Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_kaz_yaz.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
902.66 Кб
Скачать

«Қазақ тілі» пәні бойынша барлық мамандықтардың 1-курсына арналған үй жұмысы материалдары (2-семестр)

апта

тақырып

Сағат саны

Бақылау формасы

1

Қазақ халқының атақты билері.

Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш, баяндауыш

6

Тапсырма, блиц-тест

2

Әл-Фараби. Ахмет Яссауи. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

6

Тапсырма, блиц-тест

3

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 - 1904). Жақты, жақсыз сөйлемдер

6

Тапсырма, блиц-тест

4

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – ғалым. Құрмалас сөйлем түрлері. Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықты, жалғаулықсыз құрмаластар

6

Тапсырма, блиц-тест

5

Қ.Сәтбаев, Ш.Уәлиханов. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

6

Тапсырма, блиц-тест

6

Бекет ата. Махамбет Өтемісұлы. Төл сөз және төлеу сөз

6

Тапсырма, блиц-тест

7

Ұлттық байлық. Жеке іс-парағы. Өмірбаян. Түйіндеме. Сауалнама

6

Тапсырма, блиц-тест

8

Экономикалық тәуелсіздік. Ұсыныс. Мінездеме

6

Тапсырма, блиц-тест

9

Банк қызметі. Қажетті құжаттардағы даталар мен сандардың ресімделуі

6

Тапсырма, блиц-тест

10

Салық. Ақша қызметі. Өтініш.Арыз

6

Тапсырма, блиц-тест

11

Қазақстанның географиялық орны. Өкімдік құжаттар. Бұйрық. Бұрыштама

6

Тапсырма, блиц-тест

12

Қазақстан климаты. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Анықтама

6

Тапсырма, блиц-тест

13

Қазақстан экологиясы. Хаттама

6

Тапсырма, блиц-тест

14

Қазақстанның табиғатын қорғау. Жер құнары - өмір нәрі. Қолхат. Кепілхат. Сенімхат

6

Тапсырма, блиц-тест

15

Өсімдіктердің тіршілік формалары. Өсімдік және медицина. Баяндаухат. Түйіндеме

6

Тапсырма, блиц-тест

1- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қазақ халқының атақты билері. Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

1-нұсқа

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз

Әйтеке би (1672 – 1737)

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған ел. Оның тарихы да, тағдыры да сол сөзде жатыр. Сондықтан да қазақ үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Қазақ сөздерінің інжу-маржандары шешендік сөздерде мол. Шешендік сөз суырыпсалма ақындықпен туыстас.

Қазақтың атақты билерінің бірі Әйтекеден қалған сөз ел жадында ғасырлар бойы үзілген емес. Әйтеке би – Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынған іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан қайраткер. Ол сиқырлы да сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған. Әйтеке би (Қаражігіт) Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған. Әйтеке би – шешендігімен бірге, ел басқарған, заң жобасын жасасқан, қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.

2-тапсырма. Төле бидің нақыл сөздерін жазыңыз

2-нұсқа

1-тапсырма. Қазыбек бидің нақыл сөздерін жатқа айтыңыз.

2-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз.

Төле бидің атымен байланысты тарихи оқиғалар баршылық. Оның нақыл, мәтел сөздері, билік кесімдері халық арасына кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан, Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан.

3- нұсқа

1-тапсырма. Әйтеке бидің нақыл сөздерін жатқа айтыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз

4- нұсқа

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар. Ат қойыңыздар.

Обычай сватовства соблюдается у казахов строго и по сей время. Надо искать достойную невесту сыну своему. Отец юноши с близкими родственниками едут (иногда и без отца юноши) сватать девушку. Отец девушки, извещенный заранее о приезде сватов, приглашает своих родных и близких. Сватов торжественно принимают. И если родители девушка согласны принять предложение, то посланные делавливаются тут же о калыме...

(Ы.Алтынсарин)

Сөздік

обычай - дәстүр

сватовство - құда түсу

калым - қалың мал

невеста - қалыңдық

тесть - қайын ата

2-тапсырма. Өлеңді жатқа айтыңыз.

Қазыбектің қалмақ ханына қазақ елін таныстыруы

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізді жау баспасын деп,

Ордамыздан құт қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Жау аяғына басылмаған елміз.

Басымыздан намысты асырмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз,

Атаның өсиетін балаға,

Баланың өнерін атаға

Айтып, тарата білген елміз.

Құлақтың құрышын қандырып,

Әділ сөзді халыққа айта білген елміз.

5- нұсқа

1-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз.

Қазыбектің есімі Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Ол қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші болған батыл елші, парасатты мәмілегер болған қайраткер. Қазыбек 14 жасында қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханына барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен.

2-тапсырма. Қаз дауысты Қазыбек туралы аңызды әңгімелеңіз.

1 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Төле би Әлібекұлы қай жерде дүниеге келген?

а) Жамбыл облысы б)Ақтөбе облысы с) Маңғыстау облысы

д) Алматы облысы е) Түркістан қаласы

2. Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған?

а) Майқы би б)Кенесары с) Әйтеке би д) Қазыбек би е) Абылай хан

3. Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушы

а) Әйтеке би б)Төле би с) Бөлтірік шешен д)Майқы би е) Орманбет би

4. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

а) Тәуке хан б) Абылай хан с) Жәнібек д) Бату хан е) Берке

5. Абылай ханды жоңғарлардың қолынан босатқан кім?

а) Қазыбек б) Төле би с) Мөңке би д)Әйтеке би е) Жиренше

6. Түн. Клуб толы адам. Музыка (Сөйлем түрін анықтаңыз).

а) атаулы сөйлем б) бұйрықты сөйлем с) жай сөйлем д)болымсыз сөйлем е)құрмалас сөйлем

7. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі)

а) сабақтас құрмалас сөйлем б)күрделенген жай сөйлем с) құрмалас сөйлем д) жай сөйлем е)ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

8.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

а)бұйрықты сөйлем б)сұраулы сөйлем с)хабарлы сөйлем д)лепті сөйлем е)дұрыс жауап жоқ

9.Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол б) Орынбордан телеграмма бар

с) Бозбаламын, мен де енді д) Асқар ұзақ уақыт ұйықтамайды е) Мен кітап алғалы келдім

2- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Әл-Фараби. Ахмет Яссауи. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

1-нұсқа

1-тапсырма. Әл-Фараби туралы мәтінді баяндаңыз.

2-тапсырма. Әл-Фарабидің еңбектерін атаңыз

2-нұсқа

1-тапсырма. Ахмет Яссауи туралы мәтінді баяндаңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Алпыс үш жасқа келген соң, ... күпірлік санап, жер астынан бір бөлмелік жай салып, дүниеден безіп, сонда тұрған. Оны ... атайды. Қылуетте он жылдай өмір сүріп, ... атты кітапты жазған. Барлық ғұмырын, күшін ислам дінін нығайтуға жұмсаған. Басқа ақын-ғалымдар секілді ..., кітабын түрік тілінде жазып, бұл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалаған. Соңғы жылы Йасауидің өміріне қатысты XIII ғасыр шамасында жазылған ... табылды. Авторы – Йасауидің ... Садыр Шейхтің ... Орын Қойлақы.

3-нұсқа

1-тапсырма. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш ережелерін жатқа айтыңыз

2-тапсырма. Толықтауыш болатын сөз табы, толықтауыштың сұрақтары туралы баяндаңыз.

4- нұсқа

1-тапсырма. Анықтауыш болатын сөз табы, толықтауыштың сұрақтары туралы баяндаңыз.

2-тапсырма. Пысықтауыш болатын сөз табы, толықтауыштың сұрақтары туралы баяндаңыз.

2 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Яссауидің бірінші ұстазы

а) Арыстан баб б) Аристотель с) Ахмет Йүгнеки д) Евклид е) Птоломей

2.Бірыңғай мүшелер арасына қандай тыныс белгілері қойылады?

а)үтір б) сызықша с) қос нүкте д) нүкте е) дефис

3.Пысықтауыштың сұрақтары?

а)қайда? б) кім? с) нені д) немен? е) қандай

4.«Жан жайында» кітабының авторы кім?

а) Платон б) Әл-Фараби с) Яссауи д) Руссо е) Аристотель

5.«Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы?

а) Әл-Фараби б) Яссауи с) Сүлеймен Бақырғани

д) Евклид е) Қожа Иусуф Хамадани

6. Сөйлемнен күрделі баяндауышты көрсетіңіз

а) Машина баяу жүріп келе жатты б) Біздің баратын аулымыз әлі ілгері с)Аңшылар аттың басын ірікпестен ағыза шапты

д)Асқарға Бүркітбай Ботакөз жайын айтты е)Абай Мағаш айтты деген сөзді енді тамашалай тыңдайды

7.Қандай? Қай? Ненің? Нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемнің мүшесін көрсетіңіз

а)толықтауыш б) анықтауыш с) пысықтауыш

д) бастауыш е)баяндауыш

8.Табыс септігіндегі толықтауыш қалай аталады ? а) күрделі толықтауыш

б) тура толықтауыш с)жанама толықтауыш д) дара толықтауыш

е) біріңғай толықтауыш

9.Құнды қағаз түрін көрсетіңіз а) инвестиция б) инфляция с) акция д)жоспар е) банкрот

10.Сұраулы сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады ?

а) нүкте б)сызықша с) үтір д) жақша е) сұрау белгісі

11.Не үшін ? Кім үшін ? Не мақсатпен? деген сұрақтарға қандай пысықтауыш жауап береді ? а) мекен пысықтауыш б) мезгіл пысықтауыш

с) себеп пысықтауыш д) амал пысықтауыш е) мақсат пысықтауыш

12. Лепті сөйлемді белгіле а) Біздің топта 20 студент бар б) Бүгін жаңбыр жауды ма ? с) Қандай сұлу табиғат д) Көп оқыған адам көп біледі

е) Бүгінгі Қазақстан достықтың ордасы

13. Тілдің негізгі қызметі қандай ?

а) қарым-қатынас құралы бөлу б) іс-әрекетті білдіру

с) сөйлем жасау д) сөзді бөлшектеу е) бірлік

14.Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

а) 2 б) 5 с) 4 д) 3 е)6

15.Cалалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді ?

а) 2 б) 5 с) 8 д) 9 е) 6

16.Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесі қалай деп аталады ?

а) тұрлаусыз мүше б) біріңғай мүше с) тұрлаулы мүше д) толықтауыш е) анықтауыш

17.Сөйлемдегі іс-әрекеттің , қимылдың орындалу амалын, сапа- мөлшерін білдіретін пысықтауыштың түрі қалай деп аталады ?

а) мезгіл пысықтауыш б) мақсат пысықтауыш с) қимыл-сын пысықтауыш д) мекен пысықтауыш е) себеп пысықтауыш

3- тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 - 1904). Жақты, жақсыз сөйлемдер

1-нұсқа

1-тапсырма. А.Құнанбаев туралы мәтінді баяндаңыз.

2-тапсырма. Абайдың «Қыс» өлеңін жаттаңыз.

2-нұсқа

1-тапсырма. А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқыңыз.

2-тапсырма. Абай аудармалары туралы баяндаңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. А.Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін оқыңыз.

2-тапсырма. Жақты сөйлемге мысал келтіріңіз

4-нұсқа

1-тапсырма. Жақсыз сөйлемдерге мысал келтіріңіз

2-тапсырма. Абайдың қара сөздері туралы баяндаңыз

3 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1.Абай Құнанбаев кім?

а)шығыс жазушысы б)қазақтың атақты ғалымы с) қазақ халқының баласы д) қазақтың белгілі әншісі е) қазақтың ұлы ақыны

2. Абайдың қарасөздерінде көтерілген мәселелер.

а)өлең жазу, ән айту б) өнер, білімге шақыру с) ел билеу, ел басқару д) білімділік, ғылым е) ойшылдық, адамгершілік, мораль мәселесі

3.Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

а)Гегель, Байрон б)Шлейхер с) Толстой д) Достаевский е)дұрыс жауап жоқ

4.Абай қай жерде дүниеге келген?

а) Қызылордада 1839 б) Семей қаласында 1835 с) Бұрынғы Семей облысында 1845 д) Аягөз ауылында 1891 е) Орынбор қаласында 1897

5. Абай өлеңдерінде қамтылатын тақырыптар?

а) ел билеушілердің әрекеттері б ) мал шаруашылығы с) махаббат, табиғат, әйел теңдігі д) бай мен кедей мәселесі е) ақындар туралы

6. Көктем келді де, жер ери бастады (Сөйлемнің қай түрі) а) сабақтас құрмалас сөйлем б) күрделенген жай сөйлем с) құрмалас сөйлем

д) жай сөйлем е)ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

13.Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай!

а)бұйрықты сөйлем б)сұраулы сөйлем

с)хабарлы сөйлем д)лепті сөйлем е)дұрыс жауап жоқ

7.Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол б)Орынбордан телеграмма бар с)Бозбаламын, мен де енді д)Асқар ұзақ уақыт ұйықтамайды е) Мен кітап алғалы келдім

8.Тура толықтауышты табыңыз

а) жігіттің жігіт болғаны жаудан елін сақтаса

б) Бейсен Жомартпен келіп қайтты с) Әкесі баласына ақыл айтты

д) Адамның бір қызығы бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім

е) Асан әлгі балаға көз тоқтатып қарады

9. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

а) Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр б) Жиналғандар әлі жақындамай тұр

с) Біз машаинадан түсіп амандастық д) Ертеңнен кешке дейін асыр салып ойнаймыз

е) Оған таңдануға болмайды .

10. Бағыныңқы сыңары «қайда?» сұрағына жауап беретін сөз тіркесін белгілеңіз

а) шілдехана тойы б) наурыз көже с) ауылда тұрады д) жеті түрлі

е) сәлем алушы

4-тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – ғалым. Құрмалас сөйлем түрлері. Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықты, жалғаулықсыз құрмаластар

1-нұсқа

1-тапсырма. Қ.Жұбанов туралы мәтінді баяндаңыз

2-тапсырма. Құрмалас сөйлем туралы баяндаңыз

2-нұсқа

1-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін атаңыз.

2-тапсырма. Қ.Жұбановтың балалары туралы мәлімет жинаңыз.

3-нұсқа

1-тапсырма. Сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыздар.

Шет жерде жүрсе де, елінің қамын ойлайды, туған жері, әлем жұртшылығына, тәуелсіз мемлекет.

2-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз

Абай - қазақ халқының рухани өмірінің айнасы. Ұлы ақынның әрбір сөзі біз үшін мәңгілік ғибрат. Тарихшы В.О.Ключевский мұндай ұлы адамдарды «ұлттың өмір сүруінің кепілі» деп бағалапты. Абай өмірі мен шығармасы – қазақ танымының мәдениетінің, салт-сананың, рухани өмірдің, заң мен дәстүрдің, тұрмыстың толық көрінісі болып табылады.

4 тақырып бойынша тест тапсырмасы

1. Ғалым туралы төмендегідей ой білдірген кім?

Құдайберген Қуанұлы – қазақтың тіл білімі ғана емес, қазақтың мәдениеті дамуының да басында тұрып, қамқорлық жасаған жан-жақты адам.

а) Н.А.Баскаков б)М.О.Әуезов с) Р.Ғ.Сыздықова с) А.Беркінов д) О. Хаймулдин

2. Ғалым қай жылы «халық жауы» деп атылды а)1938 ақпан б) 1937 наурыз с) 1938 наурыз д) 1937 ақпан е) 1939 қаңтар

3. Ғалым қай жылы ақталды?

а) 1957 наурыз б) 1958 наурыз с) 1957 22 ақпан д) 1992 ақпан е) 1958 жылы 22 ақпанда

4. Ғалым туралы төмендегідей пікірдің авторы?

Қ.Қ.Жұбанов – тек ірі лингвист қана емес, ол педагог–ғалым, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері

а) Н.А.Баскаков б)М.О.Әуезов с) Р.Ғ.Сыздықова

д) А.Беркінов е) Т.Ақшолақов

5. Құдайберген Жұбановтың пьесасы?

а) «Сегіз бен Мақпал» б) «Наурыз құтты болсын» с) «Жаңа рамазан батасы» д) «Таңжарықтың қуанышы» е) «Мәселелер»

6. Себеп-салдар салаласты табыңыз.

а)Тобылдың арғы беті аспандап өскен қарағай, арасында ойдым-ойдым қайың бар.

б)Әкесі Нұрланға қайықты саздан жасамайтынын айтып, оны тақтайдан қалай жасайтынын көрсетті.

с)Шоқан қазақ даласы туралы көбірек білгісі келеді: олардың келешекте пайдасы боларын түсінеді.

д)Зеңбірек даусы айналаның бәрін күңірентті, олардың даусы қамаудағы жабайы аңдарша күжілдейді.

е)Бірақ жұрттың бәрі іскерлік пен тапқырлық таныта бермейтін.

7. Қарсылықты салаласты табыңыз.

а) Шоқан орталық кітапханадан кітап алуға рұқсат алады, өйткені оқушыларға арналған кітапханадағы кітаптарды түгел оқып болған.

б) Шоқан болса елдердің сырын білуді армандайтын, сол себепті оның ұшқыр қиялы жолдастарын таң қалдыратын.

с)Тобыл өзенінің я тобарсып жатқанын, я күнсіп жатқанын көрмейсің.

д) Қайратқа мінген Чапаев біресе пулеметтен, біресе зеңбіректен оқ атуға бұйрық берді.

е)Көршілері жаудың қысымына шыдамай, шегінді,- Бауыржан мұны білген жоқ.

8. Ыңғайлас салалас құрмаласты табыңыз.

а)Түс ауып барады, алайда жаудың шабуылы толастар емес.

б)Сапырып келе жатқан ақ бас бұйра толқындар қаһарлы қалың қолдай төніп келеді де, шапшыған толқындардың аралары көк жойқындалады.

с)Қорыққаным сонша – жүрегім жылдамдата соғып, бар қанымды басыма шапшытады.

д) Жаңбыр екпінінің күштілігі соншалық- аспаннан теңіз ақтарылғандай болды.

е) Шоқан ауылда үш жыл оқығанымен, орыс тілінен түк білмейтін.

9. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

а)Телефон сылдырады, Лиза барып тыңдады.

б)Күнке басында көнбейтін наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде Ұлжанды бақты.

с)Бәкен Раушанның ештемені сұрамай, мөрін басып беруін бұйырды.

д)Бекіністі қайта алу үшін, немістер екі рет шабуыл жасады.

е)Қайсыбірі оп-оңды клубтар салған, тұрғын үйлер салып үлгерген.

10. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а)Бұл- ағаштан түйін түйген бас шебердің ғана қолтаңбасы емес, ұлттық мәдениетіміздің бір белгісі ғой деп ойлаймын.

б)Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алматыға біржолата көшіп келді.

с)Баймағамбет келе жатқандарға маңқия қарап, өзінше бір ойға кетті.

д)Екі танауы желбіреп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.

е)Тұңғыш шыққалы отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның бір кемшіліктері болуы мүмкін.

5-тақырып бойынша үй тапсырмасының мәтіні

Қ.Сәтбаев, Ш.Уәлиханов. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

1-нұсқа

1-тапсырма. Қ.Сәтбаев туралы мәтінді мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Ережелерді оқыңыз.

2-нұсқа

1-тапсырма. Қ.Сәтпаев ашқан жаңалықтар туралы баяндаңыз

2-тапсырма. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]