Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Тұлғалық өсу тренингі.

Тренингті жүргізудің теориялық негізделуі және техникалары барлық әлемде қарқынды дамуда. Қазір олардың үлкен үш бағытын көрсетуге болады:

        1. тұлғалық өсу тренингі;

        2. қарым-қатынас тренингі;

        3. бизнес тренингі.

Тұлғалық өсу тренингі психотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады. Тренингтің әрбір қатысушысы басқа қатысушылардың және тренердің көмегімен өзінің саналанбайтын қорқыныштарын түсінуге, ішкі барьерлерді жеңе алады, басқа адамдар оны қалай қабылдайтынын жақсы түсіне алады. Бұл одан кейін де өзінің жағымды қасиеттерін неғұрлым эффективті қолдануға, қабілеттердің неғұрлым шынайы бағалауын қалыптастыруға, өзіндік қателіктер және кемшіліктерін көруге мүмкіндік береді.

Қарым-қатынас тренингі-топ мүшелерін қарым-қатынастын түрлі ситуацияларда тиімді мінез-құлықты үйретуге, оларда сәйкес дағдыларды дамытуға арналған. Тұлғалық өсу тренингі және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты және оларды кешенді әлеуметтік психологиялық тренинг біріктіреді. Әлеуметтік психологиялық тренинг біріктіреді. Әлеуметтік психологиялық тренинг әдісі алуан түрлі, оның негізінде топтық пікір-талас және рөлдік ойындар түрлі нұсқада, сәйкестікте болады.

Бизнес тренингтер нақты кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған. Оның ішінде жиі кездесетіні бір нәрсені сату бойынша тренинг. Сонымен қатар келіссөздерді жүргізу, конфликтілі ситуацияны шешу, команданы құру, тиімді басқару және т.б. тренингтерді де танымал.

Тұлға және тұлғалық өсу.

Тұлға түсінігіне көптеген анықтамалар берілген. Психологиялық сөздікте: «Тұлға-1. Даралық ретінде, қатынастар және саналы іс-әрекет ретіндегі жеке адам, ол процесс барысында әлеуметтік шынайылықты қайта өндейді және өзгереді». 2. Әлеуметтену процесінде қалыптасатын, индивидті сипаттайтын әлеуметтік мәнді және уинкальды индивидуалды бітістердің тұрақты жүйесі және индивидуалды тәжірибенің және әлеуметтік өзара әрекеттің өнімі болып табылады. Басқа да анықтамалар бар, мысалы: «Тұлға-адамды сипаттайтын дүние танымдық, психологиялық және мінез-құлықтық белгілердің тұрақты жүйесі».

Тұлға туа берілген биологиялық алғы шарттардың және әлеуметтік тәжірибе процесінде (балада ең алдымен үлкендермен қарым-қатынас негізінде) меңгерілгеннің негізінде қалыптасады.

Тұлға құрылымын үшке бөлуге болады:

  1. танымдық құраушы-адам өзі туралы, басқалар және әлем туралы елестерін қосады, кемелденген дені сау тұлға ерекшеленеді:

  • еркін таңдауды жасайтын және сол үшін жауапкершілікті алып жүретін, өмірлік іс-әрекеттің белсенді субьектісі ретінде өзін бағалайды;

  • басқа адамдарды, өмірлік іс-әрекетте уникалды және тепе-тең қатысушылары ретінде қабылдайды;

  • әлемді үнемі өзгеріп отыратын ретінде қабылдайды, себебі әрқашанда қызықты жаңа кеңістікте өзінің мүмкіндіктерін жетілдіру үшін.

  1. эмоционалды құраушыға кіретіндер:

  • өзінің сезімдеріне сену қабілеттілігі және оларды мінез-құлық таңдау негізі ретінде қарастыру яғни адам дұрыс шешім қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті;

  • өзін және басқаларды қабылдау, басқа адамдарға деген шынайы қызығушылық;

  • шынайы жағдайға сәйкес өткір жағымды және жағымсыз эмоцияларды басынан кешіру қабілеттілігі.

  1. мінез-құлықтың құрауыштарына өзіне, басқа адамдарға және әлемге деген қатынасы бойынша әрекеттері кіреді:

  • әрекет өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған;

  • басқаларға деген қатынасы бойынша мінез-құлық олардың тұлғасын сыйлауға, жағымды қатыгас жасауға негізделген;

  • әлемге деген қатынасы бойынша мінез-құлықты көбейтуге бағытталған, ал кейде оның ресурстарын, өзінің шығармашылық іс-әрекетесебінен қайта қалыптастыруға бағытталған.

Тұлғалық өсу түсінігі

Адамның тұлғалық өсуі оның тұлғалық потенциалының үнемі дамуын көрсетеді.

Тұлғалық потенциал-бұл өзінің ішкі елестері мен критерилері негізінде адамға шешім қабылдауға және өзінің мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік беретін, психологиялық қасиеттердің кешені.

Әртүрлі авторлар тұлғалық потенциалдың түрлі көрсеткіштерін ұсынады: тұлғалық автономия және тәуелсіздік, ішкі еркіндік, өмірді мағыналау; күрделі оқиғаларда өмірлік тұрақтылық, ішкі өзгерістерге дайындық; жаңа белгісіз ақпаратты қабылдауға қабілеттілік; әрекет етуге үнемі дайын болу; іс-әрекетті жоспарлау ерекшеліктері; тұлғаның уақыттық перспективасы.

Тұлғалық өсу ең алдымен адамның өзінің күш жігеріне байланысты. Тұлғалық өсуде, адамның ішкі әлемінде және оның сыртқы әлеммен өзара қарым-қатынасында өзгерістер болады. Бұл өзгеріс психологиялық қорғаныстың бұрмалап әсер етуінен біртіндеп босайды да, қабылданған ақпаратқа, өзінің «Мен-бейнесін» қорғау мақсатында «сүзгіден» өткізу емес, сеніп қабылдау қабілетіне ие бола бастайды.

Осыдан кейін ол жаңа сыртқы ақпараттарға неғұрлым ашық бола бастайды, сонымен қатар өзін, өзінің сезімдерін және бастан кешулерін дұрыс түсіне бастайды. Ол өзінің мүмкіндіктерін ақылмен бағалап, өзіне қатыстыға жауапкершілікті ала бастайды. Тұлғалық өсу болып жатқан адам қарым-қатынасқа ғана емес, өзара әрекетке ұмтылады, басқа адамдармен байланыста нұғырлым ашық және табиғи бола бастайды, сонымен қатар неғұрлым шынайы, иілгіш , тұлғаралық қарама-қайшылықты компетентті шешуге қабілетті болады.

Тұлғалық өсу, ұмтылыстар, қалаулар және мүмкіндіктер арасында, өмір талаптары мен мораль арасында, шынайылық және жоспар арасында шешілмеген қарама-қайшылықтары жоқ тұтас тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мүндай тұлға дағдарыстарды басынан кешірмейді дегенді білдірмейді. Тұлғалық өсу адамдға дағдарыстарды жеңудің маңызды тәсілін береді-тұлғалық мағына, өзінің барлық ойлары, сезімдері және әрекеттерінің іштей мағыналанғандығын түсіну. Күрделң дағдарыстық ситуацияға түсе отырып, өзіне мынандай сұрақтарды қоймайды: «Неге?», «Не үшін?», «Қайдан пайда болды?», «Кім кінәлі?». Былай сұрайды: «Неге?» осы дағдарысты жеңе отыртып қандай пайдаға ие боламын? Қандай тәжірибе аламын?

Неғұрлым дамыған тұлға ең алдымен критикада ойланып алып, одан рационалды түйінді іздей бастайды.

Тұлғалық өсу ішкі еркіндікті кеңейту процесі – тұлғаның актуализациясы. Актуализацияның салдары:

  • креативтіліктің өсуі (шығармашылық қабілет);

  • өзін және шынайылықты терең қабылдау «ол қандай, солай қабылдау»;

  • толеранттылықтың өсуі (бөгде нанымдарға шыдамдылық);

  • жаңашылдыққа ұмтылу және жаңа тәжірибеге ашықтық;

  • тікелейлік және мінез-құлықтың табиғилығы;

  • өз-өзіне терең сенімділік сезімі.

Актуализация процесі психикалық және ментальды деңгейде өз-өзімен терең жүйелі жұмыс жасауды көрсетеді. Ол үшін жеткілікті мотивация және рефлексияға деген қабілеттілік керек. «Тұлғалық өсу» түсінігінің өзі тұлғалық қасиеттерімен жетілдірудегі мақсатқа бағытталған жұмыс және бұл өзін-өзі тану, өзін өзі ояту, тұлғалық дамуды бағдарламалау және өзін-өзі реализациялауды көрсетеді.

«Тұлғалық өсу» - алғашында К.Роджерс және А.Маслоудың гуманистік концепциясында қалыптастырылған, алайда қазіргі таңда басқа психологиялық бағыттарда кеңінен қолданылады.

Адам табиғаты

Тәрбиелеудің мағынасы

Негізгі өкілдері

1

Мінсіз позитивті

Актуализациялауға көмек

К.Роджерс, А.Маслоу

2

Шартты позитивті

Таңдауға көмек

В.Франкл экзистенциалды бағыт

3

Нейтралды

Қалыптастыру, коррекция

Бихевиоризм, кеңес психологиясының көпшілігі

3

Бұзылған

Түзету, компенсация

Классикалық фрейдизм