Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Тренингтiк сабақтарды ұйымдастыру этаптары

Тренингтiк сабақтарды ұйымдастырар алдында және сабақтың жоспарын құрмай тұрып тренингтiк сабақтардың ұйымдастыру формасын анықтап алу қажет.

Н.В. Дзен және Юн. Пахомов тренингтiк сабақтарды ұйымдастырудағы үш негiзгi форманы көрсеттi:

1) интенсивтi курс;

2) әрдайым сабақтар;

З) эпизодтық кездесу.

Бұл формалар бәрiнен бұрын жұмыстың көлемiмен және болықтылығымен айырылады.

Интенсивтi курс — сабақтарды өткiзудi күнде қажет етедi (3-8 сағат күнiне) және үш күннен екi аптаға созылуы мүмкiн. Интенсивтi тренинг әсер ету және тұлғаның өзгеруiнiң аса күштi құралдары болып табылады. Ол аса тереңдетiлген оңдеулер «Мен» - концепциясының қатысушыларына тәжiрибелерiмен қабiлетiн қалыптастырады. Жалпы интенсивтi тренинг процесiнде жүргiзушi топтағ қатысушылардың әрекетiне аз уақыт жұсайды, «Психологиялық материалдарды» жабылдаулары кеңейтiлiп және қарсы туруын аздатады. Сонда да, зейiн аударатын жағдай интенсивтi курстың нәтижәсiнде алынған байланыстар тереңдетiлген, қатысушылар негативтi бұрынғы ықпал етулерге ‚ұшырайды. Нәтижәсiнде алынған мәлiметтер тұрақты бекiтулермен анықталады.

Әрдайым сабақтар — аптасына бiр екi рет (1-2), күнiне үш-төрт сағат (3-4 сағ.) жүргiзiледi. Олар системалық және еөгертулердi шығаруға мүмкiндiк бередi. Сабатың басында - өткен кездесудi еске тусiруге және қысқаша талкылауға уакыт бөлу керектiгi аса маңызды.

Эизодтың кездесу - тренингтi ұйымдастырудағы басқа формаға қарағанда тым аса бостау. Сабақтар айына бiр-екi рет (1-2рет) болуы мүмкiн. Топтың ұйымдасуы эпизодтың кездесулердiң режимiнде клубтық форманы таңдай алады, бiрақ бұл тренингтiк топ принципiнде оның ‚ұйымдасуын мойындайды. Сонан соң жүргiзушi әрбiр кездесудi өзiндiк дара және аяқталған оқиғаны болдыруға тырысу керек. Осы топтарда жатысушылар құрамындағы саны өзгеру мүмкiн және тапсырманың бағытталуы. Тренингке қатысушылардың эпизодты кездесуi уйымдастыру мумкiндiгi туады. Сол аркылы алынған езгертулердi сақтап бекiте алады.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

        1. Психологиялық тренингте топты топтастыру ерекшеліктері.

        2. Тренингтiк сабақтарды ұйымдастыру этаптарына талдау жасау.

Әдебиеттер тізімі

  1. Горбушина О. П. Психологический тренинг. Секреты проведения. СПб.: Питер, 2008. -176 с.

  2. Келли Г., Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

  3. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

  4. Фопель К. Психологические группы. Рабочие материалы для ведущего. Практическое пособие. / Пер. с нем. – М., Генезис, 2004.

9-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Психологиялық тренингтің әдіснамалық тәсілі.

Мақсаты: Психологиялық тренингтің әдіснамалық тәсілін талдау және топтастыру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Ситуациялық-рөлдік ойын, Дидактикалық ойындар, Іскерлік ойындар.

Қарастыратын тақырыптар:

1. Психологиялық тренингтің әдіснамалық тәсілі.

2. Ақпаратты ұсыну техникалары (дәріс, видео-иллюстрация, пікір-талас, бағдарланған нұсқау, жүйленген шолу және т.б.).

3. Иммитациялық техникалар (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, психодрама, социодрама, психогимнастика, медитация және т.б.)

4. Шынайы ортаны құру техникалары (физикалық тәуекелмен тапсырмаларды оры,дау, қысқа уақыттық ротациялар және т.б.).