Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: _ҚР МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ Кредит саны:___________

Дәріс № _7_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы XIX ғасырдың екінші жартысы Факультет_____________

XX ғасырдың басында Қазақстандағы

әкімшілік құрылыс пен құқық.

Оқытушы _Танатарова З.Л. Академиялық жыл_2010-2011____

Курс _1___________________ Семестр___2_______

1. Дәрістің мақсаты:Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау саясатының негізгі бағыттары және оның жүзеге асырылуының және Қазақстанға арнайы шығарған заң актілері ықпалынан қазақтың әдет-ғұрып құқық жүйесінің салаларындағы орын алған өзгерістердің себептері және салдарларын, 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысының себептерін, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шараларының мазмұны мен мақсатын ашып көрсету.

2. Жоспары:

1. Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы.

2.1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар.

3. Қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер.

4.Сот және сот ісін жүргізудегі өзгерістер.

5. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары.

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына 1,5 ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді.

1867-1868 жылдардағы реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі қатардағы шенеуніктікке де жіберілмеді. Оларда тек орыстар отырды. Қазақтың қол жеткен билігі болыстық болды. Онда да болыстыққа жету үшін қазақтар орыс өкілдеріне әбден жем болатын.

Қазақстан патша үкіметінің таза шикізат базасына айналды. Мұндағы өнеркәсіп пен сауда, транспорт отаршылық саясатгы терендету мақсатына қызмет етті. Қазақтар арасындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісі туралы айтуға тұрмады. Патша үкіметі қазақтарды қараңғы, тұрмысы нашар тәуелді халық етіп ұстап тұруды мақсат тұтты.

Осылай қазақтар отаршылықтың ең ауыр кезеңіне аяқ басты.

1867-1868 және 1886-1891 жылдарғы реформалар.

1867 жылғы 11 шілдеде "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже", 1868 жылғы 21 қазанда "Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ерсже" бекітілді.

Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан атты үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Әр генсрал-губернаторлықта екі облыстан барлығы алты облыс болды.

XX ғасырдың басында 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы, Столипиндық реформа, бірінші дүние жүзілік соғыс (1914-1918), 1916 жылғы аса аумақты ұлт-азаттық көтеріліс сияқты оқиғалар болып өтті. Осы оқиғалар Қазақстандағы саяси-кұқықтық жағдайға ерекше әсер етті. Патша өкіметінің отаршылық жүйесінің репрессиялық сипаты артты.

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықгық шаралары.

Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздік жолындағы күресуші қайраткерлері "Алаш" партиясының төңірегінде топтасты.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпы қазақ съезінде ұлттық демократиялық саяси "Алаш" партиясы құрылды.

Глоссарий (терминдер): вассал, аманат, хан кеңесі, аға-сұлтан, билер кеңесі, жалпы қадағалау, жақын қадағалау, кеңсе, басты жергілікті басқару, ахун хабаршы, старшындар, уақытша кеңес және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  • Қажетті қортындылардың жасалуы

  • Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  • Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформалар, 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша басқару органдарының жүйесі.

  2. 20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай

  3. Ресей империясының отарлау саясатының үдемелі сипаты, қазақ жерлеріне сырттан қоныс аударудың күшеюі

  4. 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысының себептері мен салдары

  5. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары

  6. Алаш партиясы бағдарламасы жобасының саяси-құқықтық мазмұны.

2 СӨЖ: Глоссарий - бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Патша үкіметінің отарлау саясаты, 1867-1868жж реформалар, ұлт азаттық көтерілістер, мемлекеттік құрылыстағы өзгерістер, әдет-ғұрыпқа енген өзгерістер. Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Персоналий - бұл тапсырманы орындау үшін сіз оқу курсының барлық тақырыптарымен танысып шығуыңыз керек. Осы кезеңдердің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз. Яғни, бұл тапсырмада тарихи тұлғалармен жұмыс істейсіз. Бұл жұмысты жазбаша орындап, жұмыстың соңында сол тұлғаларға қатысты өз көзқарасыңызды көрсетіп өткеніңіз дұрыс.(С.Датұлы, К.Қасымұлы, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және т.б.)

Үй тапсырмасы:

Алаш партиясының бағдарламасы және құқықтық шаралары.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX — начале ХХ века. Алматы, 1996.

2. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX века. Алма-Ата, 1958.

3. Зиманов С.3. Политический строй Казахстана в конце XVIII — первой половине' ХIХ века. Алма-Ата, 1961.

4. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане: Сб. док. М., 1960.

5. Аманжолова Р.А. Партия Алаш: история и историография. Семипалатинск: Семипалат. пед. институт, 1993.

6. Алимжон К.А. Обычное право как форма права: Автореф. дис....канд. юрид. наук / КазГЮУ. Алматы, 1999.

7. Обычное право казахов в XVIII — первой половине XIX в. Алматы: Наука, 1981.

8. Сартаев С., Созакбаев С. Материалы по истории государства и права Казахстана. Вторая половина XIX — начало XX века. Алматы, 1994.

9. Сулейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX — начале XX века (1867 — 1907 rr.). Алма-Ата, 1963.

10. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. Алма-Ата, 1977.

11. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII — начале ХХ века: Алма-Ата, 1981'.

12. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана XVIII века: о внешней и внутренней политике Аблая. Алма-Ата, 1988.

13. Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова: Сб. док. Алматы, 1999.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Қазақстанның отар ретіндегі құқықтық жағдайы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау саясатының негізгі бағыттары және оның жүзеге асырылуының салдары.

«1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша құрылған отаршылық әкімшілік органдар»тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформалар, 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша басқару органдарының жүйесі.

«1867-68 жылдардағы Уақытша Ережелер бойынша қазақтың әдет-ғұрып құқығына енген өзгерістер»тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ресей империясының ішкіимпериялық және Қазақстанға арнайы шығарған заң актілері ықпалынан қазақтың әдет-ғұрып құқық жүйесінің салаларындағы орын алған өзгерістердің себептері және салдарлары.

«Сот және сот ісін жүргізу жүйесіндегі өзгерістер»тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Қазақ билері соттарының өкілеттіктерінің шектелуі, олардың құрылысындағы өзгерістер, билер соттарындағы істердің соттылығы, билердің құн тағайындау жүйесіндегі өзгерістер.

«20-ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Ресей империясының отарлау саясатының үдемелі сипаты, қазақ жерлеріне сырттан қоныс аударудың күшеюі, Қазақстанды өнеркәсіптік игерудің жалғасуы, 1905-07-жылдардағы бірінші орыс революциясы, Столыпиндік реформа, бірінші дүниежүзілік соғыс.

«1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысы. 1917 жылғы революциялар кезеңіндегі Қазақстан»тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысының себептері мен салдары, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары, Алаш партиясы бағдарламасы жобасының саяси-құқықтық мазмұны.