Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___________

Дәріс № 7______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Қазақстан Ресей империясының құрамында Факультет_________ ____

Оқытушы ______________________________ Академиялық жыл_2010-2011_______

Курс _1________________________ Семестр 2__________

  1. Дәрістің мақсаты:

Қазақ жерінің патша үкіметіне қосылу себептері, отарлау саясатының тереңдеу салдарын көрсету.

  1. Жоспары:

1.Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері.

2.Абылай ханның реформалары.

3.Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы.

4.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822-жылғы Сібір қырғыздары туралы Устав.

5.Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824-жылғы Орынбор қырғыздары туралы Устав.

6.Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері.

Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкілқазақгық жиында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкілқазақтың ханы бола алмады. Әбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды.

Осылай Әбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Әбілхайырдың әрекетіне түрткі болды.

1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.

"Игельстром реформасы" деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты түрғысында пайдалану еді.

Реформа бойынша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар да, шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды.

Сөйтіп Екатерина IIпатша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.

Абылай ханның реформалары.

Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болган соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бүған дейін-ақ қазақгың үш жүзінің көпшілік бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқшыларынан азат етілді.

Бөкей хандығының саяси-кұқықгық жағдайы.

Кіші жүздегі ХѴШ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралытының төменгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел I келісім берді.

1812 жылы Бөкей сұлтан орданың ханы болып көтерілді. Бөкей қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шыгай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден соң мұнда хан тағайындалмады.

Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дсрбестігі болды. Ол дербесгік қаржы-салық, жер бөлу, рулық-территориялық басқару, халықгы шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.

Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелсрі хан ордасында тұрақгы тұрып, хан аппаратының шылауына айналды.

Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салығын, сауда мәселелерімен "базар сұлтандары" айналысты. Ханның қолында мемлекеттік істермен шұгылданатын арнайы кеңес қүрылды.

Жергілікті басшылық рубасы старшындардар қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады.

Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды. Жергілікті жерде ұсақ істер каралды. Бірақ ханның заңды құқықтары орыс заңдарымен шектелген болатын.

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 жылгы "Сібір қырғыздары туралы Устав"

Патша үкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Ханның билік басында отыруы қанша дегенмен де қазақтардың егемендігінің көрінісі болды.Хан ішкі саясатты тәуелсіз жүргізуге әрекет етті. Абылай хан патша өкіметін мойындамай қойды.

Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрғысынан жол берілмеді.

"Орынбор қырғыздары туралы Устав. "

Орта жүзден соң патша үкіметі іле-шала Кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық кұрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы казак бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды.

1822 және 1824 жылғы "Уставтар" бойынша Орта және Кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық кұрылым орнына территориялық құрылым енді. Қазақтардың хандық арқылы өзін-өзі басқаруының орнына отаршылықты нығайтатын патша өкіметі тағайындаған басқару жүйесі енді. Сұлтандардың аз ғана тобы басшылықта қалып, қалғандары артықшылығынан айрылды. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына да қатардағы қазақгар сайлана бастады.

Глоссарий (терминдер): протекторат, вассал, аманат, жасақ, тархан, казы, хан кеңесі, старшин, аға-сұлтан, билер кеңесі, кеңсе, хабаршы, зекет, уақытша кеңес және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  • Қажетті қортындылардың жасалуы

  • Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  • Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Арынғазы реформасы

  2. Тәуке хан тұсындағы билер Кеңесінің құқықтық мәртебесі

  3. Кіші Жүздің Ресейге қосылуы

  4. Орта Жүздің Ресейге қосылуы

  5. 1822-жылғы және 1824-жылғы уставтардың мазмұны

  6. Сібір қырғыздыры туралы Устав, Орынбор қырғыздары туралы Устав

  7. 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысы.

  8. Абылай ханның реформалары

  9. 1916 ж. А.Иманов бақарған көтерілістің саяси-құқықтық маңызы

2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Ұлт-азаттық көтерілістер: Кіші, орта, ұлы жүздердегі көтерілістер. Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Персоналий - бұл тапсырманы орындау үшін сіз оқу курсының барлық тақырыптарымен танысып шығуыңыз керек. Осы кезеңдердің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз. Яғни, бұл тапсырмада тарихи тұлғалармен жұмыс істейсіз. Бұл жұмысты жазбаша орындап, жұмыстың соңында сол тұлғаларға қатысты өз көзқарасыңызды көрсетіп өткеніңіз дұрыс.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XV — XVII вв. Алма-Ата, 1971.

  2. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

  3. Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии. М., 1980.

  4. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX — начале ХХ века. Алматы, 1996.

  5. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958.

  6. Зиманов С.3. Политический строй Казахстана в конце XVIII — первой половине' ХIХ века. Алма-Ата, 1961.

  7. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. Алма- Ата,1981.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Ресей протекторатын қабылдаудың құқықтық шарттары мен салдарлары» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 18 ғасырдың басындағы саяси тоқырау, Кіші Жүздің Ресейге қосылуы, Орта Жүздің Ресейге қосылуы, Абылай ханның реформалары, Бөкей Ордасының саяси-құқықтық жағдайы.

«Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы, 1822-жылғы және 1824-жылғы уставтардың мазмұны»тақырыптарына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Сібір қырғыздыры туралы Устав, Орынбор қырғыздары туралы Устав, Кеңесары хан тұсындағы Қазақ мемлекеттілігі.