Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamenatsionnye_bilety_EUTT_kaz_1111.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
703.49 Кб
Скачать

1 Блок. Тесттік тапсырмалар.

1. Егер үрлеуді пайдаланғанға дейінгі қуат 2000, пайдаланғаннан кейін 3000 кВт болса дизельдің үрлеу дәрежесі неге тең?

А) 1,5; Б) 0,667; В) 2; Г) 3; Д) 4.

2. Тепловоздың ДГҚ қандай сипаттама бойынша жұмыс істейді?

А) жүктемелік; Б) генераторлық; В) бұрандалы;

Г) сыртқы сипаттамалы; Д) әмбебап.

3. Қандай көлік құралдарында төмен айналымды қозғалтқыштар орнатылады?

А) автомобильдерде; Б) тепловоздарда;

В) тракторларда;

Г) көтеріп-тас/у машиналарында; Д) су көліктерінде.

4. 2 ырғақты дизельдің жұмыстық циклі град и.б.б. іске асырылады:

А) 720; Б) 270; В) 180; Г) 90; Д) 360.

5. Үрлеу дәрежесі - λ :

А) үрлеуді пайдалануға дейінгі иінді біліктің айналу санының үрлеуден кейінгі айналымдар санына қатынасы;

Б) үрлеуді пайдаланғануға дейінгі қуаттың үрлеуді пайдаланғаннан кейінгі қуатқа қатынасы;

В) үрлеуді пайдаланғаннан кейінгі қуаттың үрлеуді пайдаланғанға дейінгі қуатқа қатынасы;

Г) үрлеуді пайдаланнан деінгі иінді біліктің айналу санының үрлеуге дейінгі айналымдар санына қатынасы;

Д) дұрыс жауаптар Б және Д.

6. Қозғалтқыштағы турбокомпрессор немен іске қосылады:

А) қозғалтқыштың тарату білігімен;

Б) өңделген газдар энергиясымен;

В) иінді біліктен болатын механикалық беріліс көмегімен;

Г) жоғарғы қысымды насостың жұдырықша білігінен;

Д) басты генератордың электрлі энергиясынан.

7. Егер сығылу дәрежесі ε =18 , ал жұмыстық көлем Vh =0,04м3 онда жану камерасының көлемі Vс:

А) 0,0014; Б) 0,0012; В) 0,0024;

Г) 0.0016; Д) 0.0018.

8. Қуатты жоғарылатудағы тепловоздардың құрамды дизельдерін жетілдіру үрдісі келесідей бағытпен жүреді:

А) иінді біліктің айналу саны көбейеді;

Б) сығылу дәрежесі ұлғаяды;

В) үрлеу қысымы мен сығылу дәрежесі бірдей өседі;

Г) орташа тиімді қуат өседі;

Д) цилиндр диаметрі өседі.

9. ІЖҚ басқару сипаттамасы – бұл:

А) сыртқы көрсеткіштердің отын шығынына тәуелділігі;

Б) басқарылатын параметрлерінің иінді біліктерінің айналу жиілікке тәуелділігі;

В) сыртқы көрсеткіштердің иінді біліктің айналым санынан тәуелділігі;

Г) ІЖҚ сыртқы көрсеткіштерінің басқарылатын параметрлерге тәуелділігі;

Д) басқарылатын параметрлерінің отын шығынына тәуелділігі.

10. Бүркудің озу бұрышы дегеніміз отынды бүркуге дейінгі:

А) ЖӨН; Б) бүркудің аяғы;

В) отынның жануына дейін;

Г) ТӨН дейін;

Д) цилиндрдің шығару терезелерінің ашылуы.

11. Төмендегі берілгендердің қайсысы толу ырғағын сипаттайды?

А) Ра, Та, ην , γ; Б) Рс, Тс, ην , γ; В) Рс, Тс, γ, ε;

Г) α, Рс, Тс; Д) Рс, Тс, ε.

12. Үрлеулі ІЖҚ турбокомпрессормен бірге үрлеу ауасының салқындатқыштары орнатылады:

А) компрессордан кейін-дизельдің алдында;

Б) шығырдан кейін; В) компрессор алдында;

Г) ауа сүзгісінен кейін;

Д) шығыр алдында-дизельден кейін.

13. Бу машинасының жұмыстық денесі болып не табылады?

А) қайнаған су; Б) тұтынылатын отын;

В) отынның жану өнімдері; Г) су буы;

Д) жану өнімдері мен су буының қоспасы.

14. Төменде берілгендердің қайсысы кеңею ырғағын сипаттайды?

А Ра, Та, ην , γ; Б) Рс, , ην , γ; В) Рв, Тв, пр;

Г) α, Рс, Тс; Д) Тс, ε. , ην.

15. Егер сығылу дәрежесі ε =18 , ал жұмыстық көлем Vh =0,04м3 онда жану камерасының көлемі Vс:

А) 0,0014; Б) 0,0012; В) 0,0024;

Г) 0.0016; Д) 0.0018.

2 блок. Оқу есебі (кейс-тапсырма). Поршеннің орташа жылдамдығы C m = 10м/с, поршень жүрісі S = 0,25м және цилиндр диаметрі D = 0,15м дизель цилиндрінің жұмыстық көлемін -Vh және иінді білігінің айналым жиілігін анықтау.

3 блок. Тақырып бойынша әңгіме. «Дизельдің отын жүйесінің тағайындалуы және жұмыс принципі туралы айтып беріңіз.»

ҚазККА

«Локомотивтер» кафедрасы

11 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

«Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні

Бекітемін:

Кафедра меңгерушісі Ж.С. Ибраев

________________________________

«____» __________ 2013 ж.

№ ____ хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]