Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamenatsionnye_bilety_EUTT_kaz_1111.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
703.49 Кб
Скачать

1 Блок. Тесттік тапсырмалар.

1. ЦПТ бөлшектерін үйкелеуге кететін қуат пен сорғы жүрістері немен ескеріледі:

А) теориялық ПӘК; Б) индикаторлықПӘК;

В) тиімді ПӘК; Г) толу коэффициентімен;

Д) механиклық ПӘК.

2. Қозғалтқышты жоғарғы температурамен салқындатуды қолдансақ нені аламыз?

А) оның ПӘК көбейтеді; Б) ПӘК төмендетеді;

В) ПӘК әсер етпейді; Г) отын шығынын арттырады;

Д) май шығынын арттырады.

3. Салқындату жүйесіндегі су циркуляциясы немен жабдықталады?

А) ауа қысымымен; Б) салқындату желдеткішімен;

В) өздігінен радиаторда салқындау арқылы;

Г) су сорғысымен; Д) өңделген газдар қысымымен.

4. Иінді біліктің айналым сандары қандай құралдармен анықталады?

А) термометрмен; Б) тахометрмен; В) барометрмен;

Г) жиілік өлшегішпен; Д) манометрмен.

5. Піспек түбінде жүктеме анықтайтын күштің түрі мен бағытын анықтау:

А) цилиндр көлеміндегі әсер етуші газдық күштер;

Б) кривошип радиусына перпендикуляр әсер ететін тангенциалды күш;

В) кривошип поршендік саусақ осіндегі сомалық күш;

Г) поршендік топтың инерциялық күші;

Д) шатун осіне перпендикуляр әсер ететін орта тепкіш күш.

6. Үрлегіш ауа неге суытылуы оның ... азайту үшін:

А) қысымын; Б) массасын; В) температурасын;

Г) массасын жоғарылату үшін;

Д) қысымын көбейту үшін.

7. Отын шығынын не үшін өлшейді?

А) майлау жүйесінің тиімділігін тексеру;

Б) өңделген газдардың құрамын талдау;

В) үйкеліс беттерін салқындату;

Г) ПӘК мен отын тиімділігін анықтау үшін;

Д) ауа жіберу жүйесінің тиімділігін тексеру.

8. Ауа шығыны мен қысымды не үшін өлшейді?

А) ауамен жабдықтау жүйесінің тиімділігін тексеру;

Б) ПӘК мен отын тиімділігін анықтау үшін;

В) өңделген газдардың құрамын талдау;

Г) майлау жүйесінің тиімділігін тексеру;

Д) отын жүйесінің тиімділігін тексеру.

9. Қозғалтқыштардың тиімді емес жұмыс режимі?

А) бос жүріс; Б) ауыспалы режимдер;

В) номиналды қуат режимі; Г) орнатылған режимдер;

Д) максималды айналу моменті режимі.

10. Отынның жылу бөлу қасиетін жақсарту:

А) қозғалтқыш қуатын жоғарылатуға мүмкіндік береді;

Б) қуат өзгермейді; В) қуат төмендейді;

Г) отын шығыны көбейеді;

Д) қозғалтқыш ПӘК төмендейді.

11. Су көліктерінің ДГҚ қандай сипаттама бойынша жұмыс істейді?

А) әмбебап; Б) жүктемелік; В) сыртқы сипаттамалы;

Г) генераторлық; Д) бұрандалы.

12. Қуатының агрегаттығы жоғары қозғалтқыштар қайда пайдаланылады?

А) ауылшаруашылық машиналар; Б) автомобильдерде;

В) тепловоздарда; Г) құрылыс жол көлігінде;

Д) теплоходтарда.

13 Негізгі жану фазасының аймағындағы орташа жылдамдық:

А) 70-...90м/с; Б) 15..25 м/с; В) 40.. 60 м/с;

Г) 60.. 80м/с; Д) 100...120м/с.

14. ӨГ құрамындағы күйе мен көміртек оксидінің концентрациясының жоғары болуының негізігі себептері:

А) қарапайым қоспаларды қолдану;

Б) күрделі қоспаларды қолдану;

В) қоспа тұтануының тұрақсыздығы;

Г) жану аймағындағы температура мен қысымның төмен мәні;

Д) бүркудің озу бұрышының төмен болуы.

15. P-V эквивалентінің координатасында берілген индикаторлық диаграммадағы ІЖҚ жұмыстық циклдағы газдың орындайтын индикаторлық жұмысы неге тең?

А) піспек жүрісіне; Б) диаграмма биіктігіне;

В) диаграмма еніне; Г) диаграмма ауданына;

Д) піспек жүрісінің тік бұрышының биіктігіне.

2 блок. Оқу есебі (кейс-тапсырма). Индикаторлық диаграмманың а нүктесіндегі температурасы Та = 343К, цилиндрдің толық көлемі Va =11,9ּ10- 4 м3, ал цилиндрдің жұмыстық көлемі Vh =11,1 ּ10-4 м3, сығылу политропасының көрсеткіші п =1,35 қозғалтқыштың сығылу температурасын Тс анықтау.

3 блок. Тақырып бойынша әңгіме. «4-ырғақты қозғалтқыштың ырғақтарын сипаттап беріңіз.»

ҚазККА

«Локомотивтер» кафедрасы

19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

«Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні

Бекітемін:

Кафедра меңгерушісі Ж.С. Ибраев

________________________________

«____» __________ 2013 ж.

№ ____ хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]