Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Өзгеру мәселесіне психологиялық келістер.

Психологиялық жұмыстың топтық әдiстерiне деген қызығушылық олардың түрлi психологиялық мектептердің дамуында көптеген бағыттардың пайда болуына әкеледі.

1. Гуманистiк бағыт. Классикалық гуманистiк бағытының негiзгi ерекшелiгi - топты басқарудың максималды директивтi емес стилi, қатысушылардың белсендiлiгiн оятатын және болып жатқан жағдайға жауапкершiлiкті өз мойнына алу. Бұл стилъ топпен жұмыс iстеудiң алғашқы этаптарының фрустрация ситуациясының және негативті эмоцияның пайда болуына әкеледi. Бұл кейiн конструктивті өндеуге мүмкiндiк беретiн қатысушылардың мәселесiн ашуға мүмкiндiк бередi. Топта өзара тығыз сенім, қауiпсiздiк және ашықтық атмосферасының қалыптасуы тұлғаның көрiнуiне максималды еркіндiк, сезiмдi және тұлғааралық коммуникацияны зерттеу климатын құрады. Нәтижесiнде қатысушылар өзiн және басқаларды неғұрлым толық тануына әкеледi. Ашықтық климаты сенімдi тудырады, тұлғаға адекватты емес қорғаныс ұстанымдарын өзгертуге және саналауға, жаңартылған мiнез-құлық тәсiлдерiн және эмоционалды жауап беру формаларын талдауға және қабылдауға мүмкiндiк бередi.

2. Гештальт — модель. Бұл бағытта Ф.Перлз және өкiлдерi ұсынды. Гештальт терапияда тұтас психикалық құрылымның қалыптасуына әкелетін ағзаның өзiн-өзi реттеу процесiнде үлкен көңiл аударады. Теорияның орталық моментi - барлығы да осы жерде және қазiр жасалынады. Топтық процестін мақсаты - әрбiр қатысушының сана сферасын, өзiнің индивидуалдылық ерекшелiктерiн кеңейту, өзiндiк идентификация және өзін жетiлдiрудi саналау болып табылады.

З Психодрамалық бағыт. Психодрама топтың жұмыс әдiсi ретiнде, қатысушыларға тұлғалық мәнi бар өмiрлiк ситуацияларда моделденетiн белгiлi бiр рөлдерде ойнауын анықтайды. Бұл әдiстiн нәтижелiлiгi топтың өзара әрекеттiк эффектiсiне негiзделедi. Психодраманың негiзiн қалаушы Якоб Морено адамдағы өзгеріс түрлi деңгейде жүруi мүмкiн. Я.Мореноның ойынша сезiмдi актуализациялау үшiн әрекет қажет моделденген оқиғалардағы рөлдердi ойнау бойынша әрекет, жұмыс iстеуге болатын сезiм және бастан кешулердi тудырады. Психодрамалық топқа қатысушылар түрлi өмрлiк ситуациялармен, рөлдермен және мiнез-құлық формалармен өзiн эксперименттей алады. Бұл әдiс қатысушыларға өзiнiн iшiнде жылдар бойы ұстап келген сезімдерін шығаруға көмектеседi. Сонын да сезiмдерiн шығарып қана қоймай, жаңа өмiрлiк тәжiрибені қалыптастыра отырып мінез-құлық және бастан кешулерге жаңа элементтерді қосады.

4. Трансактiлi модель. Бұл бағытын негiзiнде «Меннiң» әртүрлi күйі бойынша Ә.Берннің концепциясы жатыр, оны «Ата-ана», «Ересек». «Бала» деп атады. Бұл концепция бойынша әр уақытта индивид осы бiреуiнде болады. Ол адам қалай ойлайды, сезiнедi және қалай өзiн көрсететiнiң анықтайды. Топтық сабақта ең алдымен «Меннiң» жеке куйi түрлi ситуацияларда басқа адамдармен өзара әрекетте қалай көрiнетiнің талдау үшiн қолайлы жағдай құрылады. Ары қарай топтық өзара әрекет процесiнде ойындар және өмірлік сценарилердің көрiнуiне талдау жасалынады. Өмiрлiк сценарилер трансактiлi моделдеу — ерте балалық шақта баланың ата-анасымен өзара әрекет процесiнде өнделедi, Ары қарай олар түрлi ситуациядағы мiнез-құлық типтерiн және өзiндiк өмірiн құру ерекшелiгiн анықтайды.

5. Бихевиоральдi бағдарланған топтар. Мiнез-құлық тренингтегi сабақ тұлғаның дамуы немесе адамның потенциалды реализациялау бойынша үлкен мiндет коймайды. Олардың міндетi - қатысушыларды нақты мәселелерді шешуге және белгiлі бір өмiрлік жағдайларға бейiмделе алу ептiлiктерiн дамыту.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Мінез-құлықтық теориялар (Д.Уотсон, Э.Л.Торндайк, Б.Скиннер, Г.Айзенк және т.б.).

  2. Гуманистік келіс (Р.Мэй, А.Маслоу, К.Роджерс, Ф.Перлз, Р.Ассаджоли).

Әдебиеттер тізімі

  1. Бурлачук Л.Ф., Грабская И.А., Основы психотерапии. – Киев.: Ника –Центр, 2001.

  2. Горбатова, Е.А. Теория и практика психологического тренинга: учебное пособие / Е.А. Горбатова.- СПб.: Речь, 2008.- 320с.

  3. Зайцева Т.В. Теория психологического тренинга. Психологический тренинг как инструментальное действие/ Т.В. Зайцева.- СПб.: Речь; М.: Смысл, 2002.- 80с.

  4. Келли Г., Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

6-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Тренинг ортасын құру принциптері (жүйелі детерминация, шынайылылық, көптік).

Мақсаты: Тренинг ортасын құру принциптерін талдау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: жүйелі детерминация, шынайылылық, көптік, белсенділік, зерттеушілік және шығармашылық позиция, субъектілік қарым-қатынас, мінез-құлықтың обьективтілігі, шынайылылық, «қазір және осы жерде».

Қарастыратын тақырыптар:

  1. Тренинг ортасын құру принциптері (жүйелі детерминация, шынайылылық, көптік).

  2. Тренингке қатысушылардың мінез-құлық принциптері (белсенділік, зерттеушілік және шығармашылық позиция,, субъектілік қарым-қатынас, обьективті мінез-құлық, шыншылдық, «қазір және осы жерде»).