Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Реферат

Тақырыбы: «______________________________________________»

Орындаған:___________ ________

/аты-жөні, курсы, тобы/

Қабылдаған:________________ __

/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі/

Бағасы:________________________

/ пайыз, балл, әріптік/

Қорғалған күні: «_ _» __________ 2010 ж.

Астана-2010

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша реферат тақырыптарының тізімі:

  1. Сақ-массагет бірлестіктерінің территориясы мен әкімшілк құрылымы,

  2. Ғұндар империясының егемендігі, территориясы және халқы,

  3. Ежелгі түрік империясының территориялық-әкімшілік құрылымы,

  4. Монғол басқыншылығының тарихы

  5. Шыңғысханның Ұлы Жасақ заңдар жинағы

  6. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары

  7. Моғолстанның мемлекеттік құрылысы

  8. Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері.

  9. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы сот және сот процесі..

  10. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаның түсінігі.

  11. Қазақ әдет-ғұрып отбасы – неке құқығы.

  12. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша әйелдер мен балалардың құқықтық жағдайы.

  13. Қазақ әдет-ғұрып меншік құқығы.

  14. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша шарттар мен міндеттемелер.

  15. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы би институты.

  16. Қасымханның заңдары

  17. Есімханның заңдары

  18. Қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесіндегі әмеңгерлік институты

  19. «Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі ретінде.

  20. Төтенше билер сьезінің шешімдері

  21. 1885 ж. Қарамола Ережесі

  22. 1896ж Құрбан қайық Ережесі

  23. 1896 ж. Шар күшік Ережесі

  24. Тоқтамыс ханнның жарлықтары

  25. Арынғазы реформасы

  26. Тәуке хан тұсындағы билер Кеңесінің құқықтық мәртебесі

  27. Кіші Жүздің Ресейге қосылуы

  28. Орта Жүздің Ресейге қосылуы

  29. 1822-жылғы және 1824-жылғы уставтардың мазмұны

  30. Сібір қырғыздыры туралы Устав, Орынбор қырғыздары туралы Устав

  31. Сырым Датұлы көтерілісінің тарихи құқықтық маңызы

  32. 1920-жылғы Орынбордағы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, «ҚАКСР-ң еңбекшілері құқығының декларациясы» және ол бойынша республиканың мемлекеттік құрылысы.

  33. Абылай ханның реформалары

  34. 1916 ж. А.Иманов бақарған көтерілістің саяси-құқықтық маңызы

  35. 1937 ж. Қазақ КСР Конституциясы

  36. . Қазақ КСР 1978 жылғы Конституциясы

  37. Кеңестік қазақстандағы мемлекет пен құқық

  38. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құқықтық дамуы

2 СӨЖ: Персоналий

Бұл тапсырманы орындау үшін сіз оқу курсының барлық тақырыптарымен танысып шығуыңыз керек. Осы кезеңдердің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз. Яғни, бұл тапсырмада тарихи тұлғалармен жұмыс істейсіз. Бұл жұмысты жазбаша орындап, жұмыстың соңында сол тұлғаларға қатысты өз көзқарасыңызды көрсетіп өткеніңіз дұрыс

3 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін ұсынылған тақырыппен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз. Глоссарий ауызша түрде қорғалып, белгіленген ұпайларға және бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

Терминдер: көшпенділер, алғашқы қауымдық құрылыс, потестарлық бірлестіктер, тобыр, ру, тайпа, одақ, матриархат, патриархат, экзогамия, сақ тайпасы, мұрагерлік билік институты, үйсіндер, қаңлылар, гуньмо, ғұндар, шанью, түріктер мәдениеті, қаған, қананат, бек, тархан, оғлан, шад, қарабудун, жабғы, төре, кутлуғ, білге, ышбара, ельтебер, тегін, бұйрық, ұлыс, хан, он оқ, ел, атабек, сүйбасшы, құрылтай, ұлысбегі, Ұлы жасақ, билік, жасақ, патрономия институты, тағар, төленгіт, сойырғал, тору, муфтиат, имам, қазы, азық, алым, дафтари, «пайцза», хан кеңесі, дуан немесе диуан, инақ, атабек, төре, сұлтан, адат, қазақ, этникалық үрдіс, маслихат немесе құрылтай, меритократия, халық жиналысы, хан, сұлтан, билер кеңесі, дуан, баж, қаржы, Үлкен кеңес, Кіші Кеңес, Қарадуан, нурадин, кекеуат тайбуға, ұлан, мырза, қараушы, ел немесе аймақ, шежіре, таңба, ұран, батыр, ақ сүйек (төре, қожа), эндогамия, экзогамия, қара сүйек, құл, төленгіт, ақсақалдар және т.б.

СӨЖ №4. Сөзжұмбақ

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға немесе терминдерге байланысты құрастыру және оны СОӨЖ сабақтарында талқылау. Бұл тапсырманы орындау үшін өтілген тақырып бойынша терминдерге, тарихи тұлғалардың аттарына немесе лауазымдарға байланысты құрастыруға болады.

ҮЛГІ:



5 СӨЖ: Кесте сызу

Бұл жұмысты орындауда оқу курсының басынан бастап, дәрістердің тақырыптарына сәйкес әр қарастырылатын сұрақ бойынша кесте сызасыз. Ол үшін жеке кесте дәптерін арнап, А4 форматындағы альбомға сызуға немесе компьютермен әзірлеуге болады.

ҮЛГІ:

Ғұн мемлекетінің басшысы – шаньюдің құқықтық өкілеттіктері мен саяси қызметтері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі, з.ғ.к.,доцент

__________________ Шапақ У.Ш.

«____» ___________ 2010 ж.

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандығы: 5В030100 «Юриспруденция»