Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

4.Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар

(реферат, глоссарий, эссе, персоналий, кесте, кроссворд және т.б.)

СӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша нұсқаулық

п/п

СӨЖ түрі

СӨЖ беру мерзімі

СӨЖ қабылдау мерзімі

Тапсырманың көлемі және тақырыбы

СӨЖ№1

Реферат жазу.

1 апта

5 апта

Дәріс бойынша 4,5,6 тақырыптарына сәйкес

СӨЖ№2

Персоналий

6

апта

8-апта

Қазақстан Республикасы территориясындағы саяси-құқықтық дамуға әсер ете алған тұлғалар

СӨЖ№3

Глоссарий

1

апта

12-апта

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының саяси-құқықтық терминологиясы.

СӨЖ №4

Сөж жұмбақ жасау

4-апта

СОӨЖ сабақтарында талқылау

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға немесе терминдерге байланысты құрастыру

СӨЖ №5

Кесте сызу

1-апта

Семинарлық немесе СОӨЖ сабақтарында

СӨЖ дәптеріне әр тақырып бойынша кесте сызу

1 СӨЖ: Реферат жазу

Жазбаша үй тапсырмасының бір түрі реферат жазу. Реферат “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы” пәнінен жазылады, ол кемінде 3-4 компьютермен терілген беттен тұруы қажет. Реферат кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы тиіс. Рефераттың кіріспе бөлімінде сіз міндетті түрде тақырыптың маңыздылығын, мақсаты мен міндеттерін атап өтесіз. Негізгі бөлімде сіз рефераттың тақырыбын ашып, қысқаша, өз зерттеулеріңізді келтіре отырып, салыстырмалы талдау жасайсыз. Қорытынды бөлім тақырып бойынша тұжырымдамалардан тұрады. Міндетті түрде пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетіп, оны негізгі және қосымша әдебиеттерге бөліп өту қажет. Реферат ауызша түрде қорғалып, белгіленген ұпайларға және бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі, з.ғ.к.,доцент

__________________ Шапақ У.Ш.

«____» ___________ 2010 ж.

Хаттама №­­___

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

РЕФЕРАТ ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандығы: 5В030100 «Юриспруденция»

5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

5В030200 «Халықаралық құқық»

5В030200 «Кеден ісі»

Дайындаған:

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

кафедрасының аға оқытушысы,

юриспруденция магистрі З.Л. Танатарова

Астана 2010

Мазмұны

1.

Реферат жазудың мақсаты мен міндеттері

2.

Рефераттың жоспары мен құрылымы

3.

Рефератты рәсімдеу

4.

Рефератты бағалау критерийлері

5.

Қосымша А (титулдық бетін рәсімдеу үлгісі)

6.

Реферат тақырыптарының тізімі

Кіріспе

Реферат жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Реферат - заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.

Реферат – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.

Реферат жазудың мақсаты мен міндеттері

Реферат жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

  • Теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

  • Жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс.

Рефераттың жоспары мен құрылымы

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен рефератта қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығыырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зертеу қажет, ал гере мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.

Жоспар рефераттың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек. (Жоспарды құрудың үлгісін А қосымшасынан қараңыз)

Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана рефератты жазуды бастау керек.

Реферат жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

  • титулдық бет

  • мазмұны

  • кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Рефераттың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді.

Рефераттың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен реферат құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Рефераттың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді.

Қортындыда тақырыптың сипатына және рефераттың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.

Рефератты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Реферат таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс.

Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 5-7 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегль – 14, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Рефераттың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ - мазмұны (төмендегі үлгіні қараңыз). Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және рефераттың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Үлгі

Мазмұны

Кіріспе

1 Тақырыптың атауы

1

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

1.2

1.3

2 Тақырыптың атауы

2

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

2.2

2.3

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бөлімдердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).

Қолданылған қайнар көздер тізімі.

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, көрсетілуі тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

Рефератты бағалау критерийлері

Реферат бағалау критерийлері

1

Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздығы

2

Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білді.

3

Қажетті қортындылар мен жалпыламаларды жасады

4

Материалдарды жоспарға сәйкес қисынды және рет ретімен жазды

5

Жұмысты әдеби тілмен дұрыс жазды және оны дұрыс рәсімдеді

Қосымша А

РЕФЕРАТ жұмысының титулдық бетін рәсімдеу үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы