Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Махамбет Өтемісұлы

(1803-1846)

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.

Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды. Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.

Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады. Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды.

2-тапсырма. Махамбеттің бір өлеңін жатқа оқыңыз.

2-нұсқа

1-тапсырма. Махамбет көтерілісі туралы мәнжазба жазыңыз

2-тапсырма. Махамбет туралы жазылған шығармаларды атаңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Кестемен танысыңыз:

Төл сөздің орын тәртібі және тыныс белгілері

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Төл сөз»,-автор сөзі

Автор сөзі: «Төл сөз».

Автор сөзі: «Төл сөз»,-автор сөзі.

«Төл сөз, -автор сөзі, -төл сөз».

«Балалармен ақылдасып көрейік», -деді Ақылбай.

Балтабай былай деді:

«Балалармен ақылдасып көрейік».

Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», -деді.

«Балалармен, -деді Балтабай, -ақылдасып көрейік »

-Төл сөз, - автор сөзі.

Автор сөзі: - Төл сөз.

Автор сөзі: Төл сөз, - автор сөзі.

- Төл сөз, -автор сөзі, -төл сөз.

-Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи.

Сағи былай деп сұрады:

- Ол сенің інің бе?

Сағи:

-Ол сенің інің бе? – деп сұрады.

- Ол, -деді Сағи, -сенің інің бе?

2-тапсырма. Берілген төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыздар.

1. – Бұрғы деген не білесің бе? – деп сұрады ол менен.

– Білемін, - дедім мен, басымды изеп.

2. – Бұрғыны ағаштан жасағанын көрдің бе? – деді ол.

– Жоқ – дедім мен басымды шайқап.

3. – Бұрғылау процесін көрдіңіз бе? – деп сұрадым мен одан.

– Әрине, талай рет көрдім, - деді ол.

4-нұсқа

1-тапсырма. Бекет баба туралы баяндаңыз.

2-тапсырма. Төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырыңыздар.

Төл сөз

Төлеу сөз

  1. – Ұңғыманы бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар кешені не деп аталады? – деп сұрады мұғалім одан.

  2. – Ол бұрғылау тәсіліне қарай неше түрге бөлінеді? – деп сұрадым мен Асаннан.

  3. – Мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған тұрақты бұрғылау қондырғысы туралы не білесіз? – деп сұрады оқытушы менен.

  4. – Жетуі қиын жерлерде бұрғылау жұмыстарын қандай қондырғымен жүргізеді? – деп сұрады профессор студенттен.

  5. – Ондай қондырғыны тасымалды қондырғы деп атайды – деп жауап берді студент кідірместен.

  1. Мұғалім одан ұңғыманы бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар кешені не деп аталатындығын сұрады.

6- тақырып бойынша тест тасырмасы

1. Бекет ата Маңғыстау түбегінде қай уақытта өмір сүрген?

а) 17-18 ғ.ғ. б)576 с) 908 д) 550 е) 660

2. Ақынның қандай толғауларында жырлаған күрес мұратын.

а) «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі»

б) «Еркем» с) «Қызғыш құс» д) «Мереке» е) «Сарыарқа»

3. Қандай өлеңдерінде жеңіліс сәтін жеткізеді?

а) «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Қызғыш құс» б) «Мереке» с) «Сарыарқа» д) «Ереуіл атқа ер салмай» е) «Ұлы арман»

4.Жақты сөйлемді табыңыз.

а)Ауа райы салқындай бастады. б)Менің бұл сөзге қосылғым келмеді. с)Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

д)Оның бүгін келуі мүмкін. е)Олардың бұл араға қосылғысы келмеді.

5.Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр. а)Қарлы боран түні бойы тынбады б)Жиырма бес адам кеше аттанған еді. с)Сөйлеу -тек адамға біткен қасиет. д) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің е) Ғайша досына құпия сырды ашты.

6.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а) Кенжебек жауап іздеп көріп еді,ойына орала алмады.

б)Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады. с) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. д)Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ. е)Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

7.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а)Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. б)Ұзақ сапар шеккелі, мақсатқа осы жеткенім. с)Қалаға ол күн көтерілген соң жетті. д)Әуен тоқталды, бірақ гитара тоқталған жоқ. е)Мұражайға саяхат.

8.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

а) Жұрт айтты – көне берді. б) Аяғы жоқ, - жүреді,аузы жоқ, - сөйлейді. с)Ағаш арасын қаратса – жоқ. д) Алыс- берісіміз көп, ағайын адамбыз. е) Кітап – білім бұлағы.

7- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Ұлттық байлық. Жеке іс-парағы. Өмірбаян. Сауалнама

1-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]