Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ұшан-теңіз батырлар жыры бар. Бүл жырларды жыршы-жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан ауызға таратып келген. Қазақтың батырлар жырындағы бас қаһарман, елін сүйген батыр, оның мақсат-мұраты - халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Осындай батырлық жырлардың қаһармандары Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар, ХVІІІ ғасырда Жонғар шапқыншылығына қарсы жорықтарда даңқы шыққан Қаракерей Кабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ХІХ ғасырда Қоқан хандығына қарсы көтерілісті бастаған, Ақмолда Байзақұлы т.б.

Қабанбай - ХVІІІ ғасырдағы қазақ батыры, жоңғар шапқыншылығында қарсы күресті үйымдастырушылардың және қазақ жасақтары қолбасшыларының бірі. Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан. Ол Найманның Қаракерей руының биі боған. Қазақтың ауызекі әңгімелерінде оны Қаракерей Қабанбай деп те атайды. Ол тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жұздегі уакиғаларға да араласып отырған. Қабанбайдың көптеген ерлік істерін Абылайдың жонғарларға жасаған жорықтарына байланысты болып отырған. Оның батырлық, ерлік хиқаяларын баяндайтын «Ер Қабанбай» атты дастан сақталған.

Бөгенбай ( 1690-1775 ) – Абылай заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол кездегі қазақ жауынгерлерінің үлкен ағасы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп кеткен. Шыққан ортасы – Арғын ішіндегі Қанжығалы. Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмед Яссауидың күмбезіне жерленген. Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы жырлап келуі – оның ерлік, әскер басылық істеріне байланысты. Ол Олжабай, Қабанбай, Малайсары т.б. батырлармен тізе қосып, халқының тәуелсіздігі үшін күресті.

2-нұсқа

1-тапсырма. Өзіңізге белгілі бір ескерткішті суреттеп жазыңыз. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. – Дайте описание какого-нибудь известного вам памятника. Используйте данные слова и словосочетания.

Ескерткіш (кімге?), (кімнің?) құрметіне жасалған. Ескерткіш (кімнің?) жобасымен жасалған. Ол қай жерде? Қашан қойылған? Ескерткіш (неден?) жасалған. Ескерткіштің тұғырында (кімнің, ненің?) бейнесі өрнектелген?

3 -нұсқа

1-тапсырма. Қанатты сөздерді оқыңыз және аударыңыз.- Прочитайте афоризмы и переведите на казахский язык.

1. Никто не должен переступать меры ни в пище, ни в питье. – Пифагор.

2. Избегай удовольствия, которое рождает печаль. – Солон.

3.Надо стремиться к тому, чтобы в здоровом теле был здоровый дух.- Ювенал.

4.Гимнастика удлиняет молодость человека. – Д.Локк.

5. Главные медикаменты – это чистый воздух, холодная вода, пила и топор.

- В.Поленов.

4-нұсқа

1-тапсырма. Сәйкес баламасын табыңыз.

1. алғашқы буын святой долг

2. жетімдік белгісі четыре стороны

3. абзал борышы первая часть

4. төрт құбыла знак сиротства

5. құлағына құю летопись предков

6.тағдыр тәлкегі объяснять

7.қалыс ағайын ирония судьбы

8.ата-баба шежіресі дальние родственники

2-тапсырма. Тәуелдік мағынаны беріп тұрған жұрнақтың астын бір, тәуелдік жалғаудың астын екі сызыңыздар.

Колхоздың егіні сонда біздікі болып шығады. Бірақ бұл бәлішті кезектесіп пісіреді: Бір күні Ораздікі, бір күні біздікі.

5-нұсқа

1-тапсырма. Мына омоним сөздерден әр түрлі мағынасына қарай сөйлем құраңыздар.

Ер, асау, жаз, түс, ер, қой, бу, аяқ, жас, бас, ақ, қырық, саз, сый, түс, ор, жар, тер.

2-тапсырма. Қыстырма сөздер мен мағыналас сөздерді қатыстырып, өз отбасыларыңыз жайында әңгімелесіңіз.

5 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Сын есімнің мағыналық түрлері

а) жай, қатыстық б) сапалық, асырмалы

с) сапалық, қатыстық д) күшейтпелі

е) дұрыс жауап жоқ

2. Негізгі сын есімді табыңыз

а) таулы б) кішірек

с) жаңа д) әдеби е) қара ала

3. Туынды сын есімді табыңыз

а) көк б) аласа

с) кішірек д) қара е) ақ

4. Салыстырмалы шырайдағы сын есімді көрсетіңіз?

а) қып- қызыл, кіп-кішкентай б) ең дарынды, дарынды с) биік, ұзынша

д) кішілеу, алысырақ е) аса қадірлі

5. Сын есімді табыңыз?

а) еңбек, қызық б) мемлекеттік, құнды с) шығарма, біздер д) оқыды, сөйледі е) алақай! әй!

6. Күрделі сын есімді табыңыз?

а) сопақ б) тап-тар, көк ала с) жақсы, талантты д) еңбекшіл е) ыссылау, күрделірек

7. Қатыстық, дара, туынды сын есімді белгілеңіз?

а) дөңгелек б) қаржылық с) тәтті д) қызылды- жасылды е) ақ сақалды

6 тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім – байлығымыз. Шылау: септеулік, жалғаулық демеушілік шылаулар Үй тапсырмасы (100 балл)

1-нұсқа

1 тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. – Прочитайте и перескажите текст.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]