Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

1. Жұмыстың топтық формасының көп функционалдылығы.

Қоршаған орта адамның өзіне деген қатынасы бойынша өлшеуші құрал болып табылады. Басқа адамдардан өзінің кім екенін біледі, өзінің қандай екені жөнінде бағалауға ие болады. Қарым-қатынас және өзара әрекеттің әрбір жаңа актісі адамның әлеуметтік тәжірибесін күшейтеді және оның түсініктеріне коррекцияны қосады, оны көп өлшемді етіп жасайды.

Адамға қатысты елестер-проекциясының бірнеше түрін бөлуге болады, оны «А» деп белгілеуге болады:

«А»-шынайы;

«А1»-сол адамның өзі туралы елестері;

«А2»-сол адам туралы, қоршаған орта қалай қабылдайтыны туралы елестер;

«А3»-сол адам туралы қоршаған орта туралы түсініктері.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің бір міндеті әрбір қатысушының санасында елестердің барлық кешенің («А»= «A2» = «А2») жақындату және өзара әрекеттің басқа қатысушыларында («А3») ол туралы сәйкес түсініктерді қалыптастыру ептілігін дамыту.

Осы елестер-проекциялары сәйкес келгенде адам конгурентті және сәтті болады.

Адамның өзі туралы елестердің қалыптасуы және коррекциясы әдеттегі қарым-қатынасқа қарағанда тренингтік топта неғұрлым интенсивті түрде өтеді. Тренинтік топта тұлғалық мәнді ойларды және сезімдерді көрсетіп және басқалардан кері байланысты орната отырып, адам сырттай өзін зерттеу мүмкіндігіне ие болады. Топтың басқа қатысушылары адамның өзі дербес «көре алмайтынды» бейнелейтін және көрсететін ерекше «айна» болады.

Лафт Джозеф және Гарри Инграм «Джогари терезесін» ұсынды. Бұл тренингтік топтың өзін-өзі тану және өзін-өзі ашу процесін көрсетеді.

Басқалар

Мен

Өзім туралы білемін

Өзім туралы білмеймін

Мен туралы біледі

Ашық алаң

1

Соқыр алаң

2

Мен туралы білмейді

Жасырын алаң

3

Белгісіз алаң

4

Ашық алаң (1) адамның өзіне және қоршаған ортаға мәлім мінез-құлық, сезім және мотивтер орналасқан.

Соқыр алаң (2) адам өзі байқамайды, ал басқалар ол туралы айту қолайсыз деп санайды (мінез-құлықтың теріс манерасы, жоғарғы агрессивтілік, жабысқақ мінез-құлық және басқа да мінез-құлық ерекшеліктері).

Жасырын алаң (3) субъект өзі ұғынады, бірақ басқалар білмейді (шешілмеген мәселелер сферасы, көрінбейтін қылықтар, өмірдің интимдік жақтары).

Белгісіз алаң (4) бұл сана мен индивидтің өзі және қоршаған орта шекараларында тұрған алаң.

Мұнда тренингтің мазмұндық жұмысы 2,3 және 4 алаңдарды төмендету арқылы 1-ші алаңды кеңейту. Бұл схемада 2 алаңның төмендеуі топтан кері байланысты алу арқылы жүреді. Қатысушылардың өз-өздерін ашу «масканы» шешуге мүмкіндік береді және 3 алаңды төмендетуге әкеледі. Жетекшімен бірге топ 4 алаңды зерттейді және жаңа білімді, түсінікті алады.

2. Тренингтік топтың функциясы:

  1. Диагностикалық;

  2. Қайтақұрушы;

  3. Түзету;

  4. Алдын алу;

  5. Кеңес беру;

  6. Бейімделу.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Жұмыстың топтық формасының классификациясы.

  2. Треннингтік топты классификациялау критерилері. Тренингтің функцияларына психологиялық талдау жасау.

Әдебиеттер тізімі

1. Келли Г., Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

2. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

3. Ли Д. Практика группового тренинга/ Д. Ли.- СПб.: Питер, 2002.- 224с.

4. Пузиков В. Г. Технология ведения тренинга [Электронный ресурс]: - СПб.: Издательство «Речь», 2007.-224.

4-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Өзгеру мәселесіне философиялық келіс.

Мақсаты: Өзгеру мәселесіне философиялық Келістерді талдау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: философиялық келіс, өзгеру мәселесі, Гераклит, Сократ, Эпикур, Аристотель.

Қарастыратын тақырыптар:

  1. Өзгеру мәселесіне философиялық келіс.

  2. Өзгеру мәселесі жөнінде ежелгі гректік философтар (Гераклит, Сократ, Эпикур, Аристотель).

  3. Өзгеру мәселесі жөнінде батыс және шығыс философиясы.