Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

13. Пән бойынша і, іі аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері

Бақылау түрлері

Бағалау өлшемдері (критерии %)

1

Дәріске қатысуы

20%

2

Семинар (тәжірибе)сабақтарына қатысуы

20%

3

СОӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақытылы тапсыруы және сапалы орындауы

10%

4

Семинар (тәжірибелік) сабақтарға белсенді қатысуы

20%

5

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді ат салысуы

10%

6

Пәндер бойынша силлабустарға сәйкес СӨЖ-ын сапалы және уақытылы орындау

10%

7

Рейтингтік апта кезеңінде кіріспе бақылау

10%

ҚОРЫТЫНДЫ (%)

100%

14. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллардың цифрлік эквивалент

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

3,33

85-84

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағат

С

2,0

50-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағатсыз

Пән бойынша қорытынды баға проценттік мазмұнда былай анықталады:

А1 +А2

Қ% = -------------------Х0,6+Е Х 0,4

2

А1 – 1рейтингтің проценттік мазмұны

А2 – 2 рейтингтің проценттік мазмұны

Е – емтихан бағасының проценттік мазмұны

Қ% қорытынды проценттік мазмұндағы баға ең соңында жоғарыда көрсетілгендей (жалпы шкала) Қц цифрлік эквиваленттік бағаға ауысады.

3. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___________

Дәріс № 1_____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы . Факультет_____________

Оқытушы __Танатарова З.Л.______________ Академиялық жыл__2010-2011_______

Курс 1_________________________ Семестр__2________

  1. Дәрістің мақсаты

.

2. Жоспары:

1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні мен әдістері.

2. ҚР мемлекет және құқық тарихының мақсаттарны мен міндеттері

3. ҚР мемлекет және құқық тарихының басқа заң ғылымдарының жүйесіндегі алатын орны.

4. ҚР мемлекет және құқық тарихының кезеңдері

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағдайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықгардың мемлекеттері болды.

Қазақ халқының атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасыньщ байырғы халқы — қазақтардың әр кезеңдегі мемлекеттік бірлестіктері болған деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқықтық тарихы бүгінгі Казақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және кұқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т.б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы зандылықтарын басшылыққа алады.

Құқықтық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңдерге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т.б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.

СӨЖ тапсырмасы:

Лекцияларды конспектілеу, глоссарий дәптерін арнау, кесте сызу.

СОӨЖ тапсырмасы

Осы пәннің түсінігі мен пәнін ажырата білу, әдістерін толық көрсетіп оқиғамен байланыстыру, кезеңдерінің мәнін ашу.

Негізгі әдбиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4.Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекет және құқық тарихының пәні не болып табылады?

  2. Тарихи құқықтық ғылымның әдісі мен әдістемесі дегеніміз не?

  3. Қазақстанның мемлекет және құқық тарихының негізгі кезеңдерін атаңыз?