыштарда қолданылатын отындарға қойылатын негізгі талаптар жөнінде айтып беріңіз.»

ҚазККА

«Локомотивтер» кафедрасы

17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

«Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні

Бекітемін:

Кафедра меңгерушісі Ж.С. Ибраев

________________________________

«____» __________ 2013 ж.

№ ____ хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]