Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Глоссарий (терминдер): Егемендік, тәуелсіздік, зайырлы, құқықтық, демократия, президент, Конституция, декларация, мемлекеттік билік, референдум, парламент және т.Б.

1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  • Қажетті қортындылардың жасалуы

  • Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  • Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

1. 1990 ж. ҚазССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи құқықтық маңызы.

2. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991 ж. Конституциялық заңы

3. ҚР 1993 ж. Конституциясына сипаттама.

4.ҚР 1995 ж. Конституциясының мәні.

5. Қазақстан – 2030 бағдарламасы және қазақстанның мемлекеттік құқықтық дамуы

6. Қазақстанның мемлкеттік құрылысы мен құқықтық жүйесінің одан әрі дамуының басты

бағыттары.

7.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құқықтық дамуы

2 СӨЖ: Глоссарий - бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: 1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны. Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Соғыстан кейінгі жылдардағы жоспарлау саясаты, құқыққа енген өзгерістер, қайта құру саясатының алғы шарттары, мемлекеттік құрылыс.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қазақ КСР егемендік туралы Декларациясы 25 қазан 1990 ж.

2. ҚР Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы. 16.12.91 // Вечерняя Алма-Ата. 1991. 19желтоқсан.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 ж. Алматы, 1993.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы1995ж. Алматы, 1995.

5. Абылхожин Ж.Б., Бурханов КН., Кадырбаев А.Ш. и др. Страна в сердце Евразии. Алматы, 1998.

6.Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы, 1996

7.Котов А.К Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. Алматы, 1995.

8.Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы, 1996.

9.Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М., Котов А.К. Становление суверенитета Республики Казахстан. Алматы, 1994.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1. Кеңестер Одағының ыдырауы мен тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы.

«Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» тақырыбына пікірталас жүргізу.

2. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет.

«Қазақстан Республикасының 1993-жылғы Конституциясы» тақырыбына пікірталас жүргізу.

3. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет.

«Қазақстан Республикасының 1995-жылғы Конституциясы» тақырыбына пікірталас жүргізу.