Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___________

Дәріс № 4_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Шыңғысхан империясы және Қазақстан аумағындағы ордалық мемлекеттер

Факультет_____________

Оқытушы __Танатарова З.Л.______________ Академиялық жыл__2010-2011_______

Курс 1_________________________ Семестр__2________

  1. Дәрістің мақсаты

.

Жоспары:

1. Шыңғысхан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама

2.Моғолстан мемлекеті

3. Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасы

4. Қазақ ордасының қоғамдық және саяси жүйесі.

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

XII ғасырда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, дуниежүзінің тарихи-географиялық жағдайын күрт өзгерткен ірі оқиғалар болды. Бұл өзгерістер Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған монғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Асқан қолбасшы, шебер ұйымдастырушы дүниежүзін түгелдей жаулап алып әлемдік империя құруға ұмтылған Шыңғыс хан мен оның ұрпақгары әлемнің үлкен бөлігін басып алды. Монғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықгарын, Керей және Найман хаңдықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Монғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол созуға кұқығы болмады. Артықшылықпен пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек-төрелер, ал ру-тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Тіпті ол мемлекеттер бытырап бөлініп қайта кұрылған жағдайда да басқа ақсүйек емес әулеттер билікке келе алмады. Мұның екі себебі болса керек. Біріншіден, Шыңғыс ұрпақгарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға сіңіріліп дәстүрге айналды. Екіншіден, мұндай дәстүрді бұзу арқылы билік басына келген бөтен әулеттерді Шыңғыс тұқымдары қатаң жазалап жойып жіберіп отырды. Тіпті құдіретті Әмір Темірдің өзі бұл дәстүрді қатаң сақтап "хан" деген лауазымды алмай "әмір" атағымен шектеліп, жанында Шыңгыс ұрпағынан хан ұстады. Оның үстіне Әмір Темір Шыңғыс әулетіне күйеу-гураган атағын алған және өзін Шыңғыстың жолын жалғастырып, оның империясын қалпына келтіруші санады.

Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері

Бату хан жаулап алған жерлерде 1242 жылы Алтын Орда мемлекетінің негізі қаланды. Бұл мемлекет сол кезеңде Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы деп аталды. Алтын Орда Ұлы монғол империясының құрамдас бөлігі больш есептелді. Бату хан қайтыс болған соң оның үлы Сартақ таққа отыруы тиіс еді. Ол Қарақорымдағы үлы хан Мөңкеден жарлық альш келе жатып жолда қайтыс болды. Ұзамай хан болып жарияланған Батудың жас ұлы Ұлақшы да қазаға ұшырады. Алтын Орда тағына Батудың інісі Берке хан (1257-1266) отырды.

Алтын Орда Евразия даласына созылып жатқан алып империя еді. Оған Бату хан жаулаған елдер түгелдей вассал ретінде кірді. Беркенің кезінде Алтын Орда Ұлы ханнан тәуелсіз болды. Ұлы хан Мөңке қайтыс болған соң (1259) 1260- жылы империяның астанасы Қарақорымнан Ханбалыққа (Пекинге) көшірілді. Ұлы хан болған Хұбылай бүкіл монғолдың ханынан Қытайдың императорына да айналды. Оның Алтын Орданы бағындыруға мүмкіндігі де болмады.

1250 жылдардың соңында Иранда Мөңке ханның інісі Хулагу хан (1256-1265) негізін салған жаңа монғолдар мемлекеті пайда болды. Хулагуға Сирия, Закавказье (Азербайжан, Армения, Грузия) қарады. Хулагу мемлекетінің астанасы Тебриз болды. Алтын Орда мен Хулагидтердің арасында ұзаққа созылган қақтығыстар басталды.

Алтын Орданың шығыс Дешті-Қыпшақ бөлігі Ақ Орда деп аталды. Ақ Орданың пайда болуы туралы деректер әртүрлі. Парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің (XIV ғ.) айтуынша Жошының тірі кезінде-ақ бұл жерлер оның үлкен ұлы Орда Еженнің және оның үш інісінің үлесі ретінде бөлініп берілген. Тарихшы әрі хан Әбілғазының айтуынша Орда Еженге бұл жерлерді інісі Бату хан үлес ретінде бөліп берген.

Ақ Орда мен Көк Орданың орналасқан жерлері туралы пікірлер де әртүрлі. Көк Орда деп Жошының тағы бір баласы Шайбанға берілген Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді атаған. Бұл екеуі де Алтын Орданың құрамдас боліктері.

Алтын Орда мен Ақ Орданың құрылуы ескі дәстүр бойынша мемлекеттің сол қанат (Алтын Орда) және оң қанат (Ақ Орда) болып екіге бөлінуіне де байланысты болуы мүмкін.

Ақ Орда оның соңғы ханы Барақ қайтыс болғанша (1428) екі жүз жылдай өмір сүрді. Жасы үлкен болғандықтан Ақ Орданың билеушісі Орда Ежен інісі Бату ханға тәуелсіз болған деген де пікір бар. Мұндай пікір Ақ Орданың кейінгі хандарына лайық болды. Ақ Орданың Орда Ежен, Сартақ, Қоншы (Кайшы), Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымбай, Ерісхан, Құйыршық, Барақ сияқгы хандары болды.

Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.

Моғолстан саяси жоне экономикалық жағынан дамыған, территориясы да аса аумақты, қуатты ортағасырлық феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шағатай ұлысынан шыққан хан отырды. Моғолстандағы хандар династиясының негізін салушы Шағатай Тоғлық Темір. Хан мемлекеттегі барлық биліктің тұтқасын қолында ұстады. Ол мемлекеттің жоғары басшысы рстінде ішкі және сыртқы саясат мәселелерін жеке шешті. Ұлыстар мен өлкелердің басшыларын тағайындады немесе ұлыстар мен өлкелерді көңілі қалаған адамдарға мемлекет алдындағы еңбегі үшін сұйырғал ретінде сыйлап та жіберді.

Хан жоғарғы қолбасшы ретіңде соғыс жағдайында әскерді жорықтарға бастады. Моғол хандары жастайынан соғыс өнерін жоғары дәрежеде меңгерді.

Салықтың зекет, ұшыр, харадж, калан, купшур, баж сияқгы толып жатқан түрлері ханның, ұлыс басшыларының қазынасын толтырды.

Ақ Орда ыдыраған соң Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік бөлігін, Сібірдің үлкен аймағын Әбілхайыр хандығы (1428-1468 ж.ж.) алып жатты. Әбілхайыр Жошының Шайбан атты ұлынан тараған үрпақ. Бүл хандықгы тарихта көшпелі өзбек хандығы деп атап кеткен. Хандықтың шекарасы кеңіп Сырдарияның төменгі ағысына дейін жетгі. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Әбілхайыр хандығының саяси құрылысы Ақ Орда мен Моғолстанға ұқсас болды. Мұнда алғашқы кезеңде мықгы қаруланган көп әскер болды. Хандық ішкі қайшылықгардан ыдырап кетті.

Ноғай Ордасы Астрахан хандығын Ресей басып алған соң (XVI ғасырдың ортасы) бірнеше бөліктерге бөлініп кеггі. Оның Қазақстан жерінде тұратын тайпалары Кіші Жүздің кұрамына кірді.

СӨЖ тапсырмасы:

Конспектіні тексеру, реферат дайындау

СОӨЖ тапсырмасы

Түрік қағанаты, Түргеш және Қарлұқ қанаттары, Оғыз, қарахан, Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері

тарихи қалыптасуына қарай олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша салыстырмалы схема құру қажет.

Кесте сызу, жазбаша бақылау

Негізгі әдбиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4.Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Кляшторный С.Г., Султанов ТИ, Казахстан: Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992

  2. Пищулина Н.А. Юго- восточный Казахстан в середине ХІҮ-ХҮІ вв. –Алма-Ата, 1979.

  3. Скрынникова Т.Д. Харизма и власть в эпоху Чингис хана. – М., 1992.

  4. Хара – Даван. Э. Чингис хан как полководец и его наследие. -Алматы, 1992.

  5. Данияров К. Альтернативная история Улыса Жошы –Золотой Орды.- Алматы: «Жибек жолы», 1998.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

  1. Монгол империясында қандай ұлыстар өмір сүрді?

  2. Шыңғысхан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама.

  3. Шыңғысханның саяси-құқықтық және әскери реформалары

  4. Алтын Орданың әкімшілік-аумақтық, салық және құқықтық жүйесі

  5. Моғолстан мемлекетінің әскери саясаты

  6. Әбілхайыр хандығының мемлекеттік ерекшелігі

  7. Ноғай ордасының ерекшелігі, басқару органдары.