Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Тренингте топтың дамуының негізгі сатылары.

Топтың әртүрлі құрамы, жынысы, кәсіби бағыттылығы және қызметтік статусы бойынша жұмыс тәжірибесі, топтық динамиканың белгілі бір заңдылықтарының бар болатынын көрсетті. Л.Н. Митина әрбір сатыда болатын процесстер, мінез-құлықтың конструктивті өзгерісінің модельін ұсынды. Тренингке қатысушылардың мінез-құлқының өзгеруінің төрт сатыны бөліп көрсетті: дайындық, саналау, қайта бағалау, әрекет. Модель өзгерістердің негізгі процестерін біріктіреді: мотивациялық (I саты), когнитивті (II саты), аффективті (III саты), мінез-құлықтық (IV саты).

Бірінші саты – дайындық

Тренингтік топта тиімді жұмыс үшін әрқашанда өзгеру мотивациясын құру үшін «қыздыру» қажет. Кейде «қыздыру» үшін топқа бірнеше сағат жетсе, ал кейде толық бір күнді арнау қажет болады. Топтың күйі және мінез-құлқына қатысты осы сатыда жетекші түрлі тактикаларды қолданады:

    1. егер топ жылы қатынасты, бірақ шиеленісте болса, онда оның міндеті – оларға топтық өзара әрекетке позитивті мотивация күйін қамтамасыз ету үшін, бойын еркін ұстауға, шиеленістен шығуға көмектесу, ашық, сенімді психологиялық қауіпсіз атмосфераны құру.

    2. Егер басынан бастап ақ скептикалық немесе тіпті жауластық қатынаста болса, жетекші осы көңілі толмаушылықтан шығару үшін, мәселені шешудің стандартты емес тәсілдерді табу дағдылары және тиімді коммуникация ептілігін көрсететін тапсырмаларды ұсынады. Осы сатыда шиеленісті шығару үшін релаксациялық бағыттағы психогимнастикалық ойындар қолданылады. Сонымен қатар әрбір жаттығу топтық және жеке рефлексиямен жүргізіледі.

Тренингтік топтың дамуындағы дағдарыс. Топтың дамуындағы дағдарыс бір жағынан өзінің жаңа психологиялық портретін көруге іштей жеткіліксіз саналанбаған қарсы болу, Мен-әрекет етуші мен Мен-бейнелеудің қарама-қарсы келуі, екінші жағынан топтың қатысушылары және жетекшінің алдына ашылуға деген қорқыныш

Екінші саты – саналау.

Топпен жұмысты жалғастыру тренингке қатысушыларды дағдарыс кезеңнің жеңуді мәжбүрлейді. Сонда саналау сатысына көшеді. Осы сатыда негізгі өзгеру процессі когнитивті болып табылады. Осы сатыда неғұрлым терең рефлексия жүреді. Саналау деңгейі бақылау, қарама-қарсы қою, кіші топта талқыланғанды мүмкін көз қарас, позиция, қабылдау және мінез- құлықтың тәсілдері мен әдістерін интерпретациялау арқылы күшейеді. Сыншылдық және скептицизмнің орнына қызығушылық орнайды, жетекшіні, топта болып жатқанды түсінуге ұмтылады. Осы сатыда қатысушылар өзін-өзі тану, өзін-өзә талдау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу зерттеледі.

Үшінші саты – қайта бағалау.

Бұл сатыда когнитивтік ғана емес, сонымен қатар аффективті және бағалаушылық процестердің өзгерісі жүреді. Қатысушыларда өзіндік қаламаған мінез-құлық әлеуметтік қоршаған ортаға әсерін саналау және өзінің тұлғасын қайта бағалау тенденциясы пайда болады. Осы сатыда түрлі психологиялық техникаларды, іскерлік ойындарды орындау процесінде, топ қатысушыларының шынайы өмірлік ситуацияларын ойнау және талдау арқылы, өзінің өмірін неғұрлым маңызды өзгертуге болатынын саналай бастайды. Шешімді таңдау және қабылдау әрекет ету – осы сатының негізгі нәтижесі. Қайта бағалау сатысында жеке және кәсіби мәселелерін шеше алуға, оқиғаларға және адамдарға қатынасын өзгертуге үйрету болып табылады.

Төртінші саты-әрекет ету.

Осы сатыда мінез-құлықта жаңа тәсілдерді бекіту және қолдау болып табылады. Топ қатысушылары өзгерген Мен-концепциясына сүйенетін мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін апробациялайды. Топта олар өзінің қиындықтарын, мәселелерін талқылауға, ашық және сенімді ниет білдіре алады, мінез-құлықтағы өзгерісті жүзеге асыруды қолдауға, түсінуді, көмекті ала алады.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. Тренингте топтың даму сатылары жөнінде жалпы түсініктер (дайындық, саналау, қайта бағалау).

Әдебиеттер тізімі

  1. Келли Г., Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.

  2. Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005. Пузиков В. Г. Технология ведения тренинга [Электронный ресурс]: - СПб.: Издательство «Речь», 2007.-224.

  3. Климчук В. А. Тренинг внутренней мотивации [Электронный ресурс]: - СПб.: Речь, 2005. - 76 с.

11-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Психологиялық тренинг жетекшісіне қойылатын талаптар.

Мақсаты: Психологиялық тренинг жетекшісі іс-әрекетінің әдіснамалық негіздеріне талдау жасау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: дәріс, видео-иллюстрация, пікір-талас, бағдарланған нұсқау, жүйленген шолу.

Қарастыратын тақырыптар:

1. Психологиялық тренинг жетекшісіне қойылатын талаптар.

2. Психологиялық тренинг жетекшісі іс-әрекетінің этикалық аспектілері.

3. Тренингтің түрлі кезеңдерінде тренердің іс-әрекеті (жұмысқа қабілеттілікті құру, бағдарлау, өзгеріс, аяқтаушы этап).