Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КР МКТарихы силлабус.doc
Скачиваний:
137
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Пән: ҚР мемлекет және құқық тарихы Кредит саны:___________

Дәріс № 5 _____ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы 15-18-ғасырлардағы Қазақ

хандықтарының қоғамдық-саяси құрылысы. Факультет_____________

Оқытушы __Танатарова З.Л.______________ Академиялық жыл__2010-2011_______

Курс 1_________________________ Семестр__2________

  1. Дәрістің мақсаты

Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылысын, әлеуметтік топтарының ерекшеліктерін көрсету.

Жоспары:

1.Қазақ хандығының құрылуы.

2.Қоғамдық-саяси құрылысы.

3.Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.

3. Дәрістің қысқаша мазмұны:

XV ғасырдың ортасында Казақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты. Қазақ хандыгы да казақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақстандағы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі гұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген оңдаған рулар, тайпалар мен халықптардың "қазақ" деп аталатын этносаяси топқа қайтадан топталуьшынан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері қазақ халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықгы.

Қазақ хандығының негізін салушылар Керей және Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібекке қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хаңдығанан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақгарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы кұрамыңдағы халықгар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атақты мәңгі иеленді.

Әбілхайырдың хандығын қайта құруға талпынған оның немересі Мұхаммед Шейбани хан 30 жылдай қазақ хандығымен соғысып нәтиже шығара алмай Орта Азиядағы Бабыр ұрпақгарын ығыстырып өзбек хандығының негізін қалады. Оның соңынан ілескен көшпелі тайпалар өзбектер деп аталып соның негізінде өзбек халқы қалыптасты. Көшпелі өмір сүрген бауырлас бір халықгың қазақ және өзбек халқы болып, қазақ және өзбек мемлекеті болып екіге бөлінгені де оны XV-XVI ғасырдың шегінде өтті.

Қазақ хандығы өзінің дамуында екі кезеңді өткізді. Бірінші кезең XV ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың 20-жылдары немесе біртұтас қазақ хандығының кезеңі.

Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі казақ хандықгарының және олардың жойылу кезеңі.

Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды.

Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық-территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықгарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781 жылдары) біртұтастыққа қайта қол жетті.

Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып Ресей империясының отарына айналды.

Қоғамдық-саяси құрылысы.

Қазақ қоғамы түрлі әлеуметтік топтар мен таптардан феодалдар мен феодалға тәуелді шаруалардан тұрды. Патриархалдық құлдық өмір сүрді.

Қазақ қоғамында артықшылықтарды пайдаланатын үстем тап өкілдеріне хандар, сұлтандар, байлар, билер, батырлар, дін өкілдері, тархандар жатты. Феодалдарға тәуелді топтарға шаруалар, төлеңгіттер, құлдар, жатақтар жатты.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді. Бас қолбасшы ретінде әскер басыларын, түменбасы, мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бітім мәселелерін шешті. Соғыс жоспарларын тыңдап бекітті. Казақ хандарының өздері тікелей соғыс жағдайьшда басшылық жасап, өздері де ерліктің ересен үлгілерін көрсетті. Хан жайылымдардың бағытын белгіледі. Көшпелі шаруашылықгың жалпы ұйымдастырылуын басқарды. Тәуке ханның тұсында барлық қазақ жүздерінің тайпалары мен руларының көшіл-қону бағыттары толық анықталды деп есептеледі.

Негізгі терминдер: қазақ, этникалық үрдіс, маслихат немесе құрылтай, меритократия, халық жиналысы, хан, сұлтан, билер кеңесі, дуан, баж, қаржы, Үлкен кеңес, Кіші Кеңес, Қарадуан, нурадин, кекеуат тайбуға, ұлан, мырза, қараушы, ел немесе аймақ, шежіре, таңба, ұран, батыр, ақ сүйек (төре, қожа), эндогамия, экзогамия, қара сүйек, құл, төленгіт, ақсақалдар және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

1 СӨЖ: Глоссарий. Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  • Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  • Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  • Рәсімдеу сапасы

  • Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы:

Қазақ хандығының пайда болу себептері, хандық жүйенің дамуы, ақсүйектер өкілдерінің саяси жүйедегі орны. Саяси, экономикалық, этникалық себептерін жеке көрсету, әлеуметтік топтарды ажырата білу.

Үй тапсырмасы:

Персоналий - бұл тапсырманы орындау үшін сіз оқу курсының барлық тақырыптарымен танысып шығуыңыз керек. Осы кезеңдердің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз. Яғни, бұл тапсырмада тарихи тұлғалармен жұмыс істейсіз. Бұл жұмысты жазбаша орындап, жұмыстың соңында сол тұлғаларға қатысты өз көзқарасыңызды көрсетіп өткеніңіз дұрыс.

Негізгі әдбиеттер:

1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан. Астана. Фолиант. 2000.

2. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. Алма-Ата.Мектеп. 1982.

3. История государства и права Казахской ССР. Ч. 2. Алма-Ата. Мектеп. 1984.

4.Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. Алматы, 1990 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абусеитова МХ Казахское ханство во второй половине XVI века. Алма-Ата, 1985.

2. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XV — XVII вв. Алма-Ата, 1971.

3. Котов А.К Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. Алматы, 1995.

4. Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств (XVIII в.). Алматы, 1999.

5. Куземайулы А., Абиль Е. История Республики Казахстан. – Алматы, 1998.

6. Акинжанов МБ. Об этногенезе казахского народа. Алма-Ата, 1957.

7. Пищулина Н.А. Присырдарьинские города и их значение в истории казахских ханств в ХҮ-ХҮІІ вв. //Казахстан в ХҮ-ХҮІІ вв. Алма-Ата, 1969.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

1.Қазақ хандығының пайда болу себептері?

  1. ХҮ-ХҮІ ғ. қазақ хандығының функциялары қандай болды?

  2. Қазақ хандығығының саяси-қоғамдық жүйесі?

  3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

  4. ХV-XVIII ғ. қазақ хандығында басқарудың қандай нысаны болды?

  5. Қазақ хандығының негiзiн қалаушы сұлтандарды атаңыз.

  6. Қай хан қазақ әдет-ғұрып құқығын алғаш рет жүйелеуге тырысты?

  7. Қазақ қоғамында "ақсүйектерге" кімдер жатты?

  8. Қазақ қоғамында билер қандай қызмет атқарды?

  9. Қазақ қоғамында сұлтандар қандай қызмет атқарды?