Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

1. Өзгеру мәселесіне философиялық келіс.

Гераклиттік ой жеке адамның жанының ғарышпен, әртүрлі жандық өмірдің бір деңгейінен басқасына ауысуымен, барлық психикалық құбылыстардың материалдық заңдылыққа бағынуымен тығыз байланысты.

Гераклит: жан ол «Логостың ұшқыны» деп айтты. Гераклит ғарышты «мәңгі тірі жалын» түрінде, ал жанды («психея») оның ұшқыны ретінде қарастырды. Осылайша, жан жалпы табиғи болмыс заңдылықтарына қосылды.

Гераклитпен енгізілген «Логос» термині уақыт өте келе көптеген атақты мәндерге ие болды. Бірақ Гераклит үшін ол «барлығы ағады», құбылыстар бір-біріне ауысады деген заңдарды білдірді.

Сыртқы ақыл – ой – жағдайдағы заттар байланысын қадағалау қабілеті және соған сай дұрыс мінез-құлық көрсете білу. Бұл қабылдау негізінде құралады. Ішкі ойлау немесе ішкі сөз - өз сөздік ойлау, ішкі ойларыңның сыртқы талқылауға айналуы.

Сезімдер проблемасы: Демокрит пайдалы және пайдасыздар көрсеткіші ретінде рахаттану не рахаттанбау деп бөлген. Өмір мақсаты Демокрит бойынша жанның жақсы әрі болмысының болуы деген. Осындай жағдайға жетуге болады, егер оның рахаты ағымды заттарға тәуеті болмаса ғана.

Эпикур бойынша сезімдер бәрінде жетіспеушіліктер бар, сондықтан рахатты жағдайда болу үшін жан-дененнің мазасыздауынан қашу керек. Сонымен қатар Эпикур өмірдің мақсаты рахаттану деп айтқан болатын. Ең жанның бір қалыптысын бөлетін сезімдер өмір жайлы қарқынына, құдай алдындағы қарқынына, яғни осыларға адам тағдыры тәуелді деп ойлады.

Лукреций бойынша сезім түбімен ақыл-ойға тәуелді. Олай болмаса олар бізді шатастырады. Стоиктер тырысу мен біріктіріп әрекет түсінігін енгізіп, орасан зор үлес қосқан.

Аффектілер – заттар жайлы баттасқан жанның ақыл-ойға қарсы не табиғи қарсы көзқарастар. Кейбір аффектілерге ақыл-ойға сыймайтын деген анықтама берген, мысалы: қалау – ақыл-ойға симайтын қозу, рахаттану - ақыл-ойға симайтын қозу, т.б.

Стоиктер осындай уақытқа және обьектіге байланысты аффектіні бөлген, және оларды класс бойынша жіктеген: рахаттану – қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй; рахаттанбау – қайғы, көңілсіздік; оның әртүрлілігі – көңілсіздік, бірге қайғыру, бәсекелесу, қайғы, көңіл қалу т.б.; қалау – қажеттілік, жеккөрушілік, махаббат, ашу т.б.; қорқыныш – қорқу, сенімсіздік, ұят, жасқаншақтық, бейберекеттік.

Стоиктер аффектілердің өсуінің үш стадиясын бөліп көрсетті:

1.Сыртқы ортаның әсерінен физикалық өзгертуге организмдер ұшырайды: дененің өзгеріссіз аффектілері жоқ.

2. Ырықсыз түрде болған жайлы және қалай бағытталу керек жайлы ойлар туа бастайды.

3. Ақыл-ой кірісуі керек. Екі жағдай болуы мүмкін: а) ақыл-ой болып жатқан жайлы жақсы жақтан құндылықсыз көрсетіп аффектіні болдырмайды. ә) егер ақыл-ой дәрменсіз болса, онда аффект туады. Мінез – құлықтың қалыптасуына жанның көптеген жаттығуларды шегеруіне байланысты, мысалы бір істерді жасау арқылы, немесе басқа батырлардың іс-әрекетін бақылау арқылы, ойлау негізінде қалыптастыру. Әркім өзіндік күшті мінез-құлықтарды тәрбиелеуге міндетті.

Сократ бірінші болып жан мен тәннің екі бөлек екенін айтқан. Жанның материалдық және заттық емес екендігін, ол денеден бөлек екендігі туралы, яғни жан тәнмен салыстырғанда көрінбейтін нәрсе деді.

Антикалық материализмнен идеализмге қарай ой-пікірлер, көзқарастар дами берді. Идеализм өзінің жоғарғы даму шегіне Сократтың шәкірті Платонның ілімі қарастырылды.

Платон ( 421-347 б.з.д. ж.ж.) арасында өмір сүрді. Ол обьективті идеализмнің негізін салушы. Оның «Федон», «Пир», «Государство» шығармаларының диалогында психикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінген. Психологиядағы негізгі философиялық мәселені идея туралы білім, яғни идеялар.

Идеялар – олар нағыз шындық, өзгермейтін, мәңгілік. Олар түпсіз және өзгеруге келмейді, өзіндік заттарға тәуелсіз еркін өмір сүреді. Идеяға қарағанда материя ол – жоқтық, өлшемсіз, формасыз. Ол тек белгілі бір идеялармен сабақтасқанда ғана затқа айналады. Соңында сезімдік әсем ол – адам жасаған материалдық заттар, табиғи заттар т.б. идеялар мен заттар тектес емес, идеялар бейнелердің негізі, ал заттар олардың ұқсастығы.

Платонның айтуы бойынша жан қандайда бір денемен байланысқа түспес бұрын бар болады. Ол өзінің алғашқы ретті жағдайында әсемдік жанның бөлігін құрайды, кеңістікке айнала отырып мәңгілік идеяларды бөліп, ол жерде шындық пен бар болу бірігіп, тіріні өлтіруге кіріседі. Сондықтан да жан табиғаты идеялар табиғатымен бірлес. Платонның ойынша жан тәннен өте жоғары сондықтан аяқсыз оған барлығын жүргізе алады, ал тән оның қозғалыстарына бас июі керек. Тән өздігінен өте пассивті сондықтан ол бар шындықты тек рухани бастамадан ала алады. Сонымен қатар жан мен тәннің байланысы жайлы айтады: олар бір біріне сәйкес келу керек дейді.

Платон бойынша адам жанының үш бастамасы бар. Алғашқысы жануар және өсімдікке тән. Бұл дұрыс емес бастама. Осы қасиетке ие барлық тіршілік иесі өзінің де тәндік қасиеттілігін рахаттандыруға тырысады: мақсатқа жеткенде рахатты сезінеді, ал жетпесе қайғыруға ұшырайды. Негізінде осы жанның бөлігінен адамдар ғашық болады, қарны ашады, шөлдейді т.б. әрбір адам жанның көп бөлшегін алады.

Басқа ақылды бөлігі жаугершілік бастамаға қарсы келеді.

Ал үшінші бастама- ызалы жан. Осы бөлікпен адам ашуланады, дірілдейді, ол өзінің жақсы ұмтылыстарынан бас тартады тек қана өздігіне жету үшін немесе өлу үшін.

Ақыл-ой бастамасына бұйрық берер кезде осы жан бөліктерінің барлығы бірлескен болуы керек. Осы гармонияның бұзылуы қайғыруға әкеп соғады да, олардың қайта орнына келуі – рахаттануды тудырады.

Платонның дене өлгеннен кейінгі жанның тағдыры туралы түсінігі мәндік этикалық формада және мемлекеттік-педогогикалық мақсатта болып келеді. өмір сүре отырып адамдар адам өлгеннен кейін жан тәнге жауапты екеніне сенуі керек. Жанның өлшейтін деген идеясында тағы да бір мағына бар, ол рухани тіршілік адаммен бірге өлмейді, ол мәңгі.

Ақыл – ой немесе ақыл идеялардың қандай да бір сезімнен айрылуы. Осы жерде Платон ғылымға, диалектика түсінігін енгізген. Диалектика термині түсініктер арқылы тануды айтады. Осы процесті Платон талқылау деп атаған және оны іштегі бір белгісіз адаммен диалог деген. Ол жан ойлау арқылы талқылайды, өзінен өзі сұрайды және соған дұрыс не келіспей жауап береді деген.

Қабылданатын обьект жайлы идея болмайды, олар тек идеялардың копиясы, себебі идеялар мен түйсік бөлшегінің нағыз көзі бола алмайды. Платон бойынша біз сыртқы әсерлер сияқты оларды оймен ұстап аламыз. Оларға керегін, яғни көз бізге ең шын болып келетін идеяны ұстап алуға керек болуы мүмкін, себебі біздің жанның аспанда көргенін ұмытып қалуға себепкер болады.

Платон бойынша еске түсіру термині мынадай мағынада қолданылады, яғни оны ес процесі ретінде қарайды. Оның суреттеуінде ассоцияция механизміне жүгінеді. Егер бір заттың түрі саған басқа бір заттың түрін еске түсіретін болса ол еске тусіру деген. Платон әдемі заттарды өте жоғары бағалайды – краскаларды, форманы, дыбыстарды. Ал махаббат әдемілікті туғызатын құрал ретінде қолданылады.

Платонның танымдық идеясы рационалдық және идеялистік болып келеді. Оның жан туралы іліміндегі қосымша зерттегені сезімдер жайлы ілімі болып келеді. Платон ең жоғарғы игілік рахатта дегенге қарсы келеді.

Рахат не қайғыру осы екеуінің бірінің жоқ болуы осы үшеуін жанның жағдайын өзгертеді және соларға үш өмір сәйкес деп есептелінген. Платон сезімдерді былай бөледі: қаһар, қорқыныш, қалау, қайғыру. Махаббат, қызғаныш, бәсекелес. Осылардың бәрінде өмірдегі сияқты рахат қорқынышпен қосылған деген. Рахат жоғары және төменгі болып бөлінеді: (алғашқылары физикалық қажеттіліктермен байланысты, ал екіншілері эстетикалық немесе ақыл-ой білімділікке байланысты), рахат үш жанның бастамасына тән: күшті (үлкен), кішкентай, рухани рахат.

Платон бойынша мемлекетте адамдар өздерінің табиғатына сай орын иеленуі керек: егер кімде-кім өз табиғаты бойынша етікші болса, ол тек етік тігумен айналысады, басқа ештеңемен айналыспайды.

Аристотель бойынша, жан тірі органикалық дененің формасы. Бұл тұжырым келесі истаформалармен түсіндіріледі.

«Бұл, егер, табиғи дене ретінде қандай да бір құрал болса, мысалы, балта, ондр оның мәні ретінде оның балта болуы және сол оның жаны болатын сияқты. Және осы жанды бөліп алса, балта балта болмас еді... Айтылғанды дене бөліктеріне қатысты да қарастыру керек. Егер көз тірі болса, оның жаны ретінде көру болар еді. Себебі, көру-көздің формасы ретіндегі мәні, көруді жоғалтқаннан соң көз көз емес, тек аты болмаса, тастан жасалған не суретте салынған көз сияқты. Дене бөлікктері туралы айтылғанды бүкіл тірі-бұл жаннан айрылған емес, оған ие». Жан денені тірі етеді. Жансыз ол мәйіт болар еді. Жанда тірі дененің өсу, жиналу, сондай-ақ сезу, ойлау сияқты барлық көрінулерінің негізгі салынған. Жанда тірі дененің белсенділігінің, соған сәйкес жұмыс атқаратын өмірлік күштерінің мақсаты жатыр. Жан сыртқы себептің жерінен денеге ағзада, оның дамушының мақсаты ретінде салынған іс-әрекеттің белгілі бір түрін атқаруға мәжбүрлейді: өсімдік өсімдік болуға, жануар жануар болуға ұмтылады. Тән және оның барлық мүшелері мен бөліктері жанның қызметіндегі құралдар болып табылады. «Барлық табиғи денелер жан үшін өмір сүреді».

Аристотельдің жан туралы ілімі, мақсат ретінде теологизмге және идеализмге толы. Оның гносеологиялық тамырлары ретінде адамның іс-әрекеті мен санасының спецификалық ерекшеліктерін психикалық ұйымдасудың төмендегі деңгейлеріне және жалпы, табиғатқа ауыстыру болып табылады. «Ақыл-ой бірдеңе үшін әрекет ететіні сияқты, табиғат та, оның не үшін әрекет ететіні-оның мақсаты».

Осылайша, жан дене формасы ретінде, тән немесе дененің мәні, оның барлық әрекеттерінің себебі мен мақсаты екендігін білдіреді. Аристотель жанның осындай барлық сипаттамаларын арнайы «энтеисхия» түсінігіне біріктірді. Ол арқылы дененің толық шынайылығын, оны тірі ететін, оның өмірлік функцияларының мүмкіншілігін, яғни жан өзін белсенді түрде көрсетпейтін жағдайда өмір сүретіндігін белгілейді. Жан тәнмен тығыз байлансты: ол-тәннің белсенділігінің күйі. Жан емес, тән әрекет етеді, бірақ тән жанды емес. Аристотель бойынша жан емес, адам жан арқылы сезімге ортақтасады, үйренеді не ойлайды. Жанның барлық көрінулерімен тән көрінулері бірге жүреді. Сондықтан жанды зерттеу 2 зерттеушінің ісі-диалектик және жаратылыстанушының. Мысалы, «диалектик ашуды қандай да бір кемісіту үшін кек алуға деген ұмтылыс ретінде анықтаса, табиғат туралы талқылаушы ашуды қанның қайнауы не жүрек маңында ыстықтыңқайнау деп анықтар еді». Егер жан тәнсіз болса, оны тасушы ретінде жануарлардың қанында жасалынатын, ерекше органикалық зат-пневма болады. Жануардың мүшесі-жүрек. Ми қосымша қызмет атқарады, онда қан қалыпты нормаға дейін салқындайды. Аристотель Платонның жанды бөлшектерге бөлуін сынады. Аристотель тым болмаса екі бастаудың өзбеттігі мен шынайлығын мойындаған-біріншісі, тәннің энтелехиясы ретіндегі жан, ол тән бұзғандағы жойылады, екіншісі-құдайдың күшінің көрінісі ретіндегі жан, ол тәнге келеді және өлген кезде одан шығады: «бөлшектердің әрқайсысы түсінуге және кеңістікте қозғалу қабілетіне ме, ал егер түйсіну бар болса, бұл жерде ұмтылыс та бар. Қай жерде түйсіну бар, ол жерде қайғы мен қуаныш бар, ал олар бар жерде тілек бар. Ал ақыл және қабілетке қатысты әлі нақтылық жоқ, бірақ олар-жанның басқа түрі және тек бұл қабілеттер жеке өмір сүре алады деп көрінуі мүмкін. Ал жанның басқа да бөліктері туралы, айтылғаннан анықталғандай оларды бір-бірінен бөлуге болмайды». Аристотельде жанның бөліктеріне қатысты әртүрлі сілтемелер кездеседі. Оның жіктеуінің негізінде өмірдің 3 баспалдағын бөлу жатыр: өсімдік, жануар, адамдық, мұнда жоғарғы баспалдақтағы қабілеттерге алдындағылардың қабілеттері кіреді және оларсыз тіршілік ете алмайды. «Фигуралар да, тірі жандар да өзінің алдындағысын өзіне қосады, мысалы, төртбұрышта-үшбұрыш, түйсіну қабілетінде-өсімді қабілет». Өсімді және жануар жаны материалистік тұрғыдан түсіндірілді. Аристотель бойынша, ақылды жан идеалды, оны тәннен бөлуге болады, оның мәні-құдай күші. Аристотель адамның жануарлардан, өсімдіктерден сапалы айырмашылығын сезе отырып, олардың көзін идеалистік тұрғыдан түсіндіреді.