Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Бақылау жұмысының тапсырмалары (1-бақылау (2-семестр))

І нұсқа

1. Себеп-салдар салаласты табыңыз

а)Тобылдың арғы беті аспандап өскен қарағай, арасында ойдым-ойдым қайың бар.

б)Әкесі Нұрланға қайықты саздан жасамайтынын айтып, оны тақтайдан қалай жасайтынын көрсетті.

с)Шоқан қазақ даласы туралы көбірек білгісі келеді: олардың келешекте пайдасы боларын түсінеді.

д)Зеңбірек даусы айналаның бәрін күңірентті, олардың даусы қамаудағы жабайы аңдарша күжілдейді.

е)Бірақ жұрттың бәрі іскерлік пен тапқырлық таныта бермейтін.

2. Қарсылықты салаласты табыңыз

а) Шоқан орталық кітапханадан кітап алуға рұқсат алады, өйткені оқушыларға арналған кітапханадағы кітаптарды түгел оқып болған.

б) Шоқан болса елдердің сырын білуді армандайтын, сол себепті оның ұшқыр қиялы жолдастарын таң қалдыратын.

с)Тобыл өзенінің я тобарсып жатқанын, я күнсіп жатқанын көрмейсің.

д) Қайратқа мінген Чапаев біресе пулеметтен, біресе зеңбіректен оқ атуға бұйрық берді.

е)Көршілері жаудың қысымына шыдамай, шегінді,- Бауыржан мұны білген жоқ.

3. Ыңғайлас салалас құрмаласты табыңыз

а)Түс ауып барады, алайда жаудың шабуылы толастар емес.

б)Сапырып келе жатқан ақ бас бұйра толқындар қаһарлы қалың қолдай төніп келеді де, шапшыған толқындардың аралары көк жойқындалады.

с)Қорыққаным сонша – жүрегім жылдамдата соғып, бар қанымды басыма шапшытады.

д) Жаңбыр екпінінің күштілігі соншалық- аспаннан теңіз ақтарылғандай болды.

е) Шоқан ауылда үш жыл оқығанымен, орыс тілінен түк білмейтін.

4. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыз

а)Телефон сылдырады, Лиза барып тыңдады.

б)Күнке басында көнбейтін наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде Ұлжанды бақты.

с)Бәкен Раушанның ештемені сұрамай, мөрін басып беруін бұйырды

д)Бекіністі қайта алу үшін, немістер екі рет шабуыл жасады.

е)Қайсыбірі оп-оңды клубтар салған, тұрғын үйлер салып үлгерген. 5.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

а)Бұл- ағаштан түйін түйген бас шебердің ғана қолтаңбасы емес, ұлттық мәдениетіміздің бір белгісі ғой деп ойлаймын.

б)Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алматыға біржолата көшіп келді.

с)Баймағамбет келе жатқандарға маңқия қарап, өзінше бір ойға кетті.

д)Екі танауы желбіреп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.

е)Тұңғыш шыққалы отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның бір кемшіліктері болуы мүмкін.

6. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

а)Ділдәні Абайға айттырған уақытта, Алшынбай аулы күміс тартқан.

б)Сүйіндік жігіттері топ болып, он шақты күнде Омбыға келіп қалды.

с)Бірде ақ боран борады, бірде ақ тұман орады.

д)Енді жол түссе , ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді.

е)Шапшаң қайнаған шай Абайлардың алдына жасалған кезде, киіз есік шалқасынан ашылды.

7. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз

а)Қаражан тақап келсе де, Абай амандасқан жоқ.

б)Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арттарынан қарап тұрды.

с)Ауылды қоныстандыруды жақтайтын Асқар еді, оған Базарханның бұл пікірі ұнамайтын.

д)Мен одан сөзді тоқтатып, істі шешуді талап еттім.

е)Бұл топ мектеп үйін тамыздың аяғында бітіреді де, сабақ бірінші қыркүйекте басталады.

8. Мезгіл пысықтауышты табыңыз

а)Жарқын мен Сапар төмен қарады

б) Тюмень- ұланғайыр облыстың астанасы

с)Ол- осы совхоздың директоры Махметов Тұрсын

д) Оған қыс күндері алдын ала қам жасау керек

е)Ынтымақты ел – сарқылмас көл

9. Атаулы сөйлемді табыңыз

а) Жайлауды қақ тіліп кішкене өзен ағады. Содан балық аулаймыз.

б) Досанның тауға қайтадан барғысы келді.

с)Москва. Мың-мың жан ішінде мен. Мыңға мыңқ етпейтін үй биік, кең. д) Біз ол кезде жайлауда тұрамыз

е) Меніңше, Молдабаев жолдастың осы тілегін қуаттау керек.

10. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

а) Нарық бізге оңай тиіп тұрған жоқ, өйткені көп студенттің киімі тозды, степендиясы жетпейді.

б)Біресе жаңбыр жауады, біресе қар ұшқындайды

с)Мақсат біреу, сол себепті оны екіге бөлу- ымырашылдық.

д) Әжесі инені сабақтауды Әсетке үйретті, түйменің орнын таптырды. е)Кішкентай Әсет әжесінен түймесін қадап беруді өтінді

11. Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар: не сабақты жақсы үлгеруің керек, не оқуды тастап, аулыңа кетуің керек. Қандай сөйлем?

а)себеп-салдар салалас

б)кезектес салалас

с)талғаулықты салалас

д)түсіндірмелі салалас

е)қарсылықты салалас

12. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

а) сабақтас құрмалас сөйлем

б) күрделенген жай сөйлем

с)құрмалас сөйлем

д)жай сөйлем

е)ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

13.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

а) бұйрықты сөйлем

б)сұраулы сөйлем

с)хабарлы сөйлем

д)лепті сөйлем

е)дұрыс жауап жоқ

14. Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз

а) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол

б) Орынбордан телеграмма бар

с) Бозбаламын, мен де енді

д)Асқар ұзақ уақыт ұйықтамайды

е) Мен кітап алғалы келдім

15.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

а) Аспан ашық, айнала тып-тыныш.

б)Он бесінде азамат болсаң, еңбегіміз өнімді болсын, қамбамыз жеміске толсын.

с) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.

д)Сіздерге бар айтарым сол – сағат төртте осында келіңіздер

е)Мен аққала жасап жүрмін.

16. Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз

а) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалар

б)Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар.

с)Сережа өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдарында шын көріп тұрғандай болды.

д)Бұл жерде не сен тұрасың, не мен тұрамын

е)Күш – білімде, шешендік - тілінде

17. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз

а) Биылғы қыс суық болған жоқ

б)Жақсы ұзтаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің

с)Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.

д)Бұның дұрыс болмады – деп әкесі ренжіді.

е)Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

18.Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемнің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынана өзара тығыз байланыса жұмсалып, күрделі бір ойды білдіретін бір сөйлемді не дейміз?

а)күрделі сөйлем

б)құрмалас сөйлем

с)аралас сөйлем

д) жай сөйлем

е)дұрыс жауап жоқ

19.Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?

а)10

б) 2

с) 5

д) 4

е) 3

20. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді анықтаңыз

а) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиіс

б) Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер

с) Ия мен айтайын, ия сен айт, әйтеуір бұл хабарды естіртуіміз қажет қой

д) Жер қандай жаңғырды, ел қандай жасарды содан бері

е) Тоқсан - кішкене денелі адам екен, Ізбасты – үлкен денелі адам екен.

21.Жақты сөйлемді табыңыз

а) Ауа райы салқындай бастады.

б) Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.

с) Біздің ашық сөйлесуіміз керек. Оның бүгін келуі мүмкін.

д)Олардың бұл араға қосылғысы келмеді.

е)дұрыс жауап жоқ

22.Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр?

а) Қарлы боран түні бойы тынбады

б)Жиырма бес адам кеше аттанған еді.

с) Сөйлеу -тек адамға біткен қасиет.

д) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің

е) Ғайша досына құпия сырды ашты.

23.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

а) Кенжебек жауап іздеп көріп еді,ойына орала алмады.

б) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.

с) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.

д) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ.

е)Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

24.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

а) Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.

б) Ұзақ сапар шеккелі, мақсатқа осы жеткенім.

с) Қалаға ол күн көтерілген соң жетті.

д) Әуен тоқталды, бірақ гитара тоқталған жоқ.

е)Мұражайға саяхат.

25.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз

а) Жұрт айтты – көне берді.

б) Аяғы жоқ, - жүреді,аузы жоқ, - сөйлейді.

с)Ағаш арасын қаратса – жоқ.

д) Алыс- берісіміз көп, ағайын адамбыз.

е) Кітап – білім бұлағы.

26.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

а)Таң атты, мен ояндым.

б) Қалаға мен барамын, не Асан барады.

с) Клубта бірде кино болады, бірде концерт болады.

д) Ән салынды, бірақ домбыра сазы естілмеді.

е) Ол – еңбекқор оқушы.

27.Талғаулықты салалас құрмаласты табыңыз

а) Үйге ол да кірді, мен де кірдім.

б)Жел ұйытқып соқты, бірақ жаңбыр жаумады.

с)Қорыққаннан жылап жіберді.

д) ия мен кетермін, ия сен кетерсің.

е) Сабақ аяқталды, студенттер сыртқа шықты.

28.Сұраулы сөйлемді табыңыз

а) Әркімнің бір арманы бар

б)Тапсырманы айт

с) Театрға барушы ма едің

д) Көзіңді қолыңмен сүртпе

е) Сабағыңды оқы

29.Лепті сөйлемді табыңыз

а) Жұмысқа жұмыла кірісіңдер.

б) Қайда асығып барасың.

с) Ұлың өссе, ұлығың.

д) Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді.

е) Шығайық оңаша.

30.Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

а) Маған олар я жетпес,я жетер еді.

б) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде колхоздың еңбек даласында көрдік. с) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолаушылар ұзақ тұрып қалды.

д) Әдейі сөйлеп отыр

е)Ол атасын шақырды

ІІ нұсқа

1.Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

а) қоңырау соғылғанда, сабақ басталды

б)көктем келіп қалды

с) қоңырау соғылды,сабақ басталды

д) қар жауған соң, күн суытты

е) Мен келгенде, сен үйде жоқ екенсің.

  1. Бірыңғай сөйлем мүшелерін табыңыз

а) Түнде жаңбыр жауды

б) Мен саған жолыққалы келіп едім

с)Зәуре хабарды естісімен көңілденіп кетті

д)Халқымыз қуанышты, бақытты тұрмысқа бөленіп отыр

е)Күннің жылы лебі сезіледі.

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қалай?, қайтіп? деген сұраққа жауап беретін сабақтастың түрін көрсетіңіз.

а) мақсат

б) мезгіл

с) шартты

д) қимыл-сын

е) қарсылықты

  1. «Кепілді несие» тіркесінің аудармасын табыңыз

а) подоходный налог

б) духовное богатство

с)путеводная звезда

д) давать гарантию

е) гарантированный кредит

  1. Сөйлемнен күрделі баяндауышты көрсетіңіз

а) Машина баяу жүріп келе жатты

б) Біздің баратын аулымыз әлі ілгері

с) Аңшылар аттың басын ірікпестен ағыза шапты

д)Асқарға Бүркітбай Ботакөз жайын айтты

е)Абай Мағаш айтты деген сөзді енді тамашалай тыңдайды

  1. Қандай? Қай? Ненің? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемнің мүшесін көрсетіңіз

а)толықтауыш

б) анықтауыш

с) пысықтауыш

д) бастауыш

е)баяндауыш

  1. Табыс септігіндегі толықтауыш қалай аталады?

а) күрделі толықтауыш

б) тура толықтауыш

с)жанама толықтауыш

д) дара толықтауыш

е)біріңғай толықтауыш

  1. Құнды қағаз түрін көрсетіңіз

а) инвестиция

б) инфляция

с) акция

д) жоспар

е) банкрот

  1. Сұраулы сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады? а)нүкте

б) сызықша

с) үтір

д) жақша

е) сұрау белгісі

  1. Не үшін ? Кім үшін? Не мақсатпен? деген сұрақтарға қандай пысықтауыш жауап береді?

а) мекен пысықтауыш

б) мезгіл пысықтауыш

с) себеп пысықтауыш

д) амал пысықтауыш

е) мақсат пысықтауыш

11. «Тәркілеу» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз

а) жал

б) банкрот

с) конфискация

д) инфляция

е) акция

12. Лепті сөйлемді белгіле

а) Біздің топта 20 студент бар

б) Бүгін жаңбыр жауды ма ?

с) Қандай сұлу табиғат

д) Көп оқыған адам көп біледі

е) Бүгінгі Қазақстан достықтың ордасы

13. Тілдің негізгі қызметі қандай?

а) қарым-қатынас құралы бөлу

б) іс-әрекетті білдіру

с) сөйлем жасау

д)сөзді бөлшектеу

е) бірлік

14.Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

а) 2

б) 5

с) 4

д) 3

е) 6

15. Cалалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а) 2

б) 5

с) 8

д) 9

е) 6

16.Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесі қалай деп аталады?

а) тұрлаусыз мүше

б) біріңғай мүше

с) тұрлаулы мүше

д) толықтауыш

е)анықтауыш

17.Сөйлемдегі іс-әрекеттің, қимылдың орындалу амалын, сапа-мөлшерін білдіретін пысықтауыштың түрі қалай деп аталады?

а) мезгіл пысықтауыш

б) мақсат пысықтауыш

с) қимыл-сын пысықтауыш

д) мекен пысықтауыш

е) себеп пысықтауыш

18.Тура толықтауышты табыңыз

а) жігіттің жігіт болғаны жаудан елін сақтаса

б) Бейсен Жомартпен келіп қайтты

с) Әкесі баласына ақыл айтты

д) Адамның бір қызығы бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім

е) Асан әлгі балаға көз тоқтатып қарады

19. Атаулы сөйлемді анықтаңыз

а) Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр

б) Жиналғандар әлі жақындамай тұр

с) Біз машаинадан түсіп амандастық

д) Ертеңнен кешке дейін асыр салып ойнаймыз

е) Оған таңдануға болмайды.

20. Бағыныңқы сыңары «қайда?» сұрағына жауап беретін сөз тіркесін белгілеңіз

а) шілдехана тойы

б) наурыз көже

с) ауылда тұрады

д) жеті түрлі

е)сәлем алушы

21.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын белгілеңіз

а) біресе,кейде

б) я, яки

с)неге десең, өйткені

д) немесе, не болмаса

е)бірақ, алайда

22.«Бүгін », «кеше» сөздері пысықтауыштың қай түріне жатады?

а) мақсат пысықтауыш

б) себеп пысықтауыш

с) мезгіл пысықтауыш

д)мекен пысықтауыш

е) қимыл-сын пысықтауыш

23.Сөйлемдегі қызметі бірдей, бір сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері қалай аталады?

а) тұрлаулы мүше

б) тұрлаусыз мүше

с)айқындауыш мүше

д)бірыңғай мүше

е) анықтауыш

24.Берілген сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Жоңғар басқыншыларына қарсы бірігу үшін, үш жүздің өкілдері Ордабасына бас қосты.

а) мезгіл

б) мақсат

с) қимыл-сын

д) шартты

е) қарсылықты

25.Бірыңғай мүшелерді табыңыз

а) қыс аяқталды

б) қар еріді

с) күн ұзарды

д) алма, өрік гүлдеді

е)бүршік атты

26.Құрмалас сөйлемді табыңыз

а) қазір наурыз

б) сәуір, мамыр көктем айлары

с) қар еріді, көктем келді

д) күн ұзарды, жылынды

е) алма, өрік ағаштары

27.Берілген сөйлемдегі бастауыш қай сөз табынан жасалған?

Төрт екіге бөлінеді

а) сын есім

б) сан есім

с) зат есім

д) етістік

е) есімдік

28.Мезгіл пысықтауышты көрсетіңіз

а) биыл университетті бітіреміз

б) жолдасыма көрініп кету үшін келдім

с) Асан үйіне асығып келді

д) түсінгендіктен айтып отырмын

е) Жаңа жылды қуанышпен қарсы алдық

29.Жақты сөйлемді белгілеңіз

а) Сен жақсы азамат боласың

б) Бұл жерде суға түсуге болмайды

с)Менің арзан сөзді айтқым келмейді

д)Енді біраздан кейін көз байлануға айналды

е) Досымның тауға барғысы келді

30.Баяндауышы тиянақсыз болатын құрмалас сөйлем

а)сабақтас құрмалас

б)жай сөйлем

с)аралас құрмалас

д)салалас құрмалас

е)толымды сөйлем

2-семестр

Бірінші және екінші аралық бақылау формасы - компьютерлік тест

1-аралық бақылау үшін тест сұрақтары

1. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Бірыңғай сөйлем мүшелерінемысал келтіріңіз.

3. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4. Сөйлемнен күрделі баяндауышты көрсетіңіз.

5. Қандай? Қай? Ненің? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемнің мүшесі.

6. Табыс септігіндегі толықтауыш қалай аталады?

7. Сұраулы сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

8. Не үшін? Кім үшін? Не мақсатпен? деген сұрақтарға қандай пысықтауыш жауап береді?

9. Лепті сөйлем дегеніміз не?

10.Тілдің негізгі қызметі қандай?

11. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

12. Cалалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

13. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесі қалай деп аталады?

14.Сөйлемдегі іс-әрекеттің, қимылдың орындалу амалын, сапа-мөлшерін білдіретін пысықтауыштың түрі қалай деп аталады?

15. Тура толықтауыш дегеніміз не?

16. Атаулы сөйлемнің анықтамасын айтыңыз.

17. Бағыныңқы сыңары «қайда?» сұрағына жауап беретін сөз тіркесін белгілеңіз.

18. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.

19. «Бүгін », «кеше» сөздері пысықтауыштың қай түріне жатады?

20. Сөйлемдегі қызметі бірдей, бір сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері қалай аталады ?

21. Төменде берілген сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады ?

Жоңғар басқыншыларына қарсы бірігу үшін , үш жүздің өкілдері Ордабасына бас қосты.

22. Төл сөз бен төлеу сөз дегеніміз не?

23. Құрмалас сөйлм дегеніміз не? Анықтамасын айтыңыз.

24. Мезгіл пысықтауыштарына мысал келтіріңіз.

25. Жақты сөйлем дегеніміз не?

26. Жақсыз сөйлемнің анықтамасын айтыңыз.

27. Сын есімнен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

28. Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар ?

29. Синтаксис нені зерттейді?

30. Сөйлем құрамына қарай бөлінеді?

31. Атаулы сөйлемдерге мысал келтіріңіз.

32. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

33. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

34. Сөйлемнің тұрлалы, тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?

35. Салалас құрмалас сөйлемнің неше мағыналық түрі бар?

36. Үш жүздің билерін атаңыз.

37. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемдерді көрсетіңіз.

38. Төл сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

39. Пысықтауыштың сұрақтарын көсетіңіз.

40. Салалас сөйлем нешеге бөлінеді?

41. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

42. Біреудің сөзін жеткізуші адамның өз сөзі қалай аталады?

43. Әл Фарабидің қандай еңбектерін білеміз.

44. Яссауидің кесенесі қай қалада орналасқан?

45. Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіретін оқшау сөздер.

46. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?

47. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

48. Көмекші етістікті көрсетіңіз.

49. М.Қашқаридің қандай еңбектерін білеміз.

50. Шақыру одағайына мысал келтіріңіз.

51. Ш.Уәлиханов туралы не білеміз.

52. Қ.Жұбанов туралы не білеміз.

53. Әл Фараби қай ғасырда өмір сүрген?

54. Пысықтауыш қалай белгіленеді ?

55. Анда-санда, бала-шаға қандай сөз тобына жатады ?

56. Толықтауыш қалай белгіленеді?

57. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

58. Жақсыз сөйлем дегеніміз не ?

59. Жақты сөйлемді табыңыз?

60. Жақты сөйлем дегеніміз не?

61. Жай сөйлемнің түрін көрсетіңіз.

62. Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

63. Түн. Вокзал маңы. Сөйлемнің қандай түріне жатады?

64. Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем қалай айтылады?

65. Сөйлемнің әртүрлі сапасын айқындауға жауап күтетін сөйлем түрі .

66. Біреу туралы екінші біреуге жай ғана айтылған сөйлем түрі.

67. Тұрлаулы мүшелер нешеу?

68. Атау тұлғада келіп баяндауыш арқылы көрсетілген қимыл әрекеттің жай-күйдің не басқа сапаның иесі болатын сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

69. Бастауыштың қимыл әрекетін кім, не екенін көрсететін сөйлем мүшесі.

70. Не істеді? не қылды? қай сөйлем мүшесінің сұрағы?

71. Бастауыштың сұрағын көрсетіңіз.

72. Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауышы тиянақты болып, өзара тең дәрежеде айланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

73. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіретін сөйлем.

74. Құрамындағы предикатив сыңарлары орындалу мерзімі жағынан ыңғайлас келетін салалас құрмалас сөйлемнің түрі.

75. Ыңғайлас салалас құрмаластың жалғаулықтарын көрсетіңіз.

76. Құнанбай Ұлжанның қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады. Қандай салаластың түрі?

77. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

78. Құрамындағы жай сөйлемдер өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатын салаластың түрі.

79. Бірінші предикатив сыңарының мәні екіншісінде ашылатын салалас құрмаластың түрі.

80. Қарсылықты салаластың жалғаулықтарын көрсетіңіз.

81. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

82. Түсіндірмелі салаластың алғашқы сыңарында қолданылатын есімдіктер.

83. Қараша айы жақындады, бірақ әлі күн суытқан жоқ. Салаластың қай түрі?

84. Мал етінің асылдануы сондай – майы аузыңа салдырмайды. Саластың қай түрі?

85. Төл сөз автор сөзінен бұрын келгенде қойылатын тыныс белгі?

86. Себеп-салдар салаласты табыңыз.

87. Қарсылықты салаласты табыңыз.

88. Ыңғайлас салалас құрмаласты табыңыз.

89. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

90. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

91. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

92. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

93. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

94. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

95. Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар: не сабақты жақсы үлгеруің керек, не оқуды тастап, аулыңа кетуің керек. Қандай сөйлем?

96. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

97. Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

98. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

99. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

100. Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?

2-аралық бақылау үшін тест сұрақтары

1. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді анықтаңыз.

2. Жақты сөйлемді табыңыз.

3. Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр.

4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

5. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

6. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

7. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

8. Талғаулықты салалас құрмаласты табыңыз.

9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

10. Лепті сөйлемді табыңыз.

11. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

12. Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, сөйтседе қандай салаластың жалғаулықтары?

13. Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ. Қандай сөйлем?

14. Раушан келіп қалған соң, ол ауылға қарай бұрылып кетті. Сабақтастың қай түрі?

15. –са, -се,-йынша, -йінше қосымшалары арқылы жасалатын сабақтас?

16. Не ексең, соны орасың. Қандай сөйлем?

17. Елге барғаны болмаса, ешқандай демалған жоқ.

18. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық жақтан неше түрге бөлінеді?

19.Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

20. Жақсы оқығандықтан адам болды. Қандай сөйлем?

21. Бекет білім алу үшін, Пақыржан қажыға барды. Қандай сөйлем?

22. Мекен пысықтауышты табыңыз.

23. Шартты бағынықылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

24. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

25. Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

26.Түн. Клуб толы адам. Музыка. (Сөйлем түрін анықтаңыз).

27. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

28.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

29.Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

30. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

31.Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз

32. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

33. Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемнің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынана өзара тығыз байланыса жұмсалып, күрделі бір ойды білдіретін бір сөйлемді не дейміз.

34. Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?

35. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді анықтаңыз.

36. Жақты сөйлемді табыңыз.

37. Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр.

38. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

39. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

40. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

41. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

42.Төле би Әлібекұлы қай жерде дүниеге келген?

43. Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған?

43. Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың бірі.

44. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

45 Абылай ханды жоңғарлардың қолынан босатқан кім?

46. Яссауидің бірінші ұстазы кім?

47.Бірыңғай мүшелер арасына қандай тыныс белгілері қойылады?

48.Пысықтауыштың сұрақтары?

49.«Жан жайында» кітабының авторы кім?

50. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы?

51. Күрделі баяндауышқа мысал келтіріңіз.

52. Ғалым туралы төмендегідей ой білдірген кім?

«Құдайберген Қуанұлы – қазақтың тіл білімі ғана емес, қазақтың мәдениеті дамуының да басында тұрып, қамқорлық жасаған жан-жақты адам».

53. Ғалым қай жылы «халық жауы» деп атылды?

54. Ғалым қай жылы ақталды?

55. Ғалым туралы төмендегідей пікірдің авторы?

«Қ.Қ.Жұбанов – тек ірі лингвист қана емес, ол педагог– ғалым, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері».

56. М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз?

57. Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, сөйтседе қандай салаластың жалғаулықтары?

58. Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ. Қандай сөйлем?

  1. Раушан келіп қалған соң, ол ауылға қарай бұрылып кетті. Сабақтастың қай түрі?

  2. –са, -се,-йынша, -йінше қосымшалары арқылы жасалатын сабақтас?

  3. Не ексең, соны орасың. Қандай сөйлем?

  4. Елге барғаны болмаса, ешқандай демалған жоқ.

  5. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық жақтан неше түрге бөлінеді?

  6. Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

  7. Жақсы оқығандықтан адам болды. Қандай сөйлем?

  8. Бекет білім алу үшін, Пақыржан қажыға барды. Қандай сөйлем?

67.Мекен пысықтауышты табыңыз.

68. Шартты бағынықылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

69.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

70. Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

71. Түн. Клуб толы адам. Музыка. (Сөйлем түрін анықтаңыз).

72. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

73.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

74.Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

75.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

76.Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз.

77. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

78.Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемнің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық және интонациялық жағынана өзара тығыз байланыса жұмсалып, күрделі бір ойды білдіретін бір сөйлемді не дейміз.

79.Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?

80. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді анықтаңыз.

81.Жақты сөйлемді табыңыз.

82.Қай сөйлемде етістік бастауыштың қызметін атқарып тұр.

83 .Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

84.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

85.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

86.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

87. Қарсылықты салаласты табыңыз.

88. Ыңғайлас салалас құрмаласты табыңыз.

89. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

90. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

91. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

92. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

93. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

94. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

95. Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар: не сабақты жақсы үлгеруің керек, не оқуды тастап, аулыңа кетуің керек. Қандай сөйлем?

96. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

97. Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

98. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

99. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

100. Жай сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]