Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

организмдері күрделілене түскен сайын, олардың реактивтілігі де күрделіленеді. Бұл организмдегі зат алмасу үрдістерінің күрделіленуімен және реттеуші жүйкелік-эндокриндік, иммундық жүйелердің жақсы дамуымен байланысты. Жоғары дамыған жануарларда қоршаған орта ықпалдарына (гипоксияға, микробтарға, улы заттарга т. с. с.) сезімталдық жоғары болады. Сонымен бірге оларда әртүрлі бүліндіргіш әсерлерге қарсы қорғану-икемделу мүмкіншіліктері де артады. Тұтас организмнің реактивтілігі жан-жақты көптеген құбылыстардың (қабыну,

91 фагоцитоз, антиденелер мен сезімталдығы көтерілген лимфоциттердің өндірілуі, иммунитет, аллергия, анафилаксия, регенерация, зат алмасуларының өзгерістері, қызба т.с.с..) жиынтығымен көрінеді.

Реактивтілік организмнің әртүрлі деңгейлерінде байқалады. Мәселен, молекулалық деңгейде реактивтіліктің мысалы ретінде орақ тәріздес жасушалық анемия кезіндегі S-гемоглобин (НвS) молекуласының оттегінің аздығына гемолиз дамуымен жауап қайтаруын атауға болады. Жасуша деңгейінде реактивтіліктің түріне лейкоциттердің фагоцитоз кезіндегі жағдайын келтіруте болады. Ағза деңгейінде организмнен аластанған ағзалардың әртүрлі қоздырғыштарға жауап ретінде тіршілігін өзгерту қасиетін көрсеткен жөн. Мәселен, жасанды жағдайда қызмет атқаратын жүрек гипоксияға, адреналинге, пилокарпинге т. б. қоздырғыштарға өзінің қызметін және зат алмасуын өзгерту арқылы жауап қайтарады. Бірақ тұтас организмде бұлардың барлығы біріккен, белгілі тәртіппен реттелінген түрде болады.

Реактивтіліктің жағдайы жалпылама қаралмай бір немесе бірнеше ұқсас қоздырғыштарға жекеленіп қаралуы керек. Өйткені кейбір қоздырғыштарға организмнің реактивтілігі жоғарыласа, басқаларына төмендеуі мүмкін. Мәселен, қояншық ауруының ұстамасы кезінде жануарлардың терісіне люизит тамызғанда терінің бүлінуі, сау жануарларға қарағанда, әлсіздеу болады.

Реактивтілік көріну түрлеріне қарай екі топқа бөлінеді:

нормергия,

патергия. Ол өзалдына: ♣гиперергия,

гипергия,

анергия,

дизергия - болып ажыратылады.

Гиперергия - реактивтіліктің жоғарылауы; бұл кезде

ауру туындататын әсерлерге байланысты дене қызымы қатты көтеріледі, қабыну қарқынды болып, қабынулық сіңбенің тосқауылдық қызметі ұлғаяды, фагоцитоз және антиденелер өндірілуі артады, жараның бітуі тездейді.

Гипергия - организм реактивтілігінің төмендеуі; бұл кезде қабыну сылбыр өтеді, дене қызымы қатты көтерілмейді, жараның бітуі баяулайды.

Анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы; Ол шала туған нөрестелер мен қарт адамдарда байқалады. Сонымен бірге, кейбір адамдар өздері ауырмай микробтардың

92тасымалдаушылары болады. Терең кома, сілейме (шок), наркоз жағдайларында организм ешбір қоздырғышқа жауап қайтармайды.

Дизергия - оның қалыптан тыс, бұрмаланып сапалы өзгеруі. Оған мысал ретінде: тербелістік (вибрациялық) ауру кезінде температуралық әсерлерге қан тамырларының реакциялары қалыптан тыс бұрмаланып, ыстыққа тарылып, суыққа кеңеюін келтіруге болады. Кекселену (климакс) кезінде, дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің қызметтері бұзылудан, болымсыз жағдайлардан жүрек қағуы, қан тамырларының суық температураға кеңеюі, бұрқ етіп тер шығуы байқалады.

Реактивтілік төзімділік (резистенттік) деген ұғымга жақын тұрады. Төзімділік немесе резистенттік (лат.

геsіstео - қарсы тұру) - ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы. Төзімділік арнайыланған

(спецификалық) және бейнақты (бейспецификалық), олар өз алдына ұрпақтан-ұрпаққа көшетін туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Соңғылары өз алдына белсенді және енжар болып ажыратылады (- сызбанұсқа).

Арнайыланған (спецификалық) туа біткен төзімділікке

мысал ретінде адамдарда ірі қара малдың обасына, құстарда күйдіргі ауруына туа біткен иммунитетті келтіруге болады. Ал оның жүре пайда болған түріне иммунитеттің басқа түрлерін жатқызады. Олар өз алдына белсенді және енжар болып бөлінеді. Жүре пайда болған төзімділіктің белсенді табиғи түрі жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейінгі организмнің иммунитеті болса, жасанды түрі — алдын ала әлсіздендірілген микробтармен егу (вакцинация) кездеріндегі иммунитеті. Бұл кезде енгізілген екпелерге организмнің өзі антиденелер өндіреді. Ал, жүре пайда болған төзімділіктің енжар түрі ауруға қарсы, дайын антиденелері бар, емдік сарысуларды организмге енгізгенде дамиды. Бұны серотерапия деп атайды.

- сызбанұсқа

Төзімділіктің түрлері

Спецификалық

 

Бейспецификалық

 

 

 

 

 

Туа біткен

 

 

Жүре пайда

 

 

 

Туа

 

 

 

Жүре пайда

 

 

 

иммунитет

 

 

 

болған

 

 

біткен

 

 

 

 

болған

 

93

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белсенді

 

 

Енжар

 

 

 

 

Белсенді

 

 

Енжар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(емдік

 

 

 

 

(қорғану-

 

 

- биологиялық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сарысу

 

 

 

икемделу

 

 

тосқауылдар,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

енгізу)

 

 

 

 

тетіктерінің

 

 

- қорғаныстық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қатысуымен

 

 

рефлекстер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- дене шынықтыру,

 

Табиғи

 

 

Жасанды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- суық суға

 

иммунитет

 

 

иммунитет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жаттықтыру,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- гипоксияға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бейімдеу,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- бейдәстүрлік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

емдеу тәсілдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнақты (бейспецификалық) туа біткен төзімділік

белсенді және енжар – деп ажыратылады. Оның белсенді түріне организмнің ауру туындататын ықпалдарға жаратылыстан қалыптасқан күрделі бейімделу жолдарымен белсенді түрде жауап қайтаруы жатады. Мәселен, сыртқы ортада О2 жетіспеуіне организм тыныс алуын, жүрек соғуын жиілетіп, қан айналым жылдамдығын арттырып, шеткері қанда эритроциттердің санын көбейтіп т.с. с. жауап қайтарады

Бейнақты туа біткен төзімділіктің енжар түрінің мысалына организмдегі биологиялық тосқауылдар (тері, шырышты қабықтар, гематоэнцефалиялық, гистогематикалық

тосқауылдар,

шартсыз

рефлекстер

(жөтел,

түшкіру),

жануарлардың

қатты

қабаттары

т.с.с.)

арқылы

қоздырғыштарға енжар түрде қарсы тұруды келтіруге болады.

Бейнақты

жүре пайда

болған

төзімділік организмді

физикалық

жүктемелерге

жаттықтыру,

температуралық

ықпалдарға шынықтыру, гипоксияға бейімдеу, бейдәстүрлік емдеу тәсілдерін (ине салу, қан алу, дене нүктелерін

күйдіріп емдеу т.с.с.) қолдану кездерінде байқалады. Сонымен реактивтілік организмнің төзімділігі емес, ол

төзімділіктің белсенді түрімен жақын келетін түсінік. Кей жағдайларда реактивтілік төмен болғанда төзімділік жоғары болуы мүмкін. Мәселен, жануарлардың қысқы ұйқысы кезінде орталық жүйке жүйесі тежелген, зат алмасу үрдістері азайған, дене қызымы төмендеген, осының бәрі реактивтіліктің төмендегенін көрсетеді. Ал, бұл кезде оттегі жетіспеуіне, жұқпаларға, уыттарға организмнің төзімділігі жоғары болады.

94

Реактивтілікті түрлік, топтық, даралық деп ажыратады

Түрлік реактивтілік. Түрлік реактивтіліктің мысалы

ретінде кейбір жануарлардың қыс мезгілінде ұйқыға жатуын,

құстар

мен

балықтардың

жыл

маусымына

 

қарай

орын

ауыстыруларын

т.с.с.

келтіруге

болады.

Бұл

реактивтілік жануарлардың жалпы түрін және жеке бастарын

сақтап

қалуға,

олардың

жаңа

ұрпақтарын

жалғастыруға

бағытталған. Сонымен

 

бірге

 

адам

жануарлардың

кейбір

жұқпалы дерттерімен ауырмайды. Мәселен, адам ірі

қара малдың немесе иттердің обасымен ауырмайды, осыған

сәйкес

құстар

қалыпты

жағдайда

күйдіргі

ауруымен

ауырмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық

реактивтілік.

Жалпы

адамзат бірнеше

топтарға бөлінген. Әрбір ұлттың мыңдаған ғасырлар

қалыптасқан

әдет-ғұрпы,

салт-дәстүрлері,

қоректену

ерекшеліктері, өркендеу сатылары адам организмінің реактивтілігіне әсер етпей қоймайды. Мәселен, тамаққа ас түзын көп пайдаланатын ұлттардың арасында артериалық гипертензия жиірек кездесетіні белгілі. Қиыр шығыс және солтүстік аймақтардың тұрғындарының реактивтілігі, оңтүстік аймақтардың тұрғындарына қарағанда, ерекше. Таулы жердің тұрғындарының реактивтілігі жазық жерлерде тұратындардан өзгеше болады. Экологиялық апатты аймақтардың тұрғындарының реактивтілігі, басқа адамдарға қарағанда, біршама өзгерген. Сол себептен дерттердің осы топтардың арасында тарауы да әртүрлі.

Сонымен бірге, адамзат қан топтары, тіндік үйлесімдігінің антигендері, дене бітімдік ерекшеліктері, жынысы, жасы бойынша бірнеше топтарға бөлінеді. Бұл топтардың реактивтілік ерекшеліктеріне әсер ететіні белгілі.

Даралық реактивтілік - деп жеке тұлғалардың реактивтілігін айтады. Әр адам қайталанбайтын тұлға. Даралық реактивтілікке мысал ретінде мыналарды келтіруге болады. Кейбір адамдардың сүтке төзімділігі төмендеген

болса, кейбір адамдардың араққа тез құнығып кетуі

байқалады.

 

 

 

 

Кейбір

сау

адамдардың

арасында

олардың

эритроциттерінде

ферменттердің

жеткіліксіздігі

нәтижесінде

көптеген

дәрілерге (амидопирин,

аспирин т.

б.) гемолиз тез дамиды. Кейбір адамдарға хлороформ бергенде жүрек қарыншаларының жыпылық аритмиясы дамып, олар тез жан тапсыруы мүмкін. Хлороформ жүрек етінің катехоламиндерге сезімталдығын көтереді.

Даралық реактивтілік арнайыланған (спецификалық) және 95 бейнақты (бейспецификалық) болып, олар өз алдына физиологиялық, патологиялық болып бөлінеді. Физиологиялық арнайыланған даралық реактивтілікке иммунитет жатса, патологиялық түріне аллергия мен иммундық тапшылықты

жағдайлар жатады.

Бейнақты реактивтіліктің физиологиялық түрі сыртқы ортаның әртүрлі ықпалдарының әсерлеріне болады. Оның дерттік (патологиялық) түрі организмге көптеген бейнақты бүліндіргіш ықпалдардың (иондағыш сәулелер, улы заттар, ыстық немесе суық температуралар т. с. с.) әсерлерінен дамиды. Сонымен бірге адамда бұрыннан дамыған созылмалы аурулар (атеросклероз, гипертониялық ауру, гепатит, туберкулез, ішек-қарынның аурулары, қантты диабет т. б.) организмнің реактивтілігінің дерттік өзгерістеріне әкеледі.

Даралық реактивтілік — адамның тұқым қуалаайтын тектік

және

дене

бітімдік

ерекшеліктеріне,

жүйкелік,

эндокриндік,

иммундық

жүйелердің жағдайларына, оның

қоректенуіне, қоршаған (әлеуметтік) орта жағдайларына, тұлғаның жас мөлшері мен жынысына т.с.с. көптеген жағдайларға байланысты.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЩ ДАРАЛЫҚ РЕАКТИВТІЛІККЕ ӘСЕРІ.

Даралық реактивтілік тұлғаның орталық жүйке жүйесінің түрлерінен, қызметтік жағдайларына байланысты. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) әлсіз және ұстамсыз түрлері (организмнің дене бітімін қараңыз) күшті және ұстамды, жігерлі түрлеріне қарағанда ауруға жиі шалдығады. И. П. Павловтың зертханасында иттерге жасалған тәжірибелерде олардың ОЖЖ әлсіз және ұстамсыз түрлерінде эксперименттік невроз жеңіл алынатыны байқалды. Эксперименттік неврозбен ауыратын иттердің ішкі ағзаларында дистрофиялық өзгерістер, өспелердің дамуы жиі байқалады.

Кейбір аурулардың белгілері шартты рефлекс бойынша пайда болатыны белгілі. Мәселен, стенокардия, қояншық,

 

бронхиалық демікпе ауруларының ұстамалары белгілі бір

 

сыртқы орта жағдайларында басталса, артынан ешбір сыртқы

 

әсерсіз-ақ, осы жағдайларда бұл үстамалар қайталана беруі

 

мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүйке жүйесінде тежелу үрдісі басым

 

болғанда

 

қабынудың өтуі баяулайды, керісінше, қозу үрдісі оны

 

тездетеді. Наркоз кезінде немесе адам қатты үйқыда (мас)

 

болғанда электр ағымының бүліндіргіш әсері әлсірейді.

 

Сонымен

бірге адамды иландыру

арқылы

дерт

 

дамуына

 

тосқауыл қойып немесе одан сауықтыруға болады.

 

 

 

96

Мидың

 

лимбикалық

жүйесі

эмоцияның

орталығы

болып

 

есептеледі. Сол себептен қатты үрей, қорқыныш, қуаныш

 

сезімдері тұлғаның реактивтілігіне әсер етіп, кейде

 

дерттің пайда болуына әкелсе, кейде оны азайтады.

 

 

 

Даралық

реактивтілікте мидағы

гипоталамустың

маңызы

 

өте үлкен. Мәселен, гипоталамустың астына шыны шарик

 

тігілген

жануарлардың өкпесінде,

ішек-қарын

жолдарында

 

жиі дистрофиялық өзгерістер пайда болады. Гипоталамуста

 

дербес (вегатативтік) жүйке жүйесінің және эндокриндік

 

бездердің реттеуші орталықтары орналасуынан олардың

 

қызметтері өзгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлынның бүліністері де даралық реактивтіліктің

 

өзгерістеріне

әкеледі.

Мәселен,

 

жұлыны

 

үзілген

 

көгершіндер

қалыпты

жағдайда

ауырмайтын,

 

күйдіргі

 

ауруымен ауырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Даралық

 

реактивтілік

дербес

жүйке

жүйесінің

 

жағдайларына да байланысты. Мәселен, парасимпатикалық

 

жүйке жүйесін қоздырғанда антидене өндірілуі артады,

 

бауырдың уытсыздандыру және тосқауылдық қызметтері

 

көтеріледі.

Симпатикалық

жүйке

 

қозғанда

фагоцитоз

 

күшейеді, зат алмасу артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Организмде

жүйке жүйесі нәрленістік (трофикалық)

 

қызмет атқарудан, ағзалар мен тіндердің жүйкеленулерінің

 

бұзылыстары оларда дистрофиялар дамуына әкеледі.

 

 

 

Эндокриндік жүйенің әсері. Қоздырғыштардың әсерлеріне

 

жеке тұлғалардың жауап қайтару қабілеті эндокриндік

 

жүйенің ерекшеліктеріне де байланысты. Оның ішінде

 

гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, қалқанша және үйқы,

 

жыныс

бездерінің

маңызы

үлкен.

Глюкокортикоидтық

 

гормондар

 

қабынуға

қарсы

 

әсер

 

 

етеді,

 

минералокортикоидтар, керісінше, қабынуды күшейтеді.

 

Сонымен бірге гипертиреоз кезінде қабыну өте қатты өтеді,

 

ал гипотиреоз кезінде ол тым сылбыр, баяу болады.

 

Гипертиреоз кезінде жануарлардың жұқпаларға, уларға және

 

анафилаксияға

сезімталдығы

көтеріледі.

Қантты

 

диабет

кезінде реактивтілік қатты төмендейді, денедегі жаралар ұзақ уақыт бітпейді, терінің ұсақ іріңді қабынулары байқалады, жиі туберкулез дамиды.

Иммундық жүйенің әсері.Организм реактивтілігінде иммундық жүйе жағдайларының маңызы үлкен. Иммундық жүйенің тұа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтары,

әртүрлі

сыртқы орта ықпалдарынан оның

тежелуі -

организмнің реактивтілігін қатты өзгертеді

(Иммундық

жүйенің

бұзылыстарын қараңыз).

 

Организмнің реактивтілігінде дәнекер тіндердің де зор 97 маңызы бар. Олар макрофагтар жүйесін қалыптастырады.

Осыдан келіп фагоцитоздық әсер, жараның жазылу қарқыны, тосқауылдық және уытсыздандыру қызметтері дәнекер тіндерінің жағдайларымен байланысты болады.

Организм реактивтілігіне адамның қоректенуінің бұзылыстары да үлкен әсер етеді. Толық ашығу және асқа жарымау реактивтілікті төмендетеді. Бұл кездерде қабыну сылбыр өтеді, антидене өндірілуі төмендейді, көптеген аурулардың өтуі баяулайды, анафилаксиялық жағдай дамымайды. Көптеген жұқпалы аурулар дене қызуы көтерілмей және қабынулық өзгерістерінсіз ауыр түрде өтеді. Тағамда нәруыздардың жетіспеуі жұқпалар мен уыттануларға организмнің төзімділігін төмендетеді. Витаминдердің, микроэлементтердің жетіспеулері де организмнің реактивтілігін қатты өзгертеді.

Сыртқы орта ықпалдарының маңызы. Организмнің даралық

реактивтілігінде

сыртқы

орта ықпалдарының да

маңызы

үлкен.

Мәселен,

суық

қанды

жануарлардың

дене

температурасын көтеру арқылы олардың реактивтілігін жоғарылатуға болады. Бұл жағдайларда кесірткелерде, қалыпты жағдайларда дамымайтын, анафилаксияны, бақаларда сіреспені (столбняк), камфоралық эпилепсия ұстамасын алуға болады. Дене температурасын төмендету (гипотермия) арқылы гипоксияға, механикалық жарақаттың әсерлеріне

организмнің төзімділігін көтеруге болады.

 

Сыртқы

ортаның

адамға

әсер

етуі

әлеуметтік

ықпалдармен

қабаттасады. Қазіргі өндірістерде — «адам-

машина» сияқты жаңа арақатынастардың пайда болуына байланысты адам организмінің реактивтілігі өзгереді. Өндірістік үрдістердің қарқынына адамның ілесе алмауы себепті әртүрлі жан-дүниелік өзгерістер, жарақаттанулар

пайда

болуы

мүмкін.

Жұмыста

және

отбасында

микроәлеуметтік

қатынастардың

бұзылуы

адамда

ойсоққылықтар (эмоциялық стресстер) дамытады. Бұлардың барлығы организм реактивтілігінің өзгеруіне әкеледі.

Сонымен қатар сыртқы ортаның иондағыш сәулелермен, химиялық улы заттармен ластанулары организм реактивтілігіне үлкен әсер етеді. Автокөліктердің шығаратын улы газдарының зардабынан адамдардың вирустар мен микробтарга қарсы төзімділігі азаяды. Осыдан ірі қала тұрғындарының арасында тыныс жолдары мен өкпе, жүрек аурулары жиі кездеседі.

Әлемде жылына 1 миллионнан астам тонна пестицидтер өндіріледі. Хлорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада 10 жылдан астам ыдырамай сақталып қалады. Адам денесіне 98 түсіп олар барлық ағзалардың қызметтерін бұзады. Адам денсаулығына тигізетін олардың зияндары, кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша, радийбелсенді заттардың

зардабынан бірде-бір кем түспейді.

Даралық реактивтілік адамның жасына байланысты болады. Осыдан: ерте балалық жастағы реактивтіліктің төмен болуы, организмнің кемелденуіне байланысты реактивтіліктің жоғарылауы және қартайған организмнің реактивтілігі қайтадан төмендеуі байқалады.

Ерте балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы мына жағдайларга байланысты:

сыртқы және ішкі биологиялық тосқауылдардың толық жетілмеуіне;

жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуіне;

иммундық жүйенің толық дамымауына.

Табиғи биологаялық тосқауылдардың жетілмеуі нәтижесінде:

әртүрлі ауру туындататын қоздырғыштар (микробтар, уыттар, улар, иондағыш сәулелер т. б.) организмге жеңіл өтіп кетеді;

жұқпалар мен уытты заттар, бір жерде ұсталып тұрмай, бүкіл денеге тарап кетеді;

улы заттарға, дәрілерге организмнің сезімталдығы көтеріледі.

Жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуінен:

мида гипоталамус, торлы құрылым, көру төмпешігі

және мидың сыртқы қыртысы өзара функциялық қарым қатынасқа бірікпеген. Олардың бұлай бірігуі туғаннан кейін 4 айдан соң ғана қалыптасады. Көру төмпешігінде ауырусыну орталығының және оның шеткері қабылдағыштарының толық жетілмеуінен жаңа туған нәрестелерде ауыру сезімі әлсіз болады;

♣ жүйкелік-рефлекстік жолдармен дамитын икемделістік-бейімделістік серпілістердің жеткіліксіздігі

байқалады; Қан тамырларының жүйкелік-рефлекстік реттелуі жетілмеуінен нәрестелердің дене қызымы сыртқы ортаның температурасына байланысты болып, ол жоғары болғанда қатты көтеріліп, суық болғанда төмендеп кетеді. Осы себептен олар қансырауға да өте сезімтал болады;

♣ мидың сыртқы қыртысы толық жетілмеуінен және оның қыртыс асты орталықтарға, жұлынға тежегіш әсері болмауынан әртүрлі қоздырғыштарға нәрестелердің организмі шашыранды тараған серпілістермен жауап қайтарады. Сонымен бірге жүйке талшықтарының көпшілігі миелин қабығымен

99қапталмаған. Мидың сыртқы қыртысының қозымдылығы төмен болып, онда тежелу үрдісі басым болады және ол тез қалжырап қалады. Тіршілікке қажетті үрдістер қыртыс асты құрылымдардың басым қатысуымен атқарылады. Сондықтан әртүрлі ықпалдар жүйкелік үрдістердің бүкіл денеге кең тарауын туындатады. Осыдан жаңа туған нәрестелердің дерттері, бір жерге орнықпай, организмнің жалпы

өзгерістерімен: жалпы қобалжумен, баланың жылауымен, тырыспа-селкілдек дамуымен, құсумен, ауыру сезімінің ауырған жерге орналаспай, бүкіл денеге тарауымен т. с. с. аурудың жалпы көріністерімен көрінеді;

гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің жетілмеуі нәтижесінде организмнің бейімделу қабілетінің төмен болуы байқалады. Жаңа туған нәрестелердің гемолиздік ауруы кезінде бүйрек үсті бездерінің қызметі әрдайым жеткіліксіз болады. Өйткені эритроциттердің гемолизінен босаған гемоглобиннен түзілген тура емес билирубин, бүйрек үсті бездерінің жасушаларында жиналып, оларда тотығу-фосфорлану үрдістерін ажыратады. Осыдан қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделуіне қажетті кортикостероидтық гормондардың түзілуі бұзылады.

Иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен:

иммундық жүйенің, әсіресе оның гуморалдық тетіктерінің, қалыптасуы мен дамуы жеткіліксіз болуынан жас балалар жұқпалы және вирустық аурулармен аурушаң келеді. Сонымен бірге жаңа туған нәрестелерде, әсіресе шала туған балаларда, төзімділіктің арнайыланбаған

тетіктері де жетілмейді. Мәселен, олардың қанының бактерицидтік қасиеті төмен болады. Туғаннан кейінгі алғашқы апталарында олардың қанында лизоцим және комплемент өте аз болады. Сондықтан терісінің тосқауылдық қызметі біршама болғанына қарамай, олардың денесінде бактериялар тез өсіп-өніп кетеді. Оларда фагоцитозда жиі

аяқталмаған

болады,

екі

жасқа

дейінгі

балаларда

интерферон өте аз мөлшерлерде өндіріледі.

 

♣ жаңа туған нәрестелердің алғашқы екі айларында аллергеннің әсеріне елеулі аллергиялық серпілістер байқалмайды. Оларда аллергиялық серпілістер ішек-қарын жолдарының бұзылыстарымен (құсумен, іш өтулерімен), дерматиттер дамуымен көрінеді.

Ересек организмде жүйке жүйесінің толық дамуымен, тосқауылдық жүйелердің (тері, шырышты қабықтары, гематоэнцефалиялық, гистогематикалық тосқауылдар, лимфалық түйіндер т. б.), антидене өндіру және басқа қорғаныстық мүмкіншіліктердің жақсы жетілуімен

100 қабаттасады.

Қартайған жаста организмнің жұқпаларға төзімділігі қайтадан төмендейді. Өйткені олардың жүйке жүйесінде зат алмасулары өзгереді, тосқауылдық жүйелердің қызметтері әлсірейді, антидене өндіру қабілеті және дәнекер тіндері жасушаларының фагоцитоздық қызметтері азаяды. Мұның барлығы жүйкелік-эндокриндік және иммундық жүйелердің жасқа байла-нысты кері дамуынан болады. Мәселен, қарттарда көптеген шырышты қабықтарының іріңді қабынулары, вирустардың әсерлерінен дамитын тұмау, энцефалиттер т.с.с. жиі байқалады. Бұл аурулар қан тамырларының атеросклероздық өзгерістерімен, гипертензиялық аурумен, ас қорыту жолдарының созылмалы дерттерімен қабаттасып өтеді.

Қарт адамдардың реактивтілігінің ерекшеліктеріне:

бір басында көптеген аурулардың болуы;

ауру белгілерінің көбінесе жасырын түрде өтуі;

аурудың созылмалы түрде өтуі;

ауру кезінде икемделу-бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы;

иммундық жүйесінің жеткіліксіздігі - жатады.

Даралық реактивтілік адамның жынысына байланысты болады. Ер адамдарда атеросклероз, коронаросклероз, миокард инфаркты, гипертензиялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары, подагра, маскүнемдік т.б. жиі кездеседі. Әйелдерде эндокриндік жүйелердің аурулары, құздама, өт-тас ауруы, ішектер мен тері аурулары т. б. жиі кездеседі. Сонымен қатар әйелдер ашығуға, қан кетуге, гипоксияға, организмнің сусыздануына төзімдірек келеді. Өмірдің орташа ұзақтығы әйелдерде, еркектерге қарағанда, біршама ұзақ. Мұндай жынысқа байланысты реактивтілікті, барлық тіршілік үрдісгеріне әсер ететін, гормондық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.

Организмнің реактивтілігіне тұқым қуалаушылық пен дене

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]