Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Қоғамдық көлікте

Қоғамдық көлікте қатты сөйлесу, дауыс шығырып күлу, айқайласып дауласу, жүргізушіге тіл қату – ережеге қайшы әдет. Егер әлдекімді қағып кетсеңіз, аяғын бассаңыз, сол бойда кешірім сұраңыз. Өтіп кету керек болса, алда тұрған адамның ығысып жол беруін өтініңіз. Көліктен тұсерде де алдымен қарттарды, әйелдерді, балаларды өткізіп жіберуді ұмытпаңыз.

Көшеде, серуенде жүргенде мәдениетті адам тәртіпті қатаң сақтайды. Көшенің оң жағымен жүреді, біреуді басып озу керек болса, дұрысы сол жағынан өткен.

Көшеде келе жатып қағаз, шылымның тұқылын лақтыру, шекілдеуік шағу, түкірініп қақырыну, қарсы келген адамды тоқтатып, шылым тұтатып, оттық сұрау - әдептілікке жатпайды.Әлдебір танысыңызды көріп қалған жағдайда, оны айқайлап шақыру лайықсыз. Біреумен тоқтап сөйлесу қажеттілігі туса, әрі-бері өтушілерге кедергі келтірмес үшін, көшенің не тратуардың бір жақ шетіне шығып тұру керек. Сондай ақ көшеде, тротуарда бірнеше адам қатарласып қол ұстасып жүру де лайық емес, ол басқаларға кедергі болады.

Қарсы кездескен танымайтын адамның киімінен әлдебір ыңғайсыздық байқасаңыз, оны басқаларға сездірмей, өзіңіз ғана елеусіз ескерткен жөн. Ал біреу қандайда бір затын түсіріп алса, оны жерден көтеріп, иесіне қайтарып беру – мәдениеттіліктің белгісі. Бұл үшін ол рахмет айтуға тиісті, ал айтпаса, талап етудің, реніш білдірудің қажеті жоқ.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға орысша және қазақша жауап беріңіз. – Ответьте на вопросы по русски и по казахски.

1. Көшенің машина жүретін бөлігі қалай деп аталады?

2. Көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігін қалай атайды?

3. Машиналар қалада қандай жылдамдықпен жүреді?

4. Егер бейбітшілік көшесімен орталыққа қарай жүрсек, біз қайда шығамыз?

5. Милиционер не істейді?

6. Милиционер жоқ кезде, көше жүрісі қалай реттеледі?

7. Светофордың түстері (сары, жасыл, қызыл ) нені білдіреді?

8. Көшенің арғы бетіне жаяу адамдар қай жерден өте алады?

Нұсқа 3

1-тапсырма «Сіз бос уақытта не істейсіз?» - деген тақырыпта сұрақ-жауап құрап келіңіз. Постройте диалог на тему «Сіз бос уақытта не істейсіз?»

2 -тапсырма

а) «Ғ», « Г» дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады? Қатаң ба, ұяң ба, үнді ме?

б) « Ғ», « Г» дыбыстардың қайсысы жуан, қайсысы жіңішке естіледі?

3- тапсырма. «Мен бос уақытымды қалай өткіземін» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз. Напишите небольшое сочинение на тему «Как я провожу свободное время.»

15 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Қатаң дауыссызды көрсетіңіз?

а) м б) б с) ы д) т е) 3

2.Төмендегі жұрнақтардың қайсысы үндестік заңына бағынбайды?

а) –хана б) –шы,-ші с) –тық ,-тік д) –ып,-іп,-п е) –ған, -ген,-қан, - кен

3.Жұрнағы дұрыс жалғанбай тұрған сөзді көрсетіңіз?

а) басшы б) баскер с) бастық д) баспа е) басқан

4. Жіңішке дауыстыларды табыңыз?

а) і, е, ү, а, о б) ы, і, о, ә, и с) ә, ү, і, ө д) а, ы ,і, ә, ү е) э, і, о, ы, а

5.Ілгерінді ықпал байқалатын сөзді табыңыз?

а) Ботагөз б) көгі с) достық д) шақ қалды е) бір нәрсе

6.Кейінгі ықпал байқалатын сөзді табыңыз?

а) Ботагөз б) Амангелді с) Дүйсенбі д) бостандық е) кездескенде

7.У дыбысының ерекшелігі неде?

а) бірде үнді, бірде ұяң б) бірде дауысты, бірде дауыссыз с) бірде қатаң, бірде ұяң д) бірде еріндік, бірде езулік е) бірде ашық ,бірде қысаң

8.Белгілі бір нәрсенің іс- әрекеттің біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіретін жалғау? а) көптік б) септік с) жіктік д) табыс е) тәуелдік

9.Көптік жалғауы қандай қызмет атқарады?

а) заттың, нәрсенің екеу не одан да көп екенін білдіреді б) меншіктілікті білдіреді с) іс-әрекеттің атауын білдіреді д) заттың атауын білдіреді

е) шақтық мағына білдіреді

10.Ілік септік жалғаулы сөзін көрсетіңіз?

а) әке б) әкемнің с) Ғалия д) әжесі е) жігіт

11.Ілгерінді ықпал байқалатын сөзді табыңыз?

а) қыстыкүні б)тарағы с) шындық д) әділетті екен е) демеу үшін

12.Кімді? Нені? қай септіктің сұрағы? а) атау б) барыс с) табыс

д) жатыс е) көмектес

13.Қосарлы дыбыстарды таңбалайтын әріптерді белгіле?

а) ё,я,ю б) т,ү,ұ с) й,к.қ д) р,с,ү е) і,ь,ъ

14. Ұяң дауыссыз дыбыстарды табыңыз?

а) б,в,г,ғ,д,ж,з б) п,т,д,к,з,ц с) т,д,ш,с,г,к д) г,к,д,ғ,ш,з е) к,г,ш,б,з,в

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]