Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінен дәрістердің мазмұны

1-дәріс. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәнi, әдiсi, кезеңдерi.

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағдайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықгардың мемлекеттері болды.

Қазақ халқының атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасыньщ байырғы халқы — қазақтардың әр кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктері болған деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқықтық тарихы бүгінгі Казақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және кұқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы зандылықтарын басшылыққа алады.

Құқықтық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңдерге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.

2-дәріс. Қазақстан аумағындағы алғаш қауымдық құрылыс және әскери демократия. Сақ тайпалары. Ежелгі ғұндардың мемлекеті.

Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар табиғаттан бөлініп қоғам болып өмір сүргенге дейін, миллиондаған жылдарды бастан өткеріп, тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқгы ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарьн пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.

Адамдар бірден қоғам болып өмір сүрген жоқ, олар алғашқы кезде, тас дәуірінде тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. Табиғаттың дүлей күшіне оған қарсы бірігіп күресу кажеттігі адамдарды біріктірді. Мұндай тобырда күштінің дегені болды немесе биологиялық көрсеткіштер үсгемдік етті. Тобыр жағдайындагы некенің түрі топтық неке болды.

Біртіндеп рулық қоғам қалыптасты. Рулық қоғамның басты ерекшелігі ол туыстас адамдардың қауымдастығы болып, ру ішінде некеге тұруға тыйым салынды. Мұндай некені экзогамиялық неке дейді. Осылай рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер немесе алғашқы қоғамдық дәстүрлік тәртіп үстемдік құра бастады.

Адамдар арасында тұрақгы неке мен отбасы қалыптасты. Неке мен отбасы да ұзақ эволюциядан өтті. Олардың түрлері туралы арнайы әдебиеттерде айтылғандықтан біз оған тоқталмаймыз.

Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.

Ұзақ ғасырлар табиғаттың дайын өнімдерін жинаумен және аңшылықпен айналысқан адамдар біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Мұның өзі басы артық өнімнің пайда болуына әкелді.

Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар арасында шын мәніндегі теңдік болды.Ру мүшелері бір-бірімен тең болды.Тайпаларға біріккен рулардың да мүмкіндіктері тең болды.Рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы ру мүшелерінің сайлап қойған халық жиналысы болды.Жиналысты сайлап қойған беделді ру ақсақалы басқарды.Ру ақсақалының басқа ру мүшелеріне үстемдігі болмады.Барлық мәселелер өзара келісіммен,ымырамен шешілетін.

Рулық қоғамға сай отбасын ғылымда патриархалдық отбасы дейді.Мұндай отбасында ер адамның-әкенің билігі жүрді.Ер адам отбасын асыраушы әрі әулетті жалғастырушы болып есептелді.

Алғашқы қауымдық құрылыста мемлекет те,құқық та болмады.Себебі рулық қоғамдық қатынастар мемлекет және құқық сияқты қондырмаларды қажет етпеді.өзін-өзі басқаратын рулық қоғамда құқықтың ролін моральдық,адамгершілік нормалар,әдет-ғұрыптар мендәстүрлер атқарды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңін әскери демократия кезеңі деп атайды.Бұл ұзақ уақытқа созылған алғашқы қауымдық құрылыс мемлекеттің пайда болуы арасындағы көпір іспеттес кезең.

Алтын адам дәуіріндегі және одан кейінгі сақ тайпаларында мемлекеттің белгілері болғандығын көреміз.Ең алдымен рулар үлкен тайпаларға,тайпалар тайпалық одақтарға бірікті.Осы тайпалық одақтар алғашқы мемлекеттік құрылымдар болды.Оларды көсемдер немесе сақтардың патшалары басқарды.Сақ патшалары әскер басшысы болып саналып,соғыс және бітім мәселесін,көшіп-қону,көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.Сақ тайпаларындағы патшалық билік тек бір рудың қолында болды.Кейде патшалардың рөлінде әйелдердің де болғандығын көреміз.Есік қорғанынан табылған Алтын адам аталып кеткен сақтардың патшазадасы оларда мемлекеттік институттың көп белгілерінің болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ парсылардың әйгілі Кир патшасын талқандаған массагеттердің көсемі Томиристің де патшалығының мемлекеттік құрылымы белгілерінің болғанын байқауға болады.

Б.э.д.4-3-ғасырларда сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі -жазу пайда болған.Жазу мемлекетік қарым-қатынастың даму қажеттілігінен туатыны белгілі.

Қазақстан жерінде мекендеген алғашқы көшпелі тайпалар одағының бірлестігі сақтар алғашқы қауымның ыдырау, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасу дәуірі- әскери демократия кезеңінде өмір сүрді. Сонымен қатар сақтарда мемлекеттің қалыптасу белгілері де кеңінен кездесті.Көшпелі өмірдің,сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.

Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі- ғұндардың мемлекеті.Бұл көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.

Б.э.д. 4-ғасырда Қытай деректері алғаш рет ғұндарды өздерінің қарсыласы ретінде атап, олармен болған соғыстарда алма кезек жеңістердің болғанын жазады. Ғұндардың батыстағы көршілері сақтар екендігі айтылады.

Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық биліктің жымдасқан үлгісі болды.Тәңірқұтының деспотиялық билігіне негізделген мемлекеттік аппарат тоқтаусыз жұмыс істеді.Оның үстіне ғұндардың империясы аса бай мемлекет болды. Ғалымдардың есептеуі бойынша гүлденген дәуірде әр адамға 19 бас мал, күйзеліске ұшыраған кезде 5-9 бас малдан келген.Оның үстіне ғұндарға жаулап алған жерлерден алым-салық пен сыйлықтар үзіліссіз келіп жатты.

Ғұндардың құқықтық жүйесі туралы деректер тым мардымсыз.Мал отбасының меншігі болған.әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған.Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған.Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген.Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.Осыларға қарап ғұндарда әдет-ғұрып құқығы қолданғандығын байқауға болады.

3-дәріс: Қазақстан аумағындағы ерте феодалдық мемлекеттер

4-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса қуатты империяның бірі Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип-түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.

Бірінші қаған Құтлұқ болды, оны Елтеріс қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлпытастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяси қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түріктер солтүстік Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлері Соғды жеріне дейін барды. Білге және Күлтегін қағандар-дың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы Екінші Түрік қағандыгы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқтады.

Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағандарды қалыптасқан тәртіп бойынша Он оқ тайпаларының беделді өкілдері, әскер басылар мен басқа да беделді адамдардың жиыны сайлайтын. Түріктердің мемлекеті құлап, шетел басқыншыларына қарсы күресті бастаған билеуші әулеттің өкілдері өздерін қаған деп жариялаған кездері де болған.

Қағанның жанында қаған әулетінің белді мүшелерінен, әскер басылар мен ұлыстар басшыларынан т.б. беделді қоғам мүшелерінен тұратын қаған кеңесі болған. Көне дәстүр бойынша қаған өзін орнынан сырғытып жіберуге құқылы кеңестің шешімін жоққа шығара алмайтын. Қағанның билігін осылай шектеу мемлекеттің тек алғашқы кезеңінде орын алған болса керек. Қаған шынында мүшелерін өзі тағайындайтын қаған жанындағы кеңеске ешқандай тәуелді болмаған.

Қаған билігі билеуші әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан жасы үлкен ініге берілу дәстүрі осы Түрік қағандықтары тұсында қалыптасқан. Биліктің дәл кімге берілуі көп жағдайда нақгы қалыптасқан әлеуметтік- саяси жағдайға қарай шешіліп отырған деп тұжырымдауға болады.

Көне Түрік қағанаттарында қалыптасқан хан сайлаудың мұндай дәстүрі кейін қазақ хандарын сайлау кезінде жалғасты.

Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқгы көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билік органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқгы жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.

Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Оның мемлекеттік аппаратында көптеген лауазым иелері қызмет етті.

Карлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Карахан мемлекеттерінің, Найман және Керей ұлыстарының қоғамдық-саяси құрылысы.

Түрік канағаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және

Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (XI ғ-ң басы - 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болды. Себебі түрік қағанатындағы халықтар кейіннен осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси қүрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлүқ қаған-дықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Карахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.

Қарлұқ қағандығы (756-940) VIII ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Бұған дейін қарлұқтар Монғолия жерінде тұрған еді. 766 жылы Жетісу қарлұқтарға қарады. Сонан кейін қарлұқтар шекарасын шығыста Қашғарға, оңтүстікте Ферғанаға дейін созды. Қарлұқтардың мемлекетінің құлауына ішкі тартыстар және сыртқы жағдайлар себеп болды.

Оғыздардың басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селджуктердің, екінші

жағынан қыпшақтардың соққысынан оғыздардың мемлекеті XI ғасырдың басында құлады.

Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы). IX ғасырда Алтай мен Сырдария аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің саяси ядросы шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимак) тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға жетті. Қимақтар бірлестігі конфедерациялық мемлекет болды.

Қимақтардың басшысын алғашында шад-тутук, онан кейін жабғу, қаған деп атады. Қағанның қолында біршама билік болды. Ол тайпаларға өз өкілдерінен басшылар тағайындады. Соңынан қимақтардың 11 тайпаларының басшылығы мұраға қалдырылды. Осылай ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасты. Мұның өзі жергілікті тайпа басшыларының сепартизмін күшейтті. Олардың кейбірі орталық билікке жартылай бағынған хандарға айналды да ыңғайлы кезде мемлекеттік билікті тартып алуға бейім тұрды.

XI ғасырдың басында Қимақ конфедерациясындағы қыпшақ тайпаларының күшеюіне байланысты қимақ мемлекеті құлады.

Қазақстан мен Орта Азияда терең із қалдырған елдің бірі Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің негізін салушы Сатук Богра хан (915-955). Қарахан мемлекетінің шекарасы шығыста Қашқарға, оңтүстікте Мавереннахрға, солтүстікте Балқаш көліне, батыста Хорезмге дейін созылып жатқан ірі ел болды.

Қыпшақ хандығы (XI ғ-ң басы - 1219). XI ғ-ң басында Қимақ қағандығы құлаған соң, саяси билік қыпшақ тайпаларының қолына өтті. Сөйтіп қыпшақ хандығы қимақ қағанатының жалғасы іспеттес болды. Қыпшақ орасан үлкен территорияны алып жатқан халық (этнос) ретінде қалыптасты. Қыпшақ даласын Дешті-Қыпшақ деп атады. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қыпшақгар мейлінше күшейді. Олар Ертістен Жерорта, Қара теңізге дейін жетгі. Оңтүстікте Хорезм мемлекеті мен Кавказға дейін жетті. Осы кезеңде түркі тілдес тайпалардың басым бөлігі "қыпшақгар" деп аталды.

Дешті-Қыпшақ екі қанатқа бөлінді. Батыс қыпшақтары Еділден батысқа қарай созылған жерлерді жайлады. Оларды тоқсаба руынан шықкан әулет биледі. Шығыс қыпшақгары Ертіс пен Еділ өзендері арасын жайлады. Мұнда елбөрілі руынан шықкэн әулет биледі.

Қыпшақ қоғамындағы жоғары мемлекет билеушісі хан болды. Хан әскери және азаматтық билікті қолында ұстады. Ханның ставкасы Орда деп аталды. Ханның билік етуші аппараты көп сатылы басқару органдары арқылы мемлекетті басқарып отырды. Оң қол деп аталған батыс қыпшақтарының орталығы Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласының орнында болды. Сол қанат немесе Шығыс қыпшақтардың орталығы Сығанақта орналасты. Хандықтың орталығы -хан ордасы Торғай даласында көшіп қонды Ханнан кейін тархан, баскақ, бек т.б. лауазым иелері болды. Оларды хан тағайындайтын. Қыпшақ мемлекетінде әскердің ролі ерекше болды. Ру-тайпа басшылары өз дәрежесіндегі әскер басшылары болып есептелді.

Наймандар мен керейлердің үлыстары Алтай, Ертіс, Монғолия жеріне созыльш жатты. Наймандар мен керейлер қатар жатқан көшпелі тайпалар. 840 жылы Ұйғыр мемлекеті құлаған соң, наймандар мен керейлер күшейе бастады да көшпелілер конфедерациясының құрылуы басталды. Алғашында наймандар мен керейлер бірге болған. Олардың бірлескен ханы далай-хан деп аталды. 1092- жылы керейлер мен наймандар Ляо империясының кұрамына еніп, оның құрамында 1125 жылға дейін болды.

1125 жылы керейлер, 1143 жылы наймандар өздерінің тәуелсіз хандықтарын құрды. Керей хандығы ванхан деген атаққа ие болған Тоғарылдың кезінде, наймандар Таян ханның, Бұйрық және Күшлік ханның кезінде нығайды

.

4-дәріс. Шыңғысхан империясы және Қазақстан аумағындағы ордалық мемлекеттер

XII ғасырда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, дуниежүзінің тарихи-географиялық жағдайын күрт өзгерткен ірі оқиғалар болды. Бұл өзгерістер Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған монғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Асқан қолбасшы, шебер ұйымдастырушы дүниежүзін түгелдей жаулап алып әлемдік империя құруға ұмтылған Шыңғыс хан мен оның ұрпақгары әлемнің үлкен бөлігін басып алды. Монғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықгарын, Керей және Найман хаңдықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті.

Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзі жаулап алған жерлерін үлкен әйелінен туылған төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер ұлыстар деп аталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай монғолдардың атының тұяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық, Батыс Қазақстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.

Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойы және Мавереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай берілді.

Сонда Казақстан территориясы түгелге жуық негізінен Жошы мен Шағатай ұлысына қарады, Шығыс Қазақстанның аз ғана бөлігі Үгедей ұлысына кірді.

Жошы ұлысының мұрагері оның ұлы Бату хан болды. Бату хан Шыңғыс ханның жорықтарын жалғастырып орыс князьдарын, Чехословакия, Польша, Венгрия, Югославия, Румыния жерлерін басып алып Адриат теңізіне жетті. Осы ұлан байтақ жерде Батудың 1242 жылы негізін салуымен Алтын Орда атты алып мемлекет дүниеге келді.

Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері

Бату хан жаулап алған жерлерде 1242 жылы Алтын Орда мемлекетінің негізі қаланды. Бұл мемлекет сол кезеңде Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы деп аталды. Алтын Орда Ұлы монғол империясының құрамдас бөлігі больш есептелді. Бату хан қайтыс болған соң оның үлы Сартақ таққа отыруы тиіс еді. Ол Қарақорымдағы үлы хан Мөңкеден жарлық альш келе жатып жолда қайтыс болды. Ұзамай хан болып жарияланған Батудың жас ұлы Ұлақшы да қазаға ұшырады. Алтын Орда тағына Батудың інісі Берке хан (1257-1266) отырды.

Алтын Орданың шығыс Дешті-Қыпшақ бөлігі Ақ Орда деп аталды. Ақ Орданың пайда болуы туралы деректер әртүрлі. Парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің (XIV ғ.) айтуынша Жошының тірі кезінде-ақ бұл жерлер оның үлкен ұлы Орда Еженнің және оның үш інісінің үлесі ретінде бөлініп берілген. Тарихшы әрі хан Әбілғазының айтуынша Орда Еженге бұл жерлерді інісі Бату хан үлес ретінде бөліп берген.

Ақ Орда мен Көк Орданың орналасқан жерлері туралы пікірлер де әртүрлі. Көк Орда деп Жошының тағы бір баласы Шайбанға берілген Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді атаған. Бұл екеуі де Алтын Орданың құрамдас боліктері.

Алтын Орда мен Ақ Орданың құрылуы ескі дәстүр бойынша мемлекеттің сол қанат (Алтын Орда) және оң қанат (Ақ Орда) болып екіге бөлінуіне де байланысты болуы мүмкін.

Ақ Орда оның соңғы ханы Барақ қайтыс болғанша (1428) екі жүз жылдай өмір сүрді. Жасы үлкен болғандықтан Ақ Орданың билеушісі Орда Ежен інісі Бату ханға тәуелсіз болған деген де пікір бар. Мұндай пікір Ақ Орданың кейінгі хандарына лайық болды. Ақ Орданың Орда Ежен, Сартақ, Қоншы (Кайшы), Баян, Сасы Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымбай, Ерісхан, Құйыршық, Барақ сияқгы хандары болды.

Моғолстан, Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасының саяси құрылысы.

Моғолстан саяси және экономикалық жағынан дамыған, территориясы да аса аумақты, қуатты ортағасырлық феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шағатай ұлысынан шыққан хан отырды. Моғолстандағы хандар династиясының негізін салушы Шағатай Тоғлық Темір. Хан мемлекеттегі барлық биліктің тұтқасын қолында ұстады. Ол мемлекеттің жоғары басшысы рстінде ішкі және сыртқы саясат мәселелерін жеке шешті. Ұлыстар мен өлкелердің басшыларын тағайындады немесе ұлыстар мен өлкелерді көңілі қалаған адамдарға мемлекет алдындағы еңбегі үшін сұйырғал ретінде сыйлап та жіберді.

Хан жоғарғы қолбасшы ретіңде соғыс жағдайында әскерді жорықтарға бастады. Моғол хандары жастайынан соғыс өнерін жоғары дәрежеде меңгерді.

Салықтың зекет, ұшыр, харадж, калан, купшур, баж сияқгы толып жатқан түрлері ханның, ұлыс басшыларының қазынасын толтырды.

Ақ Орда ыдыраған соң Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік бөлігін, Сібірдің үлкен аймағын Әбілхайыр хандығы (1428-1468 ж.ж.) алып жатты. Әбілхайыр Жошының Шайбан атты ұлынан тараған үрпақ. Бүл хандықгы тарихта көшпелі өзбек хандығы деп атап кеткен. Хандықтың шекарасы кеңіп Сырдарияның төменгі ағысына дейін жетгі. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Әбілхайыр хандығының саяси құрылысы Ақ Орда мен Моғолстанға ұқсас болды. Мұнда алғашқы кезеңде мықгы қаруланган көп әскер болды. Хандық ішкі қайшылықгардан ыдырап кетті.

Ақ Орда ыдыраған соң оның орнында пайда болған мемлекетгік кұрылымның бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасының негізін салушы Алтын Орданы 15 жылдай билеген (1396-1411 ж.ж.) Едіге болып есептеледі. Едіге Алтын Орданы билегенімен хан деген атақты алмаған, Шыңғыс әулетінен хан ұстаған. XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің (1426-1440 ж.ж.) кезінде Ноғай Ордасы дербес елге айналды.

Ноғай Ордасы Батыс Кдзақстан жерінің ұлкен бөлігін, Еділ мен Жайық өзендерінің арасын алып жатты. Алғашында оны "маңғыт жұрты" деп атады.

Ноғай Ордасының бірнеше ерекшеліктері болды. Мұнда Шыңгыс әулеті емес, Едіге әулеті биледі. Сондықган болу керек Ноғай Ордасының басшысын хан емес би деп атады. Қоғамдық-саяси құрылыстың басқа жақтары мен шаруашылық, тұрмысы басқа көрші мемлекеттерге ұқсас болды.

Би мемлекет басшысы болды. Ол Едіге әулетінен шықты. Биді Үлкен кеңес — Құрылтай сайлады. Үлкен кеңес- елдегі жоғарғы кеңеске Едіге әулетінің мырзалары, басқа да әскер басы, таңдаулы адамдар кірді. Би өз кезегінде көмекші орган Кіші кеңесті сайлады.

Бидің жанында қарадуан деп аталатын басқару органы- шенеуніктік аппарат болды. Бұл орган сондай-ақ соттың рөлін де атқарды. Ұлыстарда жергілікті дуандар болды. Ордада басқарудың басқа да төменгі органдары болды.

Ноғай Ордасы Астрахан хандығын Ресей басып алған соң (XVI ғасырдың ортасы) бірнеше бөліктерге бөлініп кеггі. Оның Қазақстан жерінде тұратын тайпалары Кіші Жүздің кұрамына кірді.

5-дәріс. Қазақ хандығының пайда болу себептері мен қоғамдық құрылысы. Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.

XV ғасырдың ортасында Казақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты. Қазақ хандыгы да казақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақстандағы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі гұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген оңдаған рулар, тайпалар мен халықптардың "қазақ" деп аталатын этносаяси топқа қайтадан топталуьшынан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері қазақ халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықгы.

Қазақ хандығының негізін салушылар Керей және Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібекке қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хаңдығанан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақгарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы кұрамыңдағы халықгар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атақты мәңгі иеленді.

Әбілхайырдың хандығын қайта құруға талпынған оның немересі Мұхаммед Шейбани хан 30 жылдай қазақ хандығымен соғысып нәтиже шығара алмай Орта Азиядағы Бабыр ұрпақгарын ығыстырып өзбек хандығының негізін қалады. Оның соңынан ілескен көшпелі тайпалар өзбектер деп аталып соның негізінде өзбек халқы қалыптасты. Көшпелі өмір сүрген бауырлас бір халықгың қазақ және өзбек халқы болып, қазақ және өзбек мемлекеті болып екіге бөлінгені де оны XV-XVI ғасырдың шегінде өтті.

Қазақ хандығы өзінің дамуында екі кезеңді өткізді. Бірінші кезең XV ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың 20-жылдары немесе біртұтас қазақ хандығының кезеңі.

Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі казақ хандықгарының және олардың жойылу кезеңі.

Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды.

Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық-территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықгарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781 жылдары) біртұтастыққа қайта қол жетті.

Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып Ресей империясының отарына айналды.

Қоғамдық-саяси құрылысы.

Қазақ қоғамы түрлі әлеуметтік топтар мен таптардан феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалардан тұрды. Патриархалдық құлдық өмір сүрді.

Қазақ қоғамында артықшылықтарды пайдаланатын үстем тап өкілдеріне хандар, сұлтандар, байлар, билер, батырлар, дін өкілдері, тархандар жатты. Феодалдарға тәуелді топтарға шаруалар, төлеңгіттер, құлдар, жатақтар жатты.

6-дәріс.Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығы.

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақгарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді."Адат" өте ерте кезден бастау алып, көптеген өзгерістермен және толықгырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін өмір сүрді. Дегенмен "адаттың" күқықгық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:

1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан керінетін консерватизмі.

2. Қазақ әдет-ғұрып кұқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институтгар қазақ қоғамында және оның құқықгық жүйесіңде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.

3. Әдет-ғұрып кұқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.

4. Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.

5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманды сипатта болды.

6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.

Меншік кұқығы.

Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды.

Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Кауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жүргізді.

Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді.Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады.

Жерді жеке меншікке бёру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлыгымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде жер таратылды.

Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықгар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.

Жер мен қатар жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.

Жерден табылған қазына-байлық оны кім тапса, соның меншігі болып табылады. Қазақ даласында ескі обалардан қазына байлық іздеген оқиғалар көп болған.

Міндеткерлік құқықтар.

Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісім-шарт жүргізудің өз шарты болды. Келісім шарт жасау уәде беру, ант беру, куәлердің алдында келісім жасау т.б. жолдар арқылы жасалды. Келісім уәдесін орындамағандар сенімсіз адамдар ретінде қоғамдық пікір арқылы айыпталатын.

Малды қарызға алған кезде қарызға алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарызға алушы қарызын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Ол көбіне осы кұзден келер күзге немесе көктемнен көктемге дейін жасалатын. Мұндай келісімдер екі не одан көп куәлар алдында жасалды.

Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ала алды.

Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылатын. Адат бойынша карыз егесі міндетін өтей алмаған жағдайда оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруга тиіс болды.

Келісім-шарттың ерекше түрі — айырбас. Айырбас затгарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлігі ретінде мал есептелді. XIX ғасырға дейін ақша өлшем бірлігі ретінде пайдаланылмады.

Сауын. Келісімнің ерекше түрі. Ауқатты адамдар кедей руластарына сүтін сауып пайдалану үшін уақытша мал берген. Сауын бие немесе сиыр ретінде берілді. Алғашында сауын беру руластардың бір-біріне өзара көмегі ретінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді етудің әдісі ретінде қолданылды.

Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерек-шеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый-сияпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет-ғұрыптар болды.

Аманат-малды бай мал иелері кедейленген туыстарына аманат ретінде пайдалануға берді.

Жылу жинау. Жұтқа ұшыраған немесе стихиялық апатқа ұшыраған қоғам мүшелеріне руластарының, ауылдастарының мал немесе мүлікгей беретін жәрдемі. Жылу мүлкі қарыз болып есептелмеген.

Жұртшылық карызға батқан, қарызын төлей алмай қалған қоғам мүшесіне руластары және туыстары тарапынан малдай немесе мүліктей беретін жәрдемі. Мұндай жағдай әркімнің басына түсуі мүмкін болғандықган көпшілік оған толықтай қатысатын.

Асар жасау әдет-ғұрпы қоғам мүшелерінің бір-біріне жәрдем беру мақсатында жасалған. Асар шөп шабу, құдық, арық қазу, жол салу, қыстау үйлерін тұрғызу сияқгы үлкен жүмыстарды ұйымдастырғанда жасалады.

Соғым беру. Қатардағы қазақтар күздің соңы қысқа карай сүлтандарға, билер мен басқа да атқамінерлерге сойыс малын немесе мал етін беретін. Соғымды хан сұлтандарға беру міндетті болған. Кедей адамдар соғымға мал етінің бір бөлегін де беретін. Соғым арқылы хан, сұлтандардың қысқы азығы даярланатын.

Сыбаға тарту. Бір-екі асым ет ретінде хан, сұлтан билерге берілетін тарту. Сыбағаны казақтар құда-жекжат сияқты басқа да жақын адамдарына беретін. Сыбағаны үйге қонақ етіп беруге де болады.Қүрметке ие болған қазақтар үшін өздеріне сыйлаған сыйлықтан бас тарту жөнсіз әрекет болған.

Отбасы-неке құқығы.

Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зертгелген сала. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды.

Отбасының басшысы ер адам болды. Казақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан түрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.

Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасының әйел мүшелерінің кұқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.

Мұрагерлік құқығы.

Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет тұрінде жасалды. Ауызша өсиет болғанда куәлер катыскан. Әдет-ғүрып қүқығы бойынша әке мүрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары болды.

Мұра ретінде мал, қыстау, үй-жай, ақша және жесір калып отырған.Ер адам қартайып өлгенде, оның ұл-қыздары үйленіп, бөлініп кетсе оның мал мүлкіне енші алмаған кенже баласы ие болады.Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әменгерлік әдет бойынша өлген адамның жақын туыстарының бірі оның әйеліне үйленіп балаларын қамқорлығына алады да мал-мүлкіне заңды түрде иелік етеді.

Адат әке мұрасын әділ бөлуге, осы негізде балалар мен туыстар арасында алауыздық тумауға ерекше көңіл бөлген. Мұраны бөлу адатты басшылыққа альш, әрбір нақгы жағдайда қайтыс болған адамның, туыстарының, ел ақсақалдарының араласуымен жүзеге асып отырған.

Мұрагерлік қүқық қыздардың қүқығын қорғап отырған. Мұра бөлудің мынандай тәртібі туралы деректер бар: мұраның сегізден бір бөлігі жесірге тиесілі; он екіден бір бөлігі қайтыс болғанның әкесіне тиесілі; он екіден бір бөлігі әкенің барлық әйелдеріне тиесілі.

Мұраның қалған бөлігі ұлдары мен қыздары арасында бөлінеді. Ұлдың үлесі қыздан екі есе артық болады.

Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.

Адат бойынша қылмыстық істер мен азаматтық кұқық бұзушылықтың арасы ерекше бөлінбеді. Қылмысты казақтар "жаман іс", "жаман сөз" деп те атады. "Айыпкер" ретінде тек қылмыс істеген адам ғана емес, оның туыстары, руы да есептелді. Сондықтан қазақтар арасында бір адамның қылмысы үшін бүкіл рудың, туыстарының үжымдық жауапкершілігі қарастырылды.

Саяси, қоғамға қарсы қылмыстар туралы ұгымдар болмағанымен, ханға, сұлтандарға қарсы қылмыстық әрекеттер катаң жазаланды. "Жеті жарғыда" сұлтандар мен қожаларға қарсы қылмыстар ерекше жазаланып, оларға төленетін құн жай адамдардан жеті есе артық болды. Билерге қарсы қылмыстарды да қатаң жазалайтьш нормалар пайда болды.

Адат қасақана жасаған, абайсызда жасаған қылмысты терең айырмады. Мұның себебі қандай да болмасын қылмыстың орнын құн төлеу арқылы материалдық жағынан толтыруға байланысты болса керек. Қасақана және абайсызда жасалған әрекеттер XVIII-XIX ғасырларда тереңдеп айырыла бастады.

Сот және сот ісін жүргізу.

Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.

Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықгың өзі келетін.

Би өзіне келген істі қарауға міндетгі болды, қарамай тастауға құқығы болмады. Биді тандау талапкердің қолында болды.

Би сотқа жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдына қамшыларын тастап, істі карауға келісім беріп отырады. Қамшы тастаудың үлкен процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақ та биден бас тарта алмайтын.

Сот ашық түрде екі жақты, куәлерді тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға қүқығы болды.

Сотқа куәлер тартылды. Ерлі-зайьштылардың бір-бірінің көзіне шөп салғандығын дәлелдеу үшін 4 куә, қалған істерге 2 куә қажет болды. Куәлер бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15-ке толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, бұрын айыпты, ақыл-есі кемдер, қылмысты болғандар куә бола алмаған.

Куәлері болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, олар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін ешкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылган.

Билер сотының шсшімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты "алажіпті үзу" деген дәстүрмен аяқталатын.

7-дәріс.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси- құқықтық салдары.

Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкілқазақгық жиында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкілқазақтың ханы бола алмады. Әбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз позициясын нығайтпақ болды.

Осылай Әбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің қол астына алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да Әбілхайырдың әрекетіне түрткі болды.

1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.

"Игельстром реформасы" деген атпсн енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның әрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты түрғысында пайдалану еді.

Реформа бойынша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар да, шекаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықпалы мықты сұлтандық топтың әсері болды.

Сөйтіп Екатерина IIпатша қайта хан сайлауға келісім берді. Патша өкіметінің Кіші жүзде хандық билікті жою туралы алғашқы қадамы жүзеге аспады.

Абылай ханның реформалары.

Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болган соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бүған дейін-ақ қазақгың үш жүзінің көпшілік бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқшыларынан азат етілді.

Бөкей хандығының саяси-кұқықгық жағдайы.

Кіші жүздегі ХѴШ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралытының төменгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел I келісім берді.

1812 жылы Бөкей сұлтан орданың ханы болып көтерілді. Бөкей қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шыгай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден соң мұнда хан тағайындалмады.

Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дсрбестігі болды. Ол дербесгік қаржы-салық, жер бөлу, рулық-территориялық басқару, халықгы шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.

Ордадағы билік негізінен ханның қолында шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелсрі хан ордасында тұрақгы тұрып, хан аппаратының шылауына айналды.

Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасауылы болды. Баж салығын, сауда мәселелерімен "базар сұлтандары" айналысты. Ханның қолында мемлекеттік істермен шұгылданатын арнайы кеңес қүрылды.

Жергілікті басшылық рубасы старшындардар қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады.

Сот билігі ханның, жергілікті билердің, хан депутаттарының қолына шоғырланды. Жергілікті жерде ұсақ істер каралды. Бірақ ханның заңды құқықтары орыс заңдарымен шектелген болатын.

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 жылгы "Сібір қырғыздары туралы Устав"

Патша үкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Ханның билік басында отыруы қанша дегенмен де қазақтардың егемендігінің көрінісі болды.Хан ішкі саясатты тәуелсіз жүргізуге әрекет етті. Абылай хан патша өкіметін мойындамай қойды.

Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрғысынан жол берілмеді.

"Орынбор қырғыздары туралы Устав. "

Орта жүзден соң патша үкіметі іле-шала Кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық кұрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы казак бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды.

1822 және 1824 жылғы "Уставтар" бойынша Орта және Кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық кұрылым орнына территориялық құрылым енді. Қазақтардың хандық арқылы өзін-өзі басқаруының орнына отаршылықты нығайтатын патша өкіметі тағайындаған басқару жүйесі енді. Сұлтандардың аз ғана тобы басшылықта қалып, қалғандары артықшылығынан айрылды. Біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық сұлтандардың орнына да қатардағы қазақгар сайлана бастады.

8-дәріс: Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқық.

1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жүмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы кұрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам- социалистік жүйені социалистік мемлскет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.

1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М.И.Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халықкомиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.

1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды.

Қазақстанда бір орталықганған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен казақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет кұрылды.

Қазревком Казақ автономиясын қүрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Қазревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң, оның кейбір мүшелері Кеңес өкметінің жұмысына тартылып Қазревкомның кұрамына өтті.

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.

1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы М.И.Калинин "Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" декретке кол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і кұрылды.

Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді.

В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (КазОАК) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Заволжье әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді.

1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай сьезі өтті. Сьезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Казақ Орталық Аткару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С.Меңдешевті бекітті. Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.

1937 жылы 26 наурызда бүкіл-қазақстандық кеңестсрдің төтенше X сьсзі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы 11 тараудан 125-баптан тұрды. Iтарауда қоғамдық құрылыс анықталды. 1-бапта ҚазКСР жүмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп корсетілді. ҚазКСР-дің саяси негізі еңбекшілер депутаттарыньщ кеңестері деп анықталды (2-бап). ҚазКСР-дің экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары (4-бап) дсп танылды. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Сондай-ақ азаматтардың өзіндік меншігі мойындалды.

Социалистік шаруашылыктың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратыны айқындалды.

Еңбек ету әр азаматтың міңдеті екендігі көрсетіліп, "Еңбек етпеген - ішіп жемейді" принципі конституцияда атап өтілді.

II тарауда "Мемлекеттік құрылыс" бекітілді. 13-бапта экономика, саясат, отан қорғау және өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отырғандығы көрсетілді.

Осыған сүйеніп ҚазКСР-ы КСРО конституциясының 14-бабында көрсетілген құкықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғары өкімет органдары мсн мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп береді.

КСРО заңдары Казақстан территориясында міндетгі түрде қолдануга жатты. Қазақстан азаматы КСРО азаматы болып есептелді.

III тарау мемлекетгік окімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР-да өкімет билігінің жоғарғы органы — ҚазКСР-ның жоғарғы кеңесі болды. Бірден-бір заң шығаратын орган тек Жоғарғы Кеңес болды.Сессиялар арасында жұмысты Жоғарғы Кеңес сайлаған оның Президиумы жүргізді.

Мемлекеттік өкімет билігінің атқарушы және өкімші жоғарғы органы ҚазКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңссі болды. Бұл орган рсспубликаның үкімсті болып табылды.Мемлекеттік басқарудың салаларына халық комиссарлары басшылық етті.Нсгізгі заң жергілікті кеңестердің билігін, құрылысын, жұмыс тәртібі мен құқықгарын белгіледі.

Соғыстан кейін мемлсксттік құрылыс пен мемлекетті басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946 жылы 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-нің Министрлер Кеңссі, ҚазКСР-нің Халық комиссариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Кейбір министрліктердің саны 7 болды. Жаңадан онеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Министрліктердің өкілеттіктері артты. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды.

50-жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтсрі кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, онеркәсіп пен құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау және басшылық ету құқықтары артты.

1956 жылғы КОКП-ның XX сьезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс кезең болды. Сталинның жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50-жылдары жазықсыз атылған,қамалған азаматтардың үлкен тобы қайта ақталды.

50-жылдары одақтас республикалардың құқықгары артьш, егемендігі біршама кеңейді.

ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, т. б. ауыл шаруашылығына қатысты қүқықгары кеңсйді.

Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Ксңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың окілдері кіргсн экономикалық комиссия құрылды.

1958 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.

60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлскет басшысы Н.С.Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брежневтің келуімен байланысты.

1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндсгі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, сслолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікгі Кеңестердің атқару комитеттерінің қүрамына 20 мың адам кірді.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелсне түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды. 1924 жылы Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария жоне Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жсрлері қайтарылды. Осы жылы Қарақалпақ автономиялы облысы да Қазақстан құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСР-і құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді.

ҚазКСР Конституциясы бойынша Қазақстанның шекарасы тек оның Жоғаргы Кеңесінің келісімімен ғана өзгсруге жатты. 1955 жылы 13 жслтоқсанда Жоғарғы Кеңес қаулысымен Батыс Қазақстан облысының Жәнібск ауданының жалпы көлсмі 7049 гектар оңтүстік болігі РКФСР-дің Астрахан облысының Владимир ауданына бсрілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70-жылдары Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ үйымдарымсн ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.ҚазКСР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі 1972 жылы 21 шілдеде қабылданды.

1959 жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды.

1971 жылы ҚазКСР-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу, оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.б. мәселелер шешімін тапты.

1963 жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды.

Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура жәнс нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды.

9-дәріс: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасуы және дамуы.

Қайта қүрудың соңына қарай Ксңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың қүқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақгы реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты.

Осындай жағдайда 1990 жылы 25 казанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация» қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі еркін билсу құқығыш тани отырып, қазақ үлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықгық мемлскет құруды негізге алып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Дскларацияны қабылдады.

Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу қүқығын сақтанды. Декларацияда алғаш peт ҚазКСР-і үлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.

Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның оз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстсмдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай КазКСР-і өз егемендігіне қайшы келөтін одақ заңдарын тоқтата алды.

ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дсрбес субъектісі ретіндс Бірікксн Үлттар Ұйымына дөйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.

Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындагы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясы қабылданған 25- казан Рсспублика күні мерекесі болып бекітілді.

1991 жылы 10 желтоқсанда Казақ КСР-інің атауы Казақстан Республикасы болып өзгертілді.

Қазақ халқының ғасырлар бойы тынымсыз тәуелсіздік жолындағы жүргізген күресі жүзеге асты. Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мсмлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы қабылданып, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. 7-тарау 18-баптан тұрған бұл заң Қазақстанның мемлекеттік-құқыктық тарихының жаңа тәуелсіздік бетін ашты. Заңның 1-бабы былай жазылды. Казақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі жоне сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Конституциялық заңның 2-тарауы (6-8 баптар) Қазақстан Республикасы ұлттарының азаматтары біртұтас Казақстан халқын құрайды, Бұл халық егемендіктің бірден-бір иесі, мемлексттік биліктің қайнар көзі болып табылады, азаматтар барлық жағынан тең қүқыққа ие екендігі көрсетілді. Қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерінің тілі, мәдениеті мсн дәстүріне ерекше мән беріліп, олар мемлекет қамқорлығына алынды.

1993-жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды.

" Конституциялық құрылыс негіздері" бөлімінің қағидалары мсн принциптері Ата Заңның басқа болімдсріне негіз болып табылды, оны өзгсртудің тәртібі ерекше қиындатылд Конституцияның бірінші бөлімі (27-бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтар тсндігіне кепілдік бсреді, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тиым салады деп көрсетілді.

Рсспубликаның әрбір адамының азаматтық алуға және оны озгертуге құқығы бар. Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды.

Сонымен Конституция құқықтары мен бостандықтардың үлкен тобын жариялап, оларға кепілдік берді, әрі оларды сот жолымен қорғауды қамтамасыз етуді шешті.

"Қоғам, оның құрылыс негіздері" деп аталатын екінші бөлім "Меншік және кәсіпкерлік", "Отбасы", "Қоғамдық бірлестіктер" атты үш тараудан тұрады.

Ата Заңда меншік түрлерінің сан-алуандығы бекітілген. Мемлекет меншіктің барлық түрлерінің және субъектілерінің заң алдында теңдігін қамтамасыз етеді. Меншіктің түрлерінің сан-алуандығы жарияланғанымен, Конституцияда оның тек екі түрінің -жеке меншіктің және мемлекет меншігінің аты аталады.

18-бапта "Республика азаматының меншік иесі болуға құқысы бар" делінген. Бұл бапта Негізгі Заңның басты идеяларының бірі көрініс тапқан. Жеке меншік иесі адам, азамат болатындығы Конституция жолымен бекітілген. Оны қорғаудың кепілдігі де қарастырылды.

Мемлекеттік билік біртұтас. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері мемлекеттік биліктің үш тармағы болып табылады.

Билікті дербес тармақтарға бөлу терең демократияға негізделтен. Жоғарғы Кеңесті де, Президентті де халық тікелей сайлап қояды.Ал жоғарғы сот органдары болса Жоғарғы Кеңесте Президенттің тікелей араласуымен сайланады.

1993 жылғы Казақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Негізгі Заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық роль атқарды. Дегенмен Конституцияны Кеңес дәуірінде сайланған Жоғарғы Кеңестің қабылдауы өз таңбасын қалдырды. Ұзамай ол қайшылықтар өсіп, жаңа Конституция қабылдауға негіз болды.

1993 жылғы Конституция қайшылықты, өтпелі кезеңде қабылданды. Әлі де көп мәселелер шешімін таба алмады. Бірнеше ауқымды мәселелер бойьшша елде ұзақ пікірталас, даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық; тіл мәселесі; ұлттық мемлекет пен азаматтық қоғам құру; әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар; Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен бұл мәселелер шиеленіске жіберілмей кезең-кезеңімен саяси және құқықгық тұрғыдан шешілді.

Казақстан Республикасының "Азаматтық туралы" заңы кабылданып 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықгық кедергілер толық жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палатадан тұратьш тұрақты Парламент құрылды, Үкіметтің ролі артты. Азаматтардың кұқықгары мен бостандықтары нығайды.