Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Глоссарий

Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект-субъекті). Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі, көңіл-күйі, мазасыздануы ескеріледі,басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.

Әрдайым сабақтар - аптасына бiр екi рет (1-2), күнiне үш-төрт сағат (3-4 сағ.) жүргiзiледi. Олар системалық және еөгертулердi шығаруға мүмкiндiк бередi. Сабатың басында - өткен кездесудi еске түсiруге және қысқаша талкылауға уакыт бөлу керектiгi аса маңызды.

Әлеуметтік психологиялық тренинг – қарым-қатынастағы компетенттілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағдарланған практикалық психологияның облысы болып табылады.

Бихевиоральдi бағдарланған топтар. Мiнез-құлық тренингтегi сабақ тұлғаның дамуы немесе адамның потенциалды реализациялау бойынша үлкен мiндет коймайды. Олардың міндетi - қатысушыларды нақты мәселелерді шешуге және белгiлі бір өмiрлік жағдайларға бейiмделе алу ептiлiктерiн дамыту.

Белсенділік ұстанымы. Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі ерекше мәнге ие, оны кітап оқушы немесе лекция тыңдаушы адамның белсенділігімен салыстыруға болмайды. Тренинг барысында адамдар арнайы талқылаған іс-әрекеттерге белсенді араласады.

Гуманистiк бағыт. Классикалық гуманистiк бағытының негiзгi ерекшелiгi - топты басқарудың максималды директивтi емес стилi, қатысушылардың белсендiлiгiн оятатын және болып жатқан жағдайға жауапкршiлiкті өз мойнына алу. Бұл стилъ топпен жұмыс iстеудiң алғашқы этаптарының фрустрация ситуациясының және негативті эмоцияның пайда болуына әкеледi.

Гештальт — модель. Бұл бағытта Ф.Перлз және өкiлдерi ұсынды. Гештальт терапияда тұтас психикалық құрылымның қалыптасуына әкелетін ағзаның өзiн-өзi реттеу процесiнде үлкен көңiл аударады. Теорияның орталық моментi - барлығы да осы жерде және қазiр жасалынады.

Гомогенді және гетерогендік мәселесі мынандай параметрлерді қосады: 1) жынысы, 2) жасы, 3) білімі, 4) интеллект деңгейі, 5) әлеуметтік статус, 6) тұлға типі және мінез-құлық стильі, 7) психологиялық мәселелер, 8) наным-сенім және құндылықты бағдарлар, 9) топқа қатысушылардың мақсаты.

Даму (жеке қасиеттер) түсiнiгi де психологиялық тренинг түсiнiгiн толық көрсетпейдi. О.П.Кондоурованың көрсетуiнше, тренинг барысында психологиялық қасиеттер дамып қана коймай, сондай ақ тежәлуi де мүмкiн, ал кейбiр дағды және ептiлiктер қайта қалыптасуы мүмкiн. Интенсивтi курс - сабақтарды өткiзудi күнде қажет етедi (3-8 сағат күнiне) және үш күннен екi аптаға созылуы мүмкiн. Интенсивтi тренинг әсер ету және тұлғаның өзгеруiнiң аса күштi құралдары болып табылады.

Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы. Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлармен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктерімен ерекшеліктірін де сезіне түсетіндегінде болмақ.

Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы. Оқыту процесі барысында қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен біртіндеп нысаналық деңгейге ауысады, бұл тренингті өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс мінез-құлықты нысаналаудың әмбебап құралы болмақ. Топта екі жақты байланыс орнатуға тиімді жағдай тудыру – жаттықтырушы жұмысының басты міндеті.

Кері байланыс психологиялық тренингтің маңызды элементі болып табылады, ол қатысушылардың сәтті өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды анықтайды.

Қарым-қатынас тренингі-топ мүшелерін қарым-қатынастын түрлі ситуацияларда тиімді мінез-құлықты үйретуге, оларда сәйкес дағдыларды дамытуға арналған.

Тұлғалық өсу – бұл даму процесі. Осы арқылы жаңа өмірлік тәжірибе қалыптасады, жаңа дағдылар, мінез-құлықтың жаңа стильі қалыптасады. Тұлғалық өсу адамның дамуын қабілеттендіретін Өзіне барлығын қосады. Бұл процестің уақыты мен темпі индивидуалды және адамның жеке қалауына қатысты.

Оқыту- тренинггiң маңызды элементтерiнiң бiрi, алайда бұл термин психологиялық тренингтің кiлттiк мағынасын аша алмайды.

Оқиғалық принципі. Бұл принциптің мәні тренинг барысында психолог қозғалысты қатысушылар өздерінде және айналасындағыларда болып жатқан тұтастық, бірлік тәрізді бастарынан өткізетін бір-бірімен байланысты оқиғаларға айналдыруында, яғни тренинг әрбір қатысушы үшін өзінше бір оқиға болу керек.

Психотерапия дегенiмiз — эмоцияға, наным-сенiмге, көптеген психикаық, жүйкелiк және психосоматикалық аурулардағы адамның өзiн-өзi саналауына кешендiк, емдiк, вербальдық және вербальдық емес әсер ету.

Психологиялық тузету (коррекция) - толық қанды дамыту және тұлғаны функциялануын қамтамасыз ету мақсатында сол және басқа да психологиялық құрылымға психологиялық әсер көрсетуге бағытталған.

Психодрамалық бағыт. Психодрама топтың жұмыс әдiсi ретiнде, қатысушыларға тұлғалық мәнi бар өмiрлiк ситуацияларда моделденетiн белгiлi бiр рөлдерде ойнауын анықтайды. Бұл әдiстiн нәтижелiлiгi топтың өзара әрекеттiк эффектiсiне негiзделедi.

Ролдiк ойын кең ұғымда — бұл әдiс қатысушылардың әр турлi рөлдi бөлiп ойнауы.

Симболизм принципі. Егер адам басқа қатысушылар арқылы өзін танып, олармен бірлігін сезінсе симболизм принципінің жүзеге асқандығы осы.

«Тренинг» терминi (аылышнның аудармасы) бiрнеше мағынаға ие — «тәрбие, оқу, дайындық, жаттығу» топтық психологиялық тренинг осы түсiнiктерден шыға отырып, кең мағынада дамыту, психокоррекция, оу және диагностиқа мақсатында колданылады.

Тренингтi топ— қатысушылардың алуан түрлi психологиялық мәселелерiн шешуге, оларды өзiн-өзi жәтiлдіруге, сонымен қатар топты дамытуға және жалпы топтық мәселенi шешуге бағытталған, қатысушылардың жәтекшi-психологпен бiрге болатын интенсивтi қарым-қатынас жасайтын және өзара әрекеттесетiн арнайы құрылған кiшi топтарды айтуға болады.

Трансактiлi модель. Бұл бағытын негiзiнде «Меннiң» әртүрлi күйі бойынша Ә.Берннің концепциясы жатыр, оны «Ата-ана», «Ересек». «Бала» деп атады. Бұл концепция бойынша әр уақытта индивид осы бiреуiнде болады. Ол адам қалай ойлайды, сезiнедi және қалай өзiн көрсететiнiң анықтайды.

Транспектива принципі. Бұл принцип бойынша психолог тренингте қатысушылар өткен және болашақ оқиғаларды біріктіріп бастарынан өткізуге қажетті жағдай жасауға бағдар жасау керек. Уақыттың бірізділігі – шартты түсінік. Психологиялық уақыт мулдем басқаша жүреді.

Топтағы нормалар. Тренингтік топтарда өзіндік нормалар өнделген. Жетекші топты эффективті дамыту үшін нормалардың қажеттілігін түсіну қажет және сол нормаларды қатысушылардың қабылдауын, өндеуіне мүмкіндік жасай алу керек, сондай-ақ нормалар топтың мақсатына сай болуы тиіс.

Топтағы рөлдік позициялар. В.И.Сиободчикова «әлеуметтік рөл» және «ойын рөлі» түсініктерін бөлді. «Әлеуметтік рөл»-өзара әрекетте адамдарға жабыстыратын, байланыс және қатынасты талдау бірлігі, ойындық рөл-еркін, бірақ уақытша қауымдастықты талдау бірлігі. Топтағы қатысушылардың рөлдері жалпы талдаудың мәні болады немесе кері байланысты репрезентациялайды. Мұндай тәсілдер өзіндік сана-сезімді дамытуға және жабысқақ немесе конструктивті емес әлеуметтік рөлдерден босатуға мүмкіндік береді.

Топтық тұтастық түсінігі-топ мүшелерінің өзара эмоционалды тартымдылығын және топпен қанағаттанушылығын сипаттайтын топтағы тұлғаралық өзара әрекетті және өзара қарым-қатынастың беріктігінің, бірлігінің және тұрақтылығының көрсеткіші.

Тұлғалық өсу тренингі психотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады.

Эизодтың кездесу - тренингтi ұйымдастырудағы басқа формаға қарағанда тым аса бостау. Сабақтар айына бiр-екi рет (1-2рет) болуы мүмкiн. Топтың ұйымдасуы эпизодтың кездесулердiң режимiнде клубтық форманы таңдай алады, бiрақ бұл тренингтiк топ принципiнде оның ‚ұйымдасуын мойындайды.

1-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Тренинг түсінігі. Тренинг әдейі өзгерту әдісі ретінде.

Мақсаты: Психологиялық тренингтің мәнін ашу, талдау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: психологиялық тренинг, қаланған өзгеріс.

Қарастыратын тақырыптар:

  1. Психологиялық тренингке кіріспе.

  2. Тренинг түсінігі. Тренинг алдан ала қаланған өзгеріс әдісі ретінде.

  3. Тренингті түрлі сфераларда қолданудың ерекшеліктері.

  4. Тренингтің терапевтік топтан айырмашылығы.

        1. Психологиялық тренингке кіріспе.

Мамандану практикумы сабағының өткiзу барысында мынадай өзектi мәселелер қарастырылады.

Мамандану практикумы кеңес беру, коррекция, психодиагностика саласында психологтың кәсiби әрекетiнiң, дағды, бiлiм, iскерлiк жүйесіне бағытталған. Адам және коғам өмiрiнiң барлық салаларын қамтитын және адам өмiрiнде әр түрлi маңызды өзгерiстер туғызатын динамикалық процестер, қазiргi кезде өте көп. Психологтар адамдармен жүргiзiлген жұмысына байланысты нәтижелiк кәсiби әрекеттерiндс психологиялық ғылым мен практика иновациялық әдiстер мен технологияның үнемi интеграциялау және синтездеудiн қажеттiлiгiн ескеру қажет. Психология ғылымының дамуы колданбалы саланың кебеюi, моделдеу, жобалау және адамның, топтың, ұйымның, коғамның психологиялық ерекшеліктерін қайта өңдеу міндеттерiне бағытталған әдiстерге ерекше көңіл аударуға апарады. Мақсаты: топтың психокоррекция, психологиялық кеңес беру және психодиагностика саласындағы кәсiби бiлім. дағды, іскерлiкті психолог студенттердiң меңгеруi.

Психотерапия саласында өзiндiк төңкерiс жасаған, клиентке бағытталған терапияның авторы К.Роджерстiң кеңес беру мен психотерапияға арналған еңбектерiнен негізгі үш бөлiм енгізілген. Олар:

1) Кеңес берудiң ролi; 2) Кеңес беруге кiрiспе З) Кеңес беру процесi. К.Роджерстiң өзі осы еңбектерiн — практикалық жұмыс саласындағы ең жаңа тұрғылар деп атайды.

Кеңес беру әдiстерi қазiргі уақытта көптеген салаларда маңызды орын алады және келешекте әсiресе білiм беру саласында, өңдірiсте, әскери әрекет бағдарламасы сияқты, жалпы ұлттың көлемді маңызды құралға айналуы мүмкiн.

        1. Тренинг түсінігі. Тренинг алдан ала қаланған өзгеріс әдісі ретінде.

«Тренинг» терминi (аылышнның аудармасы) бiрнеше мағынаға ие — «тәрбие, оқу, дайындық, жаттығу» топтық психологиялық тренинг осы түсiнiктерден шыға отырып, кең мағынада дамыту, психокоррекция, оу және диагностиқа мақсатында колданылады. Н.Ю.Хрящева және С.И.Макшанов тренингi былай көрсетедi. «Адамның кәсiби тұғалық болмысын гармонизациялау мақсатында адам, топ және ұйымның психологиялық (феномендерiн әдейi өзгертудегi көп функционалды әдiсi». Тренингтi топ — қатысушылардың алуан түрлi психологиялық мәселелерiн шешуге, оларды өзiн-өзi жәтiлдіруге, сонымен қатар топты дамытуға және жалпы топтық мәселенi шешуге бағытталған, қатысушылардың жәтекшi-психологпен бiрге болатын интенсивтi қарым-қатынас жасайтын және өзара әрекеттесетiн арнайы құрылған кiшi топтарды айтуға болады.

Отандық психологтардың бiрқатар жұмыстарында психологиялық тренинг оқытудың белсендi әдiстерi ретiнде қарастырады. Оқыту - тренинггiң маңызды элементтерiнiң бiрi, алайда бұл термин психологиялық тренингтің кiлттiк мағынасын аша алмайды.

Басқа авторлар топтық психологиялық тренингтi әсер етудiң психологиялық әдiсiне жатқызады. Алайда әсер ету терминi тренинг әдiсi ретiнде процессуалды сипатын ғана ашады.

Даму (жәке қасиеттер) түсiнiгi де психологиялық тренинг түсiнiгiн толық көрсетпейдi. О.П.Кондоурованың көрсетуiнше, тренинг барысында психологиялық қасиеттер дамып қана коймай, сондай ақ тежәлуi де мүмкiн, ал кейбiр дағды және ептiлiктер қайта қалыптасуы мүмкiн. «Даму» түсiнiгiне қарама-қарсы С.И. Макшанов «әдейi өзгеру» терминiн енгiздi. Осы түсiнiк өзгерудiң мақсатын, процесс және нәтижәсiн адекватты бейнелейдi. Басқа авторлар оқу түсiнiгiне сәйкес «тәжiрибе» түсiнiгiн белгiлейдi. Къелл Рудестам тренингтiк форманы «оқу тәжiрибесiнiң ядорсы», ол кейбiр жағдайларда адамның өзгеруiнiң және оқудың жалғыз сәттi әдiсi» деп атады. Ол топтағы өзара әрекеттi бақылай отырып, әрбiр қатысушы өзiн басқалармен идентифекациялайды және қалыптасқан эмоционаяды байланысты өзiндiк сезiм және мiнез-құлықты бағалауға қолдана алады. Топта туындаған барлық бастан кешулер және тәжiрибелер әрбiр қатысушының оны шектейтiн ұстанымдарын және наным-сенiмдерiн талдауға және қайта бағалауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар тренинг процесiнде қатысушылар күнделiктi өмiрде көрсете алатын түрлi дағдыларды моделдей алады.

Сонымен топтық тренинг психолгиялық тренинг дегенiмiз - өзiндiк өмiрлiк тәжiрибесiн топтық өзара әрекеттсу процесiнде қайта бағалау, талдау, меңгеру арқылы тұлғалық және кәсiби дамуға бағытталған, адамның әдейi өзгеру әдiсi болып табылады.

Психологиялық тренинг жаңа тәжірибені өндеп және талдап қана қоймай, сонымен қатар ол адамды өзін сезінуге, өзінің «Менің» сезінуге бағдарлайды, өзін саналауға мүмкіндік береді. Тренингтік топ-бұл мәселелермен айналысатын орын емес, бұл әрбір қатысушы өзін жақсы тануға, өзін қабылдауға мүмкіндік беретін орын.

Психологиялық тренинг қатысушыларды өзін тануға және өз-өзін жетілдіруге белсендендіреді, өз-өзіне жеке жауапты екенін қабылдауға және оларға өзінің тұлғасының «скульпторы» болуға мүмкіндік береді.

Психологиялық тренинг жөнiнде жалпы түсiнiк.

Топтық психологиялық тренинг практикалық психологияның белсендi әдiстерiнiң жиынтығы, ол қолданылады:

1. невроздарды, алкоголизм және соматикалық ауруларды емдеу максатында клиникалық пихотерапия аясында колданылады.

2. өз-өзiн дамытуға көмектесу мақсатында, психологиялық мәселесi бар психикалық денi сау адамдармен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.

Тренингтің ерекше белгiлерi:

- топтық жұмыстың принциптерiн сақтау;

- топқа қатысушылардың өзiн-өзi дамыту үшiн психологиялық көмекке мақсатталуы; мұндай көмек жетекшiден ғана емес, қатытсушылардың өзiнен де болады;

- азды көптi тұрақты топтын болуы (7 ден 15 адамға дейiн) екi-бес күн бойы үздiксiз жұмыс істейді немесе кездеседi;

- белгілi кеңістікте ұйымдасу (әдетте - қолайлы, шеттетлген ғимаратта, қатысушылар шеңбер бойымен отырады;

- топ қатысушыларының арасында өзара қарым-қатынас орнатылып, «қазір және осы жерде» принципін ұстанып, ситуацияларды талдайды және дамытады;

- топтық жұмыстың белсендi әдiстерi қолданылады;

- топ қатысушыларының субъективті сезiмi және эмоциясының обьективтiлiгi, вербализацияланған рефлекия.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Психологиялық тренинг жөнінде жалпы түсінік.

  2. Тренингтік формадағы жұмыстың ерекшелігі.

  3. Психологиялық тренингтің шығу тарихы.

  4. Психологиялық жұмыс бойынша топтық әдістердің дамуының негізгі бағыттары.

  5. Тренингтік топ психологиялық айна ретінде. Тренингтік топқа қатысушылардың өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін факторлар.

Әдебиеттер тізімі

        1. Зайцева Т.В. Теория психологического тренинга. Психологический тренинг как инструментальное действие/ Т.В. Зайцева.- СПб.: Речь; М.: Смысл, 2002.- 80с.

        2. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

        3. Ли Д. Практика группового тренинга/ Д. Ли.- СПб.: Питер, 2002.- 224с.

2-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: «Топтық терапия», «топтық психологиялық түзету» және «топтық тренинг» түсініктерімен өзара байланысы.

Мақсаты: Топтық тренинг түсінігін басқа түсініктерден ажырату.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: топтық терапия, топтық психологиялық түзету, топтық тренинг, даму, қалыптасу, оқыту, әсер ету, өзгеру.

Қарастыратын тақырыптар:

1. «Топтық терапия», «топтық психологиялық түзету» және «топтық тренинг» түсініктерімен өзара байланысы.

2. Негізгі түсініктер: даму, қалыптасу, оқыту, әсер ету, өзгеру.

1. Топтық терапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг‚ ұғымдарының арақатынасы.

Психотерапия терминi жаңадан пайда болса да, бұл өзi жаңа ұғым емес. 100 деген жылдар бойы адамдар бейiмделмеген адамның мінез-құлқы мен неғұрлым оң бағытқа өзгерту үшiн көзбе-көз қарым-қатынас орнату жағдайын түрлiше колданады. Сондықтан неғұрлғым жемісті бейiмделуге көмектесетiн тiкелей контактiнi нақты жағдайларда колданудың түрлі тәсiлдерiн талдауға мүмкiндiгiмiз бар. психотерапия туралы ескi көзқарастар бұл жарамсыздығы әшкерленген әдiстер арқылы қарастырылады.

Жарамсыздығы әшкерленген әдiстер:

Бұл бұйыру мен тиым салу, катарсис әдiсi, сендiрулер меп кеңестер.

Бұйру мен тиым салу — адамға әсер ететiн ертедегі әдістерінің бiрi. Катарсис- ежелгi психотерапевтiк әдiстердiң бiрi. Бұл іштей тазару деген мағынаны бередi.

Ойын терапиясы. Белгiлi бер себертерге байланысты ойындық терапия студенттік кеңес беру мен ата-ана немесе ересек адамдар терапиясынан мүлдем өзгеше болып көрiнуi мүмкiн. Ең көп байқалатын ерекшелік -ойындық терапиядағыи өзара қарым-қатынас сөзбен емес, көбiнесе іс-әрекетпен анықталуда. Терапевтiң балалаға деген достық қызығушылығы мен эмоциялы көңiл аударуы, ықыласы көптеген елене бермейтін әрекеттерден көрiнедi.

Тренингтiк топтың пайда болуы 1945жылы К.Левин, Рлилпиттертiң есімімен байланысты. АҚШ тағы топтар динамикасын зерттеуде орталық құрылған едi. Зерттеу корытындысында КЛевин мынадай түйiн шығарды. Тұлғаның көптеген типті бағыттары жекеден көрi топта жақсы байқалады. К.Левин мен К.Роджерс топ динамикасы теориясын саралауда клиент терапиясындағы практикада тиімдісі, топтық тренинг болып табылды. I947жылы АҚШ —та топаралық қатынас жұмысының жемістi қорытынды нәтижәсiнде ұлттық тренинг лабороториясы ашылды. Тренингтік топтар топтармен психологиялық жұмысында қазiргi заманғы түрi болып табылды. Тренингтiк топ мүшелерi өздерiнің жүрiс -тұрысына арнай кұрылған, эксперименталды жағдайда талдауға мүмкiндiк бередi. Ондағы атмосфера сенiмдi, қолдау, оларға ашылуға мүмкiндiк бередi.

Топтық терапия, топтық психокоррекция, топтық тренинг ұғымдарының арақатынасы ол-осы үшеуiнен де топтар қатысады. топ мүшелерi топта өзiн еркiн сезiнiп, ашылуға мүмкiндiк алады. Ол оған үлкен көмек бередi.

1. Топтық психологиялық жұыстың алуан турлi формаларын көрсету үшiн көп терминдердi қолданады, және оларды қолдану обылыстары да алуан түрлi: топтық психотерапия, психокоррекциондық топтар, тәжiрибе топтар, тренингтік топтар, белсендi оқыту топтары, практикалық эксперименталды лаборатория. Бұл топтардың барлығы психотерапия және психокоррекция, оқытудың тоғысында жұмыс iстейдi.

Мұнда психотерапия, психокоррекция, оқыту және өзiндiк тұғалық даму түсiнiктерiнiң арасындағы шекараны байқау қиын. Тренингтiк топ Т-топтарды ғана емес, сонымен қатар қатысушылар жетекшi психологтың әрекет етуiмен, әрбiр адамның алуан түрлi психологиялық мәселелерiн шешуге және өзiн-өзi жетiлдiруге көмектесуге бағдарланған, өзiнше интенсивтi қарым-қатынас тәжiрибесiне бағытталған арнайы құрылған кiшi топтарды да айтамыз.

Психотерапия дегенiмiз — эмоцияға, наным-сенiмге, көптеген психикаық, жүйкелiк және психосоматикалық аурулардағы адамның өзiн-өзi саналауына кешендiк, емдiк, вербальдық және вербальдық емес әсер ету. Бар симптомдарды жеңлдету немесе жоюға бағытталған клиникалық бағдарланған психотерапияны, адамның өзiнiң әлеуметтiк коршаған ортаға және өзiндiк тұлғасына деген қатынасты өзгертуге бағытталған тұлғалық бағдарланған психотерапияны бөлуге болады.

Психологиялық тузету (коррекция) - толық қанды дамыту және тұлғаны функциялануын қамтамасыз ету мақсатында сол және басқа да психологиялық құрылымға психологиялық әсер көрсетуге бағытталған. Топтық психологиялық коррекция медицинада ғана колданып қана коймай, сонымен қатар практик психолог (дәрiгер — психотерапевт қана емес) iс-әрекетi бағытында да қарастырады.

Топтық психологиялық тренингтің терапиядан, коррекциядан және оқытудан айырмашылығы.

1. Психотерапиядан айырмашылығы. Тренингтiк жұмыстың мақсаты емдеумен байланысты емес. Тренинг жетекшiсi емдiк әсер етуге емес, психологиялық көмек көрсетуге бағдарланған. Тренингке денi сау адамдар ғана емес, сонымен қатар невротиктер, психиканың шектелген куйiндегi адамадар да қатыса алады. Сонғы жағдайда практик психологқа (медициналық бiлiмi жоқ) клиникалык психотерапевтпен бiрге жұмыс iстеу керек.

2. Психологиялық тренингтің психокорекциядан айырмашылығы, тренингте адамның iшкi әлеміне, жеке психикалық құрылымға, тұтастай тұлғаны дамытуға үлкен көңiл аударады. Коррекция психиканың даму нормасы түсiнiгiмен тiкелей байланысты.

З Тренингтiк жұмысты оқытуға толығымен жатқызуға болмайды, себебi когнитивтi компонент тренинкге әрқашан басты бола алмайды кейде мүлдем шеттетілуі мумкiн, дегенімен психологиялық тренииг дамытушы оқытумен өте тығыз байланысты.

Тренингте психотерапевтік, коррекциондық және оқытушы әдiстер қолднуы мүмкiн.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Тренингтік топтағы топтық динамика.

  1. Тренингтік топтардың даму фазалары. Бағдарлану және тәуелділік фазасы.

  1. Дау-жанжал фазасы. Бірлесу және мақсатқа бағытталған іс-әрекет фазасы. Топты аяқтау фазасы.

Әдебиеттер тізімі

  1. Горбатова, Е.А. Теория и практика психологического тренинга: учебное пособие / Е.А. Горбатова.- СПб.: Речь, 2008.- 320с.

  2. Зайцева Т.В. Теория психологического тренинга. Психологический тренинг как инструментальное действие/ Т.В. Зайцева.- СПб.: Речь; М.: Смысл, 2002.- 80с.

  3. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

3-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Жұмыстың топтық формаларының көп функционалдылығы.

Мақсаты: Топтық формада жұмыс істеу ерекшеліктерін көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: диагностикалық, қайтақұрушы, түзету, алдын-алу, кеңес беру, бейімделу.

Қарастыратын тақырыптар:

1. Жұмыстың топтық формасының көп функционалдылығы.

2. Тренингтік топтың функциясы: диагностикалық, қайтақұрушы, түзету, алдын-алу, кеңес беру, бейімделу.