Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Бурлачук Л.Ф., Грабская И.А., Основы психотерапии. – Киев.: Ника –Центр, 2001.

  2. Горбатова, Е.А. Теория и практика психологического тренинга: учебное пособие / Е.А. Горбатова.- СПб.: Речь, 2008.- 320с.

  3. Зайцева Т.В. Теория психологического тренинга. Психологический тренинг как инструментальное действие/ Т.В. Зайцева.- СПб.: Речь; М.: Смысл, 2002.- 80с.

  4. Келли Г., Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

  5. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

  6. Ли Д. Практика группового тренинга/ Д. Ли.- СПб.: Питер, 2002.- 224с.

  7. Фопель К. Психологические группы. Рабочие материалы для ведущего. Практическое пособие. / Пер. с нем. – М., Генезис, 2004.

  8. Пузиков В. Г. Технология ведения тренинга [Электронный ресурс]: - СПб.: Издательство «Речь», 2007.-224.

  9. Климчук В. А. Тренинг внутренней мотивации [Электронный ресурс]: - СПб.: Речь, 2005. - 76 с.

  10. Фопель, К. Технология ведения тренинга: теория и практика/ К. Фопель.- М.: Генезис, 2003.- 272с.

  11. Мамайчук И. И. Психокоррекционные технологии для детей с проблемами в развитии. - СПб.: Речь, 2006. - 400 с.

  12. Горбушина О. П. Психологический тренинг. Секреты проведения. СПб.: Питер, 2008. -176 с.

6.2 Қосымша әдебиеттер

1.Вачков и.В., Битянова м.Р. Я и мой внутренний мир. Психология для старшеклассников. Питер; Спб.; 2009.

2. Мельник С. Н. Теоретическиеи методические основы социально-психологического тренинга. Владивосток 2004 г.

Қосымша

Студенттердің біліктілігін дамытуға арналған № 1 тренингтік жаттығуларды орындау үлгісі

Тақырыбы: Жасөспірімдердің тұлғалық өсуін зерттеуге арналған

психологиялық тренинг «Мен өмірімді басқарамын»

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың тұлғалық өсуінің дамуына

жағдай туғызу.

Пәні: Жасөспірімдер 13-17 жас.

Бағдарламаның ұзақтығы: 2 күн.

Жұмыс түрі: топтық.

Қатысушылар саны: 5-6.

Жоспар:

  1. Жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуына көмек көрсету.

  2. Жасөспірімдік кезеңде болатын дағдарыстан шығуға жол көрсету, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

  3. Ерік-жігерлерін дамыту, қатысушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайту, қарым-қатынасқа түсуге көмек беру.

Бірінші күн.

  1. Танысу.

Тренинг қатысушылары шеңбер бойынша кезекпен аттарын (есімдерін) айтады және есімінің бірінші әрпінен басталатын өзінің бір тұлғалық ерекшелігін атауы тиіс.

  1. «Тапқын» жаттығуы.

Қатысушылардың бәрі тұрып, иықтарынан ұстайды. Жағымды әуен ырғағымен бір жаққа қарай ырғалады. Осы кезде тренер тренингтің идеясын түсіндіреді.

Тренинг идеясы – жеке адамның өмірін көз алдына келтіру, қазіргі өтіп жатқан өмір ағысын және өзінің қалайтын өмір ағысын.

Әрбірі бәрін басынан бастауға құқылы.

Тренинг – үлкен стол, одан әркім өзіне қажеттісін алады. Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста. ‡лкен нәрсекні қаласаң – үлкен біреу болуың қажет.

Ал, енді әркім өздеріңізше ойластырыңыздар, өзіңізге және өз өміріңізге не қажет етесіздер.

  1. «Сен істей аласың» жаттығуы.

Санау арқылы жұпқа бөліну қажет, жұп табылмаған қатысушылар үшеулеп. Әрбір жұптың біреуі бір қимыл ойлап табуы тиіс, соны екіншісі қайталайды. Бұл жай қимыл немесе бір қызықты, қиын орындалатын қимыл болуы мүмкін. Сізге 1 минут беріледі, жұптасыңызға қимылыңызды көрсету үшін. Және ол сізге өз қимылын көрсетіп, сіз оны қайталауыңыз керек, ол үшін де 1 минут беріледі. Осылай тағы бір жаңа жұптас тауып, сіз оған, ол сізге көрсетіп, қайталауларыңыз керек. Осылайша сіз 3-4 жұппен қимыл жасауыңыз керек.

  1. «Мен реалды, мен - идеалды» жаттығуы.

Қатысушыларға 1 ақ парақ беріледі. Оны екі бағанаға бөліп, өзінің реалды қандай екенін, қандай болғысы келетінін жазуы тиіс. 5 минут беріледі.

  1. «өмірдің қожайыны» жаттығуы.

өмірдегі адамдардың екі категориясы бар. Бәрә «жағдайдың құрбандары», екіншісі «өмірдің қожайыны». Жағдайдың құрбаны болу өте оңай, себебі өміріңдегі ештеңені өзгертудің қажеті жоқ, өзіңмен жұмыс істеудің де қажеті шамалы. Жағдайдың құрбаны – кері эмоцияның коиплексі, ол эмоция жағдай менен күшті деушілерге болады. Мұндай адамдар өмірінде не болып жатқанын бақыламайды. Сонымен сіздер өмірдің қожайыны қандай мінезбен ерекшеленеді. Топты өзара екі топқа бөлеміз. Тапсырма ақылдасып өмірдің қожайыны қандай мінезбен және жағдайдың құрбаны қандай мінезбен ерекшеленетін плакатқа маркермен жазыңыздар. Екеуін салыстырып, осы туралы ойлаңыздар. 10 минут беріледі.

  1. «Менің өмірім» жаттығуы.

өзінің ісіне жауапкершілікпен қарау. Әрбір қатысушыға шеңбер түріндегі гистограмма беріледі. Сіздердің әрбіреулеріңіздің өмірлеріңізде жағымды жіне жағымсыз сәттер болады. өзіңізге қатты әсер еткен сол сәттерді есіңізге түсіріңіз. Гистограмманы «менің өмірім» деп толтырып, оған маңызды деген 6 сәтті жазыңыз. 3-і жағымды, 3-і жағымсыз. Әрбір секторда сол сәттің көлемін, әсерін, қорытындысын жазу керек. Осыны талқылаудағы қорытынды әрбір адам ісіне жауап беруі керек, осы сәттерді құрастырушы адамның өзі болып табылады және өзіне байланысты.

  1. «Артқа ілінген қағаз» жаттығуы.

Топта эмпатияны қалыптастыру, түсіну және басқа адамның өзі туралы пікірін қабылдай білу.

Жаттығуды өткізу үшін қағаз, түйреуіш және барлық қатысушыға қалам керек. Қатысушыларға қағаз ілінеді. Қатысушылар жүріп, оны қызықтырған адамның қасына тоқтап, бір-біріне қарағаннан кейінгі әсерлерін кейін өздерңндегі жапсырулы қағазға жазады не бейнелейді. Орындау – шынайылықты талап етеді. Ал жазылғандарды адам қабылдай білуі керек. Жаттығу 10 минут созылады. Қағаздың артына да жазуға болады. Ойын аяқталысымен ойыншылар орындарына жайғасады. Қағаздарды алмас бұрын ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. Кейін қағазды алып, әркім өзі туралы жазылғанды оқиды.

Бірінші күннің қорытындысы. Сабақ барысында: - сіз нені білдіңіз, қандай сезімде кетіп бара жатырсыз?-деп сұрау керек.

й тапсырмасы: Бір жақсы іс жасау.

Екінші күн

  1. Сәлемдесу. «Жақсы іс» жаттығу.

Қатысушылардың жасаған жақсы істері, яғни үй тапсырмасы талқыланады. Жақсы іс істегендерге шапалақ соғылады. Тапсырманы орындамағандардың себебі талқыланады. «Істеуге мүмкіндігім болмады» деген жауап қабылданбайды, себебі үй тапсырмасы алға қойылған мақсат болғандықтан. Адамның мақсатқа жету қабілеті, ойлағанды орындау қабілеті болып талқыланады.

  1. «Шеңберден қашып шық» жаттығу.

Бұл жаттығуда шеңбердің ортасына «Мен қожайынмын» ойынында пассивті позиция алған қатысушылар тұрады. Айып ретінде-ондағы тренингтің мақсаты –белсенді болу. Барлығы шеңбер құрып қолдарынан ұстайды. Шеңбер ішіндегі адам 2-3минут ішінде қолдарын үзіп шеңберден шығуы тиіс. Ол шеңберден шығуға ұмтылуы тиіс, себебі өмір сүргісі келетін адам, өзін-өзі сыйлайтын, өзіне сенетін, мықты адам ғана шеңберден шығады. Шеңберден шығарып алған адам айып ретінде топтың қалауын орындайды. Жаттығу 10минут алады.

  1. «Поза» жаттығуы. Зейінді дамытуға арналған. Қатысушылардың арасынан қалағандары келіп тренердің алдындағы карточканы таңдап алады. Онда жазылған эмоционалды қалыпты поза арқылы көрсетуі тиіс. Мимикамен көрсетуге болмайды. Поза қимылмен көрсету керек. Ал, қалағандары оны табуы қажет(қандай эмоционалды қалыпқа жататынын) Бұнда жауаптың көп болғаны дұрыс, ішінен формальды жауапты алуға болады. Мұндағы эмоционалды қалыптар: ашықтық,сену, сенбеу, қайғы т.б болуы мүмкін.

  2. «Мен саған сыйлаймын» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бір-біріне өзінің пікірі бойынша адамның өмірінде жақсылыққа апаратын қандай сапа жетіспейді деп есептесе, соны, ол сол кісіге сыйлайды. Сыйлықты алушы қорытынды жасайды. Сыйлық беріп жатқан кезде оған жақындау маңызды. Ойын барысында ырғақты ақырын музыка қойып қоюға болады.

  3. «Мен өмірімнің қожайынымын» визуализация. Бұнда қатысушылар визуализацияның барысында өз өмірінде жауапкершілігін сезінеді. Жаттығуды орындау үшін қатысушылар ыңғайлы орынға жайғасуы қажет. Отырып, жатып, жартылай жатып. Жүргізуші ақырын музыка қосады. Инструкцияны түсіндіреді. Қатысушыларға сыртқы әлемді ұмытып, өзі қалайтын өмірді ішінде құруы керек, өз өмірінің өзі авторы ретінде сезінуі қажет. Бұл жаттығу кейбір «жағдайдың құрбаны» болып жүрген жасөспірімге өз өмірінің авторы ретіндегі образына енуге көмектеседі. Қатысушылар ойынша өз өмірінің қожайыны ретінде сезініп, қайта оралады.

Тренингтің аяқталуы.

Тренер тренинг барысында жаңа алған білімдер, қандай сезімде болғаны, пайдасын сұрайды. Тренингтің басталуындағыдай бәрі қолдарымен иықтарынан ұстап, ақырын музыка ырғағымен ырғалып әрбіреуі осы сабақтардан алған әсері, 2күн ішінде жан дүниесіндегі сезімі, енді қандай екенін айтып береді. Тренер барлық қатысушыны құттықтап, салған күштері мен көрсеткен шыдамдылықтарына рахмет айтады.