Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

12.Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі

А

Автономия (грекше өзі-өзібасқару) – 1. мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең ішкі басқару; 2. біртұтас Конституция негізетін басқарылатын мемлекеттің ажырамас бөлігі.

Авторитаризм(латынша–билік) – демократиялық принциптерді жойып, жеке (авторитарлық) тұлғаның шексіз билігін орнататын саями билік жүйесі, ол қоғам өмірінің барлық жақтарын өзіне бағындырады. Авторитаризм тоталитаризмге әкеледі, ол террорлық режимге, барлығын қамтитын орталықтандыруға, сөзсіз бағынуға сүйенеді, оған күш қолдану және қоғамдық көзқарасты идеологиялық өңдеу арқылы қол жеткізілді.

Автохтон(грекше тұрғылықты, тұрақты; қарама-қарсы – аллохтон) – сол жерде пайда болған мәдениеттер.

Автохтондық түр(грекше – жер) – қазіргі заманғы кен орнында пайда болған жер; автохтондық құрым сатыланған құрылымдар бөлігі; олар тектоникалық бұзылу жерінде қалады.

Аграрлықмәселе (латынша-agrarius) – 1. жер игеруге, жерді пайдалануға байланысты; 2. ауылшаруашылық өндірістің өнеркәсіптен асып түсуімен ерекшеленеді.

Агрессия – мемлекет дербестігін, оның тәуелсіздігін территориялық тұтастығын әскери жағынан бұзу.

Абсолюттік монархия(Абсолютизм) – мемлекеттегі саяси билік билеушінің қолында шоғырланған мемлекеттік басқару формасы (король, патша, шах, әмір, император т.б.) Конституциялық, шектеулі монархиядан биліктің жоғарғы деңгейде орталықтандырылғанымен ерекшеленуі.

Автаркия– елдің немесе аймақтың оқшау шаруашылық құру мақсатында экономикалық изоляция саясаты.

Автократия– мемлекет басшысы шексіз билікке ие болған билік тәсілі.

Адам құқығы- өз қалауымен кез-келген іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі. Адамның негізгі құқықтары туғаннан сақталады.

Азаматтылық– адамның мемлекеттің саяси жүйесіне қатыстығын анықтайтын саяси статусы.

Азаматтық қоғам– әлеуметтік, мәдени, діни және ғылыми құндылықтарды қолдау үшін арналған мемлекеттік емес институттардың және байланыстардың жүйесі. Оның құрамына әртүрлі бірлестіктер кіреді (саяси партиялар, қозғалыстар, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар, шіркеу, отбасы және т.б.)

Азамат соғысы– мемлекет ішіндегі халықтың әлеуметтік күресінің ең өткір формасы, күресуші қарсы негізгі мәселелерін шешу және билік үшін ішкі күштердің (азамматтар соғысы) күресі.

Азық–түлік салығы– 1921 ж. салбырт орнына енгізілген, ЖЭС – тің басталуына негіз салды. 1923 ж-ға дейін сақталған.

Амнистия– (грекше кешірім) – жазадан босату немесе оның жеңілдетілуі – жоғары мемлекеттік билік шешімімен қабылданатын әділ – сот шаралары.

Анархия(грекше-anarcsia) басшысыздық, өкіметсіздік; 2) бытырыңқылық, ұйымдаспағандық, тәртіпсіздік; өндіріс анархиясы-жеке меншіктен туатын капиталистік шаруашылық дамуындағы бытыраңқылық.

Андронов мәдениеті– 1 (қола дәуірі (б.з.д. 2 мың.ж) Батыс Сібір, Қазақстан және Орал маңы. Ачинск маңындағы Андроново селосына байланысты қойылған. Молалар мен тұрақ қалдықтары. Шаруашылығы: мал шаруашылығы әне жер өңдеушілік; 2) Оңтүстік Зауралье, Батыс Сібір мәдениеті. Қола дәуірі б.з.д. II мыңжылдық – б.з.д. II мыңжылдық – б.з.I мыңжылдық басы.

Анимизм – Алғашқы қауым адамдардының рухы, әр заттың жаны бар деген ғылымға дейінгі түсінігі.

Антанта (француз-келісім) – Ұлыбритания, Франция, Ресей кірген әскери блок. 1907 жылы құрылған. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия бастаан Үштік одаққа қарсы болды.

Антигитлерлік коалиция – (1941-1945 ж.ж.)-Германия фашистік блогына қарсы күресуші мемлекеттер мен халықтардың әскери – саяси одағы. Италия, Жапония және олардың одақтастары қосылды.

Антикоминтерндік пакт –1963ж. Германия мен Жапония арасында жасалған Коммунистік Интернационалға қарсы бірігіп күресу жөніндегі келісім. Шын мәнісінде КСРО-ға қарсы бағытталды. 1938ж. оған Италия қосылды.

Антропология –адамдардың және нәсілдердің эволюциясы, олардың шығу тегі жөніндегі биологиялық ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: антропогонез, адам морфологиясы және энтикалық антропология немесе нәсілтану. Кейбір шетелдерде «антропология» термині адамдар жөніндегі ғылым жиынтығы деп түсіндіріледі, оған этнография, да кіреді.

Альтернативтілік –ұсынылған бірнеше варианттардан сайлау мүмкіндігі.

Анархизм – саяси ағым. Мемлекет институтынан бас тартуды уағыздайды, ол тұлғаның шексіз бостандығын қолдайды.

Антисметизм – еврей ұлтының өкілдеріне жау көзқарасты негіздейтін идеология.

Апартеид – нәсілдік дискриминация және түсті халықтар құқын шектеу саясаты.

Апогей – (грекше - Жерден аластатылған) – кез-келген дамудың жоғарғы нүктесі; шың, гүлдену (кең тараған ұғым «атақ апогейі»).

Аренда – (латынша – қарызға беру). Белгілі бір уақытта жер, мекеме, ғимаратты жалға беру.

Аристократия – 1) билік етуші социумның жоғарғы үстем тап адамдары, ақсүйектер; 2) мемлекеттік билік формасы, билік осылардың қолында болады.

Артықшылдықтар – біреуге берілетін ерекше құқық артықшылық.

Архаизм– (грекше – ежелгі, көне) – 1) ескірген сөздер, қолданыстан шыққан; 2) ескірген құбылыс, ескілік, қалдығы.

Археологиялық ескеркіштер – ежелгі заттар, қоныстар қалдығы, молалар, құрылыс қалдықтары.

Археологя– (греше ежелгі дүние туралы ғылым) – қоғам тарихын заттай тарихи деректер, адамның материалдық мәдениетінің қалдығы (заттай ескерткіштер) бойынша зерттейтін ғылым.

Ассимиляция– бір халықтың басқа халықпен оның тілін, дәстүрін меңгеріп, өз тілін, мәдениетін, ұлттық ой-санасын жоғалтуы; табиғи ассимиляция халыққа тиімді жағдайда өтеді және шағын халықтың ірі этникалық қауымымен қосылады; күшпен ұлттық, діни қанау жағдайында өтеді және белгілі бір халықтарды басу.

Ассимиляциялық саясат– капиталистік мемлекеттердің шовинистік саясаты, қаналған халықтың ұлттық ерекшеліктерін жоюға бағытталған, оларға үстемдік етуші ұлттың тілін, мәдениетін, дінін күштеп таңу арқылы жүзеге асырылады.

Атаман – 1) мемлекеттік биліктен тәуелсіз отряд басшысы; 2) казак әскерлерінің жоғарғы басшысы.

Ауыл– тұрақ, ертеде көшпелі, қазір отырықшы.

Ашель– ерте палеолит мәдениеті. Амьен қаласындағы Сент Ашель (Франция) елді мекеніне байланысты қойылған. Алғаш рет 1885ж. ғылымға Габриель де Мортилье палеолиттің бесінші кезеңі ретінде енгізді, ол шелль мен мустье арасын қамтиды.

Алғашқы қауымдық құрылыс– ұжымдық еңбек құралдары бар, тбиғатқа адамзаттың толық тәуелді адамзат дамуының алғашқы кезеңі.

Айырбас– шаруашылық өмірдегі адамдардаың қызметі. Әдетте қазақ азық- түлік, мал, қолөнер бұйымдары айырбасқа түскен.

Ақ гвардия– Кеңес мемлекетіне қарсы, Қазан революциясынан кейін пайда болған антибольшевиктік әскери күштердің құрылуы. (Қызыл әскерге қарсы).

Ақсүйектер– алғашқы қауымдық құрылыста билік пен жалпыға бірдей құрметке ие болған адамдар мен адамдардаың тобы: ақсақалдар, ру басшылары, көсемдер мен дінге табынушылар.

Алтын Орда– 1240 жылдың басында Батый хан негізін салған монғол-татарлар мемлекеті. Оның құрамына Батыс Сібір, Еділ Бұлғариясы, Солтүстік Кавказ, Қырым және т.б. территориялар енді. Орыс княздықтары ұзақ уақыт бойы Алтын Орда тәуелділігінде болып, оған чалық төлеп тұрған. XVғ. Ол бірнеше мемлекетке ыдырап кетті: Сібір, Астрахань, Қазан, Қырым хандықтары және т.б.

Апат – кездейсоқ оқиға, нәтижесіде ауыр зардаптарға әкеледі.

Ә

Әкімшілік – 1) мемлекеттік басқарудың үлестіруші органдар, атқарушы билік органдары; 2) басқарудың лауазымды адамдары, персонал; 3) реттеушілер, жауаптылар.

Әнұран– (грекше-салтанатты өлең) мемлекеттің ресми символдардың бірі (елтаңба және тумен қатар)

Әскери демократия– алғашқы қаумдық құрылыстың ыдырауы кезінде болған мемлекеттіліктің түрі. Алғашқы қауымдық коллективизм мен демократияның қалдықтары саяқталған жағдайда әскери көсемдерінің биілігі жоғары болды.

Әскери коммунизм– 1918-1920ж.ж. азамат соғысы жылдарында жүзеге асырылған Кеңес мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Ол капиталистік элементтерді тез арада күшпен ығыстыру арқылы социалистік қоғамды құру мүмкіндігін көздейді.

Б

«Барбаросса жоспары» – КСРО-ға қарсы Германияның агрессиялық жоспарының атаы.

Бай– ірі жер иеленуші, мал иесі, саудагер.

Бальзамдау- өлген адамның денесін бұзылудан сақтау мақсатында арнайы құраммен өңдеу.

Батыр– 1) түркі халықтары мен монғолдардағы мұрагерлік емес атақ, ол жекелеген тұлғаларға әскери қызмет үшін беріледі; 2) түркі халықтарының фольклорында және тұрмыста – витязь, халық батыры, богатырь; 3) әскери қызметі үшін берілген құрметті атақ.

Би – білікті адам, «қарасүйектен» шыққан, патриахтық – рулық қауымның жоғарғы сатысында жатады. Көшпелі қауымның сот билігін іске асыршы адам.

Белсенді сайлау құқығы – сайлау құқы (сайлауға қатысу)

Болыс – территориялық - әкімшілік бірлестік.

Бодандық – монархиялық билік формасы бар мемлекеттерде осы мемлекетке тәуелділігін білдіретін термин.

Большевизм – саяси ой аймағы және Ленин бастаған саяси қозғалыс РСПДЖП-ң (Ресейдің социалдемократиялық жұмысшы партиясы 1903ж.) II-съезінде басшы органдар сайлау кезінде Ленин жақтастары көп дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.

Большевиктер– РСДЖП фракциясы. 1903ж. партияның II-съезінде басқарушы органның сайлауы нәтижесінде пайда болды. Революциялық қозғалыста радикалды бағытты ұстанған. Көсемдері В.И.Ленин болды. Фракцияның ірі өкілдері-Г.М.Крижаноский, В.В.Бровкой, А.В.Луначарский, Л.Б.Каменев, Л.б.Зиновьев және т.б. 1917 жылы большевиктер Петроградтаы көтерліс нәтижесінде билікке келді.

Буддизм- әлем діндерінің бірі (ислам, христиан діндерімен бірге) Үндістанда б.з.д. Vғ. Пайда болған, негізін алаған Гаутама атымен аталған. Оған кейін Будда (көзі ашық) аты беріледі. Жапония, Қытай, Бирма т.б. шығыс елдерінде тараған.

Бумерманг– ұзындығы орташа 75 см. Жуық орақ тәрізді ағаш кесіндісі. Бірақ кейде оның ұзындығы 2 метрге жетеді. Ұру және қорғану және қорғану құралы ретінде қолданылады, бірақ оның негізгі қызметі – лақтыру. Ұшу ұзақтығы – 100 М.Бумергангтың ерекшелгі – көздеген жерге тимеген жағайда иесіне қайтып келетін қасиеті, Бумермангтар Америка тайпаларында, әсіресе Австралияда сақталған.

Буржуазия әлеуметтік топ, қоғамдық тап. Кейінгі орта ғасырда пайда болып, буржуазиялық революциялар нәтижесінде үстем етуші тапқа айналған.

Буржуазиялық революция– негізгі мақсаты феодолдық құрылыс немесе оның сақыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазялық мемлекет құру болған әлеуметтік революция.

Бутырь түрмесі (халық арасында Бутырка) – XVIII-ғасырдың аяғында Москвада пайда болған түрме ХIХ-ғасырдың ортасына дейін негізінен қылмыскерлерге арналған, оның кейін қылмыскерлер онда өздерінің Сібірге, каторгаға, жер аударуға айдалу мерзімін күткен. 1970ж. бастап түрмеде саяс қылмыскерлер бөлімі болды.

Бүлік– мемлекеттік төңкерісті көздейтін, өкімет жұмысына қарсы топтың қарулу қақтығысы.

Билль– парламент қарауына жіберілетін (АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдердердегі) заң жобасы.

Биліктің делегациялануы – билікті халықтың өз өкілдеріне беруі. Бюрокатия – елде әкімшілік басында болатын жоғарғы мәртебелі шенеуніктер тобы.

Бірінші дүние жүзілік соғыс– 1914-1918ж.ж. аралығында болған Австро-Германдық блокпен Англия, Фрация және Ресей коалициясы арасында болған соғыс. Бұған сонымен қатар Таяу және Қиыр Шығыс, Африканың көптеген елдері қатысты. Соғыстың басталуына 1914ж. 5 маусымда Сараево қаласында австро – венгриялық тақтың мұрагерінің өлтірілуі сылтау болды.

БК(б)П– Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы.

Билік бөлінісі – ешбір мемлекеттік орган, ешбір тұлға мемлекеттегі толық билікке ие бола алмайтын жүйе. Мұнда билік үш бұтаққа бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.

БОАК – Кеңестердің Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті.

Г

Гегемон – басшы, көсем.

Гегемония(грекше – үстемдік) – үстемдік жағдай, қозғалыста, күресте(пролетариат гегемониясы) басшылық ролді алу үшін саяси күшті пайдалану.

Генерал-губернатор– губернияның әскери бастығы.

Генералиссимус– рангтар туралы Табелге енгізілмеген Ресейдегі жоғарғы әскери шен. Кеңес кезінде бұл атақ 1945 ж. 26 маусымда енгізіліп, 1945 ж. 27 маусымда И.Сталинге берілген болатын.

Геноцид– нәсілдік, ұлттық және діни мотивтермен халықтың белгілі бір тобын жою.

Гоминидтер– (латынша + грекше түр) – қазба адамдары сияқты приматтар отрядының жанұясы (питекантроп, синантроп, неандерталец). Гомосапиенс (латынша – homo sapiens) – адамның қазіргі түрі; ойлайтын (немесе ақылды) адам.

Гулаг– еңбекпен түзеу лагерлері, еңбек қоныстары және мерзім өтеу орындарының басты басқармасы. 1934ж. НКВД (Ішкі істер халық комиссариаты) құрамында құрылған. Оның құрамына Халық комиссариаты әділет басқармасының барлық еңбекпен түзеу орындары беріледі. Басқару орны 1956 жылға дейін өмір сүрді. “ГУЛАГ” термині жаппай қуғын-сүргін құрбандары жазаларын өтеген барлық лагерлер және түрмелер жүйесін атау үшін пайданылады.

Гумус– жердің құнарлы қабаты, өсімдіктер және жануарлар қалдықтарының биохимиялық түзулерінен пайда болады.

Гуньмо– үйсін басшыларының титулы.

Ғ

Ғылыми техникалық революция – ХХғ. Ғылымды дамудың шешуші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбірлі, сапалы қайта құру.

Ғұндар– ежелгі түркі тайпасы. Халықтарды Ұлы қоныс аударуының негізін қалады.

Д

Даншактар – 1890ж. негізі аланған «Дашнакцутюн («Одақ») армян париясының мүшелері.

Дағдарыс – ауыр өтпелі жағдай. Күрт құлдырау.

Декаберистер– революционер – дворяндар, 1825ж. Ресейде алғаш рет буржуазия-демократиялық өзгерістерді қолдай отырып, самодержавие мен крепостниктерге қарсы ктерілді. Елдің қоғамдық өміріне зор ықпал етті.

Декларация– (латынша–қаулы) – жоғарғы өкіметтің заңдық күші бар қаулысы, заң актісі. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы барлық заңдары декрет деп аталды.

Демилитаризация– белгілі бір территориядағы әскери бекіністерді. Халықаралық келісім негізінде жою және ол жерде әскери базалар мен әскер ұстауға тыйым салу.

Демография– халықты, оның құрамын, табиғи және механиканикалық қозғалысын, санына, жынысына, жасына, кәсібінің түріне және басқа белгілеріне қарай зерттейтін қоғамдық ғылым саласы.

Демократия – халық билігі; өкімет билігі халықтың қолында саяси құрылыс. Деспотия – шексіз, абсолюттік заңсыз билік.

Депортация– (латынша – қуғындау) – 1920-1940ж.ж. жаппай қуғын-сүргін кезіндегі КСРО – ның бірқатар халықтарын тарихи отандарынан қуғындау, еріксіз мемлекет шекарасынан шығару. Депортация ауыр қылмыс болып саналады.

Десятина– 1) орысша жер көлемінің өлшемі 1,09 га; 2) астықтың немесе түсімнің оннан бір бөлігі Х ғасырдан бастап белгілі болып, ХХ ғасыр басына дейін қолданылған.

Диктатура– (латынша – шексіз билік) – белгілі бір тұлға, топ, топтың шексіз билігі. Басында басшысы бар белгілі бір топ жүзеге асыратын барлық саяси, экономикалық, идеологиялық билік.

Династия– бірін-бірі туыстық жіне мұрагерлік құқы бойынша тақта алмастыратын бір рудан шыққан монархтар.

Дислокация– 1) жаяу әскер мен әскери мекемелерді бейбіт уақытта оларға бөлінген жерлерде орналастыру; 2) әскери бөлімдерді майданға, әскери әуе күштерді қысқы уақытта аэродромға орналастыру.

Дискриминация– жеке тұлға немесе топтарды белгі бір белгісіне қарай (ұлты, нәсілі, діні, жынысы, меншіктік жағдайы және т.б.) құқықтарын шетеу немесе айыру.

Диссиденттер тоталитарлық режим кезінде көпшілік немесе ресми көзқарасқа қарсы шыққан тұлғалар. КСРО-да диссиденттер негізінен құқық қорғаушылар болды.

Дүниежүзілік соғыс– капиталистік елдердің ыпал ету сфералары, шикізат көзі, дүниежүзілік үстемдік үшін қақтығыстың күшеюінің нәтижесі.

Е

Егінші – жер өңдеуші.

Езгі (отарлық езгі)– бір адамдарды басқа адамдардың бағындыруы және қанауына бағытталған.

Екінші дүниежүзілік соғыс– 1939ж. 1-ші қыркүйекте басталған жаңа дүниежүзілік соғыс; адамзат тарихындағы ең үрейлі, қатал жойқын соғыс.

Екінші майдан– фашистік Германияға қарсы соғыс кезеңінде 1944ж. маусымда АҚШ пен Ұлыбританияның Нормандияға одақтастар әскерін түсіруімен ашылды.

Елтаңба – мемлекет, қала, рудың тарихи қалыптасқан эмблемасы.

Ереуіл– еңбек қақтығыстарын шешудің бір жолы, онда жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымы өздері берген экономикалық және саяси талаптар қанағаттандырылғанға дейін өз жұмыстарын тоқтатады. Ресейдегі алғашқы ереуілдер XIXғ. 70ж. бастап белгілі болды.

Ескерткіш– 1) адамзаттың мәдени құндылықтарының (тарихи, археологиялық, жазба және т.б.) бір бөлігін құрайтын объект; 2) белгілі бір атақты тұлғаға немесе оқиғаның құрметіне жасалған өнер туындысы.

Ж

Жайлау – жазғы жайылым, көшпенділердің тұрағы.

Жазалау шаралары– жазалау түрлері.

Жазу мәдениеті– ерте кездің маңызды жаңалығы. Жаздың пайда болуы адамзат дамуын жеделдетті.

Жаңа экономикалық саясат– 1921ж.наурызда РКП(б)-ның Х-сьезінде кеңес басшылары енгізген, «әскери крмунизм» саясатына қарсы халық наразылығын басуға бағытталған.

Жастық ценз – белгілі бір жасқа жету.сонымен бірге жеке елдерде расалық, ұлттық т.б ценздер бар.

Жүздер– қазақ халқына және жалпы қазақ территориясын мекендеген ірі тайпалардың немесе одақтардың теритториялық бірлестігі.

Жебе мен садақ– тас ғасыры кезінде адам қаруының ерекше түрі.Псоңғы дәуірінде пайда болды.Мезолит кезінде барлық жер шарына таралып,алғашқықауым адамдарының шапшаң және жетілген қаруына айналды.

Жеке басқа табыну– бар жақсы істерді бір билеушінің басына шоғырландыру.Мұның айқынмысалы – И.В сталин заманы.

Жер иелену – белгілі бір негізде – жеке меншік, жалға беру және т.б жерді иелену.

Жер өңдеу– азық-түлік алу мақсатында жерді өңдеу.Ертеде жер өңдеудің

маңызы мал шаруашылығымен салыстырғанда төмен болды.

Жерді национализациялау– жеке меншік жердің мемлекет меншігіне өтуі,ол толық немесе жартылай сатып алу немасе қайтарымсыз экспроприяция арқылы жүзеге асырылады.

Жиырма бесмыңдықтар– КСРО – дағы партия мүшелері мен комсомолдар қатарындағы жұмысшылар,олар БКП (б) – ның қараша (1929ж). Пленумының шешімімен 1930ж. басында ұжымдастыруды және тәркілеуді жүргізу үшін ауылдарға жіберілеген. Барлығы 27мың адам.

Жоғарғы немесе кейінгі палеолит– 40-10 мың жыл бұрын қазіргі типті адамның өмір сүру уақыты (хомо сапиенс).

З

Заң – мемлекеттік биліктің жоғарғы органының нормативтік акті, ол басқа заң шығарушы құжаттарға қарағанда жоғары тұрады және Конституцияның статьяларына сәйкес келуі керек.

Заң жинағы– мемлекеттің заңдарының және құқықтық актілерінің жиынтығы.

Зекет– малдың 1/20 бөлігі көлеміндегі хан мен сұлтандар пайдасына төленетін салық, Оңтүсік Қазақстанның қалаларындағы қолөнершілер мен саудагерлерінен жиналған.

И

Идеология (грекше-оқу) – идеялар мен көзқарастар жүйесі: саяси, құқықтық, философиялық, діни, эстетикалық, оларда адамдардың шындыққа көзқарасты білініп, бағаланады, әлеуметтік топтардың мүдделері көрінеді. Идеология адамдардың, таптардың, топтардың, партиялардың өмірге деген көзқарасын білдіреді, олардың дүниетанымын көрсетеді. Оны теоретиктер мен идеологтар өңдейді. Қоғамға белсенді түрде әсер етеді.

Издольщина– мемлекеттің немесе мұрагер және иеленушілердің меншігіндегі жерлер, шаруаларға жалға беріледі. Астықтың көп бөлігін салық түрінде издольщик мемлекетке немесе жер иесіне беріп отырған.

Икта– (арабша) – феодалға берілген жер үлесі және сонымен бірге аудан, облыс немесе қала халқынан салық жинау құқығын алу.

Иктадар (мукта) – басшылардың бірінші талабы бойынша әскери қызметке қаруы және киімімен келуге індетті иктаның иесі.

Император- (латынша-билеуші) – 1720 жылдан яғни Ресей мемлекетінің басшысының титул 1721 жылдан яғғни Ресей империя болып жарияланғанынан 1917 жылдың ақпанына дейін сақталған.

Империализм– (латынша – үстемдік) – XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында басталған капитализмнің жоғарғы және соңғы сатысы; бұл кезде державалвар арасындағы территориялық бөлісу аяқталды.

Империя(латынша – билікті, құдіретті) – орталықтандыру мен бір ғана билік жүргізудің қатаң саясатын жүргізуші императоры бар монархиялық мемлекет (1721ж. Ресей).

Импичмент– мемлекеттің жоғарғы тұлғаларын қызметінен аластатудың екрекше тәртібі.

Инаугурация– мемлекеттің жоғарғы тұлғаларының қызметке кірісуінің салтанатты процедурасы.

Инвестициялар(латыншакиіндіремін) – ел ішінде және шет елдердің экономикасының салаларына көп мерзімді капитал салу.

Индустриализация– 1) ірі техникалық дамыған өнеркәсіп, құру, ең алдымен елдің халық шаруашылығының негізгі және жетекші сектор ретінде өндіріс құр алдары мен заттарын өндіретін салаларын дамыту. 2) (латынша-талпыну) – өнеркәсіп ен шаруашылықтың басқа салаларында өндңргіш күштердің өсуі және экономиканы көтеру үшін ірі машина өндірісін құру.

Интеллигенция(латынша-ойшыл) - ой соның ішінде күрделі шығаррмашылық еңбекпен және мәдениеттің дамуымен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.

Интенсивтілік– күшейтіген, ең көп өнімділік беретін іс-әрекет.

Интервенция(латынша-араласу) – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа бір мемлекеттің ішкі істеріне күшпен араласуы, оның егемендігін бұзу, ол әскери (агрессия), экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық болуы мүмкін. Халықаралық құқықпен тыйым салынған.

Ислам– христиандіні және буддизмен қатар әлемдік діндердің бірі. VII ғасырда Аравияда пайда болған. Исламның негізін қалаушы өзін негізін қалаушы Алланың елшісі деп жариялаған Мұхаммед болып саналады. Исламның діни ілімі Құранда жазылған; Ислам әсіресе Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік – шығыс Азия жәе бұрынғы КСРО–ның облыстары мен территорияларында таралған.

К

Кабала– ежелгі және ортағасырлық Русьте: феодалдық қанау формаларының бірі – келісім немесе жазбаша қарыздық міндеттілік, ол жұмысшыны қарыз берушіге жеке немесе мүліктік тәуелділікке қояды.

Казачество – XVIII-XXғ.ғ. Ресейдегі әскери сословие. Әскери сословие: ел шетінде әскери қызмет атқарған қарулы адамдар. XVғ. Қашқын басыбайлы шаруалармен посад адамдарынан құралған «еркін адамдар» бірлестігі.

Капитализм– өндірістің негізгі құралдары алдамалы жұмысшылар табын қанаушы капиталистер табының (буржуазия) жекеменшігі болатын қоғамдық құрылыс. Капитализм –жеке меншікте өндірістің құралдары және жалдамал еңбекті пайдалануға негізделген қоғамдық –экономикалық формация.

Капитуляция– қарулы күрестің тоқтатылып, соғысушы жақтардың қарулы күштерді жеңімпаз мемлекетке беруі.

Кәсіп одақтар– жалдамалы жұмысшылардың жаппай қоғамдық ұйымдары, олар мүдделердің ортақтығы және өз мүшелерінің еңбек және тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатымен бірігеді. Қазіргі әлемде кәсіп одақтардың саяси белсенділігі өсуде, бұл қоғамның өмірінің даму көрсеткіші болып табыады.

Керзон сызығы– межелік сызықтың шартты атауы. 1919ж. желтоқсанда Антантаның Жоғарғы кеңесінде Польшаның шығыс шекарасы ретінде ұсынылған.

Квантун әскері– Жапон әскери тобы, 1945ж. Маньчжур операциясында маршал А.Василевскийдің қолбасшылығымен КСРО-ның Қарулы Күштері тарапынан талқандалған болатын.

Криллица – славян әліппесінің бірі, IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында грек жазуының негізінде Кирил мен Мефодий жасаған, славяндар арасында тараған, 1708ж. Петр I реформалаған.

Коалиция– (латынша-одақ) бірлескен әрекеттер үшін мемлекеттердің саяси және әскеи одағы (антигитлерлік коалиция); 2) бірнеше партия өкілдерінен құралған үкімет (1917ж. Ресейдегі коалициялық Уақытша Үкімет).

Комендация – кедей, қорғаушысы жоқ адамның жер участогінің қорғаушысы – бай жериеленуші немесе шенеунікке басқа феодолдар немесе шенеуніктер тарапынан зорлықтан арылуы үшін берілуі.

Коммунизм– марксистік теорияға сай өндірістік құралдарға қоғамдық меншікке негізделген капитализмнің орнын басушы қоғамдық – экономикалық формация.

Консолидаация – кез келген нәрсені бекіту, нығайту, мысаы ортақ мақсаттар үшін күресті күшейту үшін еке топтардың, ұйымдардың бірігуі, нығаюы.

Конституция – (латынша құрылым) елекеттің негізгі заңы, ол оның құрылысын, билеуші органдардың құрылымын, азаматтардың құқығы мен міндеттерін, сайлау жүйесін анықтайды.

Котрибуция – жеңілген мемлекетке жеңімпаз – мемлекеттің пайдасына салынатын төлем, сонымен бірге оккупацияланған жерлерден материалдық ұндылықтарды күштеп жинау.

Контрреволюция –революция немесе қарар нәтижесінде құрылған қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа қарсы реакциялық таптар күресі. Котрреволюция мақсаты ескі реакциялық таптардың үстемдігін сақтау немесе революция нәтиесінде құлаған ескі қоғамдық – саяси тәртіпті қайта қалпына келтіру. Контрреволюция түрлері мен әдістері әртүрлі: қастандық, азамат соғысы, саботаж, диверсиялар, шетел интервенциясы, қоршау.

Конфедерация – 1) одақ, бірлестік. Конфедерация – мемлекеттік құрылыс формасы, ол бойынша конфедерация құрушы мемлекеттер өзінің тәуелсіздігін толықтай сақтап қалады, мемлекеттік билік пен басқарудың жеке органдарына ие болады, олар белгілі бір мақсаттар үшін біріккен органдар құрады (әскери, сыртқы саяси т.б.); 2) (латынша-одақ). Тәуелсіз, толық егеменді мемлекеттердің қоғамдастығы; 3) қоғамдық ұйымдар атауы (еңбек конфедерация).

Компромисс – екі жақты тиімді шешім қабылдау үшін жасалатын келісім.

Косенсус – келісім, ке келген мәселеде өзара түсінушілік.

Кооперация (латынша-ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу үшін құрылған ерікті серіктестік.

Көшпенділік(номадизм) – жайылым ауыстырып отыруға негізделген көшпелі өмір. Кроманондар – Франциядағы тау шатқалы, онда 1868ж. Палеолиттік қаруы бар қазіргі типтес адам сүйегі табылған.

Керуен – жүк пен адамдарды тасушы жануарлар тобы.

Кулак –ауқатты шаруа, жалдамалы еңбекті пайдаланушы.

Кульминация –дамудың ең оғарғы шарықтану нүктесі.

Купчур – әскерді ұстау үшін салынатын салық. Алғашқыда шаруалардан әр жүз бастан бір бас салық салынса, кеәіннен дала және қала хақына жан басына салынды.

Қ

Қамал–жағалай қорғанысқа дайындалған, бекітілген пункт.

Қанды жексенбі– 1905ж. 9 қаңтар өз қажеттіліктері жарияланған петиция мен қысқы сарайға бағыт алған Петербург бейбіт жұмысшыларын қырып – жою. Бұл 1905-1907жж. революцияның басталуына алып келді.

Қақтығыс – қарама-қарсы күштердің, көзқарастардың қайшы келуі.

Қаңлылар – Сырдария оазисіндегі ежелгі мемлекет.

Қаруысыздандыру–жаппай қаруландыруды тоқтатуға бағытталған шаралар жүйесі, соғысты жүргізу құралдарын шектеу және қою, оны болдырмау мүмкіндігіне жағдай жасау.

Қауым – көптеген дәуірлерге тән адамдар бірлестігі.

Қидандар – қарақытайлар, XIIғ. Жетісуда мемлекеттің негізін қалаған.

Қоғам –ортақ нормалар мен құнылықтарға ие спецификалық адамдар бірлестігі.

Қорған – бейіттер стіндегі жөңгелек және ұынша келген топырақ үйндісі. Бұрынғы КСРО территориясында 5000ж. бұрын ірі жерлеу орындары пайда болған.

Қос өкімет– Ақпан революциясынан кейін Ресейдегі екі биліктің өзіндік араласуы. Екі диктатураның біртұтас билік үшін күрес кезеңі. Уақытша үкімет – бкржуазия мен помещиктердің жартысының диктатурасын іске асырған билік. Бұл үкімет парламанттік монархияға ұмтылды. Жұмысшы және солдат депутаттар Кеңесі – билік, оның мақсаты шаруалардың революциялық – демократиялық диктатурасы және демократиялық республиканы орнату.

Қола ғасыры– үш археологиялық дәуірлердің бірі (мәдениеттер: ежелгі – шұңқыр, абаштық, андронов, катакомбалық т.б.) – ірі этномәдени қаумдастықтар мен миграциялардың қалыптасу кезеңі.

Құқық –қоғамдық қатынастар – құқық нормалаымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Құқықтық мемлекет– Конституция билігі, заңдарды бұзбау жүзеге асырылып, адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын мемлекет.

Құрылтай– Шыңғыстықтар мен моңғолдардың көшпенді ақсүйектерінің, биліктің жоғарғы органының ортақ империялық жиналысы.

Құрбандық шалу –дінге табыну әдет – ғұрпы; құдайларға сыйлар, ануарлар, кейде адамдарды құрбандық ету.

Қырғыз-қайсақтар– қаақтардың Ресейдің ресми құжаттарында аталуы.

Қысқы сарай – архитектура ескерткіші; XVIIIғ. Екінші жартысынан бастап Петербургтегі орыс императорларының қысқы резиденциясы. Эрмитаж музейінің басты бөлігі. 1754-1762 жж. Архитектор В.В. Растрелли салған.

Л

Легитемділік – халықаралық қауымдастық пен халықтың мемлекеттік билгінің (және мемлекеттің анықтаған территориясының) танылуы.

Либерализм – жеке тұлғаның құқы, саяси теңдігі мен бостандығының танылуының негізін қалаған теория.

Лидерлік – биліктік шешімді қабылдау құқын беретін және басқаларға ықпал ететін әлеуметтік дәреже.

М

Мавзолей – б.з.д. IVғ. тұрғызылатын Геликарнаста Карни Мавсолға тұрғызылған мазар. Кейіннен мола басына салынатын ескерткіш ретінде танымал.

Мадлен – палеолит мәдениеті. Атауы Франциядағы Ла Мадлен тұрағына байланысты. Солютре мен мезолит арасында.

Манап – қырғыздардың руларының ақсүйектері.

Манифест– 1) жолдау, саяси жағдайға байланыстай өкіметтің халыққа үндеуі; 2) бағдарламалық сипаты бар қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың немесе әдеби топтардың үндеуі; 3) (латынша-үндеу) Шақыру. Жоғарғы кіметтің елге тастаған үндеуі (1905ж. 17 қазандағы Манифист), іс-әрекеттер туралы декларация.

Мажоритарлық сайлау жүйесі– бір мандатты сайлау жүйесі. Көп дауысқа ие болған кандидат сайланады

Марксизм – XIXғ. Ортасында Маркс пен Энгельс негізін салған ілім.

Массагенттер –Орал мен Каспий бойындағы ертедегі тайалар одағы.

Матриархат –(латынша-ана+грекше-билік) әйелдер семьяда, шаруашылық және қоғамдық өмірде басшы рөлде болды.

Медресе –мұсылмандардың орта және жоғарғы оқу орны.

Мезолит –(б.з.д. XII – VIғғ.) палеолит пен неолит арасындағы өтпелі дәір. Мезолит дәуірінде мал қолға үйретіліп, көне құралдар жетілдірілді, жер өңеу кәсібіне бетбұрыс болды.

Мемлекет – қоғамның негізгі саяси жүйесі, ол белгілі бір территорияда азаматтардың, әлеуметтік топтардың өзара қатынас жүйесін, билікті, тәртіпті, бақылауды бекітеді, билік етуші құрылымдар пайдасына ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырады.

Мемлекеттік дума– 1905ж. 17 қазандағы манифест бекіткен Ресейдегі заң кеңесшілерінің өкілетті органы.

Маньшевизм– Ресейдегі социал – демократтар ағымы. 1903ж. РСДРП-ның II-съезінде құрылған. Қойылған мәселе бойынша аз дауыс алған.

Менталитет – жеке адамдардың және қоғамның тарихи қалыптасқан ойлау жүйесі.

Менрополия –мемлекет. Басып алған отарларына иелік етуші.

Мешіт –мұсылмандардың дінге табынып, құдайға құлшылық ететін орны. Ғимарат.

Миграция – шетелден қоныс аударушы халықтар тобы.

Микролиттер (грекше – кішкентай) – мезолит дәірінде пайда болған пышаққа ұқсас ұсақ зат, пластинка. Микролиттер геометриялық формада болады.

Миллитаризм – (латынша-әскери) саясат. Мемлекеттің әскери қуаты арқылы ішкі және сыртқы мәселелерді шешуге бағыт алуы.

Мобилизация – 1) қарулы күштердің, халық шаруашылығының жалпы мемлекеттің соғыс жағдайына көшірілуі; 2) әскери міндеттілердің жаппай әскер қатарына шақырылуы; 3)тұрғындарды немесе өндірістің бір бөлігін қандай да бір тапсырманы атқаруға бейімдеу.

Мобильді (латынша-қозғалмалы) іс-әрекетке те бейімделу.

Модернизация –саяси жүйенің саны мен байланысты өзгеруі. Көне салт-дәстүрлер қолданыстан шығып, қоғамның жаңа бағытқа бет алуы.

Монархия– басқару жүйесінің түрі, жоғарғы өкімет бір басшының, монархтың билігінде болады.

Монополия –белгілі бір меншікке иелік ету. Олардың іс-әрекетіне биліктік құқы бар.

Монументальді –көлемі және қуаты арқылы әсер ету.

Мораль - әлеуметтік институт, халықтың тәртібін реттеп отыратын жүйе. Моральдық өлшемдер заңға сүйенбейді, қоғамдық арқылы қалыптасады. Морфологиялық өзгерізтер- түрдің, құрылымның өзгеруі.

Мумификация - өсімдіктің немесе жануардың сол күйінде сақталуы. Қасиетті, қадірлі адамдардың сүйегін ұзақ сақтаған.

Мумия– бүлінбеген өлі дене.

Мусьте –палеолитті мәдениет және дәуір. Орта палеолит )80-32 мың жыл бұрын). Оның қалдықтары кейінгі палеолит дәірінде де кездеседі. Мүліктік ценз – белгілі бір мүлікке немесе оның ақшалай эквивалентіне ие болу қажеттілігі немесе көлемде салық төлеу.

Мұздықтану– көп жылдар бойы жер бетін мұз бен қардың басып жатуы. Бұл процесс жаппай немесе жартылай болуы мүмкін.

Мыс ғасыры– энеолит. Азияда өркениеттің пайда болу уақытына сәйкес келеді,

Европада– бақташылық мал шаруашылығына және орманды далалардан жазыққа көшумен байланысты ірі миграцияларға тұстас келеді.

Н

Натуралды шаруашылық – өндірілген өнім өздерін ғана қанағаттыратын, базарда сатылмайтын шаруашылық түрі.

Национализация – (ұлттандыру) жеке кәсіпорындардың мемлекет меншігіне өтуі, мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.

Национализм– (ұлтшылдық) бір ұлттың басқа ұлттан артықшылығы идеясына негізделген дүниетаным және саясат.

Неандерталь адамы– қазіргі адамның ата-бабасы. 1856ж. Германияның Неандерталь деген жерінен қазба кезінде табылған адам сүйегі.

Неолит –б.э.д. VII – III мыңжылдықтарды қамтитын жаңа тас ғасыры. Қоғамдасу, сөйтіп, аң аулау, яғни алғашқы қоғамдық құрылыстан өту кезеңі. Саналы өмірдің басталып, жер өңдеуге, мал шаруашылығымен айналысуға өту уақыты.

Нестроиандық ағым– Византияда патриарх Нестор Константинопольский негізін салған христиан дініндегі ағым. Нестордың айтуынша Иисус Христос адамнан туған кейін барып, Құдай ұлы болған.

Нуклеус – тас (кремний, обсидиана, яшма) бөлігі, жұмсақ, икемге көнгіш тас.

О

Оккупация – қарсыластың территориясын қарулы күштермен уақытша басып алу.

Олдувей – Шығыс Африкадағы үңгір, ол жерден Луис Лики 2млн. жастағы адам қалдықтарын тапқан. Олдувей үңгірі Африканың ең жоғарғы шыңы Клилманджаро мен Виктория өзенінің ортасында орналасқан.

Олигархия – билік шағын топтың қолында болатын басқару формасы.

Оппозиция– 1) өз көзқарасыңды басқаның көзқарасына қарсы қою; 2) қарсы әрекет ететін партия немесе топ мүшелері.

Охлократия– тобыр билігі. Охлократия деп сонымен қатар тәртіпсіздіктерді атайды.

Орда– түрік және моңғол халықтарындағы әскери-әкімшілік ұйым, кейін көшпенділердің тоқтайтын жері, мемлекет басшысының ставкасы. Көптеген адамдардың жиналуы.

Ориньяк – палеолит дәуірінің мәдениеті. Алғаш рет Францияда анықталған. 33-19 мыңжыл бұрын, мустье және солютре мәдениеттерінің ортасында орналасқан.

Отырықшы шаруашылық– шаруашылық формасы, онда жайылымдағы малдарды қолда ұстап, алдын ала дайындалған жем-шөп пайдалану.

Отырықшылық –бір орында өмір сүру. Неолиттің басында балық аулау және кетпенді шаруашылықтың пайда болуымен көрінді.

П

Пакт(латынша-келіссөз) – келісім, халықараилық келіссөз.

Палеолит – ежелгі тас ғасыры. Адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең. 2 млн. 600 мың жыл бұрын басталып, шамамен 11 мың жыл бұрын аяқталған. Ол ежелгі (төменхгі–олдувей, ашель, мустье) және кейінгі (жоғарғы – ориньяк, салютре, мадлен).

Парадарайя– сақ тайпалары.

Партия – (латынша–бөлім, топ) – бір идея, қызығушылықтар төңірегінде біріккен адамдар тобы.

Парламент– жоғарғы заң шығарушы орган, негізгі әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайды. Тұрғындармен сайланады, кейде тағайындалады.

Парламенттік республика– парламент жоғары билікке ие болатын республиканы басқару формасы.

Патриархат (грекше–әке+билік)–алғашқы қауымдық құрылыстың дамуында матриархатты алмастырған дәуір, отбасында, шаруашылық және қоғамдық өмірде ер адам басты рөлде болады.

Патриотизм(грекше–Отанға деген сүйіспеншілік)–Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, оған қызмет етуге, нығайтуға және қорғауға дайындық.

Патриот– өз өмірін Отан мүддесіне бағындыратын жекек тұлға. Патриотизм ұрпақтан-ұрпаққа беріледі және ұлттық дәстүрлердің негізгісі болып табылады.

Питекантроп – маймыл тектес адам. Бұл терминді XIX ғ. Дюбуа енгізген. Питекантроптар – ерте палеолиттің (шамамен 500 мың жыл бұрын) ежелгі қазба адамдары, неандертальдықтардың алдында болған.

Плебисцит– референдум түрі, жалпы халықтық сұрау жүргізу.

Плюрализм– көпшілік, әртүрлі бағыттағы күштердің (партиялар мен қозғалыстар) қарсылығы мен өзара қызметтестігіне негізделген саяси жүйені ұйымдастыру фармасы.

Помещиктар – жериеленуші дворяндар, мемлекеттік қызметі үшін жерді- поместьені пайдалануға алған адамдар.

Пошлина – мемлекеттік органдар жинайтын ақшалай төлем, салықтың ерекше түрі.

Популизм – негізсіз уәделер арқылы қол жеткізген, халық арасындағы атаққа қол жеткізу.

Президенттік республика– жоғарғы билік президент қолында болатын республиканы басқару формасы.

Продразверстка (азық-түлік разверсткасы ) – «Әскери коммунизм» (1918-1921жж.) кезінде ауылшаруашылық азық-түліктерін дайындау жүйесі, проддиктатурадан кейін орнатылады. Ол бойынша шаруалар мемлекетке қатаң орнатылған бағамен артық нан және басқа азық-түліктерді міндетті түрде тапсыру керек болды.

Пролетариат – капиталистік қоғамның негізгі таптарының бірі; өндіріс құралдары үшін жеке меншігінен айрылған жалдамалы жұмысшылар табы; олардың күнкөрінісінің жалғыз көзі – өздерінің жұмысшы күшін өндіріс құралдарының иелері – капиталистерге сату болды.

Пропорционалды сайлау жүйесі– сайлау партиялық тізімдер бойынша өткізілді. Ал депутаттық орындарды бөлу пропорционалды түрде сайлаушылар дауыстарының бөлінуімен жүзеге асырылатын жүйе.

Путч– қастандық жасаушылар тобымен жүзеге асырылатын мемлекеттік төңкеріс немесе оны жасауға талпыныс.

Р

Радикализм – шешуші қимылдар мен саяси көзқарастарға бейімделік, ымырасыздық.

Расизм – әртүрлі расалар мен ұлттардың теңсіздігін жариялайтын идеолгия.

Раса – сыртқы белгілері ұқсас, туыстық жақындықтары бар адамдар тобы.

Ратификация– келісуші жақтардың өкілетті өкілдері қол қойған халықаралық келісімді мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының бекітуі; елдер ратификацияны патификациялық грамоталар алмасу жолымен де жүзеге асырады.

Реабилитация – (латынша-қалпына келтіру)–әділетсіз түрде айыпталған, жала жабылған адамның репутациясын, жақсы атын қайтару, құқықтарын қалпына келтіру.

Революциялық жағдай– революция мүмкіндігін тудыратын экономикалық, саяси және оғамдық өмірдің жағдайларының жиынтығы.

Революция – 1) түбірлі төңкеріс, бір сапалы жағдайдан екіншісіне секірмелі түрде өту, табиғаттың қоғамның және ойдың диалектикалық дамуының маңызды заңдылықтарының көрініс табуы; 2) (латынша-төңкеріс) қоғамдағы, экономика, дүниетану, ғылым, мәдениеттегі сапалы, терең өзгерістер. Әлеуметтік революция – жаңа мен ескі арасындағы күрестің ең өткір түрі. Онда сасяси процестер күшейіп, билік түрі өзгереді, басшылыққа еңске жеткен революцияық күштер келеді, қоғамның аңа әлеуметтік – экономикалық негізі қаланады.

Реквизиция– (латынша-талап)–төлем үшін күштеу (конфискациядан ерекшелігі) немесе мемлекеттік органдарды жеке адамдардың немесе заңды тұлғалардың мүлкін уақытша алу.

Репатриация – соғыс барысында отанынан алшақ қалған азаматтардың және әскери тұтқындардың, сонымен қатар эмигрантардың отанына оралуы. Репатрианттар репатриация бойнша отанына оралғандар.

Репрессиялар – оқшау ойлаушыларға қарсы мемлекет жүзеге асыратын қатаң жазалау шаралары.

Республика – (латынша-қоғамдық іс) – мемлекетті басқару формасы, мұнда билік халық немесе (халық билігі) оның бір бөлігінің қолында болады, сайлау органдары, сайланған қызмет адамдары халықтың атынан сөйлейді.

Монархияға қарама-қарсы.

Реставрация(саяси теорияда) – монархиялық билікті қалпына келтіру.

Референдум – жалпы халықтық сайлау немесе мемлекеттік өмірдің маңызды проблемалары бойынша сұрау жүргізу.

Реформа– қайта құру, өзгеріс, қоғамдық өмірдің белгілі бір жақтарын (тәртіптер, институттар және мекемелер) қайта құру, ол әлеуметтік құрылымның негіздерін жоймайды.

Ру – бір атадан тарап ортақ рулық атауды иемденген қандас туыстар ұжымы. Ру шеше немесе әке жағынан анықталатын болған. Рулар тайпаларға бірігіп, мемлекет пада болған соң ыдырап кеткен. Ру-тайпалық кезеңнің сарқыншақтары қазіргі кезеңде көп халықтарда сақталған.

Рулық қауым– қандас туыстардың бірлестігі. Мұнда ұжымды еңбек және өндіріс құралдарына ортақ меншік үстемдік етеді.

РСДРП – Ресей социал – демократиялық жұмысшы партиясы. 1989ж. құрылған. Түпкі мақсаты пролетарлық революция жеңісі болды.

Руссификация – Ресей империясының орыс емес бөліктерінде орыс тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, басқаруын енгізу. Көбіне күштеу арқыы жүзеге асырылып, орыс емес халықтардың қарсылығын туғызып отырады.

С

Садақ – (V-XVIIҒҒ.) – қорап ішіндегі жебелері бар садақ жинағы.

Салықтар – орталық және билеуші органдар жинайтын міндетті төлемдер.

Сайлау жүйесі– өкілдік, атқару және сот органдарына сайлауларды ұйымдастыру және сот органдарына сайлауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

Сайлау құқығы– азаматтардың өкілеттік органдарды сайлау және сайлау және өздерінің де сайлану құқығы.

Сайлау цензі– сайлау құқықығын алу үшін шектеу жағдайлар.

Сақтар –б.з.д. VIIII-III ғғ. қазіргі Қазақстан мекендеген тапалар.

Сақ – скиф аңдық стиль өнері – жеке жануарларды, олардың денелерінің, бірнеше жануарлар композицияларының тастағы бейнелерінің шартты атауы.

Самодержавия – революцияға дейінгі Ресейде патшаның шексіз жоғарғы билігі және сонымен бірге осы билік түріне негізделген басқару жүйесі.

Сарбаз – салт атты әскер.

Сарматтар– б.з.д VI-IVғғ. Тобыл өзенінен Жайық өзеніне дейінгі территорияны мекендеген көшпелі тайпалар бірлестігі.

Саясат – (грекше-мемлекеттік істер)–қоғамда белгілі бір орындарға ие болуға ұмтылатын әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасындағы қатынастар мен байланысты қызмет ету сферасы.

Саяси жүйе– белгілі бір саяси функцияларды орындайтын мемлекеттік және әлеуметтік реттеу функцияларын атқарды, олардың үлкен интеллектуалдық мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы.

Саяси партия– қоғамды құрылым, билікті ұйымдастыру және барлық мемлекеттік өмірді жетілдірудің белгілі бір бағдарламасын ұсынатын саяси бірлестік.

Саяси режим– билеушілер жағынан ұсынылған мемлекетті және қоғамды басқарудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Әдетте демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық режимдерді атап көрсетеді.

Саяси элита– саяси басшылықта жүзеге асырып, мемлекеттік билікке ықпал ете алатын артықшылығы бар топ.

Себеп –басқа бір құбылстың пайда болуына әсер ететін негіз, құбылыс.

Сегрегация – рассалық немесе ұлттық қатыстығына байланысты адамдарды күшпен бөлу саясаты.

Сепаратизм – ұлттық аз топтардың жеке мемлекет немесе автономияға бөлінуіне бағытталған саяси қозғалыс.

Сепараттық бейбіт келісім– одақтастарының келісімінсіз бір мемлекеттің қарсылығымен жасасқан бейбіт келісім.

Сібір хандығы– XV ғасырда Алтын Орда ыдырауы кезінде құрылған мемлекет. 1580 – 1590жж. Ресейге қосылған болатын.

Синантроп– архантроптың бір түрі, оның қалдықтары алғаш рет Пекин маңындағы Чжай – Куяань үңгірінен табылған, кейде оны «пекиндік адам» деп те атайды.

Солютре – кейінгі палеолит мәдениеті, ориньяк пен мадлен арасында болған. 35-30мың жыл бұрын Францияда болған.

Соғыс - өз үсемдігін жүргізу немесе территориялық таластыруды шешу мақсатындағы мемлекеттердің бір-бірімен қарулы қақтығысы.

Сословие– мұрагерлік құқықтары мен міндеттіліктері бар, бекінген дәстүрлері мен заңдылықтары бар қоғамдық топ.

Социал ждемократия- әлемнің жұмысшы демократиялық қозғалысындағы ықпалды күш, XIXғ. аяғы XXғ. Басында жұмысшы таптың партиясы ретінде пайда болды. Ол револлюциялық жолмен социализмге өтуді, кең деократиялық өзгерістер жасауды көздеседі.

Сатлинизм –екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «социализмнің әледік жүйесінің» елдеріне күшпен енгіілген КСРО–дағы Сталиннің террористік диктатурасы кезеңі.

Старшина – ру басшысы. Старшиналар көшпелі қауымдардың барлық бөлімдерінде потенциалы, тәжірибесі мен білімі болған.

Стачка – ереуіл. Белгілі бір талаптарды негізінен экономикалық сипаттағы орындату мақсатымен жаппай ұйымдасқан түрде жұмысты тоқтату.

Столыпиндік аграрлық реформа – 1906ж. 9 қарашадағы заң бойынша П.А.Столыпин жүргізген реформа. Ол бойынша шаруалар өз жер үлестерімен қауымнан шығып, Хуторларды құруы керек болды.

Суверинитет– мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастарындағы тәуелсіздігі және дербестігі, оған сырттан ешбір мемлекет қол сұға алмайды.

Сұлтан – 1) кейбір мұсылман елдеріндегі монарх титулы; 2) «ақсүйек» (аристократия) өкілінің титулы.

Суфизм – VIII-Ixғғ. Пайда болған исламдағы скептикалық ағым, аскетизмді уағыздайды.

Сылтау – оқиғалардың дамуына сырттан әсер ететін күш.

Сюзерен – феодализм кезіндегі өзіне тәуелді вассалдарға басшы болатын ірі феодал.

Т

Табу – бұл терминді XVIIIғ. Атақты теңіз жүзушісі және зерттеуші капитан Кук енгізген. Ол терминді Полинезиядағы рулық қаумның өмірін бақылау нәтижесінде енгізген болатын. Табу - өте қатаң тыйым салу, ол адамның қоғамдық қызметі, жеке өмір, қоғамдыққа меншікке байланысты да пайдаланылады.

Тагар –Алтын Орда кезеңіндегі салық түрі, әскерді бидай, мал т.б. азық-түлікпен қамтамасыз ету. Оның өлшемін хан немесе басқа феодалдар анықтаған.

Тайпа – ортақ территориясы, осы тайпаға ғана тән аты бар, діни түсініктері мен діни наным – сенімдері ортақ, тайпалық кеңесі және жоғары көсемі болатын белгілерімен ерекшеленетін қоғамдық билік пен басқаруды ұйымдастыруформасы.

Таптар –қоғамдық өндірістегі орны және қоғамдағы мүліктік, құқықтық, саяси жағдайымен ерекшеленетін үлкен әлеуметтік топтар.

Тархан – жоғарғы биліктегі ерекше қызметі үшін феодалға берілетін атақ. XVIII ғ. бірінші жартысында мұндай атағы бар адамдар кез келген адам қызмет орнын сатып алатын болған.

Тарих – греше - өткен туралы ғылым.

Тарихнама– (грекше тарихты бейнелеу) – арнайы тарихи ғылым. Тарихи білімдердің немесе тарих ғылымының дамуын зерттейді.

Тәркілеу(латынша-қазынаға тартып алу) – мемлекеттің жеке тұлға мүлігін күшпен тартып алуы.

Территория– ке келген мемлекет, халық, тайпа, ру, қауымның иелігіндегі белгілі бір анықталған жер көлемі.

Территориялық – мемлекеттік құрыыс формасы – мемлекеттің ішкі құрылыс. Ол мемлекеттің саяси және территориялық бөліністерін айқындайды, сонымен қатар үкіметтің жергілікті және орталық органдары арасындағы өзара қатынас принциптерін айқындайды.

Тиграхауда – сақ тайпалары.

Тирания –бір адамның шексіз билігі.

Толеранттық– шыдамдылық.

Тоталитаризм– (латынша-толық, түгел) мемлекеттік билік формасы, авторитарлық басшылық режимінде қоғам өмірінің барлық саласына оғарыдан толығымен бақылау жасау.

Төлемдер – өз феодалдарының пайдасына шаруалар төлейтін төлемдер.

Түмен –(монғолша) – 1) монғол әскеріндегі бір мың адамды бөлім; 2) монғол–татар әскерінің 10 000 адамды бірлестігі: мыңдықтар, жүздіктер, ондықтарға бөлінеді; оларды мыңбасы басқарады.

Түркістан– XIX – XX ғ. басындағы Орта Азиядағы территория атауы, түркі халықтар мекен еткен. 1865-1884жж. Ресей өз иеліктеріне Батыс Түркістанды қосып алған.

Тұрақ –1) тас ғасыры қоныстарының қалдықтары.

Тьма –он мың. Бұл түсінік орыстарға монғол – татар шапқыншылығынан кейін енді. Монғолдарда «тьма» деп 10 000 адамнан тұратын әскери топты атайды.

У

Уезд (ояз) – XVIII – XIXғғ. Губернияның бір бөлігі саналатын әкімшілік – территориялық бірлестік.

Уклад - өндірістік қатынастар жүйесінің белгілі бір түрі (патриархалдық, ұсақ буржуазиялық т.б.) Қоғамдағы орын алған экономика бір укладты немесе көп укладты болуы мүмкін. Ресейде ұсақ тауарлы уклад үстемдік етті. Унитарлы мемлекет – мемлекет құрылысы формасы, бөлек территориялар әкімшілік бірлестіктер болып есептеліп, егемендігі сақталмайды. Унитарлы мемлекетте билік, заң шығару, сот билігі бір ғана жүйе негізінде іске асады.

Устав (жарғы) – белгілі бір ұйымның қызметінің жинақтаған ережесі, оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары.

Утопия –идеалды қоғам жобасы.

Ұ

Ұжымдастыру – 1) жалпыландыру. Социалистік елдерде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – ұсақ шаруашылықтарды ірі социалистік ауыл шаруашылық мекемелерге, ауыл шаруашылық артелдерге т.б. біріктіру; 2) КСРО-да 20ж. аяғы-30ж. басында жаппай ұжымдасқан шаруашылықтарға (колхоздар) билік қысымымен біріктіру науқаны болды.

Ұлттар Лигасы– халықаралық ұйы, 1919ж. әлемдік қауымдастықта мәселелерді ұйымдасқан түрде шешу мақсатында құрылған. Ұлттар Лигасы Версаль бейбіт келісімінің нәтижесінде құрылды және 26 баптан тұратын усавы болды.

Ұлт – 1) адамдардың рухани және әлеуметтік – экономикалық, тарихи қалыптасқан қауымы, олар территория, тіл, тұрмыс және мәдениет арқылы бірігеді; 2( мемлекеттегі барлық азаматтардың құралған тобы (мұндай ұлт туралы түсінік АҚШ, Үндістанда т.б. елдерде тараған).

Ұлыс – тұрақ, кең мағынада бі басқару жүйесіндегі ел немесе облыс.

Ұсақ буржуазия– қалалық және ауылдық ұсақ еке меншік иелері, олар өзеңбегімен күн көреді (шаруалар, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, ұсақ кәсіпкерлер т.б.)

Ф

Фальсификация – (латынша-қолдан жасау) – деректерді бұрмалау. Сталиндік режим тарихты бұрмалады.

Фашизм (байланыс, ұйым) – құқықтық – экстремистік саяси қозғалыс.

Федерация – жаңа біріккен мемлекет құру мақсатындағы бірнеше мемлекеттер одағы. Оның құрамына енген мемлекеттер федерация субъектісі ретінде құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.

Феодал – феодализм тұсындағы үстем таптың өкілі (феода иеленушісі, сеньор).

Феодализм– құлдық құрылысты ауыстырған адамзат дамуының бір сатысы.,

Феодалдық бөлінушілік– экономикалық күштердің заңды әрі прогрессивті процесі, Русьте мұндай бөлінушілік – экономикалық формация – адамзат дамуының бір сатысы.

Форпост – басты пост, басты позиция.

Фракция– бір немесе бірнеше партия өкілдерінің ортақ принциптер мен идеялар төңірегіне бірігуі.

Х

Халық – елдің барлық тұрғындары. Тарихи бірліктің келесі формалары белгілі: рулық қауым, тайпа, халық, ұлт.

Хан –тайпа көсемі, түрік және монғол халықтарындағы патша.

Хаомаварга –сақ тайпалары.

Харадж –жер салығы (астық өнімнің 1/10-1/15 бөлігі).

Хризматикалық тұлға– ерекше қасиеттермен көзге түскен саяси лидер.

Христиандық – (грекше – маңдайы майланған) – буддизм және исламмен қатар әлемде кең тараған діндердің бірі. Бұл атау осы діннің негізін қалаушы Иисус Христостың атымен байланысты. Христиандық I – ғ. юасында пайда болған, Ivғ. Рим империясындағы үстем діндердің біріне айналды. Иисус Христос – христиан дінінің негізін қалаушы, құдай – адам, адамзат күнәсынан арылу мақсаатында крестке қағылған, одан қайта тіріліп, аспаға ұшқан әлем құтқарушысы құдайдың екінші тұлғасы. Діни оқулардың басты көзі – Қасиетті жазу – Библия (Таурат).

Хронология (грекше уақыи-ғылым) – қосалқы тарихи пән, құжаттар мен оқиғалардың даму уақытының жүйесін зерттейді.

Ш

Шангүй – 1) ғұндардың жоғарғы басшысы; 2) ғұн әскери көсемнің шені.

Шариғат – Құранда негізделген әділетті, діни нормалар жиынтығы, мұсылмандық құқық.

Шаруа –1) қатарлы көшпелі – малшы; 2) ұсақ мал өсірушілер.

Шаруашылық есеп– КСРО-да енгізілген шаруашылықты жүргізудің әдісі.

Шовинизм – ұлттық ерекшелікті уағыздайтын саясат, ұлтаралық наразылық, қайшылықты тұтандырады. Шовинизм – импералистік буржуазия қаруы, фашизм саясатында толығымен байқалады.

Шіркеу– діни сенімдер мен ғұрыптар негізінде біріккен дінге сенушілер бірлестігі.

Э

Эвакуация – (латынша-аластату) қауіп төнген аудандардан, кәсіпорындардан, мекемлерден халықты шығару; әскери мүлікті және т.б. шығару, әскерді аластату.

Эволюция– 1) даму процесінің өзгеруі; 2) философиядағы қоғам мен табиғаттағы қозғалыс дамуының формасы, революция – түбірлі, сапалы өзгерістерге қарағанда үздіксіз, біртіндеп сандық өзгеріс. Эволюция және революция–қозғалыстың, дамудың өзара байланысты, қажетті екі форма: эволюция революция үшін негізді дайындап, қалайды, ал революция эволюцияны нығайтып, оның одан әрі дамуына жағдай жасайды; 3) белгілі бір бірліктердің ауысуы, қайта құрылуымен байланысты әртүрлі қозғалыстар: әскери қайта құру жарғыларын бір тәртәппен екіншісіне көшіру.

Экономика –(грекше-шаруашылықты басқару) белгілі бір қоғамның өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының жиынтығы, өндіріс салалары мен түрлерінен тұратын елдің халық шаруашылығы.

Экономикалық дағдарыс – жеке ел немесе жалпы әлемдік экономиканың шаруашылық қызметінің қайталанып отыратынының бұзылуы.

Эксплуатация – (французша–пайда табу) – 1) өндіріс құралдары иелерінің басқа біреудің еңбегінің жемістерін пайдалануы; 2) табиғи байлықтарды, көлікті және т.б. қолдану, өңдеу.

Экпроприация – күшпен жеке меншіктен айыру.

Экстенсивті шаруашылық –өндірісті кеңейту есебінен даму. Интенсивті шаруашылыққа қарама-қарсы.

Экстремизм – солшыл саяси сенімдер мен қимылдар.

Электорат – 1) сайлауға құқығы бар азаматтардың жиынтығы; 2) белгілі бір партияны қолдайтын сайлаушылар тобы.

Элита –қоғамның, топтың және т.б. белгілі бір бөлігінің көрнекті өкілдер.

Эксплутаторлық қоғамда– үстем таптың жоғарғы бөлігі.

Эмиграция– (латынша-көшу) 1(белгілі бір себептерге байланысты бір елден екінші елге көшу; XIX-XXғғ. кең тарады; 2) бір елде тұратын эмигранттар жинағы.

Энеолит – (мыс – тас ғасыры) неолиттен қола дәуіріне өту кезеңі Таяу және Орта Шығыста б.з.д. V-III мыңж. даталанады. Еуропада б.з.д. III мыңж.

Эра – (латынша бастапқы сан) 1) жалғасы бар тарихи кезең; 2) хронологияда – жыл санау жүйесінің басы (мұнда жыл санау Иисус Христостың туған күнінде басталады).

Эсерлер– социалист–революционерлер партиясы, ірі және ықпалды революциялық партиялардың бірі.

Этимология –(грекше-шындық ақиқат түсінік, оқу) – 1) сөздің түп төркіні және оның сол тілдегі және басқа тілдердігі сөздермен туыстық байланысы; 2) әртүрлі тілдердегі сөздердің шығу төркінін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Этникалық бірлік(этнос) – пайда халыққ, ұлт, халықтар тобы ретінде танылған (славян этникалық бірлігі және т.б.) тарихи түрде пайда болған адамдардың әлеуметтік тобының түрі.

Этногенез – (грекше–халық шығу, пайда болу) – қалыптасу кезеңіндегі халықтардың пайда болуы, сонымен қатар олардың этнографиялық, лингвистикалық, антропологиялық ерекшеліктерінің одан әрі қалыптасуы.

Этнография – халықтарды зерттейтін тарихи ғылым, сонымен қатар олардың тұрмысы мен мәдениетін зерттейді. Термин (грекше-халық жазамын) халықтану дегенді білдіреді. Этнография археология, антропология, география және тіл білімімен тығыз байланысты. Ол жер шарындағы халықтың тұрмысын, мәдени тарихи қатынастарын зерттейді.

Этнос – тарихи қалыптасқан адамдардың берік жиынтығы олар тек қана сыртқы физикалық ерекшеліктерді, сондай–ақ тұрақты мәдени ерекшеліктерді иеленеді.

Я

Ядролық қару – атом қаруы – ядролық қару – жарақаттар жиынтығы. Ол жаппай қырып – жоятын қару болып табылады. Қуаты мен қашықтықта әрекет ету түріне қарай ол тактикалық, оперативтік – тактикалық стратегиялық болып бөлінеді.

Ядро –ежелгі шар тәріздес снаряд. Пушкалық және тас ядролар болған.

Яксарт– Сырдария өзенінің ежелгі атауы.

Ясак – (татарша) – жыл сайы төленетін. Натуралды салық.