Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___________

Дәріс № 2_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты__

Дәріс тақырыбы Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы

Факультет_____________

Оқытушы __Танатарова З.Л.______________ Академиялық жыл__2010-2011_______

Курс 1_________________________ Семестр__2________

Дәрістің мақсаты

Жоспары:

  1. Сақ тайпалар одағының қоғамдық, саяси құрылысы,

  2. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.

  3. Үйсін мемлекетінің басқару жүйесі. Күнбидің мәртебесі. Үйсіндердің әскери жүйесі.

  4. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Жабғу билігі. Басқару жүйесінің ерекшелігін көрсету.

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар табиғаттан бөлініп қоғам болып өмір сүргенге дейін, миллиондаған жылдарды бастан өткеріп, тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқгы ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарьн пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.

Адамдар бірден қоғам болып өмір сүрген жоқ, олар алғашқы кезде, тас дәуірінде тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. Табиғаттың дүлей күшіне оған қарсы бірігіп күресу кажеттігі адамдарды біріктірді. Мұндай тобырда күштінің дегені болды немесе биологиялық көрсеткіштер үсгемдік етті. Тобыр жағдайындагы некенің түрі топтық неке болды.

Біртіндеп рулық қоғам қалыптасты. Рулық қоғамның басты ерекшелігі ол туыстас адамдардың қауымдастығы болып, ру ішінде некеге тұруға тыйым салынды. Мұндай некені экзогамиялық неке дейді. Осылай рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер немесе алғашқы қоғамдық дәстүрлік тәртіп үстемдік құра бастады.

Адамдар арасында тұрақгы неке мен отбасы қалыптасты. Неке мен отбасы да ұзақ эволюциядан өтті. Олардың түрлері туралы арнайы әдебиеттерде айтылғандықтан біз оған тоқталмаймыз.

Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.

Ұзақ ғасырлар табиғаттың дайын өнімдерін жинаумен және аңшылықпен айналысқан адамдар біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Мұның өзі басы артық өнімнің пайда болуына әкелді.

Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар арасында шын мәніндегі теңдік болды.Ру мүшелері бір-бірімен тең болды.Тайпаларға біріккен рулардың да мүмкіндіктері тең болды.Рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы ру мүшелерінің сайлап қойған халық жиналысы болды.Жиналысты сайлап қойған беделді ру ақсақалы басқарды.Ру ақсақалының басқа ру мүшелеріне үстемдігі болмады.Барлық мәселелер өзара келісіммен,ымырамен шешілетін.

Алтын адам дәуіріндегі және одан кейінгі сақ тайпаларында мемлекеттің белгілері болғандығын көреміз.Ең алдымен рулар үлкен тайпаларға,тайпалар тайпалық одақтарға бірікті.Осы тайпалық одақтар алғашқы мемлекеттік құрылымдар болды.Оларды көсемдер немесе сақтардың патшалары басқарды.Сақ патшалары әскер басшысы болып саналып,соғыс және бітім мәселесін,көшіп-қону,көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.Сақ тайпаларындағы патшалық билік тек бір рудың қолында болды.Кейде патшалардың рөлінде әйелдердің де болғандығын көреміз.Есік қорғанынан табылған Алтын адам аталып кеткен сақтардың патшазадасы оларда мемлекеттік институттың көп белгілерінің болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ парсылардың әйгілі Кир патшасын талқандаған массагеттердің көсемі Томиристің де патшалығының мемлекеттік құрылымы белгілерінің болғанын байқауға болады.

Б.э.д.4-3-ғасырларда сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі - жазу пайда болған.Жазу мемлекетік қарым-қатынастың даму қажеттілігінен туатыны белгілі.

Қазақстан жерінде мекендеген алғашқы көшпелі тайпалар одағының бірлестігі сақтар алғашқы қауымның ыдырау, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу дәуірі- әскери демократия кезеңінде өмір сүрді. Сонымен қатар сақтарда мемлекеттің қалыптасу белгілері де кеңінен кездесті.Көшпелі өмірдің,сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.

Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі- ғұндардың мемлекеті.Бұл көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.

Б.э.д. 4-ғасырда Қытай деректері алғаш рет ғұндарды өздерінің қарсыласы ретіндеатап,олармен болған соғыстарда алма кезек жеңістердің болғанын жазады. Ғұндардың батыстағы көршілері сақтар екендігі айтылады.

Б.э.д.3-ғасырдың басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шанью деп атаған.Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған.Тауманнан соң ғұндардың тәңірқұты болған оның ұлы Мөде мемлекетті мейлінше күшейтті.

Б.э.д. 59-жылы ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді.Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қол астына кіруге мәжбүр болды. Солтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға,онан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар осы өңірде аландармен,қаңлылармен және үйсіндермен араласты.

Ғұндардың құқықтық жүйесі туралы деректер тым мардымсыз.Мал отбасының меншігі болған.әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған.Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған.Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген.Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.Осыларға қарап ғұндарда әдет-ғұрып құқығы қолданғандығын байқауға болады.

СӨЖ тапсырмасы:

Ежелгі ғұндардың мемлекеті. Сақ тайпалар одағының қоғамдық, саяси құрылысы, ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы

Сақтардың аумағын білу, мемлекеттік құрылысының ерекшелігіне көңіл аудару

Үй тапсырмасы:

Реферат жазу, конспектіні тексеру, ауызша сұрау, кесте сызу, терминдерді талқылау

Негізгі әдбиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4.Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1.Кляшторный С.Г., Султанов ТИ, Казахстан: Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992;

2.Гумилев. Л. Хунну. – М., 1994.

3.Гумилев. Л. Хунны в Китае. Три века войны Китая со степными народами ІІІ-ҮІ вв. –Спб., 1994.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1. Сақ тайпалар одағының қоғамдық, саяси құрылысы,

2.Ғұн империясының пайда болуының себептері, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы

3.Үйсін мемлекетінің басқару және әскери жүйесі.

4.Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы.

5.Ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінің құлауы нәтижесінде ІІІ -Ү ғ. пайда болған мемлекеттерді атаңыз.