Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

Қазақстан Республикасында заңгерлер дайындау жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні заң пәндері ішінен үлкен орын алады. Тарихты білмеу, әсіресе саяси және құқық тарихын білмеу жоғарғы заң білімдерінде толық процессті көрсетпейді. Мемлекет пен қоғамның дамуындағы заңдылықтардың тууын тарихпен байланыстырмай құқықтық сипаттаманы алу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқықтық тарихын зерттеу өзінің тарихына сүйіспеншілік ретінде қарау ғана емес, Қазақстаның бүгінгі саяси және құқықтық дамуының талаптарына ғасырлардан жиналған тарихи үлкен тәжірибемен қызмет ету, жақсы түсініп, өз ойын ортаға жеткізе білу.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні болып, ерте уақыттан осы күндерге дейінгі қазақтардың мемлекеттік дамуы мен құрылуын зерттеу болып табылады. Тарих ғылымдарының анализі мен синтезі арқылы, Қазақстан аумағындағы мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттік қоғамдағы қатынастар, құқықтық ескерткіштерін саяси билік институттары арқылы зерттейді. Сомен қатар елімізді¡ тарихын құқықтық нормалар жағынан, қоғамдық саяси, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап, мемлекет пен құқықтың пайда болуына және дамуына ұлкен әсер беріп отыратын ғылым.

Жалпы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық, қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдап жасап отырады.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнін оқытудың мақсаты – Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы туралы студенттің бойында тұтас түсінік–түйсікті толық, айқын да нақты қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

а) Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттердің типтері, нысандары және құқық жүйелерітуралы білімді хронологиялық тәртіпте бере білу;

ә) Олардың пайда болуы мен қызмет етуінің шартының, нақты себептері мен уақыттық аясын және де биліктік қатынастардың ішкі құрылымы мен мемлекеттік органдардың механизмін, олардың әволюциялық дамуының заңдылықтарын қарастыру;

б) Қазақ хандығының қалыптасуын бірнеше ғасырларға созылған протоқазақ мемлекетінің даму нәтижесінің заңдылығы ретінде ашып көрсету, оның қазақ әтносының мемлекеттілігі ретіндегі жалпы және ерекше қасиеттеріне сипаттама беру;

в) Қазақстандағы дербес мемлекеттіліктің Ресей отарлауының нәтижесінде құлдырауы процесін және кеңестік өкімет тұсындағы қазақ ұлттық мемле кеттілігінің құрылуын зерделеу;

г) Қазақстан Республикасының тәуелсіз және егеменді мемлекет ретінде орн ығу мен дамуын обьективті, әрі заңды құбылыс деп бағалай отырып, оның құқықтық жүйесінің қалыптасу процесін ой елегінен өткізу.

Бұл пәннің маман даярлаудағы ролі мен маңызы мынада: бұл пәнді оқып үйрену Қазақстан Республикасының мемлекеті мен тарихы жөнінде тұтастай түсінік қалыптастыруға, Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың әволюциясының жалпы және ерекше заңдылықтарын ашуға, республикамыздың саяси–құқықтық өмірінің өткені, бүгіні мен болашағына қатысты мәселелерді еркін бағдарлай алуға баулуда болып табылады.

.