Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

2. Өзгеру мәселесі жөнінде батыс және шығыс философиясы.

Батыс философиясына қарағанда Шығыс философиясы адам мәселесіне бағытталған, Батыс философиясы көп мәселелі болып табылады. Ол табиғифилософиялық, онтологиялық, әдіснамалық, эстетикалық, құқықтық мәселелерді зерттейді. Адам мәселесін зерттеуде Батыс және Шығыстың философиялық концепцияларында айырмашылықтар бар. Шығыс философиясы адам мәселесін практика, адамдардың өмірлік іс-әрекеті, олардың өмір бейнесі тұрғысынан қарастырады. Сондықтан да, онда адамның өзіндік сана-сезімімен, оның формасы мен күйі, этикет, адамдардың жасы бойынша үлкендерге және кішілерге тәжірибелі жетекші болумен байланысты жеке мәселелерден тұрады. Батыс философиясы адамға оның психикалық болмысы немкесе этикеті тұрғысынан қарастырмай, ал болмыс пен танымның жалпы принциптерін ұсынады. Шығыс философиясы дінмен өзара тығыз байланыста дамыса, ал батыс философиясы неғұрлым ғылыми әдіснамаға жағын және діннен алшақтайды. Батыстың философиялық оқулары ежелгі әлем дәуерінде әлемдік немесе Ежелгі Греция және Римде таралған дінге айналған жоқ. Сонымен қатар батыстық антикалық философия, ең алдымен Демокрит, Эпикур, Лукреции басқа да философтардың мазмұндамаларында атеистік тенденцияны байқауға болады.

Батыс және шығыс философиясында категориялық аппаратты өндеуінде де ерекшеліктер бар. Шығыс философиясында мифологияда берілген коптеген категорияларды органикалық тұрғыда қабылдайды: инь-әйелдік бастама, янь-ер адамдық бастама, олардың бірігуі – ци немесе заттарды бес материалдық бастама негіздерінің комбинациясы ретінде қарастыру – жер, су, ауа, от және ағаш. Өлім және өмір, жан және физикалық дене, материя және дене, сана және оның күйі категориялары жиі қарастырылады. Мынындай ұғымдар енгізді – сансара- түрлену, жанның туылуы, карма – өлімнен кейін адамға баға беру, аскеза- өз-өзін шектеу жолымен өте жоғарғы қабілетке жету, нирвана – жоғарғы күй, адамдық ұмтылыстың мақсаты, материяны және басқаны құрсаудан босату, жан күйі.

Батыс және шығыс философиясының ерекшелігі әлеуметтік мәселелерді қарастыруда анық көрінеді. Шығыс философиясында бұл мәселелер барлық өткен, осы шақ және болашақ өтетін адамзат ғаламы, сонымен қатар басқа адамдарды басқару, өзін-өзі жетілдіруге қажетті бүткіл адамзаттық құндылықтар, адамзаттық жақсылық қарастыруы.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Өзгеру мәселесі жөнінде батыс және шығыс философиясы.

  2. Өзгеру мәселесі жөнінде ежелгі шығыстың философиялық мектептері (Конфуций, даосизм, буддизм).

Әдебиеттер тізімі

  1. Келли Г., Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

  2. Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.

  3. Пузиков В. Г. Технология ведения тренинга [Электронный ресурс]: - СПб.: Издательство «Речь», 2007.-224.

5-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Өзгеру мәселесіне психологиялық. келіс.

Мақсаты: Өзгеру мәселесіне психологиялық. Келістерге талдау жасау, мәнін көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Әдейі өзгерту, гештальт — модель, гуманистiк бағыт.

Қарастыратын тақырыптар:

  1. Өзгеру мәселесіне психологиялық Келістер. Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, Д.Б.Эльконин концепциялары.

  2. Әдейі өзгерту теориялары.

  3. Психоаналитикалық теориялар (З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм, К.Хорни).