Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Тренинг жетекшісінің ұстанатын принциптері.

Сондай-ақ,тренингтік топтардың жұмысының өзіндік ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы жұмысының өзіндік ұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау барысында, тренингті өткізүге кірісер алдында және жұмыс барысында:

  • Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?

  • Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді?

  • Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрқтар қоюы тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу арқылы бұл сұрақтардың жауабын таба алады. Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:

  • Жұмыстың мазмұнды жоспары

  • Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгей,топ мүшелерінің арасында қалыптасқан түрлі мінездердің қарым-қатынасы;

  • Топтың әр мүшесінің жағдайы,оның тренингке,басқаларға және өзіне деген ойы;

  • Жаттықтырушының жағдайы.

Тренингтің тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің барабарлығына ғана емес,сонымен қатар,алдына қойған қандай да бір мақсатқа жету үшін қаншалықты құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1.Топ жетекшісінің негізгі рөлдері. Топты басқару стильдері.

Әдебиеттер тізімі

  1. Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.

  2. Ли Д. Практика группового тренинга/ Д. Ли.- СПб.: Питер, 2002.- 224с.

  3. Фопель К. Психологические группы. Рабочие материалы для ведущего. Практическое пособие. / Пер. с нем. – М., Генезис, 2004.

12-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Кері байланысты ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: Кері байланысты ұйымдастырудың жолдарын көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: дамудың сатылары, дайындық, саналау, қайта бағалау, дағдарыс.

Қарастыратын тақырыптар:

1. Кері байланысты ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері.

2. Тренинг барысында кері байланысты ұйымдастырудың ерекшелігін анықтайтын факторлар.

3. Тренингте кері байланысты ұйымдастырудың варианттары.

4. Тренинг нәтижелерін кәсіби шынайылылыққа тасымалдау факторлары («эффект күші» факторлары; тренинг эффектісі салдарының факторлары).

Кері байланыс психологиялық тренингтің маңызды элементі болып табылады, ол қатысушылардың сәтті өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды анықтайды. Тренингтік топта кері байланысты жетекші ұйымдастрады және бақылайды. Неғұрлым жоғарғы әсерге жету үшін қаныққан және конструктивті болады.

Кері байланыстың қаныққандығы, оны ұйымдастырудың барлық формаларын және түрлерін қолдануды көрсетеді.

Кері байланыстың конструктивтілігі ол реципиентке, қабылдауға мүмкіндік беретін, коммуникатормен ол қалай қабылданады және қандай формада берілетіні жөнінде шынайы мәліметтерді беруді көрсетеді. Конструктивті кері байланысты ұйымдастру үшін келесі шарттарды ұстану керек:

  • сипаттаушы қасиет. Бағалаушылық формадағы кері байланыс не ақпараттық болмайды, не оны қабылдауға кедергі келтіретін қорғаныс реакциясына әкеледі;

  • мерзімін ұзартпау. Мерзімі ұзартылған ақпарат өзекті емес және оның өзі уақыт факторына бұрмалануы мүмкін.

  • Спецификалық. Кері байланыс жалпы мінез-құлыққа емес, ал нақты бір көрініске немесе қатысушылардың іс-әрекетіне қатысты болса неғұрлым пайдалы;

  • Релеантылық. Кері байланыс коммуникатордың да және реципиенттің де қажеттіліктеріне релевантты болуы керек. Егер ол тұлғаның қажеттіліктерін ескермейтін болса деструктивті болады.

  • Позитивті бағытталу. Кері байланыс тұлғаны шынайы өзгертуі мүмкін көріністеріне, мінездеріне, қылықтарына бағытталу керек.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Тренингте кері байланысты ұйымдастыру варианттары.

  2. Тренинг нәтижелерін кәсіби шынайылылыққа аудару факторлары («эффект күші» факторы, тренинг эффектісі салдары факторлары).

  3. Топтарда болатын сауалды ұйымдастыру. Топта пікір-талас жүргізу.

  4. Тренингтік топтағы кері байланыс. Адамды қабылдау ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі

1.Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

2.Ли Д. Практика группового тренинга/ Д. Ли.- СПб.: Питер, 2002.- 224с.

3. Климчук В. А. Тренинг внутренней мотивации [Электронный ресурс]: - СПб.: Речь, 2005. - 76 с.

13-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Тұлғалық өсу тренингі.

Мақсаты: Тренингтік топтың негізгі түрлеріне талдау жасау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: жұмысқа қабілеттілікті құру, бағдарлану, өзгеріс; аяқтаушы этап, басқару стилдері, тұлға мінездемесі.

Қарастыратын тақырыптар:

  1. Тұлғалық өсу тренингі.

  2. Мақсаты және міндеттрі.

  3. Ұйымдастырушылық тренингтер. Жүргізу ерекшеліктері.