Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: _ҚР МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ Кредит саны:___________

Дәріс № _8 _ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_лекция

сағат

Дәріс тақырыбы Қазақстандағы социализм құру

кезеңіндегі мемлекет және құқық. (1917-1941 ж.ж.)

Оқытушы _Танатарова З.Л. Академиялық жыл_2010-2011____

Курс _1___________________ Семестр___2_______

1. Дәрістің мақсаты: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, қазақ жерлерінің ҚАҚСР-ның құрамына бірігуі, 1926 жылғы ҚАКСР Конституциясының жобасы. Қазақстанның Автономиялы Республикадан одақтас республикаға айналуы. 1937 жылғы ҚазКСР Конституциясы және Ұлы Отан соғысы кезінде мемлекет пен құқықтың дамуын жан-жақты обьективті түрде талдап, мазмұнын ашып беру.

2. Жоспары:

1.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Казревкомның қызметі.

2.Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.

3.Қазақ жерлерінің ҚАҚСР-ның құрамына бірігуі

4. Қазақстан социалистік құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. 1926 жылғы ҚАКСР Конституциясының жобасы.

5. Қазақстанда жартылай көшпелі қазақтардың отырықшыландыруы мен ауылшаруашылық ұжымдастырудың құқықтық салдары.

6. Қазақстанның Автономиялы Республикадан одақтас республикаға айналуы. 1937 жылғы ҚазКСР Конституциясы.

7. Ұлы Отан соғысы кезінде мемлекет пен құқықтың дамуы.

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жүмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы кұрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам-социалистік жүйені социалистік мемлскет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.

1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М.И.Калинин болды. Салаларды басқару үшін Халықкомиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.

1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды.

Қазақстанда бір орталықганған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінің (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халкомкеңесінің декретімен казақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет кұрылды.

Қазревком Казақ автономиясын қүрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Қазревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң, оның кейбір мүшелері Кеңес өкметінің жұмысына тартылып Қазревкомның кұрамына өтті.

1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И.Ленин және БОАК төрағасы М.И.Калинин "Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" декретке кол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і кұрылды.

Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді.

В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (КазОАК) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Заволжье әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді.

1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай сьезі өтті. Сьезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Казақ Орталық Аткару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С.Меңдешевті бекітті. Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.

Құрылтай сьезі "ҚАКСР-дің еңбекшілері қүкығының декларациясын" қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар КАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған КАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді.

Қазақстандағы жоғарғы өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық сьезі болып табылды. Бұл сьезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық сьезд ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақгық сьездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді.

1930-жылдардың ортасында бұрынғы КСРО-да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге отетін өтпелі

ксзсң аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар негізінен жеңіске жетті деп есептслді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (коллективтендіру), мәдени революцияның шешуші жсңістсрімен байланыстырылды. Адамды адамның қанауының саяси-экономикалық негіздері жойылды деп саналды.

Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын озгертуге негіз болды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Қазақстанға Одақгық республика мәртебесі берілді. Осылай ҚАКСР-і Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Қазақстанның одақтас республикаға айналуы сөз жоқ аса маңызды саяси тарихи оқиға болды. Бұл Қазақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз етксн үлкен мәнді қүқықтық акті және саты болды.

Осыған байланысты 1937 жылы 26 наурызда бүкіл-қазақстандық кеңестсрдің төтенше X сьсзі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы 11 тараудан 125-баптан тұрды. Iтарауда қоғамдық құрылыс анықталды. 1-бапта ҚазКСР жүмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп корсетілді. ҚазКСР-дің саяси негізі еңбекшілер депутаттарыньщ кеңестері деп анықталды (2-бап). ҚазКСР-дің экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі жоне социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары (4-бап) дсп танылды. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Сондай-ақ азаматтардың өзіндік меншігі мойындалды.

Социалистік шаруашылыктың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратыны айқындалды.

Еңбек ету әр азаматтың міңдеті екендігі көрсетіліп, "Еңбек етпеген - ішіп жемейді" принципі конституцияда атап өтілді.

II тарауда "Мемлекеттік құрылыс" бекітілді. 13-бапта экономика, саясат, отан қорғау және өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отырғандығы көрсетілді.

Осыған сүйеніп ҚазКСР-ы КСРО конституциясының 14-бабында көрсетілген құкықтарды КСРО-ға оның атынан басқаратын жоғары өкімет органдары мсн мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп береді.

КСРО заңдары Казақстан территориясында міндетгі түрде қолдануга жатты. Қазақстан азаматы КСРО азаматы болып есептелді.

III тарау мемлекетгік окімет билігінің жоғарғы органдарына арналды. ҚазКСР-да өкімет билігінің жоғарғы органы — ҚазКСР-ның жоғарғы кеңесі болды. Бірден-бір заң шығаратын орган тек Жоғарғы Кеңес болды.Сессиялар арасында жұмысты Жоғарғы Кеңес сайлаған оның Президиумы жүргізді.

Мемлекеттік өкімет билігінің атқарушы және өкімші жоғарғы органы ҚазКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңссі болды. Бұл орган рсспубликаның үкімсті болып табылды.Мемлекеттік басқарудың салаларына халық комиссарлары басшылық етті.Нсгізгі заң жергілікті кеңестердің билігін, құрылысын, жұмыс тәртібі мен құқықгарын белгіледі.

Глоссарий (терминдер): халық комиссарлық кеңес (халкомкеңес), Бүкілресейлік Орталық Атқарушы Комитет (БОАК), Қазақ революциялық комитеті (Қазревком), ұлттық конгресс, құрылтайшы жиналыс, халық комиссариаттары, третей соттары, уездік халық соты, аумақтық халық соты, революциялық трибунал, халық соттары, заседательдер және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Реферат. Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  • Қажетті қортындылардың жасалуы

  • Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  • Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. Қазревкомның қызмет»

  2. 1917-18-жылдардағы Қазақстандағы Кеңестер билігінің орнауы

  3. 1919-жылы Қазревкомның құрылуы, Қазревкомның құрамы, құрылысы, алдына қойған міндеттері мен қызметі.

  4. Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. ҚАКСР-ң құрылуы

  5. Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің бекітілуі

  6. Қазақстанның Одақтас республикаға айналуының алғышарттары

  7. 1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны

  8. Ұлы Отан соғысының мемлекет және құқыққа ықпалы.

  9. Қазақстандағы Кеңестік мемлекет және құқықтың дамуының ерекшеліктері

2 СӨЖ: Глоссарий - бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Қазревкомның құқықтық мәртебесі, ҚазАССР-ның мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, 1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны. Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

20 ғ. 20-30 жылдардағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығына сипаттама беріп, конспект жазып келіңіз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аяганов Б.Г. Государство Казахстан: эволюция общественных систем.-Алматы,1993.

2. Зиманов С.З.Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. – Алма-Ата,1970.

3. Зиманов С.3.,Даулетова С., Исмагулов М. Казахский революционный комитет.Алма-Ата , 1981.

4. Нурпейсов Е.К., Котов А.К.Государство Казахстан: от ханской власти к президентскойреспублике. Алматы, 1995.

5. Сартаев С.С. Образование и становление казахской советскойгосударственности. –Алма-Ата, 1960.

6. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. –Аламаты, 1997.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. Қазревкомның қызметі» тақырыбына талқылау жасау.

Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: 1917-18-жылдардағы Қазақстандағы Кеңестер билігінің орнауы, Азаматтық соғыс, 1919-жылы Қазревкомның құрылуы, Қазревкомның құрамы, құрылысы, алдына қойған міндеттері мен қызметі.

«Қазақстандағы Кеңестік биліктің орнауы. ҚАКСР-ң құрылуы»тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: «Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің бекітілуі, ҚАКСР-нің территориялық құрылымы, 1920-жылғы Орынбордағы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі, «ҚАКСР-ң еңбекшілері құқығының декларациясы» және ол бойынша республиканың мемлекеттік құрылысы.

«Қазақ Автономиясының Одақтас Республикаға айналуы» тақырыбына пікір-талас жүргізу. Пікір-талас келесі ретпен жүргізіледі: Қазақстанның Одақтас республикаға айналуының алғышарттары, 1937-жылғы ҚазКСР-нің Конституциясы және оның мазмұны, Ұлы Отан соғысының мемлекет және құқыққа ықпалы.