Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак спец 4-сем.doc
Скачиваний:
92
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
756.22 Кб
Скачать

Тренингтік тәжірибедегі тұлғалық өсу

Қазіргі тренингтік тәжірибеде «тұлғалық өсу» тұлғалық өсу тренингімен байланысты. Тұлғалық өсу - өмірлік міндеттерді сәтті шешуші және бай өмірлік перспективаны ашатын, тұлғалық потенциалдың сапалы өзгеруі.

Тұлғалық өсу – бұл даму процесі. Осы арқылы жаңа өмірлік тәжірибе қалыптасады, жаңа дағдылар, мінез-құлықтың жаңа стильі қалыптасады. Тұлғалық өсу адамның дамуын қабілеттендіретін Өзіне барлығын қосады. Бұл процестің уақыты мен темпі индивидуалды және адамның жеке қалауына қатысты.

Тұлғалық өсу түсінігі тек дені сау тұлғаға ғана айтылады. Дені сау емес тұлғаның позитивті өзгеруі – тұлғалық өсу емес, денсаулығының жақсаруы болады. Бұл тұлғалық өсу тренингі емес, психотерапевтік жұмыс.

Психотерапевтік форматтағы субъективті жұмыстар: «рухани ауру», «дәрменсіздікті түйсіну», «көңілі қалу», «реңжу», «әлсіздік», «мәселе», «көмек қажет ету», «құтылу».

Тұлғалық өсу форматындағы субъективті жұмыстар: «мақсат қою», «тапсырманы шешу», «жақсы тәсіл табу», «нәтижені бақылау», «дамыту», «дағдыны қалыптастыру», «ептілікті өндеу», «қалау, қызығушылық».

Тренингтер әдетте өздерін «жылдам эффект» береді деп жарнамалайды, бірақ қалыпты өсу баяу және біртіндеп өсуге деген ең басты міндет – жылдамдық емес, өсудің дұрыстығы: «дұрыс бағытта өсу».

Тренингте тұлғалық өсуді стимулдауға болады, ал жылдамдық тренердің күшімен емес, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерімен болады.

Тұлғалық өсу тренингінің мақсаты: өзіндік шешім қабылдай алуға үйрету, өмірге позитивті қатынас дағдысын өңдеу, мәселені конструктивті шешу, жауапкершілік және тәртіптілік дағдысын дамыту, сенімділікті дамыту, негативті және шектеуші наным-сенімді шығару, бірлесуге үйрету, тұлғалық потенциалды дамыту, өмірлік міндеттерді сәтті шешуге үйрету болып табылады.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Тұлғалық өсу, ұйымдастырушылық тренингтерді қолдану ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі

1. Вачков и.В., Битянова м.Р. Я и мой внутренний мир. Психология для старшеклассников. Питер; спб.; 2009.

2. Горбатова, Е.А. Теория и практика психологического тренинга: учебное пособие / Е.А. Горбатова.- СПб.: Речь, 2008.- 320с.

3. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

14-Практикалық сабақ 4 сағ.

Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық тренинг.

Мақсаты: Тренингтік топтың негізгі түрлері талдау жасау.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Әлеуметтік психологиялық тренинг, қарым-қатынас, топ, ұжым.

Қарастыратын тақырыптар:

1. Әлеуметтік психологиялық тренинг. Мақсаты және міндеттрі.

1. Әлеуметтік психологиялық тренинг.

Қазіргі таңда адамдар мен психологиялық жұмыстың топтық формаларын көрсету үшін «әлеуметтік-психологиялық тренингі (ӘПТ)» терминің қолданады. Әдебиеттерде ӘПТ түрлі анықтамалары бар. Емельянов Ю.Н. ӘПТ үйренуге деген қабілеттерді дамыту және іс-әрекеттің кез-келген күрделі түрлерін меңгеруге деген әдістердіңтобы ретінде анықтайды. Л.А.Петровский жұмыстарында әлеуметтік-психологиялық тренинг топтық контексте интенсивті үйрету процесінде психологиялық әсер етудің формасы ретінде анықтайды. ӘПТ тәсілдерімен шешілетін міндеттер, тренингтің алуан түрлі формаларын анықтайды. Барлық алуан түрлі формаларды 2 классқа бөлуге болады:

        1. Арнайы ептіліктерді дамытуға бағдарланған;

        2. Қарым-қатынас жағдайларын-өз-өзін және қарым-қатынастағы сергін, топтық ситуацияны толығымен адекватты талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.

Осы аталған анықтамалардың негізінде ӘПТ бірінші негізгі мақсаты – қарым-қатынас сферасында компетентілікті жоғарлату.

ӘПТ жалпы мақсаты келесі міндеттермен нақтыланады. Қарым-қатынастағы компетенттіліктің факторлары (В. Л. Захаров, Ю. Ю. Хрящева):

1. Тұлға психологиясы, қарым-қатынас топтары аумағында білімдерді меңгеру;

2. Қарым-қатынас ептіліктері және дағдыларын меңгеру;

3. Сәтті қарым-қатынасқа қажетті ұстанымды дамыту және қалыптастыруды коррекциялау;

4. Өзін және басқаларды адекватты және толық бағалай алу қабілеттерін дамыту;

5. Адамдар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынасты қабылдау және бағлау қабілеттерін дамыту;

6. Тұлға қатынасы жүйесін коррекциялау және дамыту.

Сонымен ӘПТ бірінші аспектісі – қарым-қатынас компетенттілігін дамытуға деген бағыттылық.

ӘПТ – қарым-қатынастағы компетенттілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағдарланған практикалық психологияның облысы болып табылады.

ӘПТ базалық әдістері – топтық пікір-талас, түрлі модификация және мазмұндағы рөлдік ойындар. ӘПТ адам саны 7-ден 15-ке дейін, сабақтың жалпы жалғасымы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Қатысушылардың кездесуі күнделікті немесе сирек болады. Мсыалы, аптасына бір-үш рет. Әрбір жеке кездесу бір жарым, үш сағат және одан да жоғары. Екі-үш күн үздіксіз жұмыс істеудегі топтық марафонды да көрсетуге болады.

ӘПТ мақсаты:

        1. Психологиялық білімдерді меңгеру;

        2. Қарым-қатынас сферасында ептілік және дағдыны қалыптастыру;

        3. Сәтті қарым-қатынасқа қажетті ұстанымды қалыптастыру және дамыту, коррекциялау;

        4. Өзін және басқаларды адекватты және толық тану қабілеттілігін дамыту;

        5. Тұлға қатынасы жүйесін коррекциялау және дамыту.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

              1. Әлеуметтік психологиялық тренингті қолдану ерекшеліктері.

              2. Әлеуметтік психологиялық тренингті қолдану салалары.

Әдебиеттер тізімі

1. Евтихов О. Практика психологического тренинга. –Спб., 2005.

2. Ли Д. Практика группового тренинга/ Д. Ли.- СПб.: Питер, 2002.- 224с.

3. Мельник С. Н. Теоретическиеи методические основы социально-психологического тренинга. Владивосток 2004 г.

4. Фопель К. Психологические группы. Рабочие материалы для ведущего. Практическое пособие. / Пер. с нем. – М., Генезис, 2004.

15-Практикалық сабақ 4 сағ.